Файл: 6сынып НрСлтан аласы, 2019 жыл рметті малім! Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар малімге 6сынып білім алушыларына азастан тарихы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 61
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
«VI – IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«X – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
-
Ұлы Жібек жолы және оның бағыттары мен тауарларын анықтай отырып қорытынды жаса
Ұлы Жібек жолының басталуы | Ұлы Жібек жолын байланыстырған мемлекеттер | Ұлы Жібек жолында тасмалданған тауарлар | ||
| | | ||
Қорытынды: | ||||
| | |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды | 1 | Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ мемлекетінің ұқсастығын жазады; | 1 |
Қарахан мемлекетінің ерекшелігін жазады; | 1 | ||
Қыпшақ мемлекетінің ерекшелігін жазады; | 1 | ||
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді | 2 | Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 1- дәлел келтіреді; | 1 |
Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 2- дәлел келтіреді; | 1 | ||
Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 3- дәлел келтіреді; | 1 | ||
Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығына түсіндірме береді | 3 | Махмуд Қашғаридің еңбегінің атауын көрсетеді; | 1 |
Махмуд Қашғаридің еңбегінің құндылығын көрсетеді; | 1 | ||
Қожа Ахмет Яссауи еңбегінің атауын көрсетеді; | 1 | ||
Қожа Ахмет Яссауи еңбегінің құндылығын көрсетеді. | 1 | ||
Жалпы балл | 10 |
«X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлім бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийлері | Оқу жетістігінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды | Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қиналады | Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қателіктер жібереді | Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды |
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді | Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетуде қиналады | Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетуде қателіктер жібереді | Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетеді |
Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығына түсіндірме береді | Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде орта ғасырлық ғалымдардың еңбегінің атауын атауда және құндылығын сипаттап жазуда қиналады | Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде орта ғасырлық ғалымдар М. Қашғари, Ж. Баласағұни және А. Яссауи еңбектерінің атауын атауда және құндылығын сипаттауда қателіктер жібереді | Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұни және А. Яссауи еңбектерінің барлығының атауын атап, құндылығын сипаттайды |
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Моңғол империясының құрылуы Ақ Орда |
Оқу мақсаты | 6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау 6.3.2.5 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру |
Бағалау критерийі | Білім алушы • Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді • XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
1. Төменде берілген мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, Моңғол әскерінің жеңістке жетуінің себептерін анықтаныз.
Шыңғыс-хан мемлекетті әскери тұрғыдан ұйымдастырды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге бөлінді. Олардың әрқайсысы он мың адамнан тұрды, «мыңдықтар» – он «жүзден», ал «жүздіктер» «ондықтан» құралды. Мемлекеттің барлық аумағында 95 түмен болды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ»деп аталды.
2. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды сөздерімен сәйкестендіріңіз. Цитаталармен байланысты саяси оқиғаны толықтырыңыз.
Тарихи тұлғалар | жауабы | Тұлғалардың сөздерінен үзінділер | Цитаталармен байланысты саяси оқиғалар |
1.Ұрыс хан | | А. «Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді» | |
2. Өзбек хан | | В. «Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!» | |
3.Тоқтамыс | | С. «Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық» | |
4.Әмір Темір | | D. «Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...» | |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді | 1 | Моңғол әскерінің жеңіске жетуінің 1-себебін көрсетеді; | 1 |
Моңғол әскерінің жеңіске жетуінің 2-себебін көрсетеді; | | ||
Моңғол әскерінің жеңіске жетуінің 3-себебін көрсетеді; | 1 | ||
XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды | 2 | «Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді» цитатасымен байланысты оқиғаны анықтайды; | 1 |
«Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді» цитатасымен байланысты оқиғаның авторын анықтайды; | 1 | ||
«Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!» цитатасымен байланысты оқиғаны анықтайды; | 1 | ||
«Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!» цитатасымен байланысты оқиғаның авторын анықтайды; | 1 | ||
«Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық» цитатасымен байланысты оқиғаны анықтайды; | 1 | ||
«Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық» цитатасымен байланысты оқиғаның авторын анықтайды; | 1 | ||
«Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...» цитатасымен байланысты оқиғаны анықтайды; | 1 | ||
«Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...» цитатасымен байланысты оқиғаның авторын анықтайды. | 1 | ||
Жалпы балл | 11 |