ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ | Мерзімі | Пән | Сыныбы | Пән мұғалімі | Тексерген |
| 24,26.01.2023 | Абайтану | 11 | Наурызбаева А.Б. | |
Сабақтың тақырыбы:«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі
Сабақтың жалпы мақсаты: «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы, Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы туралы ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
-
Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж -
М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж; -
Абай. Энциклопедия. Атамұра 1995 ж.
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Шаттық шеңбері, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
«БІЛЕКТЕЙ АРҚАСЫНДА ӨРГЕН БҰРЫМ» -Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 4 шумақтан тұрады, барлығы 16 жол.
Сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп келіп, жас арудың жалпы жұртты тәнті қылатын бет әлпетін кескіндейді, сыртқы сымбатын сипаттайды. Көрмеген көзге де айқын елестейтін бедерлі бейнесін жасайды. Мұны, бір жағынан, халықтың ұғымында қалыптасқан әйел сұлулығының шарты деп қабылдасақ, екінші жағынан, арманды әйел ажары жөніндегі автордың өз қалауы, өз талғамы деп те бағалауға болады. Ондай сұлулықтың қалыптасқан белгілері: қолаң шаш, ақ тамақ, қара қас, аялы мөлдір көз, маржандай тіс, бұраң бел. Осындай көрікке бастағы кәмшат бөрік пен бұрымындағы сылдыраған шолпысы да жарастық тауып, қыз бағын асыра түскендей. Ақын сыртқы белгілерден әрі асып, қыздың мінез-құлқына, жан дүниесіне үңілмейді. Сұлу қыздың суретін салумен ғана тынады.
Өлеңнің алғашқы шумағы аралас ұйқаспен келеді де, қалған шумақтары дәстүрлі қара өлең ұйқасымен жазылған. Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.
III. Ойтолғаныс сатысы. Сұлу қыздың бейнесін өздері сипаттайды.
-
Ақын өлеңін оқу және талдау
Білектей арқасында өрген бұрым | |
Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? Аласы аз қара көзі айнадайын, Жүрекке ыстық тиіп салған сайын, Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын? | Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, Болады осындай қыз некен-саяқ. Піскен алма секілді тәтті қызды Боламын да тұрамын көргендей-ақ. Егерде қолың тисе білегіне, Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе. Бетіңді таяп барсаң тамағына, Шымырлап бу енеді сүйегіңе. |
| |
Өлеңнен түсінгендерін «Ішіне-сыртына» кестесін толтыру
Ішіне: | Сыртына: |
Сабақты қорыту. | |
Үйге тапсырма: «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңін жаттау.