Файл: Ксіптік практика кнделігі Пн Мамандандырылан мейірбикелік ктім Мамандыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

«Семей қаласының Д. Калматаев атындағы мемлекеттік

жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК

Кәсіптік практика күнделігі
Пән: «Мамандандырылған мейірбикелік күтім»

Мамандығы: 0302000 "Мейіргер ісі"

Біліктілігі: 0302054 " Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»

Дайындаған: Нәбидолдинова Қ.

Тобы: 3ПБ-2

Тексерді: Омарбаева Ж. Т

Курс: 3

Оқу семестрі:2

Семей қаласы 2022 жыл


Күні

Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі


Манипуляциялар тізбесі және олардың саны

Баға

Тәжірибе жетекшісінің қолы

27.05.2022

Мен Нәбидолдинова Қымбат ШЖҚ КМК Семей қаласының «Дүйсенбі Қалматаев атындағы жоғарғы мемлекеттік медицина колледжінің» 3Қолданбалы бакалавр 2 тобының студенттімін. ШҚО ТОО«Жан-Ер медициналық орталығында» 27.05.2022ж-28.06.2022ж аралығында оффлайн форматта кәсіптік тәжірибиеден өттім.

Тәжірибиенің алғашқы күні менторымыз

бізге медициналық ұйымның құрылымын, және де пациенттерге қандай көмек түрлері көрсетілетінін түсіндірді.

Ментормен клиникалық практикадан өту уақыты мен ұзақтығын келістік. Практикадан өту қағидалары, еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы, осы медициналық ұйым жұмысының негізгі бұйрықтары бойынша нұсқама өткізді. Жұмыс бағдарламасына сәйкес біздің практикалық дағдыларды толық көлемде орындауымызды бақылады. Қауіпсіздік ережелерімен мұқият болуымызды ескертті. Бүгін біз ментормен мамандандырылған мейірбикелік көмекті ұйымдастырудың негізгі формалары туралы талқыладық. Барынша кең тараған медицинаық көмек түріне бастапқы медициналықсанитарлық көмек (БМСК) жатады. Ол әрбір замат үшін негізгі, қол жетімді

және тегін медициналық қызмет көрсету түрі болып табылады. Қазақстан

Республикасының 2009 жылғы 18

қыркүйектегi «Халық денсаулығы және

денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексiнде

медициналық көмектiң негiзгi түрлерi

былайша жіктелген:

- дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек;

- бiлiктi медициналық көмек;

- мамандандырылған медициналық көмек;

- жоғары мамандандырылған медициналық

көмек;

- медициналық-әлеуметтiк көмек.

Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көп бейінді

ұйымдары консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын көмек

немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.

Мамандандырылған медициналық көмек меншік нысанына қарамастан, тиісті

медициналық және дәрігерлік қызметке Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиясы бар денсаулық сақтаудың

медициналық ұйымдары көрсетеді.

Диагнозды сәйкестендірудегі қиындықтар кезінде, сондай-ақ өзге де басқа

көрсетімдер кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің кез келген

деңгейінде, оның ішінде науқасты тасымалдау мүмкін болмағанда қажет болғанда

республикалық деңгейдегі консультантты қосқанда қажетті мамандарды тарта

отырып, консилиум ұйымдастырылады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс мамандандырылған

медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негізде

көрсетілуі мүмкін.

Мамандандырылған медициналық көмекті Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес бейінді маманданудан өткен және қажеттібіліктілігі бар

дәрігерлер көрсетуі тиіс.

Зерттеудің зертханалық-диагностикалық әдістерін қосқанда, мамандандырылған

медициналық көмек көлемін диагностика мен емдеудің мерзімдік хаттамаларымен

айқындалады. Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек

диагностиканың, емдеудің арнайы әдістерін және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды

қажет ететін аурулар кезінде амбулаториялық-емхана ұйымдары көрсетеді. Науқасты стационарлық емдеуге жіберу қажет болған жағдайда амбулаториялық-емхана ұйымының

дәрігері емдеуге жатқызу үшін жолдама береді.


Қолды өңдеу 5 рет
Қолғап кию 3 рет
Таңғыш материалдарды залалсыздандыру-ға салу 6 рет
Ылғалды тазалық жүргізу 5 рет

Қорытынды тазалық жүргізу 3 рет







28.05.2022

Науқасты шұғыл айғақтары бойынша емдеуге жатқызу қажет болған жағдайда пациентті жедел

медициналық жәрдем қызметімен немесе амбулаториялық-емхана ұйымының санитариялық

автокөлігімен медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен стационарға жеткізіледі.

Өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолда бар барлық әдістері

қолданылған, бірақ оң емдік әсері болмаған, ал республикалық медициналық ұйымдарда оларға

қатысты республикалық деңгейдегі диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері

қолданылуы мүмкін асқынған ауыр науқастар болған кезде науқасты амбулаториялық-емхана

ұйымының мамандары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау

басқармаларының халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету жөніндегі өңірлік

комиссиялары (бұдан әрі - өңірлік комиссия) арқылы тиісті республикалық денсаулық сақтау ұйымына

жібереді, бұл жерде азаматтарды емдеуге жатқызу үшін қосымшаға сәйкес есепке алу нысаны негіздеме

болып табылады.

Есепке алу нысандарын беруді өңірлік комиссия реттейді, белгіленген түрлер мен көлемдерге сәйкес

республиканың медициналық ұйымдарына азаматтарды жіберу, оларды тасымалдау, қажетті

медициналық зерттеулердің болуы негізділігін айқындайды.

Медициналық ұйымдардағы ММК көрсету бойынша медициналық қызметтердің сапасын бағалау

және талдау қорытындылары медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бағалау

жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітетін акт түрінде

ресімделеді.

ММК көрсету бойынша медициналық ұйымдардың шығыстарын өтеу уәкілетті органға тапсырылған

орындалған жұмыстардың актісі негізінде, республикалық бюджет қаражаты есебінен бекітілген.Халыққа стационарлық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмекті арнайы

диагностикалау әдісін, емдеуді және күрделі медициналық технологияны пайдалануды

қажет ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдар көрсетеді.

Науқасқа мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде ол

тиісті бейіндегі (мамандандырылған) денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

Халыққа стационарлық деңгейде мамандандырылған медициналық көмек

стационарды алмастыратын технология принципі бойынша көрсетіледі.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының жолдамасы бойынша

көрсетілетін халыққа стационарлық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.

Науқастарды ауруханаға жатқызу бөлімшенің бейініне (төсек) сәйкес жүргізіледі.

Үш жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ дәрігердің қорытындысына сәйкес жеке күтімді

қажет ететін ересек жастағы балалар анасымен немесе осындай күтімді жүзеге асыру

үшін басқа да адамдармен бірге ауруханаға жатқызылады.

Стационарлық емдеудегі балалар күтімін жүзеге асыратын адам жатын орынмен

тегін қамтамасыз етіледі.

Стационардан жазылып шығу кезінде пациентке қолына шығарылу туралы эпикриз

беріледі, онда науқасты одан әрі бақылау бойынша ұсынымға және Хаттамаға сәйкес

толық клиникалық диагноз, жүргізілген тексеру көлемі, емі көрсетіледі.

Пациент туралы ақпарат науқастың тұрғылықты жері бойынша амбулаториялықемханалық ұйымға бірдей уақытта беріледі.

Науқасты тасымалдау 10 рет
Науқасқа төсек-орын дайындау 6 рет
Дәрет сауытын (судноны) беру 7 рет
Ылғалды тазалық жүргізу 10 рет
Қолғап кию 10 рет
Науқастың дене қызуын өлшеу 12 рет







30.05.2022

Жұмыс бағдарламасы бойынша бүгінгі тақырып: «Мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру.Велоэргометрия бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі».

Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған

медициналық көмек көрсету «Медициналық көмектің түрлері

мен көлемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009

жылғы 26 қарашадағы № 796

бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеу тіркелімінде № 5955 тіркелген) бекітілген түрлер мен

көлемдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Мамандандырылған

медициналық

көмек

көрсетудің ең тиімді мерзімі зақымданғаннан кейінгі

алғашқы екі тәулік деп есептеледі. Мамандырылған медициналық көмек диагностиканың, емдеудің және

медициналық оңалтудың мамандандырылған

әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді

мамандар көрсететін, оның ішінде

телемедицина құралдарын пайдалана

отырып көрсететін медициналық көмек.

Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері:

•терапиялық

•хирургиялық

•педиатриялық

•акушерия-гинекологиялық

Мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі:

Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың

көпбейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық, стационарды

алмастыратын көмек немесе стационарлық медициналық көмек

нысанында көрсетеді.

Мамандандырылған медициналық көмек меншік нысанына қарамастан,

тиісті медициналық және дәрігерлік қызметке Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиясы бар

денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдары көрсетеді.

Велоэргометрия - динамикалық жүктемені қолдану арқылы жүзеге асырылатын жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау түрлерінің бірі. Сынақ кезінде электрокардиограмма, сондай-ақ қан қысымы деңгейіндегі барлық өзгерістер жазылады. Кардиологияда жүректің ишемиялық ауруын диагностикалау үшін қолданылады. Динамикалық жүктеме принципі физикалық белсенділік кезінде дененің физиологиялық реакциялар кешенімен әрекеттесетініне негізделген. Науқастың тыныс алуы мен жүрек соғу жиілігі артады, қан қысымы көтеріледі.




Сондай-ақ кабинетте диван, дефибриллятор және алғашқы көмек жинағы бар. Сынақ 20 минуттан аспайды, өйткені науқас шаршайды. Жүктемені бастамас бұрын дәрігер салмақ пен бойдың, қысымның және тыныштықтағы жүрек соғу жиілігінің көрсеткіштерін жазады. Науқас велосипед эргометрінде отырады, оның денесіне электродтар бекітіледі. Қан қысымын бақылау автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады. Педалдың оңтайлы жылдамдығы минутына 60 айналымды құрайды. Бірақ бұл жылдамдыққа барлық науқастар төтеп бере алмайды.

Қолды өңдеу 5 рет
Қолғап кию 8 рет
Науқастың қан қысымын өлшеу 10 рет
Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу 7 рет
Бұлшық етке инъекцияны орындау 5 рет
Көк тамырға инъекцияны орындау 3 рет







31.05.2022

Жеке қорғаныш киімдерімді киіп, сағат 08:00де жұмыс орнында болдым.

Әр жұмыс ағымдағы тазарту жұмыстарын іске асырумен басталады.

Менде бұл жұмысқа қатыстым.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

– бұл азаматтарға ауру кезінде диагностиканың

ең қиын әдістерін қолданғанда немесе

емдегенде,сол сияқты медицинаның ғажайып

технологияларын қолдануымен көрсетілетін

медициалық көмек. Төтенше жағдайларда көрсетілетін көмек

Үкімет ТЖ кезінде көрсетілетін медициналық

көмек тәртібі мен түрлерін,көлемін бекітті. ТЖда халыққа медициналық көмек ТЖ-дың

категориясына қарай,сондай –ақ ауқымы мен

сипатына және оның медико – санитарлық

салдарына қарай көрсетіледі. ЖММК –ті алу үшін қажетті құжаттар

тізімі:

⁋жеке куәлік;

⁋алғашқы медициналық көмектің немесе клиникалық

диагнозын көрсеткен медициналық ұйымның жолдамасы;

⁋қажетті тексерістердің қорытындысы (жалпы зәрді

талдау, жалпы қанды ажырату,кеуде клеткасына

флюорография,электрокардиограмма);

⁋зертханалық және аспаптық тексерулер нәтижесі

немесе операцияалдындағы зерттеудің қорытынды

диагнозы. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

көрсету тәртібі

Стационарлық көмек нысанындағы ЖММК жергілікті деңгейдегідей

республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда да көрсетіледі.

Консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК

республикалық деңгейде көрсетіледі.

Жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда стационар жағдайында

ЖММК көрсету үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін

медициналық ұйымның маманы жолдаманы Емдеуге жатқызу

бюросының порталында тіркейді және оны пациентке береді.

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның

маманы жергілікті деңгейде жоғары мамандандырылған медициналық

көмек көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда республикалық

медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін

пациенттің құжаттар пакетін облыстардың, республикалық маңызы бар

қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың

жергілікті органдарының жоғары мамандандырылған медициналық

көмек жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - ЖММК комиссия) қарауға

жібереді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жергілікті

деңгейдегі медициналық ұйымдарда емдеудің барлық әдістері бар

пайдаланылған стационарлық емдеудегі пациентті емдеуге оң емдік

тиімділік болмаған жағдайда, ал республикалық медициналық

ұйымдарда диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері

қолданылуы мүмкін республикалық медициналық ұйымдарда емдеуші

дәрігер бөлімше меңгерушісімен немесе бас дәрігердің емдеу ісі

жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, өңірлік комиссияның қарауына

стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені

факсимальдық байланыс арқылы жібереді

ЖММК комиссияның шешімі стационарлық көмек нысанында

мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық

көмекті көрсету үшін азаматтарды республикалық медициналық

ұйымдарға емдеуге жатқызудың және консультациялықдиагностикалық көмек нысанындағы ЖММК көрсетуге жіберудің негізі

болып табылады.

Науқасты тасымалдау 10 рет
Қолды өңдеу 5 рет
Қолғап кию 10 рет
Ылғалды тазалық жүргізу 6 рет
Науқастың қан қысымын өлшеу 10 рет
Қорытынды тазалық жүргізу 7 рет








01.06.2022

Сағат 08:00 жеке қорғаныш киімдерін киіп келесі тәжірибиелік күнге дайындалдым.Мен бүгінгі тәжірибелік күнімді орталықтандырылған

залалсыздандыру бөлімшесінде ( ОЗБ ) өткіздім. Олардың негізгі мақсаты медициналық құралдарды

залалсыздандырып, алдын –ала тазарту. ОЗБ-ның құрылымы 2

блоктан тұрады. Біріншісі залалсызданған, екіншісі

залалсызданбаған блок. Залалсызданбаған

блокта залалсыздандыру алдындағы тазартуды,

залалсыздандыруға арналған материалдарды қораптау және бу

стерилизаторларын, құрғақ ауа-шкафтарын дайындау

жүргізіледі. Ал залалсызданған блокқа стерильденген

материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде медициналық

өнімдерді залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғақ ауа

шкафында залалсыздандыруға болады.

Мысалы вирусты гепатитпен ауырған науқастарға процедуралық

кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала

залалсыздандырылған шприцтер мен инелер беріледі. Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту

жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы

стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан,

тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық

әдістермен тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен

жасалады:

1.Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий

олеатының ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа

салу керек.

2.Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шайады.

3.« Биолот» жуғыш затына 15 минутқа батырады.

4.0,5 минут сумен жуады.

5.Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шайады.

6.Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді.

Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және

басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын

бақылау сынамалар қою арқылы жасалады.

Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30%

сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде

араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның

көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру

алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада

реактив көкшіл-жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған

боялу есептелмейді.

Азопириндік сынама – азопирам реактиві мен 3%-тік сутегі тотығының

біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру

үшін қанды даққа 2-3 тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс

пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1

минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды.

Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі.

Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын

анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1%

спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен

сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшілкүлгін түс пайда болады.

Стерильдеуге арналған химиялық заттар қатарына:

Сутегі тотығы – стерильдеуге арналған химиялық зат

болып табылады. Стерильдеу үшін медициналық

құралдарды 180 минутқа 6 %-тік сутегі тотығының

ерітіндісіне салады, ал полимерден, резинадан, шыныдан

жасалған бұйымдарды 18С температурада 360 минутқа

ерітіндіге салады.Стерильдеу аяқталғаннан кейін

құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді

контейнерлерге салады.

Дезоксон-1 – сірке қышқылындай иісі бар,суда және

спиртте жақсы еритін түссіз сұйықтық. Стерильдеу үшін

1%-тік ерітіндіні сумен араластырады да дайын

ерітіндіге бұйымдарды салады. Стерильдеу аяқталғаннан

кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді

контейнерлерге салады. Стерильделген құралдарды 3

тәуліктей сақтауға болады. Медициналық құралдарды стерилизациялау тәртібі

Хирургиялық құралдарды сумен жуып, құрғағанша

сүртеді. Одан кейін оларды 50 С температурадағы

пергидроль салынған кір жуу ұнтағына салады.Салып

болғаннан кейін тағы да сумен жуып, құрғатып сүртеді.

Тек осындай өңдеуден кейін ғана 30 минут дистильді суда

қайнатады немесе ыстық бу камерасында

стерилизациялайды. Кесуге арналған құралдарды

қайнатпайды, тек 96% — тік этил спиртінің ерітіндісіне

салу арқылы стерилизациялайды.

Шприцтар мен инелерді алдымен тазартып жуады.Содан

кейін дистильденген салқын немесе жартылай жылы суға

15-20 минуттай қайнатады.

Оптикалық жүйесі бар құралдарды формалин буында 48

сағаттай немесе 25-30 мл таза формалин құю арқалы

стерилизациялайды.

ОЗБ да медициналық құралдарды лас аймақтан зарарсыздандырылған жерге, одан таза жерге ауыстырамыз.

Таңғыш матеиалдарды бикске салу 10 рет
Қолды өңдеу 10 рет
Қолғап кию 12 рет
Науқастың дене қызуын өлшеу 5 рет
Бұлшық етке инъекцияны орындау 3 рет
Кәржілік артериясынан тамыр соғуды анықтау 5 рет









Кардиореабилитацияның үш кезеңі бар:
Бірінші кезең – науқас дәрігерлердің бақылауында болатын стационар;

Екінші кезең – кардиологиялық санаторий;

Үшінші кезең - инфаркт немесе операциядан кейін амбулаторлық бақылау.

Кешенді оңалту – науқас пен оның қоршаған ортасына қолайлы әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын процесс. Арнайы ұсыныстар айтарлықтай өзгереді, бірақ жалпы алғанда бірнеше бағыт бар:

Емдік дене шынықтыру. Жаттығулар арнайы маманның бақылауымен жүргізіледі. Жедел кезеңде жаттығу терапиясы - тек жүктемені біртіндеп арттыру арқылы жүргізіледі.

Медикаментозды терапия. Оның негізгі міндеті - асқынуларды азайту немесе болдырмау. Операциядан кейінгі кезеңде тағайындалатын дәрі-дәрмектер әртүрлі. Бұл антикоагулянттар, қабынуға қарсы препараттар және флеботониктер болуы мүмкін. Дәрі-дәрмекті тағайындаумен тек дәрігер айналысады.



Артериялық қысымды тәуліктік мониторлау (СМАД)
(СМАД-күндізгі және түнде ұйқы кезінде пациенттің әдеттегі белсенділігі кезінде, компьютерден алынған деректерді одан әрі өңдеп, аз уақыт аралығыннан (30 мин.) кейін тәулік ішінде артериялық қысымды өлшеу. Пациент үшін әдеттегі жұмыс және демалыс жағдайларында артериялық қысымның тәуліктік динамикасын тіркеуге және бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Осы әдістеменің көмегімен артериялық қысымның тәуліктік ауытқуын ескере отырып, жеке антигипертензивті терапияны таңдауға болады. Артериялық қысымды тәуліктік мониторлаудың артықшылықтары:

1. Тәулік ішінде өлшеулердің үлкен саны.

2. Қалыпты жағдайларға барынша жақын болған жағдайларда артериялық қысымды тіркеу мүмкіндігі.

3. Күндізгі белсенділік кезінде артериялық қысымды тіркеу.

4. Ұйқы кезінде артериялық қысымды тіркеу.

5. Артериялық қысымның қысқа мерзімді вариабельділігін бағалау мүмкіндігі.

6. "Ақ халат" гипертензиясының диагностикасы.

7. СМАД деректері жүрек-қан тамырлары асқынуларының дамуына қатысты маңызды болжамдық мәнге ие.

8. Нысана ағзаларының зақымдануының регрессі артериялық қысымның орташа тәуліктік мәндерінің клиникалық деңгейіне қарағанда өзгерістерімен тығыз байланысты.




28 қаңтарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 жаңа бұйрығы күшіне енеді, онда республикада травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандарты белгіленген.

Жарақат алған және сүйек-бұлшық ет жүйесі аурулары бар пациенттерге жоспарлы нысандағы мамандандырылған медициналық көмек пен ЖТМК-ны портал арқылы кезек тәртібімен құрамында хирургиялық, ортопедиялық, травматологиялық бөлімше немесе травматологиялық бейіндегі төсектер бар медициналық ұйымдар көрсетеді.

Егер емдеуге жатқызу жоспарлы болса, пациент жеке куәлігін, амбулаториялық картадан үзінді көшірмені, тиісті деректері, емдеуге жатқызу күні мен коды бар емдеуге жатқызу талонын ұсынуы қажет. Қабылдау бөлімшесінің дәрігері емдеуге жатқызу талоны және жазбаша хабардар етілген келісімі болған кезде стационарлық пациенттің мед картасын (№001/е нысаны) толтырады. Жалпы, ҚР травматологиялық және ортопедиялық медициналық көмек қызметтері мыналарды қамтиды:

  1. амбулаториялық жағдайларда:

•диагноз қою үшін консультациялық-диагностикалық көмек;

•диагнозды тексеру үшін науқасты зертханалық және аспаптық тексеру; •стационарға емдеуге жатқызуға іріктеу және жіберу.

  1. стационарда:

•мамандандырылған, оның ішінде диагнозға және клиникалық хаттамаға сәйкес ЖТМК; •тағайындалған емді орындау;

•күнделікті дәрігердің тексеруі, емдеуді түзету; бөлім меңгерушісінің тексеруі, консультациясы;

•медициналық көрсеткіштер бойынша мамандардың консультацияларын жүзеге асыру;

•медициналық құжаттарды Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарына сәйкес рәсімдеу (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);

•медициналық құжаттарды рәсімдеу және науқасқа стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ (анықтама) беру арқылы пациентті шығару;

3) стационарды алмастыратын жағдайларда: •диагнозға және клиникалық хаттамаға сәйкес мамандандырылған медициналық көмек;

4) медициналық ұйымның қабырғасынан тыс:

•жедел жәрдем бригадасын шақыру орны бойынша тасымалдау кезінде санитариялық автокөлікпен және медавиациямен, сондай-ақ медициналық поездарда, жылжымалы медициналық кешендерде, далалық госпитальдарда, трассалық медициналық-құтқару пункттерінде және қашықтықтан медициналық қызмет көрсету кезінде шұғыл нысанда медициналық көмек көрсетуге міндетті.