Файл: Ксіптік практика кнделігі Пн Мамандандырылан мейірбикелік ктім Мамандыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жарақаттанған адамды жалпы байқағанда

мына жағдайларға көңіл бөлген жөн

болады: аурудың күй-қалпын, бет-әлпет

түрін, ауыратын жерлерінің түрін, сыртқы

тітіркендіргіштерге реакциясының барабарлығын анықтайды,сыртқа қан шығуы,

құлақтан қан кету, құсықтың болуы жәнеонда қанның араласуы, киімге жұғуы

сияқты көзге түсетін жағдайлар.
ЖАРАҚАТТАНҒАН АУРУЛАРДЫ

БАЙҚАҒАНДА МЫНАДАЙ ЕРЕЖЕНІ

ҰСТАУ ҚАЖЕТ:

•Науқас адам толығымен шешіндірілуі керек.

•Науқас адамның шағымына қарамай

шешіндірілгеннен кейін барлық денеқұрылыстарын

байқау қажет.

•Науқасты байқағанда аяқ-қолды бір-бірімен

салыстырып тексеру қажет.

•Науқастың тыныштық жағдайдағы және

қозғалыстағы қалпы;

•Аяқ-қол, дене буындарының қозғалыс көлемі;

•Денеде тесіктің, тыртықтың формасының өзгеруі.

•Қолмен басып қарау бір не екі қолмен, алақанмен

және бір саусақпен тексеріледі.



Скрининг (ағыл. screening — «жинақтау,

іріктеу»)

клиникалық белгілерсіз

ауруларды жеке тұлғаларда анықтауға

бағытталған денсаулық сақтау ұйымының

стратегиясы.

Скрининг (Screening) сөзі

«іріктеу, таңдау, анықтау» деген мағынаны

білдіретін пікір кең тараған.

Скрининг принциптері - негізгі қағидалар (БДҰ):

-Ауру маңызды медициналық мәселе ретінде танылуы

керек;

-Аурудың емі болуы тиіс;

-Ауруды емдеу және диагностикалау мүмкіндігі қол жетімді

болуы тиіс;

-Аурудың жасырын кезеңі болуы керек.

-Ауруды зерттеу әдістері болуы керек.

-Зерттеу әдістері

халық арасында қолдануға жарамды

болуы қажет;

-Аурудың шынайы ағымын адекватты түсіну қажет;

-Емдеу қажеттілігі кезінде келісілген саясат болуы керек;

-Ауруды анықтау барысында жұмсалған шығындар жалпы

шығынмен теңдестірілген болуы керек;

-Скрининг« бір-ақ рет» емес, үздіксіз жүргізілуі қажет.

•Қант диабеті және ЖҚА ауруларын анықтау үшін қандағы глюкоза мен жалпы холестеринді анықтау мақсатында

экспресс-диагностика өткізу.

•Туберкулез ауруын анықтауда терілік туберкулинді сынама

кең таралған (Манту реакциясы ).

•Депрессияны диагностикалау үшін Бека депрессиялық

шкаласы скринигтік тест ретінде қолданылады.

•Папаниколау тесті — жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу және ісік алды жағдайларды анықтауда қолданылады.

•Маммография —

сүт безі қатерлі ісігін анықтауда

қолданылады.

•Колоноскопия — колоректальды қатерлі ісікті терістеу үшін

қолданылады.

Қолды өңдеу 5 рет
Қолғап кию 3 рет
Таңғыш материалдарды залалсыздандыру-ға салу 6 рет
Ылғалды тазалық жүргізу 5 рет
Қорытынды тазалық жүргізу 3 рет







27.06.2022

Тәжірибиемнің келесі күні осы тақырыпқа сүйене отырып өтпек.

Нормативтік және құқықтық актілер :

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау

туралы» ҚР-ның Кодексі 18.09.09 ж. №155 бап;

2011-2015 жылдар ҚР

Денсаулық сақтауды

жақсарту туралы мемлекеттік бағдарламасы

"Саламатты Қазақстан», 2010 жылы 29 қарашада

ҚР-ның Президентінің № 1113

(мемлекеттік

бағдарлама) бұйрығымен бекітіліген.

10.11.09 ж

№ 685

ҚР Денсаулық сақтау

Министрінің бұйрығы « Тұрғындар ішіндегі

мақсатты топтарға профилактикалық

медициналық қарауларды өткізу ержелері

туралы бекітуі».

ҚР Кодексі « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 155 бап .
Медициналық қараулар:

1. Медициналық қарауларды жүргізу денсаулықты нығайтуға және

құрылымға, дер кезінде медициналық тексерумен қамтамасыз ету,

аурудың таралуын ескерту және анықтау,

соның ішінде кәсіптік

уланулар, оқыс оқиғалар, сонымен қатар

қандай да бір

шаруашылық және өндірістік маңызға ие ұйым қызметкерлерінің еңбек

қауіпсіздігі және денсаулық сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Медициналық қараулар міндетті және профилктикалық болуы

мүмкін.

3. Міндетті медициналық қарау алдын-ала (предварительное) және

кезеңдік болып бөлінеді. Алдын-ала міндетті медициналық қарау

жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде мамандығы немесе

оқуына жарамдылығын анақтау мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар

жалпы, маманданған және инфекциялық, паразитарлық аурулардың

таралуын ескертеді.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланғандар:

1.Қан айналым жүйесі ауруларын

ерте анықтау

скринингі (артериальды гипертония, жүректің ишемиялық

ауруы ) - 18, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жастағы тұлғалар;

2. Қант диабетін ерте анықтау скринингі ( 35, 40, 45, 50,55, 60, 65 жастағы тұлғалар; )

3. Жатыр мойны ауруын ерте анықтаудағы скрининг (35,40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер );

4. Сүт бездері ауруларын ерте анықтаудағы скрининг (50,52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер );

5. Аталық безінің қатерлі ісігін анықтаудағы скрининг(40 жастан жоғары еркектер);

6. В және С вирусты гепатиттерін анықтаудағы скрининг( балалар және ересек тұрғындар арасындағы мақсатты12

топтар).

7. Туберкулез скринингі – халықтың декретивті топтары( студенттер, әскери қызметкер, босанған әйелдер,

қатынастағылар, істі болғандар және сотталғандар) ;

8. АИТ -инфекциясын анықтау (халықтың декретивтітоптары) ;

9. Генетикалық аурулар және ұрық дамуындағы туа біткен

ақауларды анықтаудағы перинатальды скрининг (жүктіліктің 10-аптасынан бастап барлық жүкті әйелдер) ;

10. Неонатальды скрининг фенилкетонурия, туа біткенгипотиреоз және кереңдікті анықтауда қолданылады (жаңа

туған нәрестелер);

11. Балаларды профилактикалық қарау ( 1 жасқа дейін, 114 жасқа дейін, 15-18 жас аралығында);

12. Глаукоманы алдын-ала анықтау (40жастан асқандар ).
Тұрғындар арасындағы мақсатты

топтарда профилактикалық

медициналық қарауларды

өткізудің негізгі мақсаты - ауруды

ерте сатысында анықтау, ауруды

тудыратын қауіп-қатер факторын

анықтау, халықтың денсаулығын

нығайту.

Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу 5 рет
Қолғап кию 5 рет
Қолды өңдеу 5 рет
Ылғалды тазалық жүргізу 3 рет
Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу 5 рет







28.06.2022

Бүгін«Мамандандырылған мейірбикелік күтім» пәнінен кәсіби тәжірибиеміздің соңғы күні.

Осы кәсіби тәжірибиемде теориялық негіздермен бірге ұштастыра алдым деп ойлаймын. Тәжірибиемде тағы да жаңа ақпараттар мен біліктілігімді арттырдым.
Практика соңында: практика мен оқу құжаттамасын жүргізу үшін баға қояды, оны қол қоюмен жәнеде мөрмен куәландырады.

Барлық мәселелер бойынша клиникалық практиканың барлық қатысушыларымен өзара әрекеттеседі:

- ментормен бірге студенттің білімі мен іскерлігіне баға береді;

- ментормен бірге клиникалық тәжірибені бағалауға жауапты;

- қажет болған жағдайда педагогикалық мәселелер бойынша менторларға қолдау көрсетеді.

қорытынды баға-тьютор мен ментор клиникалық тәжірибені бағалаудың қойылған мақсаттары мен критерийлеріне сәйкес білімді, дағдыларды немесе құзыреттерді меңгеру деңгейін айқындайды. Әңгімелесу түріндегі аралық бағалау практикадан өтудің осы кезеңінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес білімнің, іскерліктің немесе құзыреттің даму деңгейін, құжаттаманы (бағалау ведомосын) жүргізуді айқындайды.

Қорытынды баға үшін қажетті құжаттарды сәйкестендіру (студенттің жұмыс кестесі, практикалық дағдылар тізімі және т.б.).