Файл: Білім беру йымдарын баалау лшемшарттарын бекіту туралы азастан Республикасы Білім жне ылым министріні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «___» ________№ ____ бұйрығына

салыстырмалы кесте




п/п

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

Енгізілген өзгерістердің негіздеуі

1

2

3

4

5

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

1

1-тармақ

Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 21-2) тармағына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында әзірленген.


1-тарау. Жалпы ережелер

Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі –Бағалау өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5-бабы 21-2) тармақшасына, 56-бабы және 59-бабының 4-1 тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының білім беру қызметін бағалауды жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында әзірленген.

ҚР «Білім туралы» Заңы 5 б. 21-2) тар.


2

2-тармақ

Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. білім беру ұйымдарын бағалау – бұл бағалау процесінің нәтижелері (білім беру ұйымы қызметі деңгейінің сандық және сапалық көрінісі);

  2. білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық немесе нормативтік актілермен бекітілген талаптардың жиынтығы;

  3. дескрипторлар – өлшемшарттарға қойылатын талаптардың сипаттамасы;

  4. салмақтық коэффициент – білім беру ұйымы қызметі бағытын бағалаудың өзге де өлшемшарттарымен салыстырғандағы өлшемшарттың мәнділігін анықтайтын көрсеткіш.




Осы Бағалау өлшемшарттарда келесі ұғымдар пайдаланылады: 

  1. білім беру ұйымдарын бағалау – білім беру ұйымының білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкестігіне бағалау процесі;

  2. бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымын бағалауға қолданылатын білім берудің әр деңгейі бойынша МЖМБС талаптары;

  3. білім беру ұйымының білім беру қызметін өзін-өзі бағалау – білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметтерінің МЖМББС талаптарына сәйкестігіне осы білім беру ұйымы жүргізетін бағалау (бұдан әрі – өзін-өзі бағалау);

  4. бейнеконтент – бұл оқу кабинеттерінің және (немесе) топтық бөлмелердің, спорт және (немесе) ойын алаңдарының, спорт залдарының жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылуы туралы бейне материалдардың жиынтығы;

  5. бейне сұхбат – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, интерактивті өзара іс-қимыл жасау үшін бақылау органының лауазымды тұлғасы мен білім беру ұйымы өкілінің қашықтықтан нақты уақыт режимінде жүзеге асырылатын әңгімелесу;

  6. дескрипторлар – «uzdik», «zhaqsy», «ortasha» бағасына сәйкес келетін МЖМБС жалпы талаптарына қолданылатын бағалаудың кейбір өлшемшарттарының сипаттамасы;

  7. қашықтықтан оқытудың байқау сабағы – педагог оқытатын материал мазмұнының пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына, білім алушылардың қажетті білім, білік, дағды және құзыреттілік деңгейіне сәйкестігін ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып, интерактивті өзара іс-қимыл жасау үшін бақылау органы тартатын сарапшының, педагогтің және білім алушының қашықтықтан нақты уақыт режимінде жүзеге асырылатын оқу сабағына талдау;

  8. білім беру ұйымын бағалау кезіндегі анонимдік қағидаты – бақылау органдары тартатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар бір біріне белгісіз болып қалатын процесс;

  9. деректер базасы – бақылау органдары тартатын білікті мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;

  10. сараптамалық қорытынды – маман, консультант не сарапшымен жасалған, белгілі бір бағалау өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын немесе өзін-өзі бағалау материалдарын талдау арқылы жүргізілген бақылау органының нақты тапсырмасы бойынша тұжырымдары бар жазбаша құжат.

ҚР «Құқықтық

актілер туралы» Заңы 23 б. 7 т.


3

3-тармақ

Білім беру ұйымын бағалау нақты бағыттар бойынша оның қызметіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Бағыттарды бағалау кезінде 0,5-тен 2,5-ке дейінгі салмақтық коэффицентіне ие болатын өлшемшарттар пайдаланылады.


Білім беру ұйымын бағалау МЖМБС-ның мынадай жалпы талаптары бойынша білім беру қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады:

  1. оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұны;

  2. білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлемі;

  3. тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейі, оның ішінде тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу (біліктері мен дағдыларының диагностикасы) және білім алушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын бағалау (бақылау нысандарының қорытындылары және кешенді тестілеу);

  4. оқу мерзімі.

ҚР «Білім туралы» Заңы 56 б. 1 т.


4

4-тармақ

Әрбір өлшемшарттарға «uzdik", «zhaqsy», «ortasha», «nashar» бағаларының біреуіне тиесілі болатын дескрипторлар әзірленген.

      Бағаға тиесілі балл:

      «uzdik» – 4;

      «zhaqsy» – 3;

      «ortasha» – 2;

      «nashar» – 1.

МЖМБС жалпы талаптарын талдау кезінде Бағалау өлшемшарттары пайдаланылады.


ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.

МЖМББС 2, 3, 4, 5 б.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 қосым.

5

5-тармақ

Білім беру ұйымын бағалау мен нақты бағыттар бойынша баға тиісінше төмендегі формулалар арқылы есептеп шығарылады:
      мұндағы N – бағалар қосындысы және M – білім беру ұйымын бағалаулардың максималды қосындысы тиісінше мынадай формулалар арқылы есептеп шығарылады:



      мұндағы Ni – бағалар қосындысы және Mi – i-шы бағыт бағаларының максималды қосындысы тиісінше мынадай формулалар арқылы есептеп шығарылады:



      мұнда Р – i-шы бағыт бойынша j-шы өлшемнің бағасы, Рij= 1, ... 4;

      kij – салмақтық коэффициент, kij= 0,5, …2,5;

      i – бағыттың реттік саны, i=1, …6;

      j – өлшемнің реттік саны, j=1, …10.

Бағалау өлшемшарттар білім беру ұйымдарымен өзін-өзі бағалау өткізу кезінде пайдалынылады.

Өзін-өзі бағалау нәтижелері жалпы білім беру ұйымы, оның ішінде тиісті білім деңгейіне қарай білім беру деңгейлері, кадрлар даярлау мамандықтары немесе бағыттары бойынша қорытынды түрінде ресімделеді.


ҚР «Білім туралы» Заңы 59 б. 4-1 т.


6

6-тармақ

Бағаның пайыздық ара қатынасы төмендегідей анықталады:

      «uzdik» – 87-100 %;

      «zhaqsy» – 62-86 %;

      «ortasha» – 37-61 %;

      «nashar» – менее 36 %.


Бағалау өлшемшарттары білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен (бұдан әрі – бақылау органы) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан (бұдан әрі – мемлекеттік аттестаттау) өткізу кезінде өз құзыреті шегінде пайдаланылады.

Дескрипторлар бақылау органдарымен МЖМБС талаптарына сәйкес келетін білім беру ұйымдарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде білім алушылардың білім сапасын, іскерлігін, дағдылары мен құзыреттілігін одан әрі жақсарту мақсатында пайдаланылады.

ҚР «Білім туралы» Заңы 1 б. 44-1) тар.




7

7-тармақ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бағалау осы Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік аттестаттау профилактикалық бақылау нысанында білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің МЖМБС талаптарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау материалдарының деректерін талдау, зерделеу және салыстыру арқылы өткізіледі.

ҚР «Білім туралы» Заңы 59 б. 4, 8-6 т.




8

8-тармақ

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бағалау осы Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері жалпы білім беру ұйымы, оның ішінде тиісті білім деңгейіне қарай білім беру деңгейлері, кадрларды даярлау мамандықтары немесе бағыттары бойынша қорытынды түрінде ресімделеді.

ҚР «Білім туралы» Заңы 1 б. 44-1) тар., 59 б. 4 т.

9

9-тармақ

Білім беру ұйымдарын бағалауды Комиссия өткізеді және бекітеді.

2-тарау. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

1-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бағалау өлшемшарттары

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар:


  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкес жас топтары бойынша аптасына ұйымдастырылған оқу қызметі тізбесінің, көлемінің, ұзақтығының сәйкестігі. Жас топтары бойынша аптасына ұйымдастырылған оқу қызметінің тізбесін, көлемін, ұзақтығын регламенттейтін білім беру ұйымының басшысымен әзірленген және бекітілген оқу жоспарының көшірмесі қоса беріледі;

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру. Бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің (арнайы түзету оқу қызметінің), күн режимінің, перспективалық жоспардың бөлінуін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

  3. үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру (мектепке дейінгі жастағы баланың жеке, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалды дамуын қамтамасыз ететін жағдай жасаудың бейне контенті, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері қоса беріледі);

  4. МЖМБС және үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар тәрбиешілердің болуы (тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтер дипломдарының көшірмелері қоса беріледі);

  5. ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптарын орындау (жеке оқу жоспары мен бағдарламаның көшірмелері қоса беріледі);

  6. баланың даму мониторингісінің нәтижелері бойынша тәрбиеленушілердің жеке дамуын жоспарлау (мектепалды жасындағы тәрбиеленушілердің жеке даму жоспарларының (карталары) көшірмелері, олар болмаған жағдайда, ересек жастағы тәрбиеленушілер жоспарларының (карталары) көшірмелері қоса беріледі);

  7. зияткерлік конкурстарға қатысу нәтижелері (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  8. шығармашылық, көркемдік конкурстар мен байқауларға қатысу нәтижелері (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  9. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асыру (перспективалық жоспар көшірмелері қоса беріледі);

  10. тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің болуы (бастапқы мониторинг). Мониторингтің көшірмесі қоса беріледі.

ҚР «Білім туралы» Заңы 56 б. 1 т.;

ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.

ЖМББМС 2 б. 4 т.

ЖМББМС 2 б. 4, 5 т.

ЖМББМС

2 б. 6 т.

ЖМББМС

2 б. 7 т.

ЖМББМС 2 б. 8, 9, 10, 11, 12, 13 т.


10

10-тармақ

Комиссия құрамы, оның төрағасын қоса алғанда 3 адамнан кем болмауы тиіс. Білім беру ұйымының бірінші басшысы комиссия төрағасы болып табылады.

Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне қойылатын талаптар:

  1. ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы;

  2. оқыту тілдері бойынша апталық оқу жүктемесінің сақталуы.

ЖМББМС

3 б, 14 т.

ЖМББМС

3 б. 15 т.


Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына қойылатын талаптар:


  1. дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша ЖОЖ-ның МЖМБС талаптарына сәйкестігі, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12007 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, ҮОЖ-ына (болған жағдайда), қазақ және орыс тілдеріндегі кәсіби стандартқа (болған жағдайда) (толық оқу кезеңіне әзірленген дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша ЖОЖ-ның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері қоса беріледі);

  2. дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша ЖОЖ-ның МЖМБС талаптарына (білім беру саласында мамандар дайындау үшін), салалық біліктілік шеңберіне, «Педагог» кәсіби стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру стандарттарын ескере отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі ҮОЖ-ына (болған жағдайда) (толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша ЖОЖ көшірмелері қоса беріледі);

  3. діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беру және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының (рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін) болуы (толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының көшірмелері және діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытынды хатының көшірмесі қоса беріледі);

  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында (бұдан әрі – мамандықтар сыныптауышы) көрсетілген білім беру саласындағы мамандарды даярлау үшін бітіретін жыл ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынқоспағанда, кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы (жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі және жұмысқа орналасқан түлектердің тізімі қоса беріледі);

  5. бітіретін жыл ішінде мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы (жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі және жұмысқа орналасқан түлектердің тізімі қоса беріледі);

  6. білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (медициналық қызмет көрсетудің, оның ішінде медициналық пункттің бар екендігін растайтын құжаттардың және медициналық қызметке лицензияның көшірмелері қоса беріледі);

  7. білім алушылар үшін санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтану объектісінің болуы (санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  8. білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, өткізу пункттері, санитариялық тораптар, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы. Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері; өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы акт қоса беріледі;

  9. колледждердің соңғы 2 жылда, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мамандығы бойынша білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы (қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірмесі қоса беріледі);

  10. даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сонымен қатар бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  11. лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70 %, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат (бакалавриат), магистратура деңгейі бар мейірбикелер қатарынан педагогтердің (оқытушылардың) үлесі кемінде 10 % (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  12. өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтердің үлесі кемінде 50 % (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  13. рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтердің үлесі кемінде 50 % (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  14. лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистрлердің үлесі техникалық және кәсіптік білім беру үшін кемінде 30 %, орта білімнен кейінгі білім беру үшін – кемінде 40 % (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  15. лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан (мамандығы бойынша педагогтер) ұйымдарда және/немесе өндірісте соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтері және өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі кемінде 10 % (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  16. рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі жалпы білім беретін пәндер бойынша -жоғары білімі, бейінді пәндер бойынша – бейіні бойынша жоғары білімі және/немесе діни семинарияны немесе медресені бітірген діни қызметте жалпы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің санынан кемінде 50 % (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  17. магистр дәрежесі, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесікемінде 10 % (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  18. білім алушылар контингентіне шаққанда ЖОЖ сәйкес оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының, оның ішінде оқыту тілі бойынша дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне МЖМБС сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында болуы (оқу және ғылыми әдебиет, оның ішінде цифрлық тасымалдағыштағы қорының бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  19. рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы (діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі);

  20. студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару немесе жалға алу құқығындағы жатақханаларда және/немесе хостелдерде, және/немесе қонақ үйлерде мұқтаждар санының кемінде 30 % болуы (студенттерді оқудың толық кезеңіне орналастыруға арналған құжаттардың көшірмелері);

  21. ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (үй-жайлардың түрлері: кабинеттер, дәріс аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, зертханалар, нақты біліктіліктер, мамандықтар бойынша шеберханалар, акт және дене шынықтыру залдары; әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мақсаттағы: өткізу пункттері, санитариялық тораптар);

  22. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген) сәйкес дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 79 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылуы (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен алынған негізгі құралдардың тізбесі, оның ішінде оқу-зертханалық жабдықтың және оқытудың техникалық құралдарының болуы жөніндегі бейнеконтент қоса беріледі);

  23. денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін симуляциялық кабинеттердің болуы (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен алынған негізгі құралдардың тізбесі, оның ішінде оқу-зертханалық жабдықтың және оқытудың техникалық құралдарының болуы жөніндегі бейнеконтент қоса беріледі);

  24. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдер мен басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрығының, әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын бірлесіп пайдалану бойынша өзара іс-қимыл жасау туралы жоғары оқу орындарымен меморандумдардың болуы (жоғары оқу орындарымен жасалған бұйрықтар мен меморандумдардың көшірмелері қоса беріледі);

  25. педагогтердің тиісті бейіні бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);


  • денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін көлемі 108 сағаттан кем емес (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  • білім беру ұйымдарының басшы кадрлары үшін Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес біліктілікті арттыру (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша жүргізіледі (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);

  2. әскери, арнайы оқу орындарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген талаптарға сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі (edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы);

  3. толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы (практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері қоса беріледі);

  4. білім беру ұйымы түлектерін мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте бітіретін жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі кемінде 75 % болуы (жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі және жұмысқа орналасқан түлектердің тізімі қоса беріледі);

  5. МЖМБС талаптарына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын толық көлемде іске асыру. Оқу жылына бекітілген оқу-тәрбие процесі кестесінің және теориялық пен практикалық сабақтар кестесінің көшірмесі қоса беріледі;

  6. білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін (бар болған жағдайда) жеке оқу жоспарын және арнайы оқу бағдарламасын іске асыру (жеке оқу жоспарының және арнайы оқу бағдарламасының көшірмелері қоса беріледі);

  7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін іске асыру;

  8. модульдік оқыту технологиясын іске асыру;

  9. бейінді оқытуды іске асыру: білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде айқындалған жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі;

  10. топты кіші топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау;

  11. факультативтік сабақтар мен консультацияларды іске асыру;

  12. МЖМБС және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының және кәсіпорындарды (ұйымдарды) практикалар базасы ретінде айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту;

  13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды бақылау, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу.