ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: 1А Визуалды өнер | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалім | ||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Сызықты пейхаж | ||||||
Осы сабақта қойылатын оқу мақсаттары | 5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) 5.2.1.1Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану. | ||||||
Сабақ мақсаты |
Практикалық жұмысты орындайды | ||||||
Сабақ барысы: | |||||||
Сабақ кезеңдері | Педагог іс әрекет | Оқушы іс-әрекеті | бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Сәлемдесу.Түгендеу.Топқа бөлу Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. | | Өзін-өзі бағалау | оқулық / | |||
| Үй тапсырмасын сұрау. «Кір жаю» Білу және түсіну Дәптермен жұмыс.Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г. Худовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.1930 жылы Москва қаласындағы мұражайларымен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР - інің халық суретшісі атағын алды. Әубәкір Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылы КСРО суретшілер одағының мүшесі болды. «Қарағанды шахтасы», «Тың игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен бірге», «Исатай Махамбет»т. б. толып жатқан шығармалары елге танымал. Молдахмет Кенбаев, Қанапия Тельжанов, Хакімжан Наурызбаев, Сабыр Мәмбеев, Сахи Романов, т. б. көптеген Қазақстан суретшілерінің еңбектері тек еліміз ғана емес шет елдерде де танымал. Тапсырма: Халық суретшілері жайлы әңгімелеу. Сұрақ - жауаптар Қазақстанның ең тұңғыш суретшісі атанған кім? Тағы қандай суретшілерді білеміз? Суретшілер шығармалары қандай әсер қалдырды | Жіпте жайылған фотосуреттерді алып, жауап беру (Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды) | | | |||
Сабақтың ортасы | Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті. Пейзаж түрлері: Ауыл Саябақ Теңіз Сәулет пейзажы, бірақ бүгін біздің қарастыратымыз: Индустриялық және қала пейзажы. Қала пейзажында адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді. Индустриялық пейзажда суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады. Қазақстандық картиналардың көшірмелері (Әбілхан Қастеев «Турксиб») және әлемдік суретшілердің (Исаак Ильич Левитан «Осений день Сокольника») сызықтық перспектива негізінде салынған жұмыстарын көрсету. Сіздер қалай ойлайсыздар? Сызықты перспектива дегеніміз не? Картинадан не көріп тұрсыз? Көрерменнен әртүрлі қашықтықта тұрған бірдей нысандар бір бірінен қалай ерекшеленеді? Көру бұрышы нысанды бейнелеуге каншалықты әсер етеді? Бір нүктеден шығатын сызықты перспектива. Тақта да сызықты перспективаның бір нүктеден келесі қиылысу нүктесіне дейін көрсету. Топпен жұмыс 1 топ Ағаштың суретін салу 2 топ Шамдардың суретін салу | Оқушыларға топтасып өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізуді, суретке түсіруді тапсыру Суретші Ерышев Индустриялық пейзаж Өздері үйден түсіріп, жинақтаған фотосуреттерді қарастырып, оқушылар сызықты перспектива заңдылықтарын талдайды. Өздері түсірген фотосуреттері негізінде оқушылар сызықты перспективаны (желілік көрініс) салады, жол, ағаштар, әртүрлі заттар, үй немесе адамдарды қарапайым қарындашпен(нобай жасау) салады. Постеп арқылы қорғау | | Сызықты перспектива фотосуреттері http://kolobuga.ru/2013/05/14/vozdushnaya-perspektiva-i-magiya-cveta/ Суретшілер Ф.Алексеев, Ю.Пименов, К. Моне http://hudojka.livejournal.com/73092.html?thread=628100 График- суретшілер: Айтбаев Салихитдин,Нурлыбаев Женис, Жаксыгалина Марзия (экслибрис), Анар Абжанова | |||
| | | | | |||
Сабақтың соңы | Таныстыру: Көрме ұйымдастыру | Оқушылар жаңа пәндік терминдерді қолдана отырып, жұмыстарын көрсетіп қорғайды. Сабақ соңында оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын талқылайды, ұсыныстар береді. | Алдын ала белгіленген критерийлер бойынша жұмыстарын бағалайды. | |