ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| ||||||
Пән: Қазақ тілі | Бөлім: 7. Тағам мен сусын | |||||
Күні : | Педагогтің аты-жөні: Сейткалиева М.С | |||||
Сынып: 1 | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | |||||
Сабақтың тақырыбы: «Мен қасықпен жеймін» | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну; 1.4.2.1* оқыған/аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу; 1.5.1.3* сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын, бұйрық рай, болымды/болымсыз етістікті қолдану. | |||||
Сабақтың мақсаты : | Барлық оқушылар: немен? сұрағын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тамақты немен жейтінін, ішетінін айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, қасықпен, шанышқымен жейтінін айта алады. Кейбір оқушылар: тақырып бойынша лексикалық қорды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс | ||
Сабақтың басы (5 минут) | Оқушыларды «шаттық шеңберіне»тұрғызып, сәлемдеседі. Жоқ оқушыларды түгендейді. Сабаққа дайындығын тексеру. «Көбелек» ойыны | Оқушылар шеңберге тұрып,айтады Таңертең көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды | Қолпаштау | Слайд | ||
Сабақтың ортасы (6-32 минут) | 1.Тыңда. Қайтала. Сөздікпен таныстыру: Қасық-ложка Шанышқы-вилка Салат-салат . 2. 1 –тапсырма. Тыңда. Қайтала. Үлгі бойынша сөйле 3. 2-тапсырмада оқушылардың мәтінді толықтырып оқу дағдылары жаттықтырылады. Алдымен ішемін, жеймін сөздерін естеріне түсіріп, қайталатады. Содан соң оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Жұптық тапсырма ретінде орындатып, бір-бірін тексертуге болады. Соңында мұғалім дұрыс жауапты тақтадан көрсетіп, оқушылар өз жауаптарын тағы бір рет тексереді. 4. 3-тапсырма. оқушылардың назарын суретке аударады, сурет арқылы сөздерді қайталатады. Оқушылар қасық, шанышқы сөздерін қайталайды, жазылуы мен айтылуына мән береді. Содан соң топта сөйлемдерді хормен айтқызады: Мен қасықпен жеймін. Мен шанышқымен жеймін. Бұл сөйлемдерді алдымен мұғалім оқып береді, оқушылар тыңдайды, қайталайды, содан соң өз бетінше оқу жұмыстары жүргізіледі. 4-тапсырмада тыңдалым әрекетіне көңіл бөлінеді. Алдымен оқушылар мәтінді аудиодискіден тыңдап, түсінуге тырысады. Содан соң мәтінді оқи отырып, тағы бір рет тыңдайды. Соңында сұрақтарды оқып, жауап береді. Осы тапсырмада мұғалім оқушыларды үшінші жақта сұрақ қойып, жауап бере алуға жаттықтырады. | Тыңдалым,айтылым. Оқушылар суретке қарап, тыңдайды,қайталайды.үлгі бойынша сөйлейді. Алмабек, ботқаны қасықпен же! Ботқаны қасықпен же! Салатты шанышқымен же! Тыңдалым,айтылым. 2-тапсырмада өткен сөздерді қайталайды, мәтінді толықтырып оқиды. Бір-бірімен байланысты үш сөйлем айтып жаттығады. Мысалы: Мынау – ботқа. Мен ботқа жеймін. Мен ботқаны қасықпен жеймін. Мынау – сорпа. Мен сорпа ішемін. Мен сорпаны қасықпен ішемін. 3-тапсырмада қасық, шанышқы сөздерін қайталайды, жазылуы мен айтылуына назар аударады. Ол үшін әріптерден сөз құрап, түсіп қалған әріптерді тауып ойнайды. Қасықпен Шанышқымен Мынау – ботқа. Мен ботқа жеймін. Мен ботқаны ... жеймін. 4-тапсырмада сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:
Ол сорпа, салат алады.
| «Бас бармақ» Дескриптор Оқушылар суретке қарап, тыңдайды,қайталайды.үлгі бойынша сөйлейді. «Бас бармақ» | Слайд Слайд Оқулық 120 бет Слайд Оқулық 121 бет | ||
| Сергіту сәті Буратино тұрды, Буратино созылды, Буратино секірді, Буратино жүгірді. | | ||||
| 5. Жазылым. | Жазу дәптері №2 | ||||
Сабақтың соңы | «Дұрыс-бұрыс» ойыны | Слайд | ||||
| Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі Қызыл- мүлдем түсінбедім Сары- жартылай түсіндім Жасыл-толық түсінікті | Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді | |