Файл: Блім Видеожазба Педагогты атыжні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім

Видеожазба

Педагогтың аты-жөні

Курмансейтова Б.Б.

Күні

20.01.2023ж.

Сынып: 4(2-топ)

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

VideoPad редакторының мүмкіндіктері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.4.1 бейнеклиптерді жасау;

Сабақтың мақсаты:

VideoPad редакторы құралдар тақтасының қызметін біледі

VideoPad редакторында файлдарды жүктейді

Аудио әсерлер мен видео әсерлерді салыстырады


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.





Kundelik.kz

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

VideoPad редакторы құралдар тақтасының қызметімен толықтай танысып алайық.

Көрсетілім.

Осы құралдарды пайдалану арқылы біз видеожазбаларды сапалы дайындай аламыз. Сонымен қатар олар видеожазбаларға әртүрлі әсерлер, аудиолар, суреттер, мәтін титрлерін енгізуге мүмкіндік береді.

  • Нысандарды кірістіру батырмасы- видеожазбаларға қарапайым мәтін, анимациялы титрлер, суреттер кірістіруге, оларды бос фондармен безендіруге болады.

  • Жазу батырмасы- экран бетіне түсіруге, видео, аудио жазуға, жасалған видеожазбаны дыбыстауға болады.

  • Мәтіндік әсерлер (эффектілер)-түрлі мәтіндерді жоғары, төмен, оңға, солға айналдыру бағыттары бойынша, толқынды және жазу мәшинесі түріндегі мәтіндердің типін пайдалануға болады. Мәтіндердің түсін, түрін, мөлшерін өзгерте аламыз. Қаріптің түстерін таңдауға болады. Сонымен қатар видеожазбаға уақыт, минут, таймер көрсету мүмкіндіктері де бар.

  • Аудио әсерлер-дыбыс деңгейін реттеуге және өзге де әсерлерді қолдануға мүмкіндік береді.

  • Видео әсерлер- видеожазбаға әртүрлі әсерлер қосуға болады.

  • Ауысулар- видеожазбалар арасына түрлі ауысулар жасауға болады.


Жеке жұмыс. 1-тапсырма.

VideoPad редакторында берілген тапсырмаларды орында:

  1. Интернеттен қыс мезгіліне қатысты суреттерді жұкте.

  2. «Жаңа жыл» туралы өлеңді жүкте.

  3. VideoPad редакторында файлдарды жүкте.

  4. Видеожазба жолына қыс суреттерін, аудио жолына өлеңді орналастыр.

  5. Видеожазбаны тамашалап көр.


Дескриптор:

- VideoPad редакторды іске қосады;

-Интернет желісенен қыс туралы суреттерді және өлеңді жүктейді;

- VideoPad редакторында файлдарды жүктейді;

-видеожазба жолына қыс суреттерін, аудио жолына өлеңді орналастырады.

Топтық жұмыс. 2-тапсырма.

«Венн диаграмма» әдісі

Аудио әсерлер мен видео әсерлерді салыстыр.



Дескриптор:

-Ұқсастықтарын жазалы;

-Айырмашылықтарын жазады.



Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


2-тапсырманы орындайды




Қалыптастырушы бағалау

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Қалыптастырушы бағалау

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Презентация

Компьютер
Интернет желісі


Сабақтың соңы

1.Кері байланыс:









А4 қағазы

Үй тапсырмасы

«Үйде орындайық» тапсырмасы