Файл: 7 сынып бойынша таырыпты тест Ерте орта асырлардаы мемлекеттер (69 ). Трік аанаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 53

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


31.Махмуд Қашқаридың атақты еңбегін ата, неше кітаптан тұрады: А)Құтты білік І бөлім В)Түрік тілдерінің сөздігі,3 бөлім С) Тарихи Рашиди Д)Ақиқат сыйы 1 бөлім Е) Асыл тастар

32.Қашқаридың бұл кітапты жазудағы мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп, араб тілінен ешбір кем түспейтінін дәлелдеу деп жазған: А) Кононов В) Баскаков С) Левшин Д) Миллер Е) Тугаринов

33.Қашқари бұл еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды деп айтқан: А) Кононов В) Баскаков С) Левшин Д) Миллер Е) Тугаринов

34.Жүсіп Баласағұнның өмір сүрген жылдары: А)973-1050ж В)870-950ж С)1030-1090ж Д) 1103-1167ж Е) 1021-1075ж

35.Шу өзенінің бойында дүниеге келген ғалым: А)Ж.Баласағұн В) Әл Бируни С) М.Қашқари Д) Қ.Яссауи Е)А.Игүнеки

36.Жүсіп Баласағұнның атақты еңбегін ата, қай ғасырда жазған: А)Құтты білік,11ғ В) Түрік тілдерінің сөздігі,11ғ С)Тарихи Рашиди, 14ғ Д) Ақиқат сыйы,11 ғ Е) Асыл тастар,11ғ

37.Жүсіп Баласағұн бұл еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған атағы: А)магистр В)маестр С)бек Д) елтебер Е) хас хажиб

38.Арабша тәжікше кітаптар көп, ал бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық кітабы деп өз еңбегіне баға берген ғалым: А)Ж.Баласағұн В) Әл Бируни С) М.Қашқари Д) Қ.Яссауи Е)А.Игүнеки

39.Қарахан мемлекетінде өмір сүрген ақындардың ақыны,даналардың данасы деп аталған ғалым: А)Ж.Баласағұн В) Әл Бируни С) М.Қашқари Д) Қ.Яссауи Е)А.Игүнеки

40.Ахмет Игүнекидің еңбегі: А) Құтты Білік В)Түрік тілдерінің сөздігі С)Тарихи Рашиди Д) Ақиқат сыйы Е) Асыл тастар

41.1103-1167ж өмір сүрген ғалым: А)Ж.Баласағұн В) Әл Бируни С) М.Қашқари Д) Қ.Яссауи Е)А.Игүнеки

42.Яссауи кішкентайында жетім қалып кімнің қолында тәрбиеленген: А) атасы Балқожа В) Бабыр Шахтың қолында С)әпкесі Гауһар Шахназ қолында Д) Андреевский үйінде Е) Ясылық көпестің үйінде

43.Яссауи Бұқар қаласында діни білім алған ұстазы: А)Жүсіп Хамадани В) Жамал Қарши С) Ибрагим Газнедин Д) Әл Жувейни Е) Арыстан баб

44.Диуани Хикмет кімнің еңбегі: А)Ж.Баласағұн В) Әл Бируни С) М.Қашқари Д) Қ.Яссауи Е)А.Игүнеки

45.Исламды уағыздаушы Хакім атаның шын аты, оның еңбегі: А)Әли ақын,Жүсіп Зылиха В) Сүлеймен Бақырғани, Ақыр заман С)М.Қашқари,Түркі тілдерінің сөздігі Д) Қ.Яссауи, Ақыр заман Е) А.Игүнеки, Құтты білік

46.Жүсіп пен Зылиха поэмасының авторы: А) Сүлеймен Бақырғани В) Әли ақын С) Жанақ ақын Д) Шөже Е) Яссауи

47.Сүлеймен Бақырғани кімнің шәкірті: А)Ж.Баласағұн В) Әл Бируни С) М.Қашқари Д) Қ.Яссауи Е)А.Игүнеки

13-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы


1.Отырар қаласы моңғолдарға қарсылық көрсетті

А)6 ай В)3 ай С)1 ай Д)4 ай Е)5 ай

2.Моңғол империясы құрылған мерзім

А)1155 жылы В)1207 жылы С)1162 жылы Д)1206 жылы Е)1218 жылы

3.Қазақстан жеріндегі моңғол ұлыстары

А)3 В)10 С)7 Д)5 Е)2

4.Мемлекеттің басты заңы

А)Ереже В)Нақыл сөздер С)Әділдік Д)Жарғы Е)Жасақ

5.Өкімет билігінің жоғарғы органы

А)Құрылтай В)Орда С)Ұлыс Д)Әулет е)Диуан

6.Ұрыс хан өз атынан Сығанақта теңге соқтырған

А)1368–1369 жж. В)1366–1368 жж. С)1348–1349 жж. Д)1367–1369 жж. Е)1358–1359 жж.

7.Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулады

А)Жошы В)Төле С)Шыңғысхан Д)Шағатай е)Үгедей

8.Отырарды қоршауға алды

А)Төле мен Жошы В)Шыңғысхан С)Шағатай мен Үгедей Д)Жошы Е)Шыңғысхан мен Жошы

9.1211–1215 жж. моңғолдар басып алған жері (-лері)

А)Жетісу В)Қытайды С)Мәуереннахр Д)Жалайырлардың жері Е)Тұрфан княздықтарды Ғ)Енисей қырғыздарды G)Керейіттердің жері Н)Наймандардың жері

10.Ханның жеке басын қорғайтын жасауыл

А)Кешіктен В)Түменбасы С)Уәзір Д)Ноян Е)Беклербек


11.Қазақстан аумағы Шыңғысханның қай ұлдарының ұлыстарына кірді?

А)Үгедей В)Жошы С)Хайду Д)Төле Е)Құбылай Ғ)Мөңке G)Шағатай Н)Хулагу

12.Қыпшақтар мен Хорезм мемлекетінің Сыр бойындағы қалалар үшін күресі тоқтатылды

А)Қарахандардың жаулап алуымен В)Наймандардың жаулап алуымен С)Моңғолдардың жаулап алуымен

Д)Қытайлардың жаулап алуымен Е)Арабтардың жаулап алуымен

13.Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді

А)Жоңғар В)Жасақ С)Ноян Д)Барунгар Е)Кул Ғ)Кешіктен G)Жабғу Н)Түмен

14.Құрамына Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағы кірген ұлыс

А)Батый ұлысы в)Үгедей ұлысы С)Жошы ұлысы Д)Шағатай ұлысы е)Төле ұлысы

15.Үгедей ұлысының аумағы

А)Шығыс Түркістан В)Ертіс, Еуропа жерлері С)Жетісу, Орта Азия Д)Арал, Сырдарияның төменгі ағысы

Е)Алтай, Ертістің жоғарғы ағысы

16.Сыр бойындағы қалалар моңғолдардың иелігіне көшті

А)1218–1219 жылдары В)1219–1220 жылдары С)1220–1222 жылдары Д)1220–1221 жылдары Е)1217–1218 жылдары

17.1217 жылы Жетісуды басып алуға аттанды

А)Жамұқа В)Жебе С)Төле Д)Арслан Е)Мұқылай

18.Моңғол мемлекетінің әкімшілік билігі

А)25 түмендік В)75 түмендік С)45 түмендік Д)55 түмендік Е)95 түмендік


19.Хорезм шахы Мұхамед Текеш Отырар қаласында қай жылдары теңге соқтырған?

А)1215–1216 жж. В)1215–1218 жж. С)1217–1218 жж. Д)1217–1219 жж. Е)1216–1218 жж.


20.Бұл ереже бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды

А)«Моңғолдар» В)«Көшбасшы» С)«Жеті жарғы» Д)«Жасақ» Е)«Кеңес»

21.Яса заңдар жинағының бірінші бөлімінде айтылады: А)жаза түрлері В) дұғалар С)батыр аттары Д) нақыл сөздер Е) аңыздар

22.1219ж Бұқара қаласын басып алуға аттанған моңғол әскерінің қолбасшысы А) Шағатай В) Үгедей С) Жошы Д)Жебе Ноян Е) Шыңғысхан мен Төле

23.1235ж бүкілмоңғолдық құрылтайда қабылданған шешім А)шығысқа жорық В) батысқа жорық С) Қытайға жорық Д) Орта азияға жорық Е) Ауғанстанға жорық

24.Моңғол шапқыншылығынан кейін Шығыс түркістан жерлері кімнің ұлысына қарады: А) Жошы В) Үгедей С) Шағатай Д) Шыңғысхан Е) Төле

25.Темучиннің әкесінің есімі: А) Тарағай бек В) Мырза Мұхамед Хайдар С) Махмуд Д) Есугей Баһадүр Е) Жалаңтөс Баһадүр

26.Моңғолдардың оң қанат әскери аймағы қалай аталды: А) барунгар В) жоңғар С) кул Д)шеп Е) бекініс

27.Моңғол империясында неше түмен әскер болған: А)100 В)85 С) 95 Д) 75 е) 65

28.Шыңғысханның өзін қорғайтын жасауыл: А)түмен В) кешіктен С) төлеңгіт Д) жиын Е) хажиб

29.Шыңғыс мемлекетінде сол қанат әскери аймағы қалай аталды: А) барунгар В) жоңғар С) кул Д)шеп Е) бекініс

30.Яса заңдар жинағының 2 ші бөлімінде не туралы айтылды: А) Жаза түрлері В) дұғалар С)батыр аттары Д)нақыл сөздер Е)аңыздар

31.Онон,Керулен бойында Теміржүн хан сайланған жыл: А)1202ж в)1203ж С)1205ж Д)1206ж Е)1208ж

32.Отырар опаты болған жыл А)1218ж В)1219ж С)1220ж Д) 1221ж Е) 1222ж

33.Моңғол империясы ыдырады: А)1259ж В)1262ж С)1359ж Д)1428ж Е) 1227ж

34.Теміржүннің өмір сүрген жылдары: А)1206-1227ж В) 1155-1227ж С)1206-1259ж Д) 1206-1256ж Е) 1155-1206ж

35.Жошы Енисей қырғыздарын бағындырды: А) 1207-1209ж В) 1236-1242ж С) 1211-1215ж Д) 1219-1221ж Е) 1215-1217ж

36.Моңғол шапқыншылығына дейін Жетісуда қанша қала болды, кейін қанша қала қалды: А) 300,30 В)200,20 С)100,10 Д)150,15 Е) 180,20

37.Төле ұлысына кірген жерлер: А)Ертістен еуропаға дейін В)Жетісу,Оңтүстік Қазақстан с)Моңғолия өз жері Д) Алтай,Тарбағатай,Моңғолия жерлері Е)Батыс Қазақстан

38.Үгедей ұлысына кірген жерлер: А)Ертістен еуропаға дейін В)Жетісу,Оңтүстік Қазақстан с)Моңғолия өз жері Д) Алтай,Тарбағатай,Моңғолия жерлері Е)Батыс Қазақстан

39.Шыңғысхан Тұрфан кінәздігін, ұйғырларды бағындырған жылдар: А) 1207-1208ж В) 1236-1242ж С) 1211-1215ж Д) 1219-1221ж Е) 1215-1217ж

Алтын Орда (13 ғ.ортасы-16 ғ. басы)

1.Әскери істі басқарушылар

А)Кешіктен В)Хан С)Cұлтан Д)Уәзір Е)Беклербек

2.Алтын Ордадағы даруғалар қызметі

А)Азаматтық билікті басқарды В)Әскери істі басқарды с)Іс-қағаздарын жазды Д)Аумақтық бөліктерді биледі

Е)Салық жинады


3.Алтын Орданың ерекше күшейіп, гүлденген кезі

А)Мөңке хан тұсында В)Тохты хан тұсында С)Берке хан тұсында Д)Өзбек хан тұсында Е)Меңгу-Темір хан тұсында Ғ)Бейбарыс сұлтан тұсында G)Бату хан тұсында Н)Жәнібек хан тұсында

4.Мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы атанған хан

А)Ежен В)Батый С)Берке Д)Шайбан Е)Жошы

5.Алтын Ордада іс-қағаздарын жазушыларды атаған

А)Басқақтар В)Даруғалар С)Хатшылар Д)Беклербектер Е)Мәліктер Ғ)Тархандар G)Білікшілер Н)Селифтер

6.Тоқтамыс хан Мәскеуді өртеді

А)1380 жылы В)1357 жылы С)1382 жылы Д)1271 жылы Е)1235 жылы

7.Батый хан елдің экономикасын арттыруға көңіл бөлді деп жазды

А)Қытай деректері В)Орыс жылнамалары с)Моңғол тарихшылары Д)Түрік жылнамалары Е)Парсы деректері

8.Алтын Ордадағы даруғалардың қызметі

А)Уәзір болған В)Соғыстағы тактикаға жауап берген С)Салық жинауға жауап берген Д)Астықты жинауға жауап берген Е)Мыңдық басы болған

9.Беркеден кейін хан болды

А)Әмір Темір В)Бейбарыс С)Меңгу-Темір Д)Тоғылық-Темір Е)Тоқты

10.Моңғол империясына тәуелділігін мойындамаған Алтын Орда ханы

А)Батый В)Берке С)Жәнібек Д)Шейх Ахмед Е)Тоқтамыс

11.Тохты хан сауда байланысын жандандырған ел

А)Иран В)Орыс кінәздігі С)Қырым бойы Д)Византия Е)Египет

12.Алтын Ордада алауыздық күшейген кез

А)XV ғасырдың басы В)XIV ғасырдың бірінші жартысы С)XIV ғасырдың екінші жартысы Д)ХІІІ ғасырдың ортасы Е)ХІІІ ғасырдың соңы

13.Алтын Орданың орталықтары

А)Сарайшық В)Қазан С)Сауран Д)Түркістан Е)Сарай-Берке Ғ)Сығанақ G)Сарай-Бату Н)Қажы-Тархан

14.Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды

А)1395 жылы В)1379 жылы С)1428 жылы Д)1423 жылы Е)1502 жылы

15.Жошы ұлысының орнына құрылған ірі мемлекет

А)Көк Орда в)Алтын Орда С)Әбілқайыр хандығы Д)Боз Орда Е)Ақ Орда

16.Алтын Орда саяси және экономикалық жағынан жақсы дамыған кезі

А)Тохты хан кезінде В)Батый хан кезінде С)Мүбәрәк хан кезінде Д)Ұрыс хан кезінде Е)Өзбек хан кезінде

Ғ)Берке хан кезінде G)Ерзен хан кезінде Н)Тоқтамыс хан кезінде

17.Өзбек пен Жәнібек хандар тұсындағы Алтын Орданың жағдайы

А)Византияға жорыққа шықты В)Алтын Орда әлсіреді С)Өз алдына тәуелсіз ел атанды Д)Алтын Орда гүлденді Е)Моңғол империясына бағынышты болды

18.Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастаған кез

А)1235 жыл В)1236 жыл С)1227 жыл Д)1255 жыл Е)1242 жыл

19.XІV ғасырлардың бірінші жартысында қай хан (-дар) билеген тұста Алтын Орда ең жоғарғы өркендеу деңгейіне жетті

А)Мамай В)Өзбек хан С)Жәнібек Д)Тоқтамыс Е)Хайду Ғ)Мөңке Темір G) Берке Н)Бердібек


20.Өзбек хан Египет сұлтанына хабарлады

А)Бейбіт келісім туралы В)Дінсіздердің азайғанын С)Елшілік қатынас жөнінде Д)Алтын Орданың тәуелсіздік алғанын Е)Cауда қатынасының орнағанын

21.Алтын Орда ханы Батыйдың әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы: А)Жүзжани В) Қашқари С) Жувейни Д)Макдиси Е) Рубрук

22.Орыс деректерінде Алтын Орда атауы пайда болды: А)14ғ В) 16ғ С)17ғ Д) 13ғ Е) 12ғ

23.Моңғол империясына тәуелділігін мойындамай бүкілмонголдық құрылтайға қатысудан бас тартқан Алтын Орда ханы: А) Меңгу Темір В) Батый С) Берке Д) Өзбек Е) Жәнібек

24.Мәуеренахр мен Кавказ жеріне бірнеше жорық жасаған Алтын орда ханы: А)Тоқтамыс В) Берке С) Бату Д) Өзбек Е) Едіге

25.Алтын Орда мұсылман мемлекетіне айнала бастаған уақыт: А)15ғ В)13ғ С)14ғ Д) 16ғ Е)17ғ

26.1262ж Алтын орда ханы Беркеге достық қарым қатынас жасау үшін өз елшісін жіберді: А)Бабыр В)Нәдіршах С) Хорезмшах Д) Атсыз Е) Бейбарыс

27.ХІҮ ғ 90 жылдары Алтын Орда жеріндегі тартыстар кімнің арасында А)Мамай мен Донской В) Тоқтамыс пен Әмір Темір С) Едіге мен Әмір Темір Д)Әмір Темірмен Ұрыс Е) Мамай, Тоқтамыс

28.Меңгу темір мен Византия императорының бейбіт келісімге келуі нәтижесінде Алтын Орданың сауда қатынасы жақсарды: А)Қара теңіз бойы қалаларымен В) Каспий теңізі бойы қалаларымен С)Азов теңізі бойы қалаларымен Д) Жерорта теңізі бойы қалаларымен Е) Балқаш бойы қалалары

29.1374-1375ж Еділ бойына жорық жасап, Алтын орданың астанасы Сарайды, Қажы Тарханды, Кама бұлғарларын бағындырған Ақ Орда ханы: А)Ұрыс В)Барақ С) Тоқтақия Д)Темір Мәлік Е) Тоқтамыс

30.Алтын Орданың гүлденген дәуірі қай хандар тұсында: А)Тоқтамыс В) Берке,Бату С) Бату,Тоқтамыс Д) Өзбек Жәнібек Е) Едіге Тоқтамыс

31.Әзірбайжанда мешіт салдырған Алтын Орда ханы: А) Берке В)Меңгу темір С) Тохты хан Д) Өзбек Е) Бату

32.Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды Алтын Ордада кімнің тұсында: А)Берке В) Меңгу Темір С) Тохты хан Д)Өзбек Е)Бату

33.Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды,Қарақорым мен Қытайды байланыстырған қала: А)Сығанақ В)Алмалық С)Сарайшық Д)Чимга Тура Е) Іскер

34.Алтын Орданың астанасы: А)Сығанақ В) Сарай Бату С)Сарайшық Д) Күңгіт Е) Қажытархан

35.Алтын Ордадағы таққа талас жылдары: А)1369-80ж В)1259-1290ж С) 1359-1380ж Д) 1459-1490ж Е) 1259-1260ж

36.Алтын орда мемлекетіндегі салық жинаушылар: А)ұлық В) даруға С) тархан Д) қапшуыр Е) нөкер

37.Куликово шайқасы болған жыл: А)1280ж В)1380ж с)1365ж Д)1391ж Е)1396ж

38.Алтын Орда 1502ж қай хан өлген соң жойылды: А) Бердібек В) Жәнібек С) Шейх ахмет Д) Абдр ар Рашид Е) Жүніс

39.Алтын Ордада іс қағаздарын жүргізушілер: А)ұлық В) даруға С) тархан Д) қапшуыр Е) бүлікшілдер