ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні | 20.01.23ж | |||||||||||||||||
Мұғалім аты -жөні | Тұяқова З.К | |||||||||||||||||
Сыныбы | 5 «а» | |||||||||||||||||
Пәні | Қазақ әдебиеті | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» | |||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары | 5.1.4.1. Көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айту. 5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлығы: мысалдан алынған үзіндіні мәнерлеп, жатқа оқиды. Өлеңнен идеяға негіз болатын шумақты табады. Көпшілігі: мысалды мәнерлеп, дауыс ырғағын сақтап жатқа оқиды. Өлеңнен идеяға негіз болатын шумақты талдайды Кейбірі: мысалды мәнерлеп, мағынасын аша отырып, ырғақпен жатқа оқиды. Өлеңнен идеяға негіз болатын шумақты анықтайды. Тармақтарындағы тірек сөздерге тұжырым жасап, өз сөзімен түйіндей алады | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | & Шығарманы мәнерлеп оқиды. & Шығармадан идеяға қатысты шумақты анықтау арқылы, өзіндік тұжырым жасайды. | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспары | ||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. «Мен саған сенемін» әдісімен оқушылар бір –бірімен бір сөзбен жақсы тілектер айттыру арқылы, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. ІІІ. Түрлі түсті қағаздар арқылы топқа біріктіру ІҮ. Үй тапсырмасын сұрау «Зымыран сұрақ» әдісімен сұрақтарға жауап алу. 1. Баласы мен әкесі қайда барды? 2. Бидайлар қандай болып тұр? . Олар неге тағзым етіп тұрды? 3. Бала неге таңданды 4. Ол әкесінен не туралы сұрады? 5. Әкесі не деп жауап берді? Мәтіннен тауып оқыңдар. Түріне қарап таңданба оған, өзгесі төмен қарап бүгілгенге, басқаларынан кем екен деп ойлама. 6. Бидай қандай? Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме? 7. Мысалдың негізгі түйіні қай жолдарда берілген. Тауып, оқы. 8. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген? 9.Тәкаппарлық дегенді қалай түсінесіңдер? 10. Мысалда қандай теріс мінез, қасиет сынға алынған? Оған қарама-қарсы қандай жақсы мінездер бар? | Өткен сабақта егінші жер анаға дән егіп, егін пісіп, бастары дәнге толып, иіліп, тағзым етіп тұрса, ал, бүгінгі сабақта диқаншы дәндіадамның бойына екпекші... Оқушылардан жауап алу арқылы сабақтың тақырыбын ашып, мақсатымен таныс ету | ҚБ: Жұлдызша беру арқылы | Түсті қағаз Слайдтар | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут |
| Дескриптор: & Мысал өлеңді мәнерлеп оқиды Дескриптор: & Мәтіндегі тірек сөздерді өз сөзімен тұжырымдайды Дескриптор: & Берілген қарама –қарсы суреттеме жасайды. & Өзіндік ой –пікірлерін айтады | ҚБ: Жұлдызша беру арқылы жүргізіледі ҚБ: Жұлдызша беру арқылы жүргізіледі ҚБ: Жұлдызша беру арқылы жүргізіледі | Үнтаспа Слайдтар жұлдызша | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут | Кері байланыс Қ –мен үшін құнды Қ-мен үшін қызық Қ-мен үшін қиын Үйге тапсырма: «Мен - адамдық диқаншысымын» тақырыбына эссе жазыңдар (40 -50 сөз) | Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. |