Файл: Ф 700703 азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі.doc
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 126
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Соңында төлем ақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады.
Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: “сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?”, “сізге онда не көмектесті?”, “ сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?” ,” сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?”.
Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек: “Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады”. Кеңес берудің қатысушылар мен құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: “ сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?” құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсыналы: “ Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?” , “сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?” немесе “сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?” кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды.
“Экологиялық тексеру”. Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады.
Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді “қауіпсіздігі” бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байлаысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыру ала алады.
Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған психотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады.
Бөлу. Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде “пародаксальді тапсырмалардың” көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің “эмоционалды әсер беруді тексеру үшін” күніне бір сағат ұрысу ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, “ақымақ кеңес беруші” кеңесінен бас тартып, осылайша “бөліну” болды.
Қазіргі уақытта кейбір отбасындағы қатынастарды психотерапевтикалық түзету. Отбасы терапиясында психотерапевт отбасын зерттеп, отбасылық бұзылысты анықтап, олардың өмірлерінде тілекті өзгерістерге жету мақсатымен отбасы мен оның жеке мүшелерінің әсерін ұйымдастырудан басталады. Онда мәселелер мен міндеттер туындайды, оларды шартты үш топқа бөледі, отбасы терапиясы отбасының дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуы, терапияны жүргізудің жалпы сұрақтары, соңында отбасы психотерапия әдістемелері.
Отбасы психотерапиясына жағымды қатынасты қалыптастыру, ұйымдастырушы эмоционалды және интелектуалды себептердің салдарынан отбасы мүшелерімен оның қатысушылары үшін қиын болғанымен қажетті, сондықтан психотерапевтке психотерапияға қатысудың күшті және тұрақты мотивациясын қалыптастыру қажет.
Ереже бойынша, бірінші кездесу болашақты анықтау болып табылады – оның уақытысында психотерапевт соқтығысатын мәселесін күрделілігі анықталады, ол клиенттер (отбасы мүшелері) отбасы психотерапиясы жайында алғашқы түсініктерді алады және онда қатысуын жалғастыру керек пе екендігі анықталады. Жалпы алғашқы кездесу барысында қысқа уақыт ішінде клиенттің күрделі және ұзақ жұмыс қажеттігі мен психотерапияның сәттілігі үшін жауапкершілік сезімі мен белменділігін түсінуге терапевт көмектесу міндеті бар, содықтан, отбасы мүшелері мен алғашқы кездесудің жақсы өңделген жоспары қажет. Басында психотрапевт клиенттің мәселесімен танысу отбасы отбасымен т.б. мен байланысты оның эмоционалды уайымдарын көкейкестіру, клиент күнделікті өмірде кездесетін фрустрациялардың жиынтығы көруді беру керек. психотерапевтің одан кейінгі міндеті - клиентте отбасы психотерапиясы оның мәселелерін шешуін табуға көмектесетін түсінігін құру. Психотерапевт клиенттің көңіл –күйін психотерапияға қатысуға мотивін құру, сонымен қатар, аз емес маңызды қатысуға қарсы тұратын мотивтерді өңдеу, болашақ қиындықтарды көру мәселесі шешудің жолдарын табу үшін қолдануы керек. Бұл кездесудің тағы бір маңызды аспектісі – клиент психотерапевтен көмекті енжар күтетін болашақ жағдайды болдыртпау үшін онда психотерапевтикалық іс-әрекеттің мазмұнына белсенді қызығушылықты қалыптастыру. Оның орнында ол психотерапевтің көмегімен өзінің отбасы мәселелерді шешуді белсенді істеуге бағытталады.
Отбасы психотерапевт өзінің жұмысын ұйымдастыруда түрлі түрдегі мәселелерді шешуге тура келеді, мысалы:
Жалғыз жұмысты істеу немесе терапевтке шақыру?
Отбасымен кабинетте немесе оның тұратын мекен-жайы бойынша қайда жұмыс істеу керек?
өзінің отбасымен немесе алғашында отбасы мүшелерімен сабақтар жүргізе ме?
Ең жақсы кездесулердің жиілігі мен ұзақтығы қандай?
Жеке немесе отбасылық мәселелердің қайсысынан бастауы керек?
Нақты әрекеттер жоспарын жасау керек пе, немесе экспорт қою керек пе?
Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу тәсілі отбасы психотерапиясының “ғылыми көзқараспен” анықталуы керек. отбасы психотерапиясы ұйымдастыруы таңдауы идеалда отбасының ерекшелігіне тәуелді болуы қажет. Кез-келген отбасы психотерапевт отбасы, оның жеке мүшелелері оның мәселелері мен отбасылық жағдайларға байланысты психотерапияның әртүрлі стильдерін қолдануға дайын болуы тиіс.
Бір отбасы мүшесімен – авториталды стиль, екіншісімен- директивті стилі тиімдірек болуы мүмкін. Бұл психотерапевт алдында тұрған сұрақтарға жауап барлық жағдайдың жиынтығына байланысты. Содан соң психотерапияда қандай әдістер ең көп қолданылатындығы жайында сұрақтар қарастырылады. Отбасы психотерапиясының әдістемесі – бұл психотерапевт нақты психотерапевтикалық тапсырманы шешетін әрекеттердің типтік жиынтығы. Отбасылық психотерапия өзінің даму уақтысында қайта пайда болған мектептердің тәжірибесінен келген әртүрлі техникалардың көптеген санына иемденді. Отбасы психотерапияда кең қолданылатын психотерапиялық техникалардың негізгі түрлерін атап шығайық:
Директивтер – бұл отбасы мүшелерінің мақсаттарына жету үшін отбасы жағынан немесе оның жеке мүшелері жағынан нақты әрекеттердің қажеттігі жайында тік, нақты сілтеулер. Бұл бір нәрсені істеу сілтеуі; осы кезге дейінгіден бір нәрсені басқаша; осы кезге дейінгі істемегенді істемеу болуы мүмкін. Пародоксальді дерективтер жағдайында айтылғаннан гөрі оның мақсаты қарама-қарсы. Директивтерді қолдану тиімділігі оны қолданудың дұрыстығына тәуелді, отбасын мұқият зерттеуді психотерапевтің үлгісімен отбасыға психотерапевтикалық әсері, ол ең бастысы психотерапевтің жеткілікті беделдігін қажет етеді.
Отбасылық дискуссия әдісі – отбасы психотерапия тәжірибесінде кең қолданылады. Оны өткізу уақтысында отбасы мүшелері олардың өміріне қатысты мәселелердің кең шеңбері және түрлі отбасылық сұрақтарды шешу жолдары талқыланады. Дискуссия көптеген мақсаттарды анықтауы мүмкін: мысалы, отбасылық әрекеттестік жайындағы қате түсініктерді жөндеу немесе отбасы мүшелерін дискуссия әдістеріне үйрету. Дискуссияны басқару психотерапевт пен қажетті іскерлікті талап етеді. Отбасы дискуссияларын өткізуде қолданылатын негізгі амалдардың қатарынаүндемеуді тиімді пайдалану, тыңдай алу қабілеті, сұрақтардың көмегімен оқыту, қайталау, талдап қорыту, нақты пірікмен конфронтация және т.б.
Соңында сәтті отбасылық өмірге қажетті іскерлікер мен дағдылар отбасы мүшелерінде жеткіліксіз екендігі анықталады; отбасы психотерапия барысында бұл жетпейтін дағдылар түрлі психотерапивтикалық техникалар, арнайы жаттығулар мен тренировкалардың көмегімен қалыптасады. Олардың жалпы принципі отбасы мүшесінің алдында нақты міндет тұрады, мысалы, ол қалыптастыруы керек, іскерлік пен дағды түрінде, және тапсырманы орындай алған, алмағаны жайында сынауға болатын критерий айтылады.
Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасының терапияның қатысушыларының тұрғасының (қазіргі шындық негізінде) бұрынғы бейсаналы қатынастар негізінде емес, толыққанды сау тұлғалар ретінде әрекеттесуге дайын болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитиктер бақылау мен тыңдауды таңдап, бос талқылауды кенет сұрақтармен тоқтатады.
Отбасы жүйелі психотерапия: Қазіргі уақытта жүйелі бағытталу ең кең ұсынылған перспективті, экономикалық мақсатқа бағытталған және терапевтикалық тиімді отбасы терапия бағыты болып есептеледі. Жүйелі отбасы психотерапиясында отбасы құрылған байланыстарды сақтау мен эволюцияға талпынатын бүтіндік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының пайда болуы дамудың заңдылықты дағдарысынан өтеді (некеге тұру, ата-ана отбасынан айырылуы, жүктілік бланың туылуы, баланың мектепке дейінгі / мектеп мекемелеріне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата – анасының зейнетақыға шығуы және т.б.) әсіресе осы тіршілігінің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуіне реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жаңа отбасы психотерапиясының негізіг қадамдары келесідей:
-
психотерапевті отбасымен бітіру; -
психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту; -
отбасылық қатынастарды реконструкциялау; -
психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Бағдарламалық отбасылық психотерапия.
Бұл отбасылық психотерапияның әдісі “мәселені шешуші” деп аталады. Өз жұмысында бұл бағыттың психотерапевтері отбасы мүшелерінің жекелік ерекшелігіне шоғырланбайды. Бұл ыңғай белгі бөліктері мен отбасыға аз қызығушылыққа шектен тыс зейінмен сипатталады. Бағдарламалық бағыттың мәні мәселені шешу үшін бағдарламаны өңдеу болып табылады, себебі отбасындағы өзгеріс бұзылыстың себептерін түсіну отбасында маңызды.
Жанұяның имплицитті теориясы:
Жанұяны әртүрлі тұрғыдан қарстыру немесе кеңес беруде жанұяның әртүрлі теориялық моделіне сүйенеді. Дегенменде, бұл модельдер ашы түрде көрініп, тұрмайды, бірақ ауытқуы мен қалыптылық осыларға байланысты болады. Л. Г. Люсик жанұялық терапияға әртүрлі жол табатын “Жанұялық теория” мақсатында үлкен зерттеу жүргізілді. Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді.
Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де “жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды “ деп айта кетеді.
Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады. Бұл біздің жатырда пайда болғаннан бастап өміріміз, яғни, анамыздың жүкті кезінде өзін қалай сезінгені, нәресте кезімізде бізді қалай күтті, бізді оқытқанмен өсіп жатқандағы тіл мен дыбыстар”.
Адам өз жанұясының бір бөлігі болып табылады, ол онда туды, соның ішінде дамыды, адамдар мен әлемді өзінің жанұялық тәжірибесін негізге ала отырып талқылайды. Біреулер үшін бұл басты құраушы ұқсастық. Үстелге берілетін тағам, өмірлік жағдайлар мен мейрамдарды қалай атап өту керек; жанұяныың құндылығы қандай, балаларды күту, оларды руханиялыққа, жауапкершілікке, билікке, тәуелсіздікке, уақытқа қарым-қатынасы қандай. Осының бәрі олардың жанұялық мұрагерлігі мен мәдениетін көрсетеді. Эмоционалдық жүйемен бағалап отыру арқылы жанұя балада әлеуметтік әлемдік бейнені құрады. П.Бергер мен Т. Лукманның ойынша әлеуметтенудің ерте сатысында бала үшін әлемнің мәні, мағынасы бола бастайды. әлеуметтік роль мен қарым-қатынас туралы түсінік туындайды. Онымен қоса жанұя өзіндік қажетті жеке құндылықтар ретінде санасып, қоғамның құндылығы мен нормасын көрсетеді. Осылайша баланың әлеуметтік әлемді интерпретациялау типіқұрылады. Г. М. Андреевтің көптеген зерттеулеріне жүгінесек “әлеуметтік ақпараттық барлық жұмыстың тәсілдері” қалай десек те балалық шақ та жанұялық шақта құрылады: белгісі тек ------- схема әсіресе скрипта немесе тұлғаның имплицитті теориясы өте ертедегі өмірлік тәжірибеден өседі. Әлемді тану әлеуметтік танудың жемісі ғана емес, оның шығушы бөлігі: жанұяда баладағы тану мен мінез –құлық схемасы әлемдегі бейнеде бар белгілі бір нәрседен берліген. Бірақта, Д.Фрименмен келісетін болсақ, некелік жанұя құру әлеуметтену процесінің алғашқы сатысы болып табылады. Нәтижесінде жұбайлардың құндылықтарымен қатынастарының белгілі бір жүйеде өңделу болып табылады. Бұл процесс мінез-құлықта реттеліп отыратын үміт пен мақсатта қалыптасу мен көзге көрінеді. өзінің жиынтығында олар жанұялық нормалар деп аталып, жанұя мүшесінің әрқайсысының мінез-құлқына және жанұялық жүйеге өз ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде жанұя мәдениетінің сипатын және әлеуметтік бақылау қызметін орындауда жанұя мүшелері қандай мінез-құлықты дұрыс, ненің бұрыс деп айтатынын анықтайды. Жанұя феномені сияқты күрделі әлеуметтік мәдениетті зерттеуде әртүрлі ғылыми тәсілдер бар: функционалды, империкалық, саментистикалық. Жанұядағы өзара қарым-қатынасты түсіну мен зерттеу өз кезегінде жанұяға психологиялық көмек көрсетудің тәсілін ұсынады. Олардың ішінде: құрылымдық, коммуникативті, психоаналитикалық, гуманистік бағыт, биолого- психологиялық. Біз бәрінен бұрын жанұяның тұтасорганизм ретінде қарастырған жүйе ретінде қарастырғымыз келеді. Жанұяның жүйелілік түрде қарастыруды М.Боэн ұсынды, ол адам мінез-құлқының табиғи-ғылыми теориясын дамытты. Оның көзқарастары Беарталансидың ұсынылған жалпы теориялық жүйемен негізделді. А.В. Черниковтың айтуынша тура осы теория психотерапевтік практикада өзіндік терапевтік бағытта жанұяның терапияның жақсылап дамуына көп еңбегін тигізді. Жанұялық жүйені келесі бағалаулық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Мысалы, ұқсастық (жанұя мүшелерінің эмоционалды байланысы), иерархия, (шешімді қабылдау билігі), шегаралар (жанұя мүшесінің өзара қарым-қатынасымен, жанұяның әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынасы). Жүйелік теориясында иерархиялықтан басқа логикалық түсінік деңгейі де бар, оның бар болуы В. Рассельдің логикалық типімен байланысты. Жүйе салыстырмалы жоғарғы логикалық деңгейде және төменгі логикалық деңгейде айтылады.