Файл: I тарау. Геометрияны алашы мліметтері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

I тарау. Геометрияның алғашқы мәліметтері

Мектеп: Ахмет Байтурсынұлы атындағы №7-жалпы білім беретін лицей орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нокеева Эльмира Адилжановна


Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Кесінділер мен бұрыштарды өлшеп салу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.4 Кесінділер мен бұрыштарды өлшеп салу қасиеттерінің мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары:

- түзу бойындағы нүктелерді ретімен орналастыра алу;

- кесінділердің қасиеттерін білу және қолдану;

- бұрыштардың қасиеттерін білу және қолдану

Бағалау критерийлері

- нүктелердің түзуде және жазықтықта орналасу қасиеттерін біледі және қолдана алады;

- кесінділер мен бұрыштарды өлшеу қасиеттерін біледі және қолдана алады;

- кесінділер мен бұрыштардың орналасу қасиеттерін біледі және қолдана алады;


Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:

-фигуралардың өзара орналасуы мен ара қатынастарын суреттей алады;

- сызбаны салу үрдісін ,есептерді шығару жолын түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология

- кесінді-отрезок- cut

- бұрыш-угол-corner

- сәуле-луч- ray

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Бастапқы нүктелері ортақ болатын іртүрлң жарты түзулерден құралған фигура....................

- түзудің берілген нүктесінен оның бір жағында орналасқан нүктелердің жиыны...................

Құндылықтарды дарыту



«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы бойынша берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдай білу;

- оқушыларды еңбекке және шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, өмір бойы білім алуға баулу

Пәнаралық байланыстар

Информатика, бейнелеу


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, компьютер.

Бастапқы білім


планиметрия аксиомалары, нүкте, сәуле, кесінді,бұрыш анықтамалары


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


Сәлемдесу.Жағымды көңіл-күй туғызу.

«Көршінің суреті» ойсергегін қолдану.

Оқушылар дәптерін төбесіне қойып,өзінің жұптасына қарап отырып,берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5минут) оның суретін салуға тырысады.Суретті салып бітіргенше , дәптерге қарауға болмайды.Әрине,салған суреттердің қисық-қыңыр болатындығы сөзсіз,алайда оқышыларға қызық.Оқушылар салған суреттерін өз қолдарын қойып,бір-біріне тарту етеді..

Кеспе қағаздарды тарату арқылы топтарға бөлу. Кеспе қағаздарда кесінді,бұрыш,сәуле жазылады. Сол бойынша топтарға бөлінеді.Әр топқа өін-өзі бағалау бетшелерін таратамын.

Өзін өзі бағалау бетшесі

Оқушы

ның аты-жөні

1-тапсырма

(ТЖ)

2-тапсырма

(ЖЖ)

3-тапсырма

(Ж)

Саралау тапсырмаcы

Қорытынды ұпай




















Топ аттары: «Кесінді», «Сәуле», «Бұрыш».

Үй тапсырмасын сұрау.

Бастапқы білімді тексеру (ауызша)

1)Геометриялық фигураларға мысал келтір

2) Жазықтықтағы негізгі фигуралар атаңдар

3) Нүкте мен түзу қалай белгіленеді?

Ауызша мадақтау жүргізіледі. (өте жақсы, тамаша, керемет, жарайсың және т.б).

Оқу мақсатын ашу мақсатында ой қозғау үшін «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі бойынша 3 топқа бірдей тапсырмалар беремін.

Тапсырма ( топтық жұмыс)

Практикалық жұмыс беріледі.Оқушылар жұптасып бірін бір тексереді.

1-есеп

а)Кесінді салып,оның ұзындығын табыңдар және нәтежесін жазыңдар.

ә) Сәуле салып,оның бойына сәуленің бастапқы нүктесінен бастап осындай кесіндіні өлшеп салыңдар

2-есеп

а)Бұрыш салып,оның градустық өлшемін табыңдар және нәтежесін жазыңдар.

ә)Сәуле салып,оның бастапқы нүктелерін және берілген жарты жазықтықта градустық өлшемі осындай бұрыш салыңдар.

3-есеп

АВ сәулесіне АВ кесіндісінен кіші АС кесіндісі өлшеп салынған А,В,С нүктелерінің қайсысы қалған екеуінің арасында жатады?Жауаптарыңды түсіндірің

Дескриптор

Есептің сызбасын салады;




Есептің шешімдерін дәлелдей алады;




Жауабын жазады.





Бағалау жұптық жұмыстарды ауызша мадақтау арқылы бағалаймын. «Өте жақсы», «ұйымшыл топ», «жоғары деңгейдегі ынтымақтасқан топ».

Оқулықпен жұмыс

І топқа -№ 1.28

Шамалары 135,500 болатын бұрыштардың градустық өлшемдерін табыңдар.

Ж: 2

ІІ топқа -№ 1.29

Шамасы 6 болатын бұрыштарды минутпен өрнектеңдер.

Ж: 375; 120; 665

ІІІ топқа - №1.30

Амалды орындаңдар:

  1. 5 2) 32

Ж:1)13 2) 32

Дескриптор

бұрыштарды өлшеу аксиомасын қолданып, өрнек құрастырады;

есептеуді орындайды;

бұрыш градустық шамасын табады

1 ' 1'=60'' біледі

Сергіту сәті « Өзгертулерді тап»

Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынадай тапсырмалар беріледі

  • Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып,бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.

  • Енді сырт айналып,бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар.Сыртқы пішініңізге қандай да болмасын 3 өзгерту енгіңіз

Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда,бір-біріңізге қараңыздар да,сол өзгертулерді табыңыздар.

Саралау тапсырмасы.

Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжін арттыру үшін саралау тапсырмаларын дайындаймын.

АВ сәулесісінен С нүктесі белгіленген. Егер АВ = 2 см,АС = 4,4 см болса,ВС кесіндісінің ұзындығы қандай болады?

Дескриптор

Есептің сызбасын салады;




Есептің шешімдерін дәлелдей алады;




Жауабын жазады.








3-слайд


Кеспе қағаздар

Интербелсенді тақта

4-слайд


A4

Кеспе қағаздар

Оқулық геометрия

7-сынып Ә.Н.Шыныбеков

Сабақ соңы


Үй тапсырмасы: 7.1.2.4. Кесінділер мен бұрыштарды өлшеп салу

1.24. №1.25

Кері байланыс орнату

«Сен меннен, мен сеннен»әдісі

Бағалау бетшесі

Оқушы

ның аты-жөні

1-тапсырма

(ТЖ)

2-тапсырма

(ЖЖ)

3-тапсырма

(Ж)

Саралау тапсырмаcы

Қорытынды ұпай




















Бағалау бетшесін жинақтап, оқушыларды бағалаймын.

8-9 ұпай «өте жақсы», 5-7 ұпай «жақсы», 1-4 ұпай «жарайсың»

Рефлексия.

Оқушылар «Бес саусақ» арқылы бүгінгі сабақта алған білім деңгейін бағалайды.

1. Бас бармақ – басты мәселе

2. Балан бармақ – бірлесу

3. Ортан үйрек – ойлану

4. Шылдыр шүмек – шынайылық

5. Кішкентай бөбек – көңіл күй

Балалар параққа алақандарын қойып,оның жиегін қаламмен айналдырып өтеді.Осыдан соң олар сабақ туралы сұрақтарға жауап береді.

  1. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

  2. Қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

  3. Бүгін қандай білім,тәрбие алдым?

5-слайд



Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

ның сақталуы


Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді. Топпен жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді, әр топ постерлерін рәсімдейді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды.

Бағалау критерийлері бойынша әр тапсырма бағаланады; өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар топты бағалау және қалыптастырушы бағалау іске асырылады.



Денсаулық сақтау технология

лары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?