Файл: 1. Цифрлы рпа жне цифрлы сауаттылыты мнін сипаттаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Цифрлық ұрпақ және цифрлық сауаттылықтың мәнін сипаттаңыз.

Әлеуметтанушылар әрбір 20 жыл сайын алдыңғысынан ерекшеленетін жаңа буын дүниеге келеді деген ойды айтады. Қазіргі таңда X, Y және Z ұрпақтары туралы жиі айтылып жүр. Жас теориясының үш негізгі компоненті (X, Y және Z ұрпақтары) және бір қосымша компонент (Baby boomers) бар. 1991 жылы АҚШ зерттеушілері Нил Гоув пен Уильям Штраус алғаш рет жас айырмашылықтарының ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдардың жас айырмашылықтарына қарап, әртүрлі уақыттағы ұрпақтардың құндылықтарына негізделген теорияны шығарды. Олардың пікірінше, әр кезең шамамен 20 жылға созылады. Ал Қазақстанда бұл туралы нақты статистикалық дерек жоқ болса да, X-Y-Z ұрпақтар теориясы туралы өмірдің өзі көрсетіп жатқандай.Ұрпақтар теориясы мемлекеттің экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Сіздің қай буынға жататыныңыз тек қана туған жылыңыз ғана қатысты емес, сондай-ақ жанама белгілердің яғни сіздің дағдыңыздың, өмір салтыңыздың, кәсіби мәнеріңіздің, құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңыздың ықпалына да байланысты болуы мүмкін.

2. Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:

1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);

2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);

3.Шығармашылық ойлау дағдысы

4.Логикалық ойлау дағдысы

5. Сыни ойлау дағдысы

6. Алгоритмдік ойлау дағдысы

7.Критикалық ойлау дағдысы

8.Проблемалық ойлау дағдысы

9.Технологиялық ойлау дағдысы

10.Тілдік құзіреттілік дағдысы

11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2017-2018оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталды.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту.

3. Цифрлық білім беру ресурстарының бағыттары мен түрлерін түсіндіріңіз.

Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар – оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар,
дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары.

Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері:

Біріншіден. ЦБР-ды пайдаланудың ең танымал түрі, ол – электрондық құралды жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер,дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.

Екіншіден. оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ЦБР-дағы үлкен мүмкіндіктерді пайдалану әдісін атауға болады. Мұндай әрекет үй тапсырмасын, сынақ және т.б. даярлауда орындалуы мүмкін. АКПО құрамына кіретін ЦБР материалдарына жобалау қызметінде де сұраныс бар. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары: анимация, бейне, дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті компоненттер, суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және қарапайым мәтіндер де пайдалы болуы мүмкін.

Үшіншіден. ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастыруға қолдану әдісін атауға болады. Мұндағы бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі жайлы.

Төртіншіден. мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл сақталған ресурстардың қорын жасап, оларды бір жүйеге келтіріп, оқушыға да, мұғалімге де тақырып бойынша қажетті ресурсты жылдам іздестіруге көмектеседі. Сөйтіп, білім беру мекемесінде қарастырылатын проблема бойынша сақтаулы тұрған ЦБР, қағазда тасымалданатын ресурстар және Internet желісіндегі сайттарға сілтемелер жайлы берілгендер банкі де құрылуы мүмкін.

Бесіншіден. ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде және көптеген курстарда қарастырылатын әртүрлі топтық іс-әрекеттерде қолдану әдісін атауға болады. Бұл жерде, негізінен, лабораториялық жұмысты жүргізудің имитаторы болып табылатын интерактивті ЦБР жайлы сөз болады.

Алтыншыдан. жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Бұл жағдайда объектінің, құбылыстың немесе үдерістің нақты жағдайға максимальды жақын моделі құрылып, оның жүрісі параметрлерді өзгерте отырып жан-жақты зерттеледі.

Жетіншіден. оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. Бұл әдіс уақытша жұмысқа жарамсыз оқушылар үшін, үйде оқитын немесе жолсапарда жүрген балаларға өте тиімді.


4. Цифрлық ұрпақ теориясы. Х буыны туған адамдардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Х ұрпақтары «икс» - 1963 жылдан 1983 жылға дейін туған адамдар. Олардың ерекшеліктері – өзіне ғана сенім арта алады, балама ойлайды, әлемде болып жатқан нәрселер туралы хабардар болады, таңдау жасауға және өзін өзгертуге дайын адамдар. Олардың жұмыстары қиын және жетістікке өзі жетуді мақсат етеді. Олар үзақ жылдар бойы бір салада қызмет атқарып, бірте-бірте мансап жолында биік дәрежеге жетеді.

1991 жылы американдық экономист және демограф Нил хов пен тарихшы және драматург Уильям Штраус ұрпақтар теориясын ұсынды. хов пен Штраус теориясына сәйкес бірнеше ұрпақты ажыратуға болады –

- " GI буыны ("жеңімпаздар буыны") - 1900-1923 жылдары туылған адамдар;

- "Үнсіз ұрпақ" − 1923-1943 жылдары туылған адамдар;

-" бэби - бумерлер "− 1943-1963 жылдары туған адамдар;

- "Х ұрпақ" − 1963-1982 жылдары туған адамдар;

- "Y Ұрпақ ("мыңжылдық)" − 1983-2000 жылдары туған адамдар;

- " ұрпақ Z ("Альфа") " -2000 жылдан кейін туған балалар.

5. Цифрлық ұрпақ теориясы. У буыны туған адамдардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Y ұрпағы «игрек» - 1983 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта туған адамдар. Олардың мақсатқа жету мен жетістік туралы түсінігі өзгеше: көп жағдайда кәсіби өсуін төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Олар дереу өсуді мақсат етеді және бұл олардың бір кемшілігі. Бұл санаттағы адамдар бірден бірнеше сала бойынша жұмыс атқарып, барынша көп ақпарат білуге және кәсібилікке ұмтылады. Олар үшін тек бір салада қызмет істеу мүмкін емес. Y ұрпағы - қазіргі заманғы бизнестің үміті. Олар техникалық жағынан ең сауатты және жұмыс уақытынан тыс уақытта да жұмыс істеуге деген ұмтылысымен, білімге деген ынтасымен де ерекшеленді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, келесі онжылдықта Y ұрпағы негізгі жұмыс күшіне айналады.

15. Цифрлық ұрпақ теориясы. Z буыны туған адамдардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Z ұрпағы «зет» – 2000 жылдан кейін туған, технологияның тілін меңгерген бүгінгінің жастары. Бұл адамдардың есейгенде қандай тұлға болатынын кәсібилік тұрғысынан бағалауға әлі ерте яғни болашақта қандай болатыны әлі белгісіз - ұрпақ жаңа қалыптасуда. Бірақ қазір олар ерекше деп саналады. Ерекше дарынды, ерекше философия мен дүниетанымға ие, қолында гаджеттермен туылған балалар. Алайда оларды нағыз "цифрлы балалар" деп атауға болады. Олар біздің елдің экономикалық қалпына келуін қамтамасыз етуі керек. Ұраны: «Мені тыңда, түсін, менімен сөйле, мені бағала». Z ұрпағының өкілдері кітап оқымайды, аулада аз серуендейді, олар алаңға шығып, футбол ойнағаннан компьютерде футбол ойнағанды жөн көреді. Олар үшін компьютер - бұл табиғи мекен. Олар үшін үлкен көлемде кітап оқымау қалыпты жағдай, бұл олардың ақпарат көзі емес, олар барлық ақпараттарды смартфоннан алады, Google бәрін біледі. Отбасын құруға, есеюге асықпайтын Z буыны ертерек жұмыс істеп, өз мансабын қалыптастыруға тырысып бағады. Оларды өзге ақпаратқа сендіре алмаймыз, сен сабақты нашар оқисың, кейін «барып кел, шауып кел» деген жұмысшы боласасың дегенге сендіре алмайсыз. Бірнеше жылдан соң, бұл буын өкілдері көшбасшылыққа келіп, аға буынды жаймен ығыстыра бастайды.


Z ұрпағы нақты және виртуалды әлемнің айырмашылығын көрмейді. Дәл қазір еліміз осы буын ұрпақтарына білім беру де. Сондықтан енді осы буын өкілдеріне қалай тәрбие, білім беретініміз туралы айтайық. Психологтардың айтуынша, ХХІ ғасырдың балалары шынымен де алдыңғы буын құрдастарынан ерекшеленеді. Бүгінгі таңда олардың екі негізгі белгілері бар. Біріншіден, олар өте ақылды, тез түсінеді, ересек ұрпаққа жат көптеген нәрселерді қабылдайды және түсінеді. Екіншіден, олар өте сезімтал және осал. Осыған орай дәстүрлі білім беру әдәс-тәсілдері бүгінгі балаларға сай келмеуі мүмкін. Осыған дейін сабақ жоспары бойынша ұйымдастыру кезеңіне 3-5 минут уақыт берілген. Ал Z ұрпағы оқушыларының сабаққа деген ынтасын 8 секунд ішінде аударуымыз керек. Олай болмаған жағдайда сабақтың сапасы нашарлайды. ♦ Z буыны - цифрлы балалар. Мұғалім, оқытушы әлеуметтік желідегі парақшасында оқушыларға қызықты бір нәрсені көруге кеңес бере алады. Оқушының білімін жетілдіре алатын ақпараттың сылкасын жіберіп тұруы қажет. Себебі бұл визуальды буын, сондықтан YouTube олар үшін сенімді және қауіпсіз деп санайтын негізгі ақпарат көзі болып табылады. Немесе ғаламторда «төңкеріс» жасаңыз. Үй тапсырмасын балаларға қызықты форматта беріңіз, мысалы, оны инстаграмда жариялап, лүпіл басып, пікір жазуын талап етіңіз.♦ Z буыны – теориядан гөрі тәжірибиеге баса назар аударатын буын. Олар үшін оқытушының неліктен нақты білім беретінін және бұл өмірде пайдалы бола алатындығын білу өте маңызды. Егер биология сабағында сіз балықтың құрылымымен таныстыратын болсаңыз, қосымша дүкенде жаңа балықты қалай таңдау керектігін немесе балықтар туралы қызықты ақпаратты айтыңыз, бұл оқушы қызығушылықпен қамтамасыз етеді.♦ Z буыны - бұл өзіңіз жасайтын буын. Классикалық тәрбиешінің рөлі көп ұзамай өздігінен жоғалады. Қосымша курстарға, үйірмелерге барып, қосымша білім алғаннан қашықтықтан оқып, білім алуды артық санайтын Z буыны үшін түрлі қызықты, пайдалы ақпарат бере отырып, оқытатын сайттар санын жетілдіру керек. Мысалы, домбыра үйірмесіне барып домбырада ойнауды үйренгеннен гөрі ютуб желісі арқылы нақты ақпаратты ала отырып, домбырада ойнауды үйренгенді артық санайды. Сол кекілді пәнге деген қызығушылықты арттыратын әдіс-тәсіл ойлап табуымыз қажет-ақ.♦ Z буыны басқа адамдардың тәжірибесіне сенбейді. Оларға қалай және не істеу керектігін айтыңыз. Сосын олар көбіне жеке тапсырмаларды жасағанды ұнатады.

6. Цифрлық ұрпақ теориясы. GI буыны туған адамдардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз
.

Gi ұрпақ буыны (1900-1923 ж.т.), оның өкілдері іс жүзінде тірі емес, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар сияқты тарихи оқиғаларға куә болды, олар жасөспірімдермен 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісімен кездесті. "Мыңжылдықтар" ұрпағы сияқты, олар әлемде және елде түбегейлі өзгерістер болған ғасырлар тоғысында өмір сүрді. Бұл ұрпақ әдеттегі әлеуметтік парадигмалар бұзылған кезде,"мүмкін емес нәрсе мүмкін болған кезде"қалыптасты. Құндылықтар арасында өзіне, өз мүмкіндіктеріне, екінші жағынан, өзінің "менін"және мақсатын іздеуге деген сенім басым болды.

"Үнсіз ұрпақ" буыны (1923-1943 ж.т.) Екінші дүниежүзілік соғыс, Екінші дүниежүзілік соғыс, қираған елді қалпына келтіру. Негізгі құндылықтар: адалдық,ережелерді, заңдарды сақтау, лауазымы мен мәртебесін құрметтеу, абырой,шыдамдылық.

Беби-бумеров буыны туған адамдардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

" Беби-бумер " буыны (1943-1963 ж.т.) Кеңес Одағының жеңістеріне куә болды: ғарышты бағындыру және КСРО-ның басқа да жетістіктері, нәтижесінде пайда болды жеңімпаз психологтар.Сондықтан олардың негізгі құндылықтары, олар тіпті қараңғы тоқсаныншы жылдарға да әсер етпеді: оптимизм, жеке өсуге деген қызығушылық және сыйақы, ұжымшылдық және командалық рух, жастарға табыну.

Олар өзін-өзі дамытуды ұжыммен байланыстырады. Бэби-бумерлердің көбісі қазіргі уақытта зейнетте, бірақ әлі де жұмыс істейтіндері бар. Осы ұрпақтың ерекшелігі — денсаулығы мықты және төзімді.

3.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына талдау жасаңыз.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс – әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс – әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгі“Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында.