Файл: 1. Цифрлы рпа жне цифрлы сауаттылыты мнін сипаттаыз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5.Мұғалімнің кәсіби дамуын талдаңыз.
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім бола алады. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандық бар, адам баласы өзі таңдап алған кәсібінің майталманы болуы керек, ал сол кәсібінің майталманы болу үшін не керек? Әрине, еңбек керек, ізденіс керек, өзін - өзі жан - жақты адам ретінде, тұлға ретінде үздіксіз дамыту керек.
Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білімді тұлғалар шығады.
6.Интернеттегі қызмет түрлерін талдаңыз.
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалары.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерге жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web дүниежүзілік өрмек)-Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те айта береді. Мәліметтер блогы (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады.
WWWмен оның программалық жабдықтары-Желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWWнегізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы-HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browser (“browse”-қарап шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын программалар қолданылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, NetscopeNavigator тәрізді броузерлер жиі қолданылады.
FTP. Қашықта орналасқан файлдармен жұмыс істейтін.FTP құралдары сервер каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.
Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер-компьютермен қатынасуынқамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің операциялық жүйесіне кіріп, сондағы орнатылған программалар өз программалары тәрізді жұмыс істей алады.
E-mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол-желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта кқмегімен барлық құрлықта тұратын адамдар бір біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
Usinet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар-тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы-мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына жолдайсыз.
ISQ (I seek you-мен сені іздеймін)- желі тұтынушыларына хат-хабарламалар араласып, бірден чат құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.
7.Жаңа технологиялардың түрлерін талдаңыз.
Түрлері: Ойын технологиясы. Проблемалы оқыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы.Жекелеп оқыту технологиясы.
8.Оқытудың компьютерлік технологиясын талдаңыз.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері.
қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр
10.”Цифрлы Қазақстан” бағдарламасын талдаңыз.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Көптеген дамушы елдер бұл бағытта қаржысын да, ресурстарын да аяп жатқаны жоқ. Жаһандық жүйеде белсенді дамып келе жатқан елдердің қатарында Қазақстан да бар.
1.Қашықтан оқытудағы педагогтың кәсіби шеберлігіне баға беріңіз.
Қашықтан оқыту үшін компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету. Қашықтықтан оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытуда ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.