Файл: за мерзімді жоспар блімі Крсеткіштік жне логарифмдік функциялар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар | Мектеп: «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп» кмм |
Педагогтің аты-жөні: | Тулегенова Кульмира Сагимбекова |
Күні: | 14.01 |
Сыныбы: 11а | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Сан логарифмі және оның қасиеттері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 11.3.1.14 логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану; |
Сабақтың мақсаты: | Сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын біледі; Логарифм қасиеттерін біледі және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолданады; логарифм қасиеттерін есептер шығаруда қолданады |
Құндылықтарға баулу | Азаматтық жауапкершілікке баулу,ынтымақтастыққа,сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. Ұжымдық жұмыс. 8 мин. Жеке жұмыс | I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақты жағымды ахуалдан бастау. «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін». Конфуций әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік пәлсапашысы Вильям Глассердің таным процесінің барысын айта кету Ребус шеше отырып, сабақ тақырыбын ашады. Сабақ тақырыбына сәйкес оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау. Өткен тақырыпты қайталауға сұрақтар беріледі. 1. Санның логарифмі анықтамасын тұжырымдаңыз. 2. Ондық логарифм дегеніміз не? 3. Натурал логарифм дегеніміз не? 4. е –нің мәні… 5. Негіздері бірдей өзара кері сандардың қандай айырмашылығы бар? 6. Нақты сандар жиынында теріс санның логарифмі бола ма? Жауабын түсіндіріңдер Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. https://quizizz.com платформасы арқылы, өткен тақырыпты қайталауға тест тапсыруды ұсыну | Конфуций сөзінің мағынасына оқушылар өз түсініктерін айтады. Вильям Глассердің таным процесінің барысымен танысады Оқушылар ребус шеше отырып, сабақ тақырыбын ашады. Сабақ тақырыбына сәйкес оқушылар сабақ мақсатын анықтайды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды қалыптастыру Тиімділігі: Оқушының жауапкершілігі артады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. https://quizizz.com платформасы арқылы, өткен тақырыпты қайталауға тест тапсырады | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Дескриптор: -Логарифмнің анықтамасын қолданады | ДК экраны Ребус https://quizizz.com https://youtu.be/K4372gttF3E https://youtu.be/6A4jIK45Slg https://youtu.be/QNiwkoeZRI4 |
Жаңа сабақ. Жеке жұмыс 10 мин | Өткен сабакты кайталай отырып, сан логарифмі қасиеттрімен танысады: Тарихи деректермен таныстыру. | Сұрактар: Оқушылар өздері дайындап келген презентацияны көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіреді. Оқушылар әр қасиетті дәптерлеріне жазып алады. Әр қасиетке 1-2 мысалды таныстырылымнан кейін оқушылар жеке, «Кім жылдам?!» әдісі бойынша орындайды. Логариф тарихымен танысады Мақсаты: Оқушылардың өзіндік іздену дағдысы қалыптастыру. Тиімділігі: Оқушылардың танымдық дағдысы артады. | Бағалау парағы бойынша өзін- өзі бағалайды Дескриптор: -Логарифмнің негізгі тепе-теңдігін қоланады. -Әр мысал 1 балл «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалау «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Дескриптор: -Логарифмдердің қосындысын оң сандардың көбейтіндісінің логарифміне келтіріп есептейді. Әр мысал 1 балл Дескриптор: - логарифмінің айырмасын оң сандардың бөліндісінің логарифміне келтіріп есептейді. Дескриптор: -Дәреженің логарифмін есептеу қасиетін қолданады; - логарифмдердің қосындысын оң сандардың көбейтіндісіне, логарифмінің айырмасын оң сандардың бөліндісінің логарифміне келтіріп есептейді. (2 балл) Дескриптор: -Жаңа айнымалы енгізу формуласын қолданады; - логарифмдегі негіз дәнежесінің қасиетін қолданады - логарифмдегі негізгі тепе –теңдікті қолданады -өрнекті ықшамдайды (3 балл) Бағалау 1-10 балл | Презентация, 11 сынып, Алгебра А.Әбілқасымова, В.Корчевский, З.Жұмағұлова Алматы «Мектеп» 2020 Презентация |
Сабақтың ортасы 10 мин. Жеке жұмыс. | «Карта ойыны» Оқушыларды 3 топқа бөлу. Картада жазылған 1 В деңгей, 2 С деңгей тапсырмаларын орындап, жауаптарымен сәйкестендіруді ұсыну. 1 топ 2 топ 3 топ Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету. | Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды. Картадағы есептерді шығарып, жауаптарымен сәйкестендіреді. ЖАДА жүзеге асады | Жұлдызшамаен ынталандыру. Дескриптор: -логарифмнің қасиеттерін дұрыс қолданады; -өрнектерді ықшамдайды Бағалау: 1-6 балл | Конверттегі карталар. Слайд 11 сынып, Алгебра А.Әбілқасымова, В.Корчевский, З.Жұмағұлова Алматы «Мектеп» 2019 |
Жұптық жұмыс. 10 мин. Жазылым. | «Кім алғыр?!» Функционалдық сауаттылыққа берілген есепті жұпта кеңесе шығартуды ұсыну. Есеп. Димаш ағаш кесетін станок қасында жатқан ағаш қиындыларының ұзындықтары бір заңдылықты көрсететінін байқады. Бірінші қиынды 2 дм, үшінші қиынды 8 дм, ал бесінші қиындының ұзындығы қалай болады? Мақсаты: Берілген мәтіндегі мағынаны ажыратады, талдайды. Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен функционалдық сауаттылығы қалыптасады. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады. | Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, жұпта талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп шешімін айтады. | Жұлдызшамаен ынталандыру. Дескриптор: -заңдылықты анықтайды; -есептің жауабын табады Бағалау: Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады | . Слайд 11 сынып, Алгебра А.Әбілқасымова, В.Корчевский, З.Жұмағұлова Алматы «Мектеп» 2019 |
Сабақтың соңы. Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | Сабақты қорытындылау: «Ментальді карта» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын: Үйге тапсырма беру: № 20.13, мәтін есеп құрастыру. Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі «Жасыл түсті» – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл - күйім көтеріңкі; «Сары түсті» – мен бүгін тақырыпты түсіндім, әлі де іденіп, толықтыруым керек, көңіл күйім жақсы; «Қызыл түсті» - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл - күйім жоқ. | Ментальді картаға сабақтағы негізгі ұғымдарды жазады. «Бағдаршам» әдісі Бойынша кері байланыс береді. Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау. Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады. | Жұлдызшамаен ынталандыру. -Бағалау парағының қортындысы шығарылады. Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,. | ДК экраны Кесте слайд |