Файл: Тсінік хат 4 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тұлғалық және бейіндік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық- креативті оқыту деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәйкес шет тілдерін В1+ (В2) деңгейінде білуді қамтамасыз етуі тиіс. Білім алушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі тиіс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлеулерді түсіну және ой қорытуы тиіс.

Шетел тілі бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлықбағытта:

10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты;

жаратылыстану-математикалық бағытта:

10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлеріне, оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптарға және дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптарға берілетін ұсыныстар өзгеріссіз қалады. Бұл талаптар 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген.

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары.

Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылында 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Жаңа форматтағы ҰБТ стандартына сәйкес тестілеу тапсырмаларын 40 сұраққа дейін көбейту ұсынылады. Жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады: «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға – 9-24 балл.

№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 40, жауаптар нұсқаларының саны -5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.

Шетел тілі бойынша № 2 бақылау жұмысы – 1-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.

Шетел тілі бойынша № 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.


№ 4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанда алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексика- грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны – 40, жауаптар нұсқаларының саны – 5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.

Шетел тілі бойынша № 5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.

Шетел тілі бойынша № 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.
Шетел тілі бойынша №7 бақылау жұмысы – оқу жылы бойынша барлық оқылған тақырыптарды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.

Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді. Эссе жазуда (барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып) келесі сөздердің нормаларын ұсынамыз:

10-11-сыныптарда 140-150 сөз.

Оқытылатын пәнге деген уәж бен қызығушылықты арттыру үшін пән бойынша үйірме жұмысының бір түрін ұйымдастыруға болады, мысалы мәнерлеп оқу клубы. Бұл клубтың мақсаты - шетел әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру. Көптілділікті дамытатын «Полиглот» клубын құру ұсынылады. Клуб мүшелерінің жиыны ең аз дегенде жылына 4 рет болады, соңғысы есеп беру.

Түсінік хат

3 – сынып


  • 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана 2018 жыл;




  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндірінің үлгілік оқу бағдарламалары;



«Ағылшын тілі» оқу пәні білім алушыда өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарының диалогі, ұлттық бірегейлік, азаматтылық, моральдық және сөйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.


Бастауыш мектептегі ағылшын тілі бағдарламасы білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді А1 деңгейінде меңгертуге бағытталған:

  • талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлітапсырмалар;

  • ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмысжасау.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

3-сыныптар үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейлері Шет тілін меңгерудегі жалпыеуропалық құзіреттілік деңгейлеріне (Common European Frameworkof Reference – CEFR) сәйкес болады.

Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, зерттеушілер мен өнертапқыштар, мифтер ұғымдарына байланысты тақырыптарға негізделген лексиканы меңгереді.

Бастауыш мектепте ағылшын тілі дағдыларының дамуы үш тілде ортақ тақырыптарды оқу арқылы іске асады.

3-сынып бойынша бастауыш мектептің оқу жоспарларындағы пәнаралақ байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта көрсетілген.

3-сыныптарға арналған оқу жоспары бойынша сабақтарды жоспарлауға ұсынымдар:

  1. сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;

  2. білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындауда ынталандыру, білім алушыларды әртүрлі мадақтау түрлерін және қолдау тәсілдерін пайдалану арқылы қолайлы орта құру;

  3. бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;

  4. бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзіреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі оқушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болып табылады;

  5. білім алушыларға сабақта таныс сөздерді, фразаларды және нұсқауларды ағылшын тілінде жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың үй тапсырмаларын орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндікбереді;.

Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі.


Түсінік хат

5-сынып


  • 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана 2018 жыл;




  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;




  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін

пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
Негізгі орта білім беруге арналған «Ағылшын тілі» пәнінің деңгейлік курсы білім алушыларды жалпыеуропалық тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес дайындауға арналған.5-сынып – А2 (ортадантөмен);

Негізгі орта білім беруге арналған шет тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда В1 деңгейінде тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған:

  1. шығармашылық ойлауы мен бағалауын, талдау дағдыларын дамытуды қалыптастыратын әртүрлі тапсырмалар;

  2. кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмысжасау.

Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыруды қарастырады (оқу жылы немесе келесі сынып), алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Сөйлеу әрекеті бойынша мақсатқа жетуі ойлау іс-әрекетінің дамуындағы «біледі, түсінедіден» «ажыратады, салыстырадыға» алға басуын жобалайды. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейін ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады (Блум таксономиясы бойынша). 5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);

5--сыныптардағы бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады:Strand 1:Content, Strand 2:Listening, Strand 3:Speaking, Strand 4:Reading, Strand 5:Writing, Strand 6: Useof English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді. Дағдыларының дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкен сайын мақсаттар күрделене түседі.

5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасы таныс па, жоқ па дегенді алдын ала тексеру ұсынылады, сондай-ақ оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.


Ағылшын тілінің оқу процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбат, рөлдік ойындар, пікірталас, дебат, конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.) жан-жақты қолдануды талап етеді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және сабақтан тыс іс-әрекеттердің кең мүмкіншіліктерін мақсатқа сай белсенді қолдану шет тілін оқытуға уәждемені арттыруға, білім алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіруге, олардың өзара тілдік қарым-қатынастарының белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.

Ағылшын тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5--сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды

Түсінік хат

6 – сынып


  • 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана 2018 жыл;




  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;




  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін

пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

Жаңартылған білім мазмұны бойынша 6-сыныптардың оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұнын жалғастырады. Сонымен қатар , келесі тақырыптар оқытылады:

6-сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood;

6-сыныпта өтілген лексика мен грамматиканы қайталау және білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

Оқу бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады:Strand 1:Content, Strand 2:Listening, Strand 3:Speaking, Strand 4:Reading, Strand 5:Writing, Strand 6: Useof English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді. Дағдыларының дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкенсайын мақсаттар күрделене түседі.

Оқу бағдарламасы бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.

6-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу процесінің әдіснамалақ әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Шығармашылық және жобалық іс-әрекет, оқыту әдістерімен, әлеуметтік, мәдени білім алу жолымен өзіндік пәндік білімді саналы меңгеруді қамтамасыз етеді.