Файл: Белсенді жне белсенді емес сынып анарлым белсенді сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-тапсырма: Белсенді және пассивті сыныптың ерекшеліктерін зерттеп, ұсынылған сұрақтарға жауап беріңіз.

БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ЕМЕС СЫНЫП

Анағұрлым «белсенді сынып» құрудың мақсаты – мұғалімнің сабақта орталық фигура болмауын қамтамасыз ету. Сабақтарда үстемдік ететін «мұғалімнің сөйлеуінің» орнына «оқушының сөйлеуіне» негізделген оқытумен қатар интерактивті оқыту ұсынылады. Төмендегі салыстыруларды қараңыз:

БЕЛСЕНДІ ЕМЕС сынып – бұл сыныпта төмендегі жағдайлар көрініс табады

БЕЛСЕНДІ сынып – бұл сыныпта төмендегі жағдайлар көрініс табады

мұғалім сөйлейді


оқушылар бір-бірімен сөйлеседі

сұрақты мұғалім қояды

оқушылар мұғалімге және өзінің сыныптастарына сұрақ қояды

мұғалім бөлме ішінде қозғалады

оқушылар басқа оқушылармен жұмыс істеу үшін бөлме ішінде қозғалады

мұғалім сыныпқа нұсқау беру үшін тақтаға жазады

оқушылар басқалармен бөлісу үшін жазады

мұғалім түсіндіреді


оқушылар түсіндіреді

мұғалім көрсетеді


оқушылар көрсетеді

мұғалім оқып тұрып, оқушылар жазады


оқушылар бір-біріне жазбалар жасайды

оқушылар тыныш тыңдайды


мұғалім мұқият тыңдайды

оқушылар мұғалімге бетпе-бет отырады


оқушылар бір-біріне бетпе-бет отырады

мұғалім тыныштықты талап етеді

оқушылар өздерін еркін ұстайды, және бір-бірімен ой бөліседі.

Сұрақтар

  1. Сіздің пікіріңізше, сабақ кезінде сіз сөйлейтін уақыт пен оқушы сөйлейтін уақыттың пайыздық арақатынасы қандай?

  2. Оқушыларға сабақ уақытында өзінің сыныптастарымен сөйлесуге мүмкіндік қаншалықты жиі беріледі?

  3. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қою мүмкіндігі қаншалықты?

  4. Оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігін беру үшін Сіз сыныпта қандай тәртіп орнаттыңыз? Осы мақсатта Сіз қандай әдістер қолданасыз?

  5. Егер Сіздің оқушыларыңыз сабақ үстінде өз орындарында отырмаса, сіз өзіңізді қаншалықты жайлы сезінесіз?


Жауаптар

1.50/50%

2..Оқушылар өз ойларын айтып беру үшін сыныптастарымен сөйлесу арқылы ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді.

3.Өте көп мүмкіндіктер бар. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің  тиімді құралына айналады. Оқушылар сұрақтарға жауап беруге  қиналып немесе қателескенде  «қайта бағыттау» техникасын қолданып, «Ал көмектесіп жіберейікші» деп сұрақты басқа оқушыларға бағыттау керек.


4.Ыстық доп әдісі допты бір бріне лақтыру арқылы сұрақтар қойып жауап алады. Сұрақ қою  маңызды дағдылардың бірі  болып табылады. Қабілетті балаларға сұрақ қоюдың «сынақтан өткізу» техникасын пайдаланып әрі қарай өз идеяларын дамытуға мүмкіндік беру.

5.Бұндай кезде олармен жеке түсіндіруге тырысамын. Оқушылардың болымсыз қылығына ескерту жасау. Әсіресе,ондай қылык, сабақгы бір калыпты жүргізуге әсер етпейтіндей немесе әдейі жасалмаса, онда көңіл аудармау.

2-тапсырма: "Сұрақтар қою" ресурсымен танысыңыз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

СҰРАҚ ҚОЮ


Сұрақ

Жауап

  1. Біз сыныпта не үшін сұрақ қоямыз?




Өткен тақырыпты қайталау

1.Қорытындылау үшін Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;

2.Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;

3.Бағалау үшін;

4.Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;

5.Тақырыпты қайта қарау үшін;

6.Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;

7.Күрделендіру үшін;

8.Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;

9.Түсінуге көмектесу үшін.

  1. Тиімді сұрақтар қандай болады?

Жақсы сұрақ дегеніміз не?


Тақырыпқа сай сұрақ.

Тиімді сұрақтар оқыту мен оқу үдерісінің негізгі аспектісі болып табылады, өйткені біз қоятын сұрақтар өзіміз дамытып отырған ой деңгейін анықтайды. Сұрақтарды қолданған сабақтар сұрақтары жоқ сабақтарға қарағанда нәтижелерге жету үшін әлдеқайда тиімдірек. Жақсы сұрақтар оқушылардың ойланып, оған жауап бере алуы үшін біршама уақытты талап етеді және оқушылар оқуға қаншалықты белсенді қатысса, олардың қамту деңгейі де соншалықты үлкен болады

  1. Сіздің сыныбыңызда сұрақтардың көбін кім қояды? Неліктен?




Сұрақтарды оқушылар қояды. Олар өз білімдерін толық жетілдіру үшін, сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін сұрап, біледі.

  1. Сұрақ қою және оларға жауап беру үдерісіне барлық оқушыларды қалай тартасыз?




Ең төмен оқитын және білседе жауап беруге қиналатын оқушылардан бастаймын . ал үлгерімі жақсы оқушыларға бөлек , қиындау тапсырма дайындап келуге тырысамын



  1. Сұрақ қоюға және оларға жауап беруге ынталандыру үшін Сіз сыныпта қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?




Бұлтты кун ,жаңбыр тамшылары, көлік әдістері арқылы оқушыларды жауап беруге ынталандыру ушін медалдар мен мадақтау карточкаларын қолданамын.

1.Екі немесе үш оқушыдан құрылған топтан, олардың қызығушылығын ынталандырып,  осы тақырып, пән бойынша не білетіндерін бағалау, тақырып немесе пән туралы не білгісі келетіндігін сұрау.

2.Алдымен оқушылардан өз жауаптарын талқылауды сұраңыу.

3.Сабақтың басында оқушыларды тарту үшін, ойды белсендендіретін сұрақ қойыңыз .

4.Қалған оқушылардан не ойлайтынын сұраймын.

5.Ойлануға уақыт беру.

6.Жабық және ашық сұрақтар арасында, теңгерімді қамтамасыз етіңіз.

7.Дәйекті жақсы сұрақтар қорын дайындау.

8.Кез келген жауапқа оң баға беріңп және сапалы жауаптарды мақтау.
9.Дұрыс емес жауаптарды түзетпестен қалдыруға болмайды. «күту уақытын» беру керек.

10.Жеңілдету үшін сұрақты өзгерту немесе басқаша қоямын.


3-тапсырма: Кез-келген ертегіні таңдап, мәтінмен жұмыс жасау үшін тапсырмалар жасаңыз

Бауырсақ ертегісі


 Деңгейлер:

 Дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар түрлері

Білу

Көрнекіліктер қолдана отырып, бауырсақ ертегісін айтып беру. Кемпір мен шал, бауырсақ суреті. Оқушының әрекеті тыңдау.

Түсіну

Ертегіні оқушылардан сұрау. Бауырсақ неге қашьы? Сұрақ қою арқылы жауап алу.

Қолдану

Болжам жасату. Аю, қоян, қасқыр, түлкіден неге қашты? Сөйлем құрап, ситуациядан шығады.

Талдау

Топтық талқыға салады. Өзгелерді тыңдайды, өз ойларымен толықтырады

Бағалау

Түлкінің бауырсақты мақтауы. Өз пікірін айтады.

Жинақтау

Ойын түйіндейді. Білімдерін қолданады.



*** Ескерту: сұрақты құрастыру үшін "Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалардың моделі"үлестірме материалын басшылыққа алу керек.

4-тапсырма:

Жабық сұрақтарды ашық сұрақтарға айналдырыңыз:



Жабық сұрақтар

Ашық сұрақтар

Егер адам ай сайын 200$салым бойынша ай сайын 1.5% жинаса, оған 1 миллион доллар жинауға қанша уақыт кетеді?





Біздің Күн жүйесіне қандай планеталар кіреді?


Біздің күн жүйесінде қандай планеталар бар?

Жануарларға тіршілік ету үшін не қажет?


Жануарларға өмір сүру үшін қандай заттар қажет?

Конституциялық түзетулер дегеніміз не?


Конституцияға қандай өзгертулер енгізілген?

6 x 5 қанша болады?

6 санын 5 к көбейткенде қанша шығады?