Файл: Клкіге де ыжыл деген тасты артып, Тлкіге де жасаудамыз стазды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жыр әні

13.01.2007

Күлкіге де қыжыл деген тасты артып,

Түлкіге де жасаудамыз ұстаздық;

Мақтау бетке, ғайбатты тек тыста айтып,

Сан адамның өмір жасын қысқартып.

Барлық тірі кейіпкер боп өсекке,

Өткендерге тиіспейміз десек те.

Соны орасың, болған болсаң не сепкен.

Ел жолына өміріңді төсеп бер.

Бола алдың ба Қазақстан ұланы?!

Ұланымен Ел салтанат құрады.

Ұлт жандылық өркендеудің тұрағы.

Қастерлей біл салт-дәстүр мен мұраны.

«Оян қазақ», намысында оятқан;

Қырансың-ғой жүректі өскен тоят қып

Жалтақтама! Сәтің туды көш бастар,

Бізге жат-қой рухани ластық.

Ұлтым-асыл, салтым-қымбат тектімін,

Еңсе тіктік, астында-ақ тепкінің.

Өзгелерге тамсанумен таусылдық,

Дүниені тамсантатын жетті күн.

Оның үшін күндестіктен нық тазар.

Атамұраң-асылың ғой ынтызар.

Жан дүниеңді тонамасын сұқ назар.

Тайқазанды шайқалтпасын үш тағаң(үш жүз).

Ата тарих қойны толған қазына,

Жатқа-таңсық, бізге сонша аз мұра.

Жаттың жалап, жылтыраған жәдігөйін,

Дүмбелез жас еліктеумен азды да.

Тыстың көсем, салт, мұрасын не етеміз

Кие қазақ жауһарлары кең теңіз

Кие ұрды ма жалтақ, елпек ұрпақты,

Өзгелердің селтеңіне еліктейміз.

Келді міне армандаған азат күн,

Жайбасармыз, бақ келгендей өзі-ақ тым.

Өтінемін осыны ұқ ойлы жас,

Өму жолы тамырында тек қазақтық.

Адамзаттың өзіне ем өз зәрі,

Өзімдікі желтоқсанның құрбаны.

Сол сәтте-ақ басын исе бар әлем,

Өз бағасын алмай отыр бізде әлі.

Немере

23.01.08-24.01

Сырылдаған жүрегіңе қан берген,

Тозу көрген денеңізге жан берген.

Қалжыратып қойғанына қысылып,

Немерені берген болар Тәңір ием.

Таң атпай қойныңа кеп елден бұрын,

Жүйкеңді тыныстатқан желген құлын.

Немерең жамандаса ата-анасын,

Сағанда жау боп шығар ұл мен келін.

Өмір-мектеп

06.01.07

Өмір-мектеп ұшырмады кімдерді?

Аңғарған тек көмескі анық іздерді.

Ұрпақ сенен сабақ сұрар сәт келсе,

Қысыласың ой жоқ болса бізде ізгі.

Тұқыртады арыңдағы қара дақ,

Діңкелетер ожданыңды жан азап.

Ақылың мен еткен ісің үйлеспей,

Кез бола ма ұстаздайын мазалап.

(Күлкіге де қыжыл деген тасты артып

Түлкіге де жасап жүрміз ұстаздық)

Дастархан

31.12.07

Балалық балғын құрбым ең,

Өзіңмен сәнді, нұрлы әлем.

Ертегі елге ендік ендік біз.


Вальске бірге дөңгелеп.

Есені бермей уақытқа,

Айналды басым бақыттан.

Көрінді, әне, көрінді

Алғашқы әлем жақұт таң.

Сен жайлы мөлтек естелік,

Жүрегімде өсті, өніп

Бақытым емес, арман боп.

Жебеуде әттең, кеш келіп.

Аппақ ой, таңда шық құрақ.

Табыстық сәтке жұп құрап.

Махаббат мәңгі десек те

Кіршіксіз сезім мықтырақ.

Жеңдіріп бәрін ақылға,

Басылды жүрек лапылдап.

Бөлді ғой бізді саз бітіп

Мөлтек сыр қалай басылмақ?

4

02.03.07

Кермаралым жаралған ізгіліктен,

Қуантасың көңілімді ізгі үміттей.

Сұлулыққа тамсандым үздігіп мен,

Атырыла жөнелдің қыз қылықпен.

Қырқаға сәбиіңмен көрік беріп,

Көктеміңмен барасың еліктіріп.

Анаға сәби дейтін серік теліп,

Табиғат, баурап алды сеніп берік.

Ананы әйбет еткен бөбек шығар,

Бөбек үшін Анасы-терек-шынар.

Ана-баба өмірдің формуласы,

Оны жазған Құдайым зерек қандай!

Жаратқанның шексіз-ғана құдіреті,

Бала үшін хайуан да жан беретін.

Құдайсыз дәуірінде сан зұлмат боп

Дін исламын ұстандық енді еркін

Бірақта сейілмей тұр қауіп толық.

Ұл-қызын жат діндерге ауып толық

Бір отбасы: дінсіз не сан дінді боп,

Сан мазарда жатпақшы тауып салық.

Ата-ана әр мазарда жастанғанда,

Алла жазып ұрпақтар еске алғанда

Солардың жайын ойлап басым қатты

Енді қайттім, Ойпыр-ай, кеш қалғам ба?!

Осы ма, ойнап жүріп от басқаны,

Ойбайла, атым асыл қайтпас бәрі!

Ата-баба, салты мен өз дінің тұр,

,,,, ұрпақ, ізісің марқасының

Ислам озық болған соң салды іріткі,

Вахабис, сан тармақты қалдырыпты.

Бір мешітте оқылса екі-үш тон боп,

Қай құдіретке артасың таңғы үмітті?

Жүрегімде бір қауіп жаңғырып тұр?!

Әлемнің тентек ұлы

03.03.07

Әлемнің жалғыз ұлы тентек Уақыт.

Шолжаңдайды, билейді селтең қағып.

Бақ қонған, шат кезіңде зымырайды

Қайғы төнсе бір күн де неткен қашық.

Асықпа, десең қимай бақ сәтіңді,

Ерегісіп бастайды ақсатуды.

Найзағай жарқылындай сәтте жояр,

Мың жылда орындалған мақсатыңды.

Көз тұнып, қан қарайған азап шақта,

Тез от-дейсің сәнді өмір аз-ақ сақта.

Неткен қырсық, жылжымай жатып алар,

Заңдылық па жоқ әлде, мазақтап па?

Неге ашыңдың, ерке ұлға сөз жеткен бе?

Бақ сәтіңді молайт сен, еңбектен де,

Қайғы-шаттық бөлінбес егіздер ғой,

Қиындықта өмір ғой, жербеттенбе?

Уды жойып, кәусардан құралса өмір,

Алладан мың жыл өмір сұраушы едің.

Адамдар бір-біріңе сүйеніш бол,


Өмірлік Ата Заңың – Құран сенің!

Түсінгенге өмірің – жазғы жайлау,

Дей көрме: «Алла бізді жазғырған-ау»

Адам өмір сүре біл, десең егер:

«Ұрпағымды сақтасын азғындаудан»!

Тоғызыншы мамыр

03.03.07

Сан бойжеткен,

Ақ босаға аттаса да,

Шымылдыққа енбеген.

Нәлет атқыр

Сол соғысты

Ойлап тапқан пенделер.

Алла әмірі десек те,

Ұсынған да таңдауды;

Алла құлы-жеңгендер.

Сол соғыста

Ажал, азап

Өлкемді қан жылатты.

Жат өлкеде

Қалды жусап

Қуғандар сан мұратты.

Бірнеше атау

Амалсыздан

Паналар, бір шырақты.

Халқым әр кез

Салтын іздеп,

Қайғыда да ас берген

Жудырып боп,

Ана орнын басты ердің.

Келгендеп берді оққа,

Қол, аяқты соғыста

Күйін кешіп қасқырдың.

(Өтеуі ме құрбанның)

9 Мамырда

Елден ерек ауылда

Құлмырады толған қасқыр

«Әттең.. жоқ-ау жеңімпаздар»-

Дейді мекен-

«Өтеуі сол құрбанның»

Есіне алып ұлдарын

Гүл боп жайнап

Тұрғанына иландым.

Ұл-кызымды гүлдейін,

Қырға апарам жылда бір.

Шаттық-мұңнан гүлге оранған

Үздірмеймін,

Баспа деймін:

Қызғалдағын сары-ала

Отаным деп отқа түскен

Майданнан тек оралмаған

Арыстарды бағала.

Әрқашан да бола бермес,

Ойлағаны пенденің

Құлазыды көңіл де

«Көңілге алмас»-

Деп өзімді жеңгенмен

Гүлнұр содан келмеді...

Өмір деген өкініш.

Асқат, Сұлтан – үмітім де ермегім.

Әпкем салған оюдай,

Гүлді дала мойылдай,

60 жылдық тойында сол жеңістің

Дәм талғамай,

Тек Гүлнұрым,

Келе алмады,

Келеміз деп келіскен.

Алғашқы саяси – Айқап 1940

13.03.08

Тас-талқан етіп бірлікті,

Кетірген сиқын тірліктің.

Өзгеге жалтақ, құлдықшыл.

Өзіне қазақ-кіл мықты.

Ашқұрсақ қарын асқа зар,

Жасыса жігер жас тамар.

Қазақты қырыққа бөлетін,

Тек таққа жерік «маскалар».

Титімдей кектен оқ жасар

Үш сөзге келмей боқтасар

Туғанға иттей жауығып.

Өзгеге ұйып тоқтасар.

Туғаннан ірітектілер,

Ақкөңіл, батыр өрттілер

Жауында аяп, септігер.

Бас исе кешкен кекті де

Егессе езіп, таптаған

Өлсе де сертін сақтаған

«Елім-ай», босу «Ақ табан»

Озуда мәңгі, жақ қалған

Батыр, аңғал досқа адал

Досынан иттік тоспаған

Опасыз келсе бас иіп,

Құшағын ашып бас салған.

Туғаннан-ақ антқа адал

Ата аманаты – салтқа бай

Ел тойын көкке көтерер

Дәл өзі тойлап жатқандай

Қайғылы жанға дос нағыз,


Жиренбес жүкке қоссаңыз.

Алланың сыйы деп білер

Айтпастан есік ашсаңыз.

Сеніміне анық жете біл,

Сатқын да дос боп кетеді

Өзді-өзін сыйлау тым жұтаң

Бірлік жоқ неге екенін?

Бауыр қып онған жауды да,

Егессе жыққан тауды да

Өзінің жауы өзінде

Содан бақ талай ауды да

Бекзада, батыр кім алда

Салт, ата-мұра жағарған

Қырқыса бермей өзара

Көрсейші кешіп бір жолға

Ұлылық санда мәңгілік,

Атады алдан таң күліп.

Ұлт бірлігі – заңдылық

Тоқтайық соған жан қиып.



04.03.07

Астында жүріп Аллах аспанының,

Басымды Тауға да ұрдым, тасқа да ұрдым.

Қанша өмірім қалғаны Аллаға аян,

Түйсіндім даналардың қас қағымын

Деуші едім, әне болсам перзент сүйіп,

Шүкір, Аллаһ берді ұл-қыз ержеткізіп.

Пендеміз есте қалып, қайғы, азап,

Көшесі тарта берер көрген қызық.

Перзентін жоғалтқанды аяйтынмын,

Білмеппін маған да оның таяйтынын

Аллаһқа №№№ дейсің, көргенінде:

Аңның да өз жарасын жамайтынын.

Лаж қанша, Гүлнұр жоқ, қос ұлы бар,

Мауқым басар отауы, ошағы бар:

Өмірге келдің екен, заңы қатал:

Шаттық, қайғы алмасып тосар алдан

Ойлама тек тәттісі сыбағам деп,

Пендесін Аллаһ солай сынаған тек

Аллаһ әмірі мүлтіксіз, құлдық дегін.

Өйткені тек жұмақты сұраған көп.

Асқат, Сұлтан дегенде: «нағашы ата»,

Түседі Гүлнұрымның бағасы аса

Үзілмес «Алтын тамыр» бүлкілдейтін

Азизім жақсы жанмен табыса алса

Қос ұлы өссін әр кез, жебеп Аллаһ.

Көре алсақ екеуінің қос отауын,

Болғанын білгір, сыйлы, өжет, Арбап.

Жанат жұлдызды сәтіңмен!

29.01.08

Жас отауға пәк күлкі жарасқан кез,

Бақшада-ақ лидерлікке таласқан ең.

Өзіңнен кішілерге қамқор болып,

Үлкендер жәбірленсе қарасқан сен.

Жәбірленсең қаһарға мінетінсің,

Жігерден сен «жалдана» білетінсің.

Сыныпта мұғалімді алмастырып,

Қара қызым белсенді жүретін кіл.

Елеусіз қоятынбыз «талапты» деп

Тілеуші-ек тезірек таң атсын деп

Мемқызметкер болып сен орным бастың

Мен жүрмін: «атасымын Жанаттың» деп

Аллаға шүкір! Шаттық ұзақ болғай,

Бойыңа батаменен қуат толғай;

«Мемқызметкер» атына сай бола біл.

Ынсаптыны жеткізер мұратқа Алла!

Ділгір боп келген жанды қырыңа алма,

Қызметші екеніңді білім ал да,


Жұмысын тындырып бер – міндетің сол –

Зейнетте құрмет бағар күніге алдан.

Туған күн сыйлық берсін қызыма құт!

Туған күн – бола берсін жылыңа азық.

Адамнын адамдығын дәлелдейтін

Төлқұжат беру – бақыт қызығарлық!

26.03.07

Қырық жаста Абай жазған қарттық жайлы.

40 жылда бізде өмірден таптық жайды.

Біз ұядан ұшқалы 40-шы жаз,

Ұшқысыз қарсы алған ек «бақыт таңды»

Жүректен сол таң мәңгі орын алды,

Біз кеттік аманаттап қаңырауды.

Келеміз толтырып ап сағынышқа

Сол кеште жасқа №№№№№№№

40 жылда өзгеруге мәжбүр тас та,

Тіршілік ізін салды әрбір басқа

Ұл-қыздың бақыты үшін жанталастық,

Жазады десек дағы тағдыр баста

Сол сезім сағыныш боп ағытылды.

Іздеуде, таба білді бағытын кім?

Бас құрап, сәби күймен сырласайық,

Ұшқынындай жер Жамбыл шабытының

Толқында басымыздан ерік кетіп

Ел деп соққан жүректі серік еттік.

Достық сезім сондағы өлмек емес

Таңғы шықтай жайтын тебірентіп.

Балалығым оралып ырықты алды,

Бас қосу сыйлар бәлкім қырық тағы.

Зайыбымды қайтейін жасартып мен,

Көп болды қызғанышты ұмытқалы.

Ерік тапсын басым да қырықтаулы.

Ұмытпайық жоқтарға батаныда,

Қалғандарға бұйырған атады таң.

Сыныптастар тойлайық 40 жылдықты,

Аулақ кетіп өмірдің шатағынан.

Биыл ұшар түлектер қатарында.

Соңғы қоңырау, сыңғырла, о, тағы да!

Н.Назарбаев><БАҚ

09.04.07 19:00

Жаныңа үялатар тұнық сезім,

Халқымның қайта қоссам ұмыт сөзін.

Тайсалмай қазақпын деп айту үшін,

Өрте,жой намыссыздық – құрықты өзің!

Тіл, дін, дәстүр, қазақи қалпың – кие.

Ұлтжанды ер-ақ алады халқын сүйе.

24.07.08

Мұсылманбыз, Алланы жатқа алсаң

Ел тағдыры алдымен патшаға сен.

Елің сенсе әділет барлығына

Сыртыңнан-ақ сескенер бақталасың.

Терең судың ағысы тереңінде

Әділ жан ие болар ерен үнге

Тура жанға, ел үшін туған жанға

Әрқашан ел табылар керегінде.

Адалдық дарығандай сүтпен бірге

Шешімі шаттық сыйлар күткен елге

Қай кезде де бұйырып төрден орын

Мерейленер бей жазып тіктелгендей.

Осындай бар деңгейде болса билік

Тәртіп те кетпес еді борша жидіп

Төле, Қазыбек, Әйтеке ізі-соттар

Тастықтаса төрелік тамсандырып

Сірә да құтылғанба көптен қоян?

Көбеюде дейтіндер ептей қоям

Жемсауы тоқ, №№№ тап-тазадай

Кереғар шешімімен от қоярдай

Көз көрмеді дегенмен түйсік жеңер

«Қымбат шегесім» байларды сүйсіндірер

Жоқшылықтан қолдары, байлаумен жан