Файл: Клкіге де ыжыл деген тасты артып, Тлкіге де жасаудамыз стазды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Іштей тынар: «тозақта күйсін жеген

Қақпақсыз болса қазан, итке не сен?

Айлық өскен; деп – құлқын күйіттемесін?

Жалған дүние көтерер жалған істі.

«О дүниеде көресің» көп төрешім.

Қос дүниеде құл болып бос дүниеге,

Жаға салдың қораны достың үйіне де

Қиянатың өзіңді қинап жатқанда

Шошынарсың өзіңнің ащы үніңнен сеп.

22.08.08

Адам түгіл киімінде астар бар

Тазасың ба оны ойланбай ашқандай

Киімді астар тер керіңнен қарғаса

Пенде астары – орман адам бастаған.

Сөз астары ой – айнаңның кескіні

Сөзінен – ақ таны достың кеспірін

Өз астарың, сөз астарың оңалмай

Сені достың аяламас ешбірі.

Сәулеленсе ішкі-тысқы қос жібек

Өзің жайлы елің дағы дос тілек.

Онда сенің бақытыңның жанғаны.

Еліңнің де жұлдызын кім өшті №№?

Розаны Райханнан зор санадым

23.08.08

Өзі де баламасы өрт – алаудың

Жабынына шарпылдым көбелектей

Тікеніне таланып қол қинады.

Ал Райхан мінайым ұлпадайын

Маңынан шыға алмайтын жұрт айналып

15.01.09

Cүреңсіз күн, тамұқ түн-қатал сыншы

Еңсеңді езер дегендей жотаң сынсына

Уақыттың табанына төсеніш қып

40 жамау жүрегіңе қадар қылышын

Жерге кір, аспанға ұш, амалсыздың,

Сандаған көңілсіздік салар ызғып.

Бос құлған жан дүниеңмен бетпе бет қап

Түнекте №№№№ жанар сүзіп.

Таңды күтіп, тезірек түн өтсін деп,

Бекершіге күн де сыр жүрекке ерек

Содан барып еріксіз оянады

Сені шалған адам да жүрекке ерек

Ақыры іске асырып амалыңды,

Сенің де аймалайды жанарың нұр

Сен сүрінткен сорлы жан сезбейді,

Жай-күйінен жоғын да хабарыңның.

Бірі мол, бірі азырақ кінәлі боп

Жасар пенде қасірет-бір әні боп

Тұрақты (мәңгілік) адамдардың сатқындығы,

Осынау дүниеде тұрағы жоқ.

Тоқаң аға үйіндегі Гүлекең жеңгейге

(60 жас)

21.02.2009

Тоқаң, жеңгей арасында

Ширек ғасыр кезең бар

Көп адамға осы ел шақтық –

№№№ болмас терең жар.

Сері Тоқаң ұсыныс қып,

Ер жеңешем құп алған

Сондай Әсем түсіністік

Шаңырақта нұр орнап.

Күтті ағаны сәбидейсін,

Серттің құны – орындауда.

Шөбереге – әдемі әже,

Сыйлы жеңге – бауырларға.

Тоқаң аға ер атанған,

Соғыста да, еңбекте де.

Жеңгеміздің үлесі мол,

Инсульт №№№ жеңбекте де

Елге үлгі болар мәңгі,

Аға-жеңгем сыйластығы.

23-ші февральге

Қосқанын-ай 60 жылын.

60 жасың құтты болсын!

Гүл жайнаған ерке жеңше.


Тоқаң қарсы болмас сірә,

Осы қауым: «Горько» десе».

Текті жұпта қос мереке,-

Бар әулеттің мақтаны ұлын

Ұл-қызына – бақ береке,

Ата-ана ойын тойқаны үшін.

Тіке тұрып қол соғайық,

60 жасқа, ақ таң үшін!!!

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сарыағаш ауданы,

Абай ауылы.

29.04.2007

Жалған дүние жаулаған ақырымен.

Пендеміз күнәсі көп, құлқыны кең.

Жаратқан жақсыларды өзіне алып,

Хабар беріп тұрады түлкі өмірден.

Сонда да тоба дейтін пенде сирек,

Тура жанға көрсетер ел де құрмет

Ақбота, Анарбай мен Жақсылықтар –

Өткен ерлер ел атын өрге сүйреп.

Өткенге – иман, қалғанға бірлік деген.

Өмір зулар күйбеңмен, тірлікпенен.

Жақсыдан жақсы туса – сол ғой – бақыт,

Өткеннен кімді көрдің тіріліп келген.

Анекең болмаса да, жары өлмес бар,

Ата жолын жалғауда ер Сәлімбай.

Үш ұлын мұсылман қып, 60 ат №№№№

Қос тойда анаға орын, төрден сыйлар.

Бақты әулет, берекенің сырын ұқтық.

Шаттықтан тойледі жырым ытқып.

Құттықтап, ел сәлемін алып келдік,

Мың тәубе, малың тойға бұйырыпты.

Анарбай аға істері асқақ еді.

Ынтымақ, бақытқа елін бастап еді.

Қазақ – өзбек достығын тереңдетіп,

Ортаға алтын көпір тастап еді.

Армандап сол көпірді құлатпауды,

Осы тойға ағайын бәрі аттанды.

Ата-анадан алғыс ап, елің сыйлап,

Бақыт тап Сәлім, келін жапырақтарым.

Ескендір, Еркін, Толқын! Әумин де!

Елге тұлға болыңдар әр бірің де.

Алла жар боп, бүгінгі бата қолдап,

Бақ қарап, Қыдыр қонсын үйлеріңе.

Даянаға

04.02.2009

Сиыр жылы – байыр жылы келеді.

Келеді өсіп елдің біздей тілегі

Тәуелсіздік туын әр кез тік ұстап

Қазақ елі асқақтатқан мерейін

Білім, ғылым, өндірісі дамыған

Жұмақ жерде табылады дегенің

Парызымыз перзенттік деп білеміз

Сүю жерін, өз отанын, өз елін

Елі сенген Нұр атаға сенеміз

Оның үшін салт-дәстүрді нық ұста

Баба-Әжелер өсиетін ұмытпа

Ұлт рухы асқақтығын аялап

Өркениет ағысында шыңдалайық құрыштай

Табыс кілті оқу, білім, жұмыста.

Қабырғамен кеңесу

26.05.2007 19:05

Бола қалса пенденің ауыр қалі,

Сыр алдырмас жігіттің нағыз нары.

Қырсық уақыт жылжымай кажый берсе

Қыңқ етпейді. Лажсыз жарға ұрады


Нар болған соң, тайсақты ар қылады,

Иеге адал төзем – деп барлығады.

«Жақсы ит елге өлігін көрсетпес» - деп

Иілместен сынады – жарға ұрады.

Қасіретпен айқасып жатыр жүрек.

Сын сағатта дос, туыс – ақыл жүрек.

«Жапанда жалғыз ағаш» күні туса.

Қатеңді ұғынасың ақырғы рет.

Бабалар күші басым егесте де,

«Асығу сайтан ісі» - демескен бе?

Нағыз дос сиректігін бастан біліп:

«Жалғыз жол – қабырғаңмен кеңес» - деген.

Бола қалса пеенһһнденің ауыр қалі

Қиын болса нағыз дос табылмағы

Дос табуда ашынтып жаңылғаның.

Діргіресің кеңесіне «қабырғаңның»

Кім күтсін болады деп – «ауыр қалім»

Құмбылсың кеңесіне қабырғаңның

Сонда ғана амалсыз мойындайсың,

Қабырғаңның дос болыпта табылғанын.

Бақыттысың сүйесе шынайы дос

Табысқан, жарың келмей – күн-айың боп.

Досың, жарың, тең түссе таразыға

Қиындық не? Көңілің ұдайы қош!

Сонда маған баға беріп өтірік...

27.05.07

Ата-анаңның болғандаймын ақ таңы,

Тәрбиесі – ұрсу емес, мақтады.

Мүгедектен, қариядан... кім болсын,

«Алғысты ал»! – екеуінің айтқаны.

Қарт кісілер, ұлы едім кеш көрген.

Келеді ой: «тұяқсың-ғой естілерден».

Шаттығына себеп болсам бір жанның,

Мәз болыппын, қорғануды ескермей.

Әкем өтті: «адал бол» - деп өтініп,

...Елім сірә қимағандай «екілік».

Сонда маған баға беріп, өтірік,

Қолдан алған отырғаны-ай өлтіріп.

01.06.07

Достардан үйрендім;

Өмірді сүюді,

Әрине, адалдықты.

Жауымнан үйрендім:

Өмір сүруді,

Сондай-ақ арамдықты...

Данадан үйрендім:

Ақылмен жеңуді,

Ғылымды тануды

Наданнан үйрендім:

Асылды көмуді,

Қажауды жөнімді

Өмірім-ұстазым:

Сарқылтып сабырды

Мейірімнен айырды.

Ауыл бар атына ие бір дананың...

16.06.07

Ауыл бар атына ие бір дананың,

Көп болды осы ой ұйқымды ұрлағалы.

Ордабасы, Келес – Бадам киелі еді.

Келес ауданы жойылып, жырда қалды.

Езіледі еңсеңіз алалансаң,

Зар-мұңымды амалсыз далаға ашам.

Облысқа деңгейлес ауданым да

Енші алып, атады екен таңы қашан?

6-шы рет жойылып Келес аты,

Күні өткен Одақта онмен таласатын.

Шекарада атылып азаматтар,

Қол қысқа, әттең, болғанмен парасатым.

Бұл күнде жүнделуде іріліктен,

Оңай ма шекараны жүрып өткен.

Қос аудан 6-рет біріксек те

Қызыр ата көз салмады кідіріпте.

Келесті сүйіктіге санапты Аялам,

Бізде алғаш коммунарлар қанат қаққан.


Шипа сулы, аз нулы Келес үшін

Асан атам сый күткен жаратқаннан.

Үміт үзсек Алладан сайтан сынар,

Бақыт құсы бізге де қайта айналар.

Шекаралас ауданбыз, енші беріп.

Күлтөбенің басқан бір шортан шалбар.

Сондықтан құқымыз жоқ төмендеуге,

Бөрі емес, бөріктімін керем кеуде.

№№№ «әлгі ауыл» еңсе түзе,

Тізгін берме кез-келген өлерменге.

Ауылдың даналары кімге қалған?

Күндіз күй, түн болса салған ойран.

Ынтымағы ұйыған елді азғырып,

Құлқыны үшін ететін арын құрбан.

Ағамыз арсыздықтан қызған шығар.

Ет сасыса ем қонбас тұздан сірә

«Құрметті азаматтың» сыйқы мынау

Жас өркенді солытар ызғарсың-ау.

18.06.07 6:30

Бүгін – Айнұр,

Бірсікүні – Гүлнұр туған.

Қос періштем-көктемім.

Түнде үйді жарық етіп,

Қыста маздап жылытатын от демі.

Осы екеуін қатар сыйлап,

Жүрегіме нұр құйған –

Жарылқауы Алланың екі гүлім

Екі отаудың ошағына от маздатты –

Орындалды арманым...

Пендеміз-ғой,

Ешқашан да тоймайтын.

Арман шіркін біткен бе?

Бір періштем ұшып кетті –

Қос шырақтың өшті бірі

Үлгірместен «үп» деуге.

Шүкір деймін...

Жаратқанға

Әрқашанда таубем бар

Айнұр қызым аман болып,

Қуанышқа жанар толып.

Үзілмесін ән арман.

Сөз деген санадағы сәуле нұры

17.07.08

Әруақтанам сөзіме сүйсінсе елім,

Жанарларын жаулайды күрсінсем мұң.

Жан дүниемді жатқанда жұлдыз жаулап,

Лебізімнің елімнің тисінші емі.

Сөзімнің дәру сіңген әріптері,

Мұзыңды да ерітер қарын тегі.

Үй тылсым тегіс жібектей екендігі,

Мойындар ең қарасаң жарып мені.

Сүйсем-күйсем сөзімді тауып айтам,

Жасандым жоқ болады қауіп қайдан.

Жымия алман, көлгірсір іркіп өкпе

Жараласам жабылмаған жуып шаймай.

Әрқашан әділі дайын, өкпем әзір,

Күз, қысың болсын мейлі көктем, жазың.

Сөзіңді бөлемінде жалғап кетем

Сыр ашсам рас бітпей тоқтамасын.

Досым – мен ғой, дәл солай оныңда ойы,

Сыналғанбыз қажет пе сынға қою

Шаттығымыз ортақ қой, қайғы дағы

Жеңілсек, жолымыз айырылғаны

Сәби – кептер қанаты қайырылғаны.

Өз мектебі қалыптасқан қария

12-15.07.07

«Тоқаң»- дейміз, Тоқтамұрат ағаны.

Дауда берген топтап бірақ бағаны.

Өзін емес, елдің ойлап бірлігін,

Ой түйеді топты жарып жанары.


Қашанда №№№ әзілі әсем, ойы ұшқыр,

Жақты демеп, сәндендірген той үстін.

Дауда-билік, тойда ажарлы сөз айтып,

Бастаушысы береке мен жеңістің.

Тоқан барса қаза-қайғы ортайып,

Той-думанда гүл жайнатқан ортаны

Ру емес, Ел ағасы, ұлт ұлы,

Ерлік, шындық, ұлттық намыс айтары.

Алтын той қып, Гүлбадамдай жеңгемен,

Төрт перзентін қоса білген елге ерен.

Сол Гүлекең болғанында бақилық,

Қиналса да, Шаңырақты өзі тербеген.

Сертке балап белуды елге нық тұрақ,

Жігер тауып, буды белін мықтырақ,

Ел қамына өзін түгел арнады,

Жеңгемізбен жұп құрап.

Қос ғасыр, қос фармация айбары,

Соғыс, нәубет, путча жара салғаны.

Үлгісі боп №№№, ерлік, жігердің

Елін, жерін, ұлт намысын қорғады.

№№№ мемлекет – жанұя.

Тоқаң оның командирі, дария

Басқарудың, көселедіктің үлгісі –

Өз мектебі қалыптасқан қария.

Бір ауданның бір бас№№№ баласы

Ұл-қыздары текті ұл-қыздың анасы.

Байтақ елдің түкпірінен кез-келген,

Тоқаң аға шәкірттерін табасыз.

Осы абырой осы бақыт, осы даңқ,

Еліміздің абыройын асырады.

Не қыламыз күн көсемді армандап,

Тұр ғой Ағам, нұр-сәулесі жарқырап.

Тоқаң төрде, көңіл-шаттықтосады ә!

Елге бақ боп, тағы да ұзақ жаса аға

Құтты болсын Бақ, 85 жас аға

Тоқаң-86, Қынагүл-54

15.07.08

Атқарылған Тоқаңда парыз қанша?

Әр сөзді саф алтындай Абыздарша.

Жиені есті келін, абзал ана,

Бір күнде туылады бағы жанса.

Тоқаң аға, Қынагүл жиен таға.

Шын жиенге №№№ тиер баға.

Гүлекең жеңгеме де мың рахмет

Тоқа жиенін демеген жол ортада.

Бәкең қою - Сел алу. Сәрсенбі. Ауылым.

20.02.08

«От, су, желдің №№№ сақта»- деп

Дана халқым артқа мәтел тастан ед.

Қай мұраны қастерледік, сақтадық?

Ұлттық мұра, табиғатты ластау тек.

Бұтасында тұрып шаптық ағашты.

Ел(жер) тонауда, жаумен бірге таластық

Жер-Ананың жасқа көміп етегін,

Табиғаттың қаһарына жол аштық

Ата қоныс ең қауіпсіз ортада

Мал, егін, жай, шипа суы бар тола.

Ие(Мұрагер) болдық Ата-баба мүлкіне

Қай мирасты қалдырамыз арқаға?

«Күлтөбеде-Көкбұлақтың елі» - деп,

Мыңтөбеден баба ұрпақтың лебі кеп.

Балық, аңы аздырмаған жұтта да,

Айбарлы елміз, иманатқа берік ек.

Ақ параққа шебер қолмен салғандай,

Мен туған жер-ару көктем Аймаңдай.

Біздің елге іс-сапарға келгенде,

Туғаным боп кеткен, қимай қалғандар.

Бір анадан туғандай-ақ бар халық,

Туған күн де кетер тойға айналып.