Файл: Клкіге де ыжыл деген тасты артып, Тлкіге де жасаудамыз стазды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сый күтуден, іске бейім шетінен,
Кішілікпен кісілікті байқатып.
Қонақ көрсе жиналады асығып,
Кінәлайды күтесің деп «жасырып»
Қос көршінің төрін көрмей аттанса,
«Кетті-ау»-дейді берекені қашырып
Сырдан емес, тыңнан келіп сел басты,
Су қаһары есті алып, ел састы.
Тәуелсіздік 17-көктемде,
Туған жерді сынға алғандай алғашқы.
Үрей, №№№, мал-мүліктер му жұтқан.
Табан мәңгі айырылғандай құрлықтан.
Туған елім жанарыма сыймадың
Демер едім(күзетер ем) кірпігімді бір қақпай.
Дәрменсіздік, шарасыздық есті алды,
Іш елжіреп, тұрдым қарсы ап көшті алғы.
Елбасы мен Үкіметке ризамын
Қиын сәтте келіп иық тосқаны.
Бөлшегі едік Қазақтың бір құнарлы.
Шапақ атып әлі-ақ ертең шығар күн,
Қазақстан тұтастығын көрсетіп
Аштықпенен күресіндей Тұрардың.
Бауырмалдық тамырындай Шынардың.
Бауырлардың ниетінен №№№ ел,
Қол созғанның әр-біріне мың алғыс
Үкіметтен бір-бір үйден, сый алғын
Әр бір үйге, менде кіріп шығармын.
Қолда бардың қадірі жоқ
10.04.2008
Қолда бардың қадірін білсек болмас едік бөлшек.
Ташкенттен қос диплом, жолдама алдым.
Әбестік әлегімен зорға бардым.
ТашГУ-де алты ай алған тәжірибе
Тәуекел түйсікпенен пайдаландым.
Хантәңірім болып шықты – Кетпентөбе
Қанағат еттім соған жеткенге де
Өзбек,орыс тобынан үш ставка,
Толқындарда шыңдады мектеп – кеме.
«Елге ауыс» - дейді әкем көрген сайын.
Өз жайын қалай сезген пайғамбарым?!
ТашГУ-дің дипломына дақ түспеді
Мен орын алмасам да төрден дәйім.
Үш жылуың соққанда уақыт қоңырауын
Бір ай жүріп ауылдан орын алдым.
Тура бір жыл әке-ұстаз сынға салып,
Көз жұмды, «мазалар» - деп- «ауылда кім!»
Өтілім мүшел жасқа теңелгенде,
Мамандық ауыс деді дәрігерлер.
Орынбасар орнына агроном боп,
Алқапты араладым диірмендей.
Кәсіпком, партком хатшы – араластым.
Аулақ болып қамынан қара бастың.
Одақ тарап, партия жойылғанда
«Зам директор» атанып жаза бастым.
Империя жүргенде жеңіс іздеп,
Тәуелсіздік таңы атты – сөнбесін тек.
Аудан әкімдігінен бөлім аштық,
«Орынбасар қатары кемісін деп» - деп
Облыс қайда бізге, аудан бардым.
Орынбасар, жетекші – қолда жарғым.
Қайда да бір кісіліп орын тауып,
Ағайынның аярын сонда, аңғардым.
Гүлдеттім дей алмаймын мен өлкемді,
Төлегендей түсірмен көлеңкемді.
Арманым: «жаман атым шықпады-ау»-деп
Жай жүрсем, ойламай-ақ ел ертеңін.
Қос кемел
12.04.2008
Адамзаттың ақыны Абай бас, құтты.
Алалаламай барлығында дос тұтты.
Оқшауланды еркек тоқты құрбандық,
Ер Шәкәрім сезіп ұлтқа қастықты.
Артқа сенді: «жалғайды-деп-қос кеме»
Ұрпағынан сонда нені тосты екен.
Абай данам алқынды-ау әттең шарасыз,
Шәкәрім жыр шыңғырады... сескене
Бір жарым ғасыр Шах-ғұмыр кезгелі.
Даналық, ілімнің жасаған безьенін
«Кеселі» көсемін құдыққа құлатып,
Қызықтан қазағым алғанды есені
Сексеуіл мойыр ма өзімен соқпасаң.
Қазақи табиғат-табанмен шоқ басар
Өзгемен егессе, обал-деп-бақтасар,
Өзді-өзі атысып, соңынан ақтасар.
Ызадан жылаймын, есалаң жымиып,
Сүйек жер жасырды, қанша адам қиылып.
Ұғысар күн бар ма бас аман жиылып,
Өзіңнен сұрарым жасаған, сиынып.
Абайдың тойында «Тәуелсіз» төртте еді
Шәкәрім тойында әлемге беттедік
Он жасар №№№ жүрекке от беріп.
Сот отырысы. Бос кеуде. Той Әшім. Сілкініс.
13.12.08
Жұмыссыздық, бос уақыт,
Жоқ керегің ешкімге
Сылбыраған таң атып,
Батуы сыр кештің де
Жаңағы орын босатып.
Жексен болған ескі үйден.
Материал қып қосатын
Тас-талқан боп кетсем бе?
Бағалар деп: «осы алтын»
Құрмет берген өткенге –
Көне көз жоқ, жас қауым,
Қорлап, баптап кетпей ме
Жасында емес, «басты ауыр»,
Меңіреу дәуір жеткенде.
Кеше қауым тасбауыр,
Жасай берер өтпен де.
Бар ма бұдан асқан мұң?
Мұрнын кезеп өткенде
«Ұлттық мұра» - тастанды.
Өркениет - ортақ бетперде.
Есалаңмын сасқаннан,
Жаз, қыс, күз бе, көктем бе?
Тамырсыз тал-тасмалдай
Алтын құйсаң көктер ме?
Арманымды айтсам дәл:
Өз көніңе жеткенбе
Есің барда «аттан» сал!
Алаштайын текті ердей.
20.12.08
Көп ішінде жүріп-ақ,
Қаумалайды жалғыздық.
Отырғанда күліп-ақ
Жанға-жара салғыздым.
Біреулерге батты ма?
Төрт құбылаң теңдігі
Лайлады ақ таңда,
Шұғылалы көктемдей.
Аманаты Ата-ана, -
Шаттандырсам бір жанды,
Көңілім – аппақ шағала,
Дақ-кір ұзақ тұрмайды.
41 болса (не бопты) қайтеді?
Жүректегі дақ саны
Менде реніш, ол-шат қой тегі
Аманатта ақталды.
Осылайша басамын,
Сәттік көңіл өксігін
Сен несіне жасадың?
Күншілдер-ай – көк шыбын.
Санамағын бәдікке
Сыр ақтарсам ашыла
Ақ жаныммен әдіптеп
Айналдырған асылға
Жақсылармен жанасып,
Жаныма нұр дарытам.
Жамандардан жер құшып,
Ақ жанымды арытам.
Ақыр бір күн боламын,
Мөлтек дала бөлшегі,
Жалғанның мендей қонағы,
Танылса... - достық өлшемі
Фанта
26.12.08
Қазақ деген халықпызғой арқалы
Түп тегіміз көк бөріден тарқады.
Мінезіміз қойдан жуас болып-ақ
Қорқаудай-ақ жәукедейміз марқаны.
Алла жар боп мейірім төкті арланы,
Бір етсе де, аран аузын салмады.
Аналығы бойға дарып, сүті иіп,
Махаббатын, мейірімін арнады.
Тік мінезді, ат серке берік қазығын,
Тал бойына жайған барлық ғажабын.
Бас игенге ата құнын кешіріп,
Есіргеннің табыстырған ажалын.
Қорлық сөзден тітіркенген жан-тәні,
Зорлық сезсе қалың қолдай арқаны,
№№№ жан жүрегі елжіреп,
№№№ қанын сығып сырқады.
Айта алмаймын қазақ пенде мінез деп,
Ең қиыны меймансыз сол күнтізбек
«Жауды-аяма, досқа-адал бол» ұраны
Қарашығы хан кіріптар мүмкін деп.
Малды-жоқта елмен елуі-қыз қосар,
Таға жиын-алтын арқау жалғасар.
Жақын еткен Ақтау-Шымкент арасын,
Қос құда да бір қасиет бар шығар.
Іс-қимылын келтіреді жаратқан,
Жақсыларға нұр сыйлайды әр ақ таң,
Отанға ие, шеге сызықша Ораз, Раушан,
Алтын алма өседі, алтын сабақта.
Ерекең, Тәкең, Халжігіт, Гүлнар болып,
Ескі ел жалғасу достар нұрға толып,
Ташкенттегі сол бір кез еске түсті,
Көрейін өзек етіп жырға соны.
Айтсам дәл соза бермей бос балаға,
Отырып Тәкең Ташкент-Астанада.
Дегені: татиды екен арулары,
Самарқан мен Бұхарадай қос қалаға.
Лезде екен найзағай бұлт оралуы,
Жаулады Халиматтың жанарын мұң.
Тәкеңнің жүрегіде жиі соғып,
Арақ не шәй ішуде доғарылды.
Қонақ, құда отырса жүдеп жаны,
Қай қазақтың атады үдеп таңы.
Дастархан тұр шетіде кертілместен,
Арақта тұр ата алмай пробканы.
Жігітте жол таппаған тұйықтанда,
Арақтан өзге не бар сұйылтқан қан.
Тергеу аға тұмсарып, тұйықталған,
Еш болмаса Фантадан алыңыз деп,
Байқатпай арақтанда құйып қалған.
Тірлігін жасадың ба жел өкпенің?
Тәбетті ашады деп безектедім.
Ақ көңіл абыз ағаң, құда ағаң,
Бокалды тауысып көзбен үбектеді.
«Ой жаным, жүрек жіпсіп сала берді-ау»,
Сусыны, деп ойлаушы едім бөбектердің,
Үш толып, үш басады бокал тағы,
«Көргенділік, деп Тәкең мақалдады
Халимат бокалдан сәл тартып көріп,
Фантаның дәмі емес» - деп қапаланды.
Туғанын байқадымда сыналар сәт,
Бокалдағы бір-ақ асап,
Фантаның қышқыл дәмі-тәбетке ем деп
«Уее» дедік, жойылған соң айғақты зат.
Түсінгенге нағыз бақыт әр таңы,
Жақсы жандар ашуын тез сарқады.
Көңілімізге қалып қойған сол сәттен,
Төрімізден түсірмейміз фантаны.