ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: | Қиял әлемі | |
Педагогтың аты-жөні: | Машықтанушы: Темертасова Р.Т. | |
Күні: | 18.01.2023 | |
Сыныбы: 5 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Байқоңыр | |
Оқу бағдарламасына сай оқу мақсаты: | 5.1.1.1-тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау; 5.1.5.1.-тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. |
Сабақ барысы
Сабақ уақыты/кезеңі | Педагогтың іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасын тексеру. «Жасырын стикерлер» әдісі арқылы тексеріледі. Оқулықтың 120 бетте берілген 9-тапсырма. | Оқушылар «Жасырын стикерлер» әдісі арқылы үй тапсырмасын айтады. | Жалпы 1б. | Стикерлер | ||||||||
Сабақтың ортасы 35 мин. | Жаңа тақырыпты түсіндіру. «Сурет арқылы болжау стратегиясы» Тақырыпқа байланысты интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылар суретке назар аударайықшы, не бейнеленіп тұр? Байқоныр туралы естігендерін бар ма? Байқоныр қай қалада орналасқан? Ғарышқа ұшқан алғашқы ұшқыш? Қазақстандық ұшқыштарды білесіздер ме? Ауызша мұғалім түсіндіріп кетеді. Енді оқушылар оқулықта берілген Байқоңыр қаласы туралы қиялдан туған әңгімемен танысып алайық. 1-тапсырма.Мәтінде баяндалған Құбыжықтың іс-әрекетіне қарап кластер әдісі арқылы сипаттаңдар. Ә) Қарамен берілген сөздерді сөйлем мағынасы өзгермейтіндей басқа сөзермен алмастырып жазыңдар. 2-тапсырма.Сөйлемдерді оқып, түбір сөздерді табыңдар. Тілдік бағдар бойынша грамматикалық тақырып. Күрделі сөздер. Слайд арқылы ереже көрсетіліп, түсіндіріледі. Күрделі сөз дегеніміз-кемінде екі я одан да көп дара сөзден құрылып, бір сұраққа жауап беріп, бір мағына беретін сөз. Күрделі сөздердің төрт түрі болады:
3-тапсырма. Өздерің білетін күрделі сөздерді еске түсіріп, кестеге орналастырыңдар.
4-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді пайдаланып, біріккен сөз жасаңдар.
| «Сурет арқылы болжау стратегиясы» бойынша тақырыпты болжап, мұғалімнің көмегімен ашады. Өз ойларымен бөліседі. Дескриптор: Мәтінді оқиды; Кластер әдісі арқылы құбыжықты сипаттайды; Кестеде қарамен берілген сөздерді алмастырып жазады. Дескриптор: Сөйлемдерді оқиды; Түбір сөздерді табады. Ережені дәптерге жазып алады. Дескриптор: Күрделі сөздерді біледі; Біріккен, қос сөздер, тіркесті сөздерді кестеге орналастырады. Дескриптор: Біріккен сөздерді біледі; Сөздерді пайдаланып, біріккен сөз құрастыра алады. | Жалпы 3б. Жалпы 2б. Жалпы 2б. Жалпы 2б. | Слайд Оқулық Оқулық Оқулық | ||||||||
Сабақтың соңы 3 мин. | Кері байланыс. «БББ» әдісі.
Оқушыларға қима қағаздар таратылады. | Оқушылар қима қағазға өз ойларын жазып, кестені толтырады. | | Қима қағаздар | ||||||||
Үй тапсырмасы: | Оқулықтың 19-бетіндегі 5-тапсырма. Түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, біріккен сөзден тұратын атауларды жазыңдар. | | | |