Файл: 3 ылымизерттеу дістері 1 Зерттеуді эмпирикалы дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ғылыми зерттеу әдістерінің арасында аргументтеу бөлініп алынады – аса логикалық процесс, оның мәні дәлелдеуге ұмтылған пікірдің шындығы негізделген. Аргументация тек зерттеуші дәлелдеу ережелерін ұстанғанда мақсатқа жетеді және жеке алғанда тезистің құрылымы:

- Тезис нақты және дұрыс құрастырылады, бұл ретте ойдың екі жақтылығы рұқсат етілмейді;

- Тезис өзгермейтін болып қалу керек, яғни бір ғана ереже дәлелденеді; егер бұл ереже орындалмаған жағдайда, онда ой дәлелденбейді.

Осылайша, барлық процесс барысында тезистің бастапқы қалыптасуынан қайтпау керек. Кейде қателер де болады, олар:

- Біріншімен байланысты екінші тезисті ұсыну, бірақ мәні бойынша жаңа ереженің ұсынылуы болып табылады;

- Негізгі тезисті сол тәріздес, бірақ мәні бойынша басқадай тезиске алмастыру;

-  Негізгі тезистің жартылай түрін өзгертуі немесе оның белгілі құрамдастарын жою арқылы оны дәлелденбейтіндей етіп жасайды.

Аргументацияның сенімділігі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

- Аргументтер – барлық дәлелдеулер құрылған тек шындығы дәлелденген және фундамент рөлін атқаратын ережелер;

- Аргументтер автономды ұсынылатын, тезисқа тәуелсіз дәлелденуі тиіс, басқа жағдайда аргументтің өзі соңына дейін жеткізуді талап етеді;

- Аргументтер өз өзіне қарама-қайшылықта бола алмайды, сондықтан өзіндік жеткілікті болуы тиіс.

Аргументацияға дәлелділік пен сенушілік тән. Дәлелділік – бұл кез келген шынайылығы дәлелденген тезистің анықтылығына негізделген. Кез келген дәлелдеу аргументтелген (дәлелді), бірақ кез келген аргументация

(дәлелдеме) дәлелдеу болып табылмайды. Осылайша, аргументация – бұл мақсаты мәселеге өзіндік көзқарасын айтуға болып табылатын дәлелденбеген дәлелдеу.

Құрылымы бойынша аргументация мен дәлелдеу сәйкес, себебі олардың құрылымдық сұлбасы бірдей. Айырмашылық тек дәлелдеушілік деңгейінде, себебі дәлелдеу – пікірдің шындығына жету. Жаңа нәтиже тек оны дәлелдеу деңгейінде ғана мойындалуы мүмкін. Кең түсінікте «дәлелдеу» түсінігінде пікірдің шындығын дәлелдеуге болатын кез келген әдісті айтады.

Тезис (гр. tesis) – шынайлылығы немесе қателігі дәлелденетін мәселе.

Тезис ретінде жалпы мәселе немесе тұжырымдамалар қатыса алады.

Аргументтер (негіз) - шынайлығы бекітілген және даусыз болып табылатын бастапқы теориялық мәселелер немесе дәлелденген мәліметтер.

Аргументтер құрамына мыналар кіруі мүмкін: фактілер, анықтамалар, аксиомалар, және т.б.

Демонстрация – тезисті қолдау және қолдамау аргумент реттілігін көрсететін дәлелдеудің әдісі (реттілік, ой қорытындысы).