Файл: 1. Кп табалы сандар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ТҮСІНІК ХАТ
Математика пәні қызық та, күрделі пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәйкес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынып отырамыз. Бұл жұмыс түрі 4-сыныптағы баланың бағдарламаға қаншалықты түсінгенін көрсетеді, әрі өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, математикалық білімді жүйелейді.

Ұсынылып отырған жинаққа енгізілген тапсырмалар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймыз. Себебі, тапсырмалар оқулықтың тақырыптары мен тарауларына сәйкестендірілген:

1.Көп таңбалы сандар

2.Шамалармен жүргізілетін есептеулер

3.Теңдеулер және оларды шешу

4.Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері

5.Есептер және оларды шығару

«Математика ақыл-ойды биік шыңға жеткізеді.

Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін меңгеру үшін тиімді де, пайдалы әрі пән мұғаліміне көмекші құрал болады деп құрастырылып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, меңгеру деңгейін ескеріп, 4-сыныпты қамти отыра математикадан терең ойлау қабілеттерін арттыру барысында  «Арифметикалық төрт амал» атты факультативтік курс аптасына 1 сағат көлемінде алынып, 4 -сыныпқа 34 сағатты қамтиды. 

Мақсаты:

Арифметикалық амалдар туралы білімдерін ,амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезінде амалдар тәсілін қолдана білуге баулу. Арифметикалық төрт амал және олардың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін терең меңгерту. Жылдам есептеу қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру. Логикалық , қызықты есептерді шешу қабілеттерін нығайту.

Міндеті:

1.Танымдылыққа ізденімпаздыққа ,оқушылардың өз ойын толық жеткізе білуге,тапқырлыққа, логикалық терең ойлауға баулу.

2.Арифметикалық амалдар, олардың қасиеттерін үйрету.

3.Көп таңбалы сандарды жазу, есептей білу дағдыларын қалыптастыру.

4.Ауызша ,жазбаша жылдам есептеу дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың математикалық түсініктері, есептеу дағдылары, есептің белгілі бір түрін шығара білу дағдылары қалыптасада. Оқушылардың логикалық ойлау, еске сақтау қабілеттері, зейіні, заттар мен құбылыстарды талдауы, салыстыра алу дағдылары дамиды.

Күтілетін нәтижелер :


  • Бір таңбалы сандардың қосу мен көбейту кестесін;

  • Жақшалы, жақшасыз сандық өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін;

  • Арифметикалық амалдардың кері байланысы және тура теңдіктер қасиеттеріне негізделген теңдеуді шешу тәсілдерін еркін меңгереді.



Оқушы білуі тиіс:
- есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйренуді;
-ондықтан аттай ауызша қосу және азайтуды;
- қалдықпен бөлу және тексеруді үйренуді;
- көп таңбалы сандар,разрядтар және класстар туралы;
-амалдардың орындалу ретін;
Оқушы игеруі тиіс:
-санды көбейту мен бөлуді;
-кестелік көбейтуді;
-санды және шамаларды салыстыруды;
- көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді меңгеруді;
- есептерді теңдеу құру арқылы шығаруды;
- есептер шығаруды.





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

1

Арифметикалық амалдар қасиеттері

1




2

Сиқырлы сандар әлемінде

1




3

Көп таңбалы сандарға байланысты логикалық тапсырмалар.

1




4

Сиқырлы шеңбер.

1




5

Сиқырлы сандар әлемінде

1




6




1




7




1




8




1




9




1




10




1




11




1




12




1




13




1




14




1




15




1




16




1




17




1




18




1




19




1




20




1




21




1




22




1




23




1




24




1




25




1




26




1




27




1




28




1




29




1




30




1




31




1




32




1




33




1





Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды санды көбейтіндіге көбейту тәсілімен таныстыру; есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

Көрнекілігі: қызықты тапсырмалар,карточка

Сабақтың барысы:

Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

1.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін қайталау.

Ол үшін мынадай тапсырма ұсынылады.

Бірінші қатардағы мысалдың жауабын пайдаланып ,тиімді есепте.

89 +111 560 +440

89 + 2 345 +111 560 + 358 +440

2. Математикалық диктант.

* 560 ты 2 есе арттыр

* 560 ты 200-ге арттыр

* 250 мен 2 сандарының бөліндісін тап

*230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап

* 89 бен 2 есе көбейт

Сергіту сәті: Мен бақытты баламын

Жан дүниемде күн нұрлы.

Жылуым мол бойымда

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

3 .«Кім жылдам ?» ойыны

18 42 23 17

х 30 х10 х30 х20

х 2 х7 х5 х10

х 32 х12 х32 х22

4.Теңдіктер тура болатындай етіп жақшаларды қой

2 820 – 960 : 6 + 280 = 2 380 6 900 – 900 : 6 – 670= 33

Қорытынды: Көбейту кестесін қайталату барысында «Баспалдақ» ойынын ойнату.

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы шеңбер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын түрінде есептер шығарту, ой өрісін ,ойлау қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілік: сиқырлы сандар, логикалық жаттығулар т.б

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылар шеңберге тұрып жылдам есептер шығару қажет.

1. «Кім шап-шаң» ойыны

* Кепкен жүзім

*Түтін шығатын қондырғы

* Үлкен маңызды жол

*Қыста болатын ызғарлы суық

*Адамның бетін қарыған аяз

*Өзенде қатқан мұздың көктемде еріп ,сынып ,су ағынымен аққан бөліктері

2.Қалауыңша дөңгелекшелерге цифрлар жаз.Меңзер үлкен цифр жазылған дөңгелекшелерден кіші цифр жазылған дөңгелекшелерге бағытталған болсын.



3. Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейтіп, бөлу



Қорытынды: Жұмбақ есептерді шығар



Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы сандар әлемінде

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын түрінде есептер шығарту, ой өрісін ,ойлау қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілік: сиқырлы сандар, логикалық жаттығулар т.б

Сабақтың барысы
: Ұйымдастыру кезеңі

1. «Ойша көз алдына елестету» жылдам жауап беру

* Шошайып үйілген шөп----------------

*Суда жүзген кезде тұмсығы мен көзі көрінеді-------------------

*Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?-----------------------------

*Көздеп ататын жер------------------------------------------------------

*1 сағатта неше минут бар?-------------------------------------------

*Ең кіші төрт таңбалы сан------------------------------------------

2.Цифрлармен жазылған сөздерді жаз және оқы.



3. «Тез есепте» берілген есепті тез шығарып, жауабын оқу

51:17 68:17 80:16 93: 31 72:24

64:16 84:21 90:18 76:19 96:32

4.Тапсырманы берілген уақыт ішінде шапшаң есептеп шығару.



Қорытынды: ???????????жұмбақ есеп жаттап келу тапсырылады.

Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарға байланысты логикалық тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп таңбалы сандарды оқу , жазу, салыстыру дағдыларын бекіту; ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру ; құрама есептер шығара білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабақтың мақсатын хабарлау.

Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

1.Білімін тексеру Математикалық диктант. (әр оқушыға таратылып беріледі)

2.Білгенге маржан

6 ондық

2 бірлік

60 +2

362

3 жүздік

6 ондық

2 бірлік

300 + 60 + 2

1 362

1 мыңдық

3 жүздік

6 ондық

2 бірлік

1 000 + 300 + 60 + 2

71 362

7 ондық мың

1 бірлік мың

3 жүздік

6 ондық

2 бірлік

70 000 + 1 000 + 300 + 60 + 2

3. Математикалық эстафета Әр қатардағы оқушыларға бірдей тапсырмалар жазылған парақтар үлестіріледі.Олар тізбек бойымен парақты бір-біріне береді де, шешуін жазады. Тапсырманы тез орындаған қатар жеңеді.

450х2 720: 90 960:3

53х4 780:2 780:30

55х2 800:2 900:2

4. Тура теңдіктер құрастыр



Қорытынды: Көп таңбалы сандарды оқу,жұмбақ шешу.

96 324, 25 630, 45 620, 41 102, 30 587, 4 565 545

Сабақтың тақырыбы: Логикалық тапсырмалар «Кім мықты!»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы интекллектуальды және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.Шапшаңдылыққа ,ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Карточкалар,қызықты тапсырмалар,жұмбақ есептер


Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың дайындығын тексеру сиқырлы сөздер айту.

1. Кім шапшаң жауап береді?

А) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты ата?

ә) Бір ұшы тұйықталған түзуді ата?

б) Екіге қалдықсыз бөлінетін сандарды ата?

в) Ұзындық өлшем бірліктерін ата ?

2. Жолды сызып көрсет,қай кірпі алманы тез табады?



3.Жұмбақ есепті шығарайық!

Тордың ішінде 3 балапан отыр.Үш қыз бір-бір балапаннан алды.Бірақ бір балапан торда қалып қойды . Бұл қалай?

Көшеде екі бала мен екі әке кетіп бара жатыр.Барлығы үш адам. Осылай болуы мүмкін бе?

Әкейді алты баласы бар. Әр баланың бір-бір қарындасы бар.Сонда әкейдің неше баласы бар?

4. Тез есепте!



Қорытынды: Кім жылдам!



Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық лабиринт

Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастыру; есептеу тәсілдерін және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.Арифметикалық амалдардың қасиеттерін есептеу барысында пайдалана алу қабілетін нығайту.

Көрнекілігі: тестік жұмыстар,лабиринт тапсырмалар,т.б

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

1.Ауызша есептер шығарып, математикалық диктант есептер шығару.

  • 420-ны 2-есе арттыр.

  • 420-ны 200-ге арттыр.

  • 250 мен 2 сандарының бөліндісін тап.

  • 230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап.

  • 4800бен 4 сандарының бөліндісін жаз.

2.Лабиринттегі бес қақпадан қалай өтеміз және 100 санын қалай шығарып

аламыз.



3. Тапсырмаларды орындап ,есептеп шығару тапсырылады



Қорытынды: Тестік тапсырма

1/Амалдарды орындап ,дұрыс мәнін тап. 128х430-6795+675-34125:375

А ) 47479 в) 39 с)48829 д) 14795

2/Ешқашан қиылыспайтын түзулер:

А) тұйықталған б) перпендикуляр с) параллель д)түзу сызық

3/теңдеудің шешуін тап: 570: (35-х)+70 100

А) 16 в) 54 с) 14 д) 8

4/1 мыңдық мың нешеге тең?

А) 1 000 в)10 000 с) 100 000 д)1 000 000

/8 дана,45 теңге ,12 метр шамалардың өлшемі:

А) масса,сыйымдылық, ұзындық

С)сан,баға,ұзындық

Д)масса,сан,уақыт

В) баға,салмақ,уақыт

Сабақтың тақырыбы: Сандар нумерациясына негізделген есептерді шығару.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сандар туралы түсініктерін кеңейту және кез келген натурал сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.Оқушылардың жай және құрама есептерді шығару үшін білім, білік дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлауларын дамыту.