ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Екі жұлдыз» байқауының сценарийі
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп жетті.
Байқау «Тіл татулық тірегі» атты тілдер апталығының аясында мұғалімдер мен оқушылар арасында өткізілгелі отыр.
Байқауды өткізудегі мақсатымыз мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді арттыру, мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату. Бірлікке, ұйымдастырушылыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады.
Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша көңіл күймен ән салады
Қош келдіңіз «Екі жұлдыз» жобасына
Ұмытарсыз 1 ай бойғы шаршағанды, –
дей келе байқауымызға қатысушы жұлдызды жұптарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
Сахна төріне 1-жұбымыз, жас маман, студенттік өмірдің қызығын әлі ұмыта қоймаған, сонда да өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сүйкімді де сыпайы өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ерболғанова Лаура апай мен мектебіміздің өнерлі, алғыр жігіті,ісіне жауапты, білімге талапты шәкірті 9 сынып оқушысы Мұрат Азатты ортаға шақырамыз.
2-жұп сұңғақ бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, мектепке кеше ғана келсе де, кішігірім ескертулер берсе де, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын өзін-өзі тану пәні мұғалімі Есқали Баян апай мен екілік баға алмайтын, сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын 7 сынып оқушысы Қарлыбай Абылайды ортаға шақырамыз.
3- жұп — ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі орыс тілі пәні мұғалімі Айтжанова Айгүл
апай мен таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген 6 сынып оқушысы Ғалымжан Перизатты сахна төріне құрметпен, қошеметпен шақыралық!
4- жұп — Химия пәнінің мұғалімі, өз ісінің білгірі, оқушылардың жүрегінен орын таба білген, осы байқау болады деген күннен күндіз күлкіні, түнде ұйқыны ұмытып жүрген үлкен мен кішіге бірдей Хусенбаева Ұлболсын апай мен оқушысы, әсем де сұлу, сыныптың сәні 7 сынып оқушысы Чапай Гүлдананы ортаға шақырамыз!
5 - жұп – шәкірттерін аялаған, салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын, әрдайым күлімдеп, оқушыға тек сапалы білім деп жүретін бастауыш мұғалімі Әбиева Әлия апай мен оның салмақты жүзді , қоңыр көзді , өнерлі шәкірті -- сынып оқушысы Жеңіс Ақеркені ортаға құрметпен шақырамыз.
6 - жұп — Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісін шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Райымқұл Дидар апай мен сабақтан рахат табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар 7 сынып оқушысы Бекежан Дильназды ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз!
Ендеше қатысушылар сіздерге сахна төріне «Қош келдіңіздер»,- дейміз. Келесі кезекте қатысушыларымызға әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:
1. Мектебіміздің директоры, қазылар алқасының төрайымы Тұрабаева Сара апай
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыдыршаева Ақмарал апай
3. Музыка пәнінің мұғалімі, мектебіміздің алтын ұстазы Махмедова Шахида апай.
Қатысушыларымызды қошеметпен орындарына шығарып саламыз.
Ал ендігі кезекте «Екі жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болыңыздар!
Жоба 2 кезеңнен тұрады:
1 – кезең «Әнді сүйсең менше сүй» деп аталады. Қатысушылар еркін тақырып бойынша 1 ән шырқауы керек.
2 – кезеңіміз «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. 5 әннің сөзін, яғни қазақша әннің сөзін дәлме-дәл орыс тіліне, орыс әнін қазақ тіліне аударып жасырамыз. Және 5 әннің музыкасын тыңдап, қандай ән екенін табу керек. Бұл кезеңде басты назар жылдамдыққа, шапшаңдыққа аударылады. Қандай ән екенін тауып, сол әнді орындауларыңыз керек.
Қатысушы жұптарымыз төмендегі критерийлер бойынша бағаланады.
І кезең
Сырт келбеті, киім кию үлгісі | Шығармашылық, ән таңдау деңгейі; | Әнді орындау шеберлігі |
ІІ кезең
Әнді табу жылдамдығы | Әнді орындау шеберлігі |
Ал, қатысушыларымыз 1-кезеңге дайын болғанша, ортаға мектебіміздің әнші балапаны –сынып оқушысы шақырамыз.
Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын 1-жұбымыз Лаура апай мен Мұрат Азатты «Попурри» әнімен ортаға шақырамыз.
Қазақ қонақ келсе төрге,
Әнші келсе өрге,
Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымыз Баян апай мен Қарлыбай Абылайды «Ұстазым» әнімен сахна төріне шақырамыз
Өнерпаз боп ән айтқан,
Ән айтқанда, таңға айтқан,
Таңға айтқанда, жанды айтқан – демекші, жанды дауысты келесі сахна төріне 3-жұбымыз Айгүл апай мен Ғалымжан Перизатты әсем әнімен сахнаға шақырамыз.
Әнмен маржан өретін
Өнерін халқым көретін,
Жұптасып бізге ән айтып беретін, келесі дарынды жұбымыз Ұлболсын апай мен Чапай Гүлдананы қошеметтеп, құрметпен сахна төріне шақырамыз.
Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әнін арнайтын келесі жұбымыз Әлия апай мен Жеңіс Ақкеркені «Аққу арман» әнімен ортаға шақырамыз.
Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз, 1-кезеңді қорытындылайтын Дидар апайымыз бен Бекежан Дильназды «Жас жұбайлар» әнімен ортаға шақырамыз.
Кезекті екінші кезеңге береміз. 2 – кезеңіміз «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. 5 әннің сөзін, яғни қазақша әннің сөзін дәлме-дәл орыс тіліне, орыс әнін қазақ тіліне аударып жасырамыз. Және 5 әннің музыкасын тыңдап, қандай ән екенін табу керек. Бұл кезеңде басты назар жылдамдыққа, шапшаңдыққа аударылады. Қандай ән екенін тауып, сол әнді орындауларыңыз керек.
Екінші кезеңіміз де аяқталды.
Келесі кезек әділ - қазылар алқасы баға беру құқығы өздеріңізде. Сіздер ақылдасып болғанша кезекті сынып оқушысы орындауындағы әсем әнге береміз.
Әділ қазылар қорытындылап болса бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Марапаттау кезеңі
Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жетті. Байқауымызды барлығымыз білетін, «Екі жұлдыз» жобасының символына айналған «Екі жұлдыз» әнімен қорытындылаймыз. Барша қатысушыларды сахна төріне шақырамыз!
Қатысушыларды бағалау парағы
Қатысушы жұптарымыз төмендегі критерийлер бойынша бағаланады.
І кезең
Сырт келбеті, киім кию үлгісі | Шығармашылық, ән таңдау деңгейі; | Әнді орындау шеберлігі |
ІІ кезең
Әнді табу жылдамдығы | Әнді орындау шеберлігі |
Қатысушы жұптар:
-
Ерболғанова Лаура – Мұрат Азат
1-кезең бойынша:
2-кезең бойынша:
-
Есқали Баян – Қарлыбай Абылай
1-кезең бойынша:
2-кезең бойынша:
-
Айтжанова Айгүл – Ғалымжан Перизат
1-кезең бойынша:
2-кезең бойынша:
2-кезең бойынша:
-
Дүйсенбаева Ұлболсын – Чапай Гүлдана
1-кезең бойынша:
2-кезең бойынша:
-
Әбиева Әлия – Жеңіс Ақерке
1-кезең бойынша:
2-кезең бойынша:
-
Райымқұл Дидар – Бекежан Дильназ
1-кезең бойынша:
2-кезең бойынша:
«Екі жұлдыз»
Түннің қай уақ болғанын да кім білген,
Сөніп жатты жұлдыз біткен бір-бірден.
Сөніп жатты үмітімдей бәрі де,
Жаным ысып, жалын құшып тұрдым мен.
[Қайырмасы]
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.
Үнсіз ғана, бізге, жаным, еленбей,
Уақыт, шіркін, өте берді бөгелмей.
Екі жұлдыз тұрды аспанның жүзінде,
«Екеуіңді қимай тұрмыз» дегендей.
[Қайырмасы]
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.
Өз жолынан жаңылмайтын мәңгілік,
Келе жатты көкжиектен таң күліп.
Екі жұлдыз сөне берді ақырын,
Көкірегімде ақ сәулесін қалдырып.
[Қайырмасы]
Екі жұлдыз - екі бақыт көктегі,
Төбемізде тұрып алды, кетпеді.
Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз,
Біздер де екеу едік, өйткені.
«Тіл – татулық тірегі» атты
тілдер апталығы аясында өткізілген
«Екі жұлдыз» ән байқауында
жүлделі І орынға ие болған
------------------
марапатталады.
«Тіл – татулық тірегі» атты
тілдер апталығы аясында өткізілген
«Екі жұлдыз» ән байқауында
жүлделі ІІ орынға ие болған
------------------
марапатталады.
«Тіл – татулық тірегі» атты
тілдер апталығы аясында өткізілген
«Екі жұлдыз» ән байқауында
жүлделі ІІІ орынға ие болған
------------------
марапатталады.
«Тіл – татулық тірегі» атты
тілдер апталығы аясында өткізілген
«Екі жұлдыз» ән байқауында
«Көрермен көзайымы» номинациясына
ие болған
------------------
марапатталады.
«Тіл – татулық тірегі» атты
тілдер апталығы аясында өткізілген
«Екі жұлдыз» ән байқауында
«Ең тәтті жұп» номинациясына
ие болған
------------------
марапатталады.
«Тіл – татулық тірегі» атты
тілдер апталығы аясында өткізілген
«Екі жұлдыз» ән байқауында
«Ең тапқыр жұп» номинациясына
ие болған
------------------
марапатталады.