Файл: Мектеплицейіні леуметтік педагогыны жарты жылды есебі леуметтік педогог 20212022 оу жылы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


мектеп-лицейі

мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогының жарты жылдық есебі

Әлеуметтік педогог:

2021-2022 оқу жылы

Әлеуметтік педагогтың жұмысының мақсаты:

Мектеп оқушыларымен, ата – аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көп балалы отбасы балаларын, жартылай жетім оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен қатар әлеуметтік ортаны жүйелі мақсатқа, әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер арқылы ізгілендіру.

Әлеуметтік педагогтың жұмысының міндеті:

  • Әлеуметтік топтағы балаларды анықтайды:

Аз қамтылған отбасылар тізімі;

  • Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тізімі;

  • Көп балалы отбасы балалар тізімі;

  • Тұрмысы төмен отбасы балалар тізімі;

  • Оралман оқушылардың тізімі;

  • Үйде оқытылатын оқушылар тізімі;

  • Форма -4

  • Әлеуметтік топтағы оқушылардың отбасылық тәрбие жағдайын зерттейді;

  • Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу, жеке тұлға ретінде дамыту;

  • Оқушының қажеттігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу;

  • Патронат, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй, зейнет ақы беру, мүліктік және мүліктік емес құқығы бойынша жұмыс жүргізеді;

  • Баланың мемлекетпен, қоғаммен, ұжыммен және әлеуметтік қызметкермен байланысын ұйымдастыру;

Әлеуметтік педагогтың жұмысының қызметі:

  • Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды,өңдейді.

  • Баланың жан – жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою,салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру,бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап,біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.

  • Әлеуметтік педагог жылдық жұмыс жасай отырып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен, медбикемен, сынып жетекшілермен, педагог – психологпен жұмыс жасайды.





Жалпыға бірдей міндетті білім беру, «Мектепке жол» акциясының өту


барысы туралы

Биылғы 2021-2022 оқу жылында мектеп лицейінде «Балаларға– бірге көмектесейік!» ұранымен өткізілетін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге демеушілерді тарту арқылы басты назарға ерекше мұқтаждыққа ие балаларды қамту және қорғаншы, ата – ана қамқорлығынан айырылған, және толық емес отбасынан шыққан балаларды қамту көзделді. Ерікті демеушілер тарапынан осы категориядағы оқушыларға көмек қарастырылды. Ата-аналар тарапынан көмек сұраған барлығы 50 ге жуық өтініш келіп түсті. Келіп түскен сұранысқа сәйкес барлық отбасыға көмек берілді. Мектеп директорының бастамасымен, мектеп әкімшілігі қолдап биылғы мектепке жол акциясына демеушілік етті. Қырық бір отбасыға мектеп рюкзагы мен оқу құралдары және он оқушыға мектеп формасы берілді.

Қалалық білім бөлімінің қолдауымен ҚазГерМұнай компаниясының демеушілігімен барлық қала мектептеріне оқу формасы таратылды. Мектебіміздең бес оқушы мектеп формасына ие болды.

Мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылып, ризашылықтарың білдірді. Қазіргі таңда ата-аналар тарапынан ешқандай арыз -шағым жоқ.



Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

  2. Тізімдегі оқушыларды жаңалап отыру.


Әлеуметтік педагог

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына мектеп формасы мен оқу құралын таратқандығы туралы
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №8 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражатты жұмсау ережелерін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, тиісті жылдың 31 тамыз жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектеп формасы, рюкзак толы оқу құралы және туфли таратылды.

Мектеп бойынша әлеуметтік көмек тағайындалған 87 бала мектеп формасымен
,рюкзак, туфлимен қамтылды.







Сумкасында қаулыға сәйкес

Сумка

1

Дәптерлер (12 парақ)

20

Пенал

1

Сурет салуға арналған альбом

(24 бет)

1

Шарикті қаламсап

10

Қара қарындаш

5

Тыстар

20

Акварель бояулары

1

Сызғыш

1

Өшіргіш

1

Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

  2. АСП тағайындалған оқушылардың уведомлениесімен мұқият жұмыс жасау.


Әлеуметтік педагог

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бойынша

Анықтама

1. Осы "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;


      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - портал);

      4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), білім беру ұйымындарына немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      4. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туылғанын, некеге тұруды немесе бұзуды куәландыратын құжаттар туралы ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), жұмыссыз ретінде тіркелу туралы, көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататындығы туралы мәліметтерді, қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.


      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.

      7. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтаманы (бұдан әрі-анықтама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде анықтаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      9. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және анықтаманы алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды

Биылғы оқу жылында қалалық білім бөлімінің шешімімен ыстық тамақ құжаттары қағаз түрінде қабылданды. 2021-2022 оқу жылында тамыздың 31 дейін 175 өтініш келіп түсіп,қаралды. Онын ішінде 1 санат бойынша 56 бала, 2 санат бойынша 40 бала, 3 санат бойынша 7 бала қамтылуда.



Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

  2. Тізімдегі оқушыларды тоқсан сайын жаңалап отыру


Әлеуметтік педагог

Аз қамтылған, әлеуметтік санаттағы оқушыларды «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» есебінен берілетін киім – кешекпен қамтамасыз ету

Анықтама

Жалпыға міндетті оқу қоры жұмысын ұйымдастыру комиссиясының мәселесі бойынша әлеуметтік тұрмысы төмен , аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан білім алушыларға киім –кешек жағынан көмек берілсе деген 40 ата- ананың өтінішіне орай талапқа сай құжаттар жинақталды. Комиссия құрамының шешіміне сәйкес 2021- 2022 оқу жылында жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың құжаттарына сай әлеуметтік көмек қажет ететін 120 оқушы ыстық тамақпен қамтылатындығын айтты. Осыған орай, тізім бойынша санаттары іріктеліп құжаттар жинақталды. Тізім бойынша 40 оқушының өлшемі нақтыланып, өтініштері қабылданды.

2021 -2022 оқу жылында куртка таратылған оқушылар тізімі



Аты-жөні

Сыныбы

Санаты

Өлшемі

1













2













3













4













5













6













7













8













9













10













11













12













13













14













15













16













17













18













19













20













21













22













23













24













25













26













27













28













29













30













31













32













33













34













35













36













37













38













39













40