Файл: Мектеплицейіні леуметтік педагогыны жарты жылды есебі леуметтік педогог 20212022 оу жылы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

  2. Аз қамтылған, мұқтаждыққа ие санаттағы оқушыларды нақтылап отыру.



Әлеуметтік педагог

Ата-аналар жиналыстарына қатысу

АНЫҚТАМА

Жоспарға сай мектебімізде сынып ішінде және мектепішілк жиналыстар уақытылы өткізіліп тұрады. Карантиндік талаптар сақталып мектепішілк ата-аналар жиналысы болып өтті. Ондағы қаралған мәселелер:

1.Жасөспірімдер арасында жыныстық қол тиіспеушілік пен зорлық-зомбылық және суйцидтіңмалдын алу.

2.Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.

3.Сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмау туралы.

 4.Міндеттелген мектеп формасынң талапқа сай сақталуы,мектепке ұялы телефон, планшеттер  алып кіруіне тыйым салу туралы.

Барлық төрт мәселе бойынша сұрақтар қаралып, ата-аналармен байланыс нығайтылды. Мектепте бірдей мүмкіндіктерді,іскерлік жағдайды және төзімділікті тәрбиелеу үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талапттарды, Білім және ғылым министрлігінің 2016жылғы қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілгенін,формасы бойынша нормалар орындалмаған жағдайда ата-аналарға және басқа да заңды тқлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдау тәртібімен және заңдары аталып өтілді.



Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

  2. Аз қамтылған, мұқтаждыққа ие санаттағы оқушыларды нақтылап отыру.



Әлеуметтік педагог

«Қамқорлық» акциясын өткізу, қайырымдылық көмек көрсетілетін оқушыларды анықтау

АНЫҚТАМА

Қазақ өз ұрпағының тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық.Ел болып егемендігімізді алғалы бері де жан жылуына зәру қандастарымызға Елбасынан бастап барша азаматтар барынша демеушілік жасауда. Осыған байланысты түрлі акциялар ұйымдастырылып оң нәтижелер көрсетуде.Елбасының оқушылардың мектепке толық қамтамасыз ету туралы штапсырмасын орындау мақсатында «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты тұрмысы төмен, көп балалы және жетім , мүгедек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету болып табылады.Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру. Жалпы бұл акцияның өзектілігі мен қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр десем болады. Атап айтсақ мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударып,міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізілген.Мектебімізде
«Қамқорлық акциясын» өткізу туралы бұйрық шығарлып,жоспар құрылды. Жоспарға сай үйден оқитын мұқтаж оқушылардың үйі араланды. Акцияға сәйкес мектеп түлектері ақша жинап, мектепте шаштараз жұмысын ұйымдастырды. Шашы өскен, аз қамтылған мұқтаж жиырма оқушының шаштары алынды. Одан бөлек мұқтаж он отбасыға бір жілік ет таратылды. Аз қамтылған екі отбасы азық, түлікпен қамтылды.









Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

  2. Аз қамтылған, мұқтаждыққа ие санаттағы оқушыларды нақтылап отыру.



Әлеуметтік педагог

Қорғаншы және қамқоршылық, патронаттық тәрбиедегі оқушылардың тоқсандық қорытындысына мониторинг жасап, тұрғын үй зерттеу актісін жасау

АНЫҚТАМА

Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Балалар - әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты. Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді. Соңғы жылдары болған өзгерістер бала проблемасын күрт өршітіп, осы салада қабылданатын шешімдердің ерекшелігін белгіледі.

Соңғы жылдары Қазақстанда ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі байқалады. Жыл сайын олардың саны өсуде, және де бұл балалардың аз бөлігі ата-аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз қалғандар. Қалғандары «әлеуметтік жетімдік» дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-аналары тірі жетімдер. Қазіргі кезде жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған 204 мекемеде ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 18198 бала, олардың ішіндегі 2105 бала - денсаулық сақтау жүйесінің сәбилер үйлерінде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19 балалар үйінде - 1294 бала, білім беру жүйесінің 159 ұйымында - 14799 бала тұрып, тәрбиленіп жатыр.


Мектепшілік есеп бойынша қорғаншы,қамқоршылық,патронаттық тәрбиеде 9 оқушы тәрбиеленіп жатыр. Атап айтар болсақ,олар:



Баланың аты-жөні

Сыныбы

Туған күні,айы,жылы

Отбасылық жағдайы

Асырап алушының аты-жөні

1
















2
















3
















4
















5
















6
















7
















8
















9
















Барлық отбасы балдары бақылауда, үйлеріне тоқсан сайын рейд жүргізіліп отырады. Оқушылардың 1,2 тоқсан бойынша сабақ үлгерімі бір қалыпты. Психологтар үнемі жұмыс жасау үстінде, оқушылардың психологиялық жағдайлары жақсы. Отбасындағы қарым-қатынастары бір қалыпты. Оқушылардың үйің аралау барысында нақтыланғаны, барлығында жеке жатын бөлме, жеке керует, сабақ оқуға қолайлы жұмыс үстелі және ноутбук,компьютерлері бар.








Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

2.Қорғаншы және қамқоршылық, патронаттық тәрбиедегі оқушыларды жіті бақылауда ұстау.
Әлеуметтік педагог


Ерекше мұқтаждыққа ие оқушылармен жұмыс

«Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауыңа жәрдем ет!»

АНЫҚТАМА

Мектепішілік тізімде үйден оқитын алты оқушы бар. Мұқтаждыққа ие оқушыларымыз әрдайым жіті бақылауда. Оқушылардың диагнозына сәйкес кесте бойынша сабақтар өтіледі. Жоспарға сай «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауыңа жәрдем ет!» деген ұранмен оқушылардың үйін аралап, әңгіме дүкен құрып , ән айтып оқушылардың көңіл күйін көтеріп қайттық. Оқушылардың туған күндері аталып өтіп,мектеп тарапынаң әрдайым құттықтап отырамыз.

Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

2.Үйден оқитын оқушыларды жіті бақылауда ұстау.
Әлеуметтік педагог

«Сенің отбасың қандай» рейд

(мүмкіндігі шектеулі, өгей анасымен, үйден оқытылатын, қамқорлық, қорғаншылық тәрбиесіндегі оқушылар үйлерін аралау)

АНЫҚТАМА

Жоспарға сәйкес мектебімізде психологтармен біріккен түрде, тоқсан сайын мүмкіндігі шектеулі, өгей анасымен, үйден оқытылатын, қамқорлық, қорғаншылық тәрбиесіндегі оқушылар үйлерін аралау рейді жүргізіледі. Мектепішілік есеп бойынша мүмкіндігі шектеулі,үйден оқитын алты оқушы тіркелген. Өгей анасымен үш оқушы, өгей әкемен он алты оқушы тұрып жатыр. Қамқорлық, қорғаншылық,патронаттық тәрбиеде тоғыз оқушы тәрбиеленіп жатыр. Мектеп директоры,әкімшілігі барлық оқушылармен тығыз байланыста. Тоқсан сайын тұрғын үй зерттеу актісі жасалып,ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылған.



Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

2. Мүмкіндігі шектеулі, өгей анасымен, үйден оқытылатын, қамқорлық, қорғаншылық тәрбиесіндегі оқушылар жіті бақылауда ұстау.
Әлеуметтік педагог
Мектеп психолдогы


«Қамқорлық» акциясын өткізу, қайырымдылық көмек көрсетілетін оқушыларды анықтау

АНЫҚТАМА

Жаңа жыл мерекесіне орай үйден оқитын,ерекше мұқтаждыққа ие оқушыларымызды және биылғы оқу жылында үздік деп танылған олимпида,жоба оқушыларында тәтті сыймен құттықтадық. Қаламыздағы «SAPA KA» қолөнер орталығының демеушілігімен жиырмаға жуық қапшықтағы тәттілер жеткізілді. Мектебіміздің АӘД пән мұғалімі .С ағайымыз көп балалы, аз қамтылған,толық емес отбасына азық түлік және жаңа жылдық тәттілер жеткізді. Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары апайымыз үйден оқитын,көп балалы,аз қамтылған отбасына жаңа жылдық тәттілерді сыйға тартты.


Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

  2. Демеушілерді көптеп тарту.


Әлеуметтік педагог

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршаға қатысқандығы туралы

АНЫҚТАМА

Қалалық білім бөлімінің 27.12.2020 жылғы №1494 санды хатына сәйкес орта мектебінде қамқоршылық кеңес отырысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасына 9-13 жас аралығындағы аз қамтылған отбасынан шыққан кемінде бес жыл көлемінде Қазақстан Республикасы Президенті атынан шыршаға қатыспаған,облыс әкімі атынан шыршаға қатыспаған,қала әкімі атынан шыршаға қатыспаған және мектеп тарапынан және демеушілер тарапынан ноутбук,планшет, т.б көмек алмаған бірнеше оқушы ұсынылды.Соның ішінең қалалық білім бөліміне 6 «В» сынып оқушысы құжаттары ұсынылды. Барлық талаптарға құжаттары сай келіп онлайн Президент шыршасына қатысты. Оқушының отбасына мектеп директоры Аяз – ата мен ақшақарды ертіп, жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын беріп, құттықтау лебізін оқып табыстады.



Ұсыныс:

  1. Сынып жетекшілермен әрдайым байланыста болу.

  2. Алдағы жылға резервке оқушылардың құжаттарын жинақтап қою.


Әлеуметтік педагог