Файл: Алматы облысы, Іле ауданы, 26 орта мектеп мкм жоба таырыбы Друмендер Секция Биология Жетекшісі Беккулова Клара Батыровна Орындаан Жолтай Аяжан 7 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Алматы облысы,

Іле ауданы, «№26 орта мектеп» МКМ


Жоба тақырыбы: «Дәрумендер»

Секция: Биология

Жетекшісі: Беккулова Клара Батыровна

Орындаған: Жолтай Аяжан 7 сынып

2021-2022 оқу жылы

Мазмұны




І. Кіріспе бөлім....................................................................................................................3

    1. Дәрумендердің шығу тарихы......................................................................................6



    1. Дәрумендердің жіктелуі мен қысқаша сипаттамасы.............................................8



    1. Дәруменге ең бай өсімдік – итмұрын.......................................................................12



    1. Дәрумен жетіспеушілік...............................................................................................15

ІІІ. Қорытынды..................................................................................................................17

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................18


Абстракт

Зерттеудің мақсаты:

· Алма жемісінің тіршілігін бақылау;

· Адам денсаулығына маңыздылығын анықтау;

· Дәрумендермен танысу;

· Тәжірибе жасау арқылы дәрумендердің ғажайып қасиеттерін анықтай отырып білім толықтыру, іздену.
Зерттеудің міндеттері

1. Алма туралы кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;

2. Дәрумен түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету.

Зерттеудің нысыны:

Жемістердің пайдасын анықтап, үй жағдайында өсіру
Зерттеудің болжамы:

Егер біз дәрумендер жайлы көп оқып білсек,онда біз қуатты дәрумендер тұтынуды көп қолданамыз

Зерттеу нәтижесі:

Үй жағдайындағы дәруменге бай жеміс –жидек,көкөністерді аулада өсіріп қолдану


Абстракт

Цель исследования:

* Контроль жизнеспособности плодов яблони
;

* Определение значимости для здоровья человека;

* Знакомство с витаминами;

* Поиск, пополнение знаний, выявление чудодейственных свойств витаминов путем экспериментирования.

Задачи исследования

1. Знакомство с книгами, учебниками, исследованиями о яблоках;

2. углубить знания о видах, особенностях витаминных препаратов.

Форма изучения:

Определение пользы плодов и выращивание в домашних условиях

Прогноз исследования:

Если мы много читаем о витаминах, то мы больше пользуемся мощным потреблением витаминов

Результаты исследования:

Выращивание и использование овощей,фруктов, овощей, богатых витаминами в домашних условиях.

Abstract

Purpose of the study:

* Control the vital activity of apple fruits;

* Identify the importance of human health;

* Introduction to vitamins;

* Replenishment of knowledge, search for the miraculous properties of vitamins through experiments.

Research objectives

1. get acquainted with books, textbooks, and research on apples;

2.deepening knowledge about the types and features of vitamins.

Research object:

Determining the benefits of fruits and growing them at home

Research forecast:

If we read a lot about vitamins, we use a lot of powerful vitamin intake

Research results:

Use of fruits and vegetables rich in vitamins at home in the yard

Пікір

Жолтай Аяжан біліктілігі жоғары, талап- талғамы терең, салауатты өмір салтын ұстанатын интеллектуалды тұлға.

Дүниені өз дәрежесінде танып, білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады, сондықтан да мектептердегі дүниетану сабақтарының дүниені танып білуде мәні ерекше зор.

Оның бойында ізгілік, сезімталдық, сергектік сезімдері басым. Ғылыми жобаның материалдарын жинақтап жүріп, білімге, ғылымға деген қызығушылығы арта түсті, сонымен қатар шығармашылық қабілеті дами түсіп, қоршаған ортаға байланысты көз қарасы жаңаша қалыптасты.

Өзінің зерттеп отырған тақырыбында дәруменнің пайдасын, үй жағдайында өсіру жолын зерттеуге арқау қылып отыр.

Жұмыс кезінде өздігінен тәжірибе жасауды,қорытындылауды үйренді.

Әр адам табиғатпен дос болу керек, жанашырлықпен қарау керек. Сонда ғана біздің ғаламшардың көркеюіне үлкен үлес қосып, өзінің туған жерінің патриоты боларына сенімдімін.

Ғылыми жетекшісі: Беккулова Клара Батыровна

Кіріспе бөлім

Біз, ес білгелі дәрумендер туралы естіп келеміз. Пайдаланып келеміз. Жалпы, осы сөздің айтыла бастағанына жүз отыз жылдан астам уақыт өтіп кетіпті.1880 жылы орыс ғалымы Н.И.Лукин табиғи азық-түліктерде өмірге өте қажетті заттардың екендігін табады. Міне, латынның «вита»- өмір деген сөзі осыдан шықса керек-ті.


Көптеген саяхатшылардың өлімін зерттеушілер дәрумен жетіспеушіліктен болды деп қарастырады. Ал,қазақтарда дәрумен жетіспеген ауруды «қырқұлақ» деп атағаны мәлім.Айталық, дәрумен өте көп мөлшерде керек те емес,күніне төрт-бес миллиграмм болса жетіп жатыр.Бірақ бүгінгі таңда бізде осы аз ғана дәруменнің өзі ағзада болмағандықтан жиі аурулар мен тез шаршау кездесіп жүр.Мысалы: балаларды алсақ, олар көп жұмыс істеген сайын көп күш-жігерді қажет етеді. Ал, ересектерде бұл одан да көп.

Сонымен, дәрумендердің пайдасына келейік: бойын өсіргісі келетін балаға А дәрумені бар тағамдарды көбірек жеуі керек. Және А дәруменімен аллергияны емдеуге болады екен. Сондай-ақ, көздің жақсы көруін жақсартады. Ал, В дәрумені В1,В2,В6,В12 деген түрлерге бөлінсе, бұлардың әрқайсысының өзіне тән қасиеттері бар. Мысалы В1дәрумені ми және жүректің қызметін жақсартады. В2(рибофлавин) ми мен қан тамырларының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті. В1,В12 иммунитетті қалыптастырады. Егер бұл дәрумендер ағзада жетіспесе,адам әлсізденіп,енжар тартып, тәбеті кеміп, басы айналатын болады. С дәрумені көбінесе жараның тез жазылуына, сынықтың бітуіне көмектеседі. Жоғарыда айтып кеткен қырқұлақ ауруының бірден-бір дауасы- С дәрумені. Д дәрумені сүйекті нығайтады. Бір қызығы бұл дәрумен бізге күн сәулесі арқылы келеді екен. Балалар дәрігерінің бізді күн сәулесі астына көп жіберу керек екенін ескертетіні де осыдан. Бұл арқылы баланы мешел (рахит) болып қалудан сақтай аламыз. Е дәрумені спортшылардың бұлшық еттерін нығайтады. Ал,Ғ дәрумені ағзадағы зат алмасуды жақсартып, қан тамырларының қызметін қалпына келтіреді.Сондай-ақ Н,К,РР деген дәрумендер де бар. Мысалы,Н дәрумені жетіспесе,тері құрғап кетеді немесе қызарып,қышып,тартылады. К дәрумені қанның қалыпты қозғалуын анықтайды.

Міне, дәрумендердің біздің өміріміздегі алатын орнының қандай дәрежеде екендігін жоғарыда аталған мысалдардан сезіне отырып,біз тамақтанудың маңыздылығын,өсіп келе жатқан ағзамыздың саулығын, кез келген ауруға қарсы тұра алу қабілетін күшейту мақсатында дәрумендерді күнделікті өмірде пайдалануымыз қажет

2.1 Дәрумендердің шығу тарихы.

XIX ғасырдың аяғында Оңтүстік Шығыс Азияда тұратын халықтардың арасында «бери-бери» деген ерекше ауру тарады.Аурудың белгісі адамның аяғы өзінікі емес сияқты істен шығады,ауырған адам аяғының ұшымен жүруге тырысады,өкшесі жерге тиіп кетсе қатты ауырсынады.Бұдан әрі әбден жүдейді,адамның еті мен терісі ғана қалады. Бұл жағдайға жеткен адам пәрменді емдеу болмаса оңала алмайды.


Бұл ауру Жапония,Қытай,Индонезияда бұрыннан белгілі болатын.19 ғасырдың аяғында ол жаппай індетке айналғандықтан, Голландия үкіметі аурудың себебін анықтау үшін Ява аралдарындағы колониясына арнайы комиссия жіберуге мәжбүр болды.Тропиканың өсімдік әлеміне байлығына қарамастан ол кезде жергілікті халықтың кедей бөлігі күніне бірер уыс күрішті ғана тамақ ететін.Олар қызыл күріш дейтін қабығынан аршылмаған күріш жеген кезде ешқандай ауру болмайтын.Кейін келе бу диірмені пайда болып, қабығы аршылған ақ күрішпен тамақтана бастағанда, «бери-бери» ауруы көбейіп кетті.Алайда бізге айтуға оңай,бадырайып көрініп тұрған бұл екі жағдайға ол кезде назар аударған ешкім болмады.Бұл жағдайға Яваға келген комиссия да назар аудармады.

Ол кезде микробиологияның дами бастаған кезі болатын.Келген комиссия аралдан бактерияның жаңа бір түрін тапты да,індетке кінәлі сол деп,қалың папканы салақұлаш есептер мен баяндамаларға нығыздап алып тайып тұрды.Алайда комиссияның бір мүшесі Эйкман деген жас әскери дәрігер серіктеріне ілеспей аралда қалып қойды.Ол комиссия қорытындысына сеніңкіремегендіктен ауру сырын тереңірек зерттеуге бел байлады.Жас дәрігер тауықтарға тәжірибелер жасап,күріштің қабыршағының шипалық қасиеті бар екендігін анықтады.Алайда ол уақыт ауруды туғызатын микробтар жөнінде ұғым бір кездегі дінге сенетіндерді дәрменсіз еткен «құдайдың құдіреті» сияқты халықтың басын шырмап алатын мезгіл болатын.Осы түсініктен әрі аса алмаған Эйкман қолында дайын тұрған дәлелді ғылыми дерекпен дұрыс қорытынды жасай алмай қателесіп кетті. Оның ойынша, ақталған күріш тұқымында белгісіз бір улы зат бар.

1497 жылдың жазғы ыстық күнінде Португалияның астанасы Лиссабон қаласының тұрғындары Васко де Гамма деген кісінің басшылығымен кемелер эскадрасын қиын да алыс сапарға шығарып салды.Үндістанға жол табу үшін Эскадра кемелері Африканың батыс жағалауын түгелдей жүзіп өтіп, «Қайырымды Надежда» (Добрая Надежда ) мүсінін айналып, Үнді мұхитына шығу керек болатын.Эскадра құрамында төрт жабдықталған кеме трюмдерінде тұздалған тағамдарға, өсімдік майына толы дөңкиген күбірлер, қап-қап ақ ұндар мен жармалар иін тіресіп тұр.Ысталған балық,қант,қатқан нан төбе-төбе үйіліп жатыр.Тамағы тоқтықтан күші тасыған жас теңізшілер шексіз Атлант мұхитының үстінде ешнәрсе ойламай күндерінм өткізіп келеді.Дәмді тамақ,күнделікті үйреншікті жұмыс жақын арада жаңа жерді көріп тамашалау үміті екі жылдық сапарға еркімен бел байлаған теңізшілерді қанағаттандырып шаттыққа бөлейді...


Алайда Эскадра кемелерге бөтен жердің табиғат байлығын сықа толтырып Отанына оралғанда, жағаға 168 теңізшінің 58-і ғана шықты, қалғандарының сүйегі түгелдей теңіз түбінде қалады. – Олар қайда?— деген туыстарының сұрақтарына –Қырқұлақ—деген жалғыз ауыз сөз ғана қайтарылды.

Қырқұлақ (Цинга) ол кезде теңізшілердің ең қауіпті ауруы болатын,ауру миллиондаған адамның өмірін жойды. Мысалы, 1519 жылы алғаш рет жер шарын айнала жүзіп шыққан Магелланның командасынан 110 күннің ішінде 40 адам цингадан шейіт болды. Осы аурудан орыстың поляр зерттеушісі Георгий Седов қайтыс болды.

Адамда бұл аурудың сырын көп уақыт бойы таба алмады.Тек 19 ғасырдың аяғында орыс дәрігері Николай Иванович Лунин бір ерекше тәжірибе қойды.Ғалым екі торға екі ақ тышқандар орналастырды.Бір тордағы тышқандарды нағыз мал сүтімен, екінші тордағы тышқандарды жасанды сүтпен тамақтандырды.

Жасанды сүттің құрамында тышқан ағзасына қажетті май,ақуыз, қант,тұз, су жеткілікті болатын.Тағам әрі дәмді және сіңімді.Жасанды сүттің тышқандарға ұнағаны көрініп тұр,олар бір-бірін итеріп, таласа-тармаса ішеді,тіпті тағы да сұрайтын сияқты.Алайда жасанды сүт ішкен әлгі тышқандар біраз күннен кейін ауыра бастады.Қозғалыстары баяулап,бір орында мүлгіп отыра беретінді шығарды.Жүндері үрпиіп,көздері бозарып кетті.Енді біраз күнде тышқандардың өліктері бақ түбіндегі қабірден орын тепті.Тор босап қалды.

Ал нағыз сүт ішкен тышқандардың біреуі өлген жоқ. Сөйтіп, алғаш рет сүт құрамында ағзаның тіршілігіне өте қажетті бір белгісіз дәруменді ашудағы алғашқы қадам болды.Оның құрамында удың күшін жоятын басқа зат бар,яғни ақталмаған күріш жеген адамдарда қабыршақтағы зат дән құрамындағы улы заттың күшін жояды да адам ауырмайды.Теориялық жағынан Эйкманның бұл қорытындысында ешқандай қателік жоқ сияқты.Ал «бери-бери» ауруымен күрестегі тәжірибелік мәнінің күштілігі сондай қиыр шетте жүрген қарапайым дәрігерге Нобель сыйлығы берілді. Сонда Эйкманның қатесі қайсы?— дейсіз ғой. Оның қатесі, күріш қабыршағында дәруменнің бар екендігін дәлелдей алмағанында.Сөйтіп, бұл дәруменді ашу жолындағы екінші қадам болды.

Алғашқы дәруменді ашу құрметіне поляк ғалымы Казимир Функ ие болды.Ол күріш құрамынан Эйкман айтқан удың күшін жоятын затты бөліп алуға кірісті.1911 жылы күріш қабықшасынан болар-болмас мөлдір, кристалл зат бөліп алды. Ол затты бери-бери ауруымен ауырған көгершіндерге беріп еді,олар жазылып кетті.Алайда Функ күріш құрамынан улы заттың өзін таба алмады.Бұдан кейінкөп ізденіп,сарыла ойлаған ғалымға кенеттен бір ой келді.Ол күріш құрамынан улы зат табылмады,яғни ол жоқ болуы мүмкін.