Файл: Алматы облысы, Іле ауданы, 26 орта мектеп мкм жоба таырыбы Друмендер Секция Биология Жетекшісі Беккулова Клара Батыровна Орындаан Жолтай Аяжан 7 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Егер олай болса, бери-бери ауруы жаңадан табылған кристалл заттың жетіспеуінен болады. Эврика! Міне, осылайша жаңалық ашылды.Функ өзі тапқан кристалл затқа «витамин» деген ат берді.Сөйтіп, алғаш В витамині ашылды.

«Вита»латын тілінде «өмір», «амин»-«белок» деген мағына береді,яғни «өмір белогы» деген сөз.Бұдан кейін ғалымдар әр түрлі азық заттарынан жаңа витаминдерді таба бастады.Барлық витаминдер латын әліпбиінің бас әрпімен белгіленеді. Мысалға А,В,С,Д,Е,Р,К тағы басқа.Ғалымдар осы дәрумендердің әрқайсысының жеткіліксіздігінен қандай ауру туатындығын да анықтады. Мысалы қырқұлақ ауруы С дәруменінің жетіспеуінен пайда болады. Ал ол дәрумен тек өсімдікте ғана кездеседі.


2.2 Дәрумендердің жіктелуі мен қысқаша сипаттамасы

Дәрумен адам мен жануарлардың тіршілігіне ,олардың ағзаларындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық белсенді органикалық қоспалар.Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.Ағзада үздіксіз жүріп жататаын химиялық реакциялар, мысалы, мал азығының ыдырап, қорытылуы,фементтердің қызметіне байланысты.Тағамның құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса,адам әртүрлі ауруға шалдығады. Ал, дәрумендерді шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына әкеліп соқтырады.Ол, көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумендер,майда еритін дәрумендер және дәрумен тектес заттар деп бөледі.


Дәрумендердің жіктелуі мен қысқаша сипаттамасының кестесі

Бұрынғы атауы

Жаңа номенклатуралық атауы

Физиологиялық ролі



Негізгі көздері

Ересек адамның тәул.нормасы

Суда еритін дәрумендер


С

дәрумені

Аскорбин қышқылы

Ағзаның қышқылдану-қайта қалпына келу процестері


Көкөніс,жеміс-жидек дақылдары



70-100мг


В1

дәрумені


Тиамин

Зат алмасу (көміртектің) процесін жақсартады

Сыра ашытқысы,ірі тартылған ұннан пісірілген нан, қарақұмық, сұлы жармалары


1,5-2мг

В2

дәрумені

Рибофлавин

Биологиялық тотығу процесін жақсартады (сутек тасымалдану)

Ет және сүт тағамдары, көкөністер


2-2,5мг

В6

дәрумені

Пиридоксин

Амин қышқылдарының алмасуын жақсартады

Мал еті,балық,сүт,ірі қара малдың бауыры, ашытқылар, өсімдік өнімдері


2-3мг

В12

дәрумені

Цианкобаламин

Нуклейн қышқылы, холин,креатин түзілу процестерін жақсартады

Малдың бауыры,бүйрегі,балық тағамдары(бауыры,уылдырығы)


0,005-0,01мг

РР

дәрумені

Никотинамид (никотинқ қышқылы)

Биологиялық қышқылдану процесін жақсартады.

Ет,сүт тағамдары,ашытқы, бұршақ, бидай ұны.

5-2мг


Бұрынғы атауы

Жаңа номенклату

ралық атауы

Физиологиялық ролі



Негізгі көздері

Ересек адамның тәул.нормасы



Майда еритін дәрумендер




А

дәрумені



Ретинол


Көру қабілетін жақсы сақтау,ағзаның бірқалыпты өсуін жақсартады.


Сүт тағамдары,сары май,бауыр,балық майы мен уылдырығы, жұмыртқаның сарысы,уызы,өсімдіктерде каротиноид пигменттері түрінде кездеседі.


1,5-2,5мг



Д

дәрумені



Кальцеферол


Ағзада гармонға ұқсас затқа айналады

,кальций,фосфор тұздарын сіңіруге қатысады.


Адамның тері қабатында ультракүлгін сәулелердің әсерінен пайда болады. Тунец,сетінке т.б. балықтардың майында жиналады. Өсімдік тағамдарында мүлде болмайды




Жас балаларға берілетін мөлшері 0,02-0,04мг


Е

дәрумені

Токоферол

Бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады.


Өсімдік майы,жаңғақ,бұршақ пен жүгері тұқымдары, көкөністер



Дәл анықталмаған


К

дәрумені

Фоллохинон

Қанның ұю процестерін жақсартады.

Өсімдіктер(әсіресе, жасыл жапырақтары), малдың бауыры



2мг



Дәрумен тектес заттар


Бұрынғы атауы

Жаңа номенклату

ралық атауы


Физиологиялық ролі




Негізгі көздері

Ересек адамның тәул.нормасы


В15

дәрумені


Пангама қышқылы




Оттек жеткіліксіз болғанда


Ет,сүт тағамдары,ашытқы,бұршақ,бидай ұны


15-25

Р

дәрумені

Биофлавоноидтер

Жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып,қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы.Бұл С дәруменімен қосылғанда аса тиімді

Шай (көк шай),лимон,итмұрын, құрма, қарақат,жүзім,өрік

50-100мг



Дәрумендердің үй жануарлары үшін де маңызы зор.Мал азығында дәрумендер жеткіліксіз болса,малдың өнімі төмендейді.Олар жүдеп,әртүрлі ауруға шалдығады. Мал азығында А,Д,Е,К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы керек.Мысалы: А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады,сүті кемиді,сондай-ақ олар қысыр қалуы,іш тастауы мүмкін.Малға қажетті дәрумендер балауса шөпте,жоңышқада,сүрлеген шөптерде,т.б. болады.Қыста авитаминозға шалдыққан, т.б.түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз, балық майы,т.б.дәруменге бай азық беру керек.Мал азығындағы дәрумендердің мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумендік препараттар мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

2.3 Дәруменге ең бай өсімдік-итмұрын.

Дәруменге ең бай өсімдіктердің біріне саналатын итмұрынды білмейтін адам жоқ десе де болады.Біреулер «дәрумендер қоймасы» деп атаған жемісінің құрамындағы дәрумендерінің санымен сапасы алдына бірде-бір өсімдікті салмайды. Екінші біреулердің итмұрынмен таныстығы басқаша болуы мүмкін. Жол жиегінде, немесе бұталы тоғайда өсіп тұрған бұтаға байқаусызда жалаңаш қолы тиіп кеткен адам, оны ұмытуы мүмкін емес. «Шиповник»деген орысша аты осы өткір тікеніне байланысты қойылған.

Көктемнің аяқ кезінде итмұрынның өркендеріне өте әдемі,хош иісті қызыл гүлдер сән береді. Ол гүлдер бақтарда күнде көріп жүрген раушан гүліне өте ұқсас. Бұған таңдануға болмайды,себебі, екеуі-апалы-сіңлілі туыстар, раушан гүлдері деп аталатын бір туысқа жатады.Итмұрынның гүлдері күнбағыс себеті сияқты күн сәулесіне қарсы қарап бұрылып тұрады.Алайда алыстан көз тартарлық әдемілігіне қарамастан, тікенінен қорқатын құстар алыстау жүргенді дұрыс көреді.

Елімізде итмұрынның немесе жабайы раушанның 90-нан астам түрі кездеседі.Жайылым мен шалғында,өзен жағаларында,орман алаңқайларында итмұрын топтоғайларын жиі кездестіруге болады. Кейбір өзен жағаларында көлемді тоғайлар құратыны да бар.

Жаздың аяқ кезінде гүлдердің орнына қызыл-күлгін жемістер пайда болып өркендері құлпырып шыға келеді. Бұл кезде итмұрын бұталары алыстан көз тартады,құстардың көзінің құрты.Бір ескерте кететін жағдай халық арасында әлгі «жеміске» ботаниктік көзімен қарайтын болсақ,жалған жеміс болып шығады.Оның мәні мынада:нағыз жеміс өсімдік ұрықтанғаннан кейін гүл аналығынан жетіледі.Ал итмұрынның жалған жемісі құмыра сияқтанып гүл тұғырынан жасалған. Пішіні бұршаққа ұқсаған сарғыш түсті реңсіз келетін нағыз жемісі құмыраның ішінде жасырынып жатыр.Сондай-ақ, итмұрын жемісін жемес бұрын түктерден тазарту керек.


Итмұрынның жемістері тамыз,қыркүйек айларында пісіп жетілгенімен қар жауып, алғашқы аяз түскенше бұтақтан шашылмай тұра береді. Суықтың әсерінен жалған жемістің еті жұмсарып,дәмі тәттілене түседі.Бұл кезде ол шымшық,сары торғай сияқты құстарға жем болады. Жұмсағы құстың асқазанында қорытылса,жемісі ішек-қарнын аралап аналық өсімдіктен алыс жерге барып,түсіп қалады.Жемісті құстар ғана емес,қолы жетсе дала тышқандары сияқты кемірушілер де құмарта жейді. Егер бұтақтарының төмен қарай иіліп тұратын тікенектері болмаса, кемірушілердің шабуылынан итмұрын өсімдігі әлдеқашан жер бетінен құрып кеткен болар еді.Бұған көз жеткізу үшін күзде пісіп тұрған итмұрын жемістерін жинап алып, сол итмұрын бұтасының түбіне үйіп қойып, 2-3 күннен кейін қараңызшы! Бұта басындағы жемістер қаз-қалпында тұрады да, жердегі жемістерді түк қалдырмай кемірушілер жеп кетеді.

Итмұрынның жалған жемісі-нағыз дәрумендер қазынасы.Табиғатта С дәруменіне итмұрыннан бай өсімдіктерді кездестіре алмаймыз.Әдетте С дәруменінің мөлшері пайыздың мың бөлігіндей мөлшермен, яғни миллиграмм-пайызбен (мг/% )өлшенеді.

Мысалға бір затта 50-100 мг/% С дәрумені кездесетін болса,жоғары дәруменді (дәруменге бай) зат деп бағаланады.Беггер итмұрынның жалған жемісіндегі С дәруменін әлгіндегідей өлшеммен өлшегенде- 17,800 мг/ % болған, мұны 17,8 % деп жай пайызбен көрсеткен әлдеқайда ыңғайлы.

Ресейде ертеден бері итмұрын жемісін тістен ағатын қанды тоқтатуға пайдаланған. XVI - XVII ғасырларда орыс патшалары Орынбор жазығына итмұрын жинау үшін арнайы экспедиция жіберіп тұрған. Алайда итмұрын жемісінің қырқұлақ ауруын жазып жіберетін қасиетін көп уақытқа дейін ескермей келді. Тек 1931 жылы неміс ғалымы Ф.Ган итмұрын жемісінің қырқұлақ ауруын жазатын қасиетін дәлелдейтін еңбегі жарық көргеннен кейін ғана дәрігерлер назар аудара бастады. Бұдан 2 жыл өткеннен кейін 35 грамм итмұрыннан, 6 грамм таза С дәруменін бөліп алды. Бұдан әрі итмұрынның атағы әлемге тарап кете барды.

XVI - XVII ғасырлардағы орыстар итмұрынның гүлін жараны емдеу үшін суға салып езіп, оны матаға сіңдіріп алатын. Жара ұлғайып немесе гангренаға айналып кетпеуі үшін сол итмұрынның шипалы суымен жараның айналасын сүртіп, жуып тұратын болған.Кейін келе бұл емдеу әдістері ұмыт бола бастады. Өткен ғасырдың орта шенінде витаминология ғылымы дами бастаған кезде,ғалымдар қайтадан орыстың халықтық медицинасын еске алды. Сөйтіп, С дәруменінің жарақатты жазатын тамаша қасиеті белгілі болды.Тамаша итмұрын өсімдігі адам баласына көмекке келіп, халық игілігіне айналды.


Итмұрын жөнінде ұмыт болып бара жатқан халық даналығынан шыққан емдеу жолын айта кетуді жөн көрдім. Итмұрынның өркенінің бетінде жәндіктердің кеміруінен сүйел сияқты бүртіктер пайда болады. Грузия халқы ерте заманнан бері сол сүйелден қайнатпа жасап, балалардың іш өтуін тоқтаттырыпты. Сүйелдің құрамында 70 пайыз танин заты бар. Ішкізер алдында сүйелді сүтпен араластырады. Бұл кезде танин сүт құрамындағы белокпен әрекеттеседі де,өзінің бырыстыратын қасиетінен айырылады. Ол ағзаға ешқандай зиян тигізбестен барады, ферменттің әсерінен таниннің белокпен байланысы үзіледі де,қайтадан бырыстырғыш қасиетіне ие болады. Бұл жерде таниннің бұл қасиеті ауруды жазуға әсерін тигізеді. Ғылыми тілмен айтқанда, бұл процесті халықтық медицинаның әлдеқашан білетіндігіне таңданбасқа бола ма?

2.4 Дәрумен жетіспеушілік.

Авитаминоз- күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтездерінің тежелуінен туатын аурулар.Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағамдармен (консервіленген,кептірілген,рафинадталған) тамақтанса,ағзаға негізінен көмірсулар (қант,т.б.)түсіп,белок пен майлар аз түссе,ал көкөніс пен жемістер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды.Сондай-ақ, азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса,азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы: құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына,ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы,адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа-райының қолайсыз жағдайы, ауасыз лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі,гельминтоз, лямблиоз, т.б.аурулар себеп болады.Дәрумендер жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып,оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда,ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, болашақ аналардың жүктілігі не сәбиін емізу т.б. жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады.Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып,арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет.Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен көбінесе, көктемге салым ауырады. Соның салдарынын аналық мал қысыр қалады,төлі нашар өседі. Мысалы: В дәрумені жетіспеген жағдайда құстар полиневритпен,шошқа пеллаграмен ауырады. Д дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады.Ірі қара мал сүйек ауруына шалдығады.