Файл: Діни экстремизм мен терроризмні алдын алу жмыстарын насихаттаушы апартты топты рамын жне жмыс жоспарын бекіту туралы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Б) мән бермеймін...........................................................................................................

В) қызыға қараймын...............................................................................................

Г)өз жауабың......................................................................................................................

12. дұрыс діни бағыттан адаспау үшін не істеу керек деп ойлайсың?...................................

...................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................

Сабақ мақсаты:
Білімділік:  Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.Сондай – ақ   қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу.
Дамытушылық: Діни наным — сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой — өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру

Өткізілу түрі :  Әңгіме, пікірлесу
Діни экстремизм аясында төмендегідей сауалдарға байланысты өрбіді.

Дін дегеніміз не?

Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?

Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?

Қазіргі заманда қоғамға  қалай  ықпал етуде?

Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?

Діни экстемизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?

Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады?

Және де көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы туралы мәселелер

Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Осы бір келеңсіз жағдайлардың кесірінен қаншама бейкүнә жандар қаза табады. Адамның омірі адам үшін ең қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға ешкімнің құқығы жоқ! Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты назарда ұстауымыз керек.

Әлемдік діндер — БУДДИЗМ, ХРИСТИАН, ЗОРОАСТРИЗМ, ДАОСИЗМ, ИСЛАМ осы діндердің барлығы әлеуметтік жағдайдан туындаған діндер. Осы әлемдік діндер адамды адамгершілікке және тазалыққа, төзімділікке, білімге, бірлікке шақыратын таза діндер болып табылады.Бірақ осы заманда әлемдік діндердің кейпін танытып, бейнесін салып жүрген көшірме діндер қаптап кетті. Осындай жасанды діндердің салдарынан қоғамда терроризм және діни экстремизм терминдері пайда болды.

Діни экстремизмнің салдарынан адамның санасы уланып теріс жолдарға түсіп жатқан адамдар аз емес.

Деректерге сүйенер болсақ нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты хәлде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния (штатт) Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі, 1997 жылы 26 наурыз күні өздерін улап өлтірген. 1978 жылдың 18 қарашасында Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Францияның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 1995 жылы 23 желтоқсан күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 1994 жылы 5 қазан күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 1994 жылы 4 қазан күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 1997 жылы 23 наурыз күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Техас штатындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамы 1993 жылы 19 сәуір өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 1985 жылы 19 қыркүйек күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағыздармен алдаушылық.

Жалпы алғанда  осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, кесірлі ағымдардың қиянаттығынан сақтануымыз керек.

                        Діни ұйымдарға еліктемеуді ескерту шаралары

1.Көшеде,қоғамдық орындарда бөгде адамдармен сөйлесуден бас тартыңыз.

2.Көшеде,қоғамдық орындарда және т.б жерлерде діни әдебиетпен танысуды ұсынса,оны алмауға тырысыңыз.Алған жағдайда ата-анаңызға,топ жетекшіңізге,психологке,


оқытушыларға көрсетіңіз.

3.Егер бөтен адамдар лекция тыңдауға,семинарға қатысуға таныс емес жерлерге шақыратын болса,барудан бас тартыңыз,мекен-жайыңыз,телефондарыңыз,жақын адамдарыңыз жайлы ақпарат бермеңіз

4.Егер сізді адамдардың рухани өмірі,дін қызықтыратын болса,онда сізге көмектесетін ата-анаңыз,оқытушыларыңыз.Олар сіздерге арнайы әдебиеттер ұсынып,топ сағаттарын өткізіп,әңгіме жүргізеді.

5.Егер сіз діншіл адам болсаңыз,онда ата-анаңыздың ұсынған дінін қолдаңыз.

Қорытындылау:       Соңғы пікір

«…Қазақ та адам баласы ғой,көбі ақылсыздығынан азбайды,ақылдының сөзін ұғып алар жүректе жігер,қайрат,байлаулықтың жоқтығынан азады.Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң,бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады»

                                                                         Абайдың он төртінші сөзі

«Жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім,енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам.Екінші,немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші,дәмін,дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр.Мен солардан қорқамын»

                                                                                    Бауыржан Момышұлы

«Діни экстремизмді алатын болсақ,ол адамдар арасына ірткі салуға,өшпенділік отын тұтатуға,қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады.Пиғылы бөтен,қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ,онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»                                                                                                                                Н.Ә.Назарбаев

«Дін және экстремизм»

2021-2022 оқу жылы
Дін туралы не білеміз?»

Мақсаты: жас ұрпақты асыл дінімізді «изм» түрлі жаман әдеттерден қорғап, дініміз туралы көбірек мәлімет беру; қоғамды тәрбиелеуде хақ дініннің дұрыстығына сеніп, дәріптеу; тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу.

Міндеттері:

Білімділік: дін туралы білімдерін сұхбат, мәліметтер беру арқылы тереңдету.

Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, имандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, оқушыларды еркін сөйлеуге, ашық пікір айта алуға бағыттау.


Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, ойталқы, ізденіс

Пәнаралық байланысы: тарих, дінтану, қоғам, география, әдебиет

Жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе сөз

III. Ойталқы

IV. Ислам діні – Қазақтың рухани негізі

V. Пікірлесу

VII. Қорытынды
Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе сөз

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы» делінген (бейне материал)

Олай болса, оқушыларымыздың дін жөніндегі білімдерін байқасақ.

III. Ойталқы

Дін дегеніміз не?

Қандай дүниежүзілік діндер бар?

Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?

Қазақстан Республикасының Конституциясында дін туралы не айтылған?

Діннің адамның рухани өміріндегі орны немен анықталады?

Діннің адам баласын біріктірудегі ролі.

1-оқушы: Дін дегеніміз - ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершіліктің, қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. «Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілір әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім жесірге, қаріп-қасірге қорған бол, ақ бол,а дал жүр», дейді дін.

Қосымша: Дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Діннің басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс ретінде сену және оны мойындау. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнат.

2-оқушы: Адам баласының тарихында көп тараған дүние жүзілік діндер: буддизм, христиан, ислам.

1. Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ежелгісі (б.з.д VI ғ.) болғанымен бұл дінді ұстанушылардың саны христиандар мен мұсылмандарға қарағанда әлдеқайда аз.

2. Христиан діні – әлемдік діндер арасындағы саны жағынан басым. Бұл дінге сенушілер 2/5 бөлігін құрайды.

Католик

Христиан діні Протестант

Православие

3. Ислам – салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөліктеріне таралған. Сүниттік, шииттік ағымдарынан тұрады. Дүниежүзінің 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.

Ислам дінінің негізі 610 жылы Арабия түбегінде қаланды. Исламның дүние жүзіне кең таралуына алғашқы кезде арабтардың жаулап алу соғыстары мен сауда қатынастары ықпал етті. VІ – VІІ ғасырдарда арабтар мәдениеті кіші Азия мен Үнді өзені бойына солтүстік Африкаға таралса X ғасырда ислам қазіргі Иран, Ирак, Орта Азия жерлеріне келіп жетті. Ислам дінінің қағидаларында мұсылмандардың білім алуға ұмтылысы жаңа жерлерге саяхат жасауы құпталады. Араб саяхатшылары сауда керуендерімен бірге көптеген алыс-алыс елдерге барып, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына себепші болды. Мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке (Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келген жері) және Мәдиненің (Пайғамбардың жерленген жері) орны ерекше. Осы қалаларға қажылық сапарға барып – келу мұсылманның парызы болып саналады.


Қосымша: Діндер халықты қамтуы жөнінен: халықтық – тайпалық, ұлтаралық, әлемдік болып та бөлінеді.

3-оқушы: 1985 жылы Америкасының Гэллап итститутының жүргізген зерттеуіне қарағанда, Африка тұрғындарының 95%-ы, Латын Америкасының 96%-ы, АҚШ-тың 94%-ы, Азияның 89%-ы, Батыс Еуропа халқының 78%-ы дінге сенушілер.

Алайда діннің кең тарағандығын білдіретін бұл көрсеткіштер қазіргі қоғамдағы діннің ролін анықтай алмайды. Дін адамның рухани өміріне, бірінші кезекте имандылығына әсер етеді. Әсіресе соңғы кезде діндер адамды имандылыққа шақыруда елеулі жұмыстар жүргізуде.

4-оқушы: Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататанын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 19 бабы.

Қосымша: Имандылықты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да қолдайтыны көпке үлгі болатын жағдай.

– Сіз өзіңізді діншіл, Құдайға сенетін адаммын деп айта аласыз ба? Деген тілші сауалына Нұрсұлтан Әбішұлы былай деп жауап берген болатын: “Маған рухани күш және діни сенім бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам әуелі рухани жағынан кемелденуге қадам жасайды да, содан кейін Құдайды мойындап, оған жақындай түседі.

Мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал, адамдарды оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиісті... Бұл өнегелі сөздердің үлкен мәні барлығы айтпаса да түсінікті.

5-оқушы: Күнделікті өмірде өзімшіл, күншіл, пайдакүнем, менмен, тәкаппар, суайт адамды имансыз адам деп атайды. Сондықтан адамның асыл қасиетінің – адамгершілік, жақсылық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдық, әділдік шыншылдық ұяттылық жиынтығын имандылық дейміз.

Қосымша: «Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе – руханият». Өнерге, білімге құштарлық, ғылымға талпыну, ата-ана алдында парызды түсіну, ерікті еңбексүйгіштік, туған топырақ – Жер Ананы, ана тілді қастерлеу, Отанды сүю сияқты тек азаматқа лайықты ізгі сипаттар әрбір кісінің руханиат белгілері болып табылады. Руханиат адамның бүкіл жан дүниесін, оның дүние танымын, білім деңгейін, ұлттық қадір – қасиет, құндылықтарды меңгеру биіктігін, жалпы адамдық мінез-құлық, іс-әрекеттері мен қоғамға үйлесімділігін қамтитын игі қасиеттер жиынтығы.

6-оқушы: Дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратуышыны насихаттайды, адамды имандылыққа баулыйды. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай-ақ көп дінді ел. Діннің орасан зор адамгершілік қуаты республиканың өмірінде біріктіруші рөл атқаруға тиіс және атқара алады.