Файл: Діни экстремизм мен терроризмні алдын алу жмыстарын насихаттаушы апартты топты рамын жне жмыс жоспарын бекіту туралы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қосымша: Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
IV. Ислам діні – Қазақтың рухани негізі
Құран Кәрімде Пайғамбарымызға 23 жыл бойы түсіріліп отырған
30 парадан, 114 сүре мен 6236 аяттан тұрады. Онда 77934 сөз, 325743 әріп бар.
Әбу Абдоллах Мұхаммед Ибн Исмаил әл-Бухари “Сахих Бухари” атты 10 кітапқа хадистерді жинаған. Олар:
Сенім туралы кітап
Жұмақ және тозақ туралы кітап
Алланың бірлігі туралы кітап
Намаз туралы кітап
Жұма күні туралы кітап
Екі мейрам туралы кітап
Ораза туралы кітап
Қажылық туралы кітап
Діннен безгендердің өкініші туралы кітап
Құранға сену тәсілі туралы кітап
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің білім және тәрбие туралы айтылған хадистерінен:
Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады делігнген. Олар: шыдамдылық, шүкіршілік, Аллаға шын пейілмен сенушілік, барлық істе де Аллаға жүгінушілік.
Бір сағат бойы білім игеру бір түнді жалбарынумен ұйқысыз өткізгеннен артық. Бір күн бойы білім үйрену үш ай қосымша ораза тұтқаннан жақсырақ.
Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің тірегі.
Тәртіпшілдік – тұрмыстың жартысына, достасу – ақылдың жартысына, уайымшылдық – кәріліктің жартысына тең.
Ілімді үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу, мол дүние жыйып, оны керегіне жаратпай көміп қойғанмен бірдей.
Алланың үйі мешіт деп білеміз. Еліміздегі соңғы жылдар ашылған Астанада Әзірет Сұлтан мешіті Орта Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі.
Типі – Жұма мешіт
Стильі – классикалық ислами
Құрылысы – 2010-2012 жылдар
Статусы – Қазақстанның ұлттық мешіті
жалпы ауданы – 11 гектар
Халық сыйымдылығы – 5-10 мың адам
Соңғы имамы – Қайрат Жолдыбайұлы
Қазақтың әр күні қасиетті:Дүйсенбі – сауда жасауға сапарға шығуға қолайлы күн. Сейсенді – “қанды күн”. Сәрсенбі – дұшпанға қарсы тиген күн, сәтті күн Бейсенбі – “жақсы күн” Тілеген тілек қабыл болады. Жұма – Адам Ата жаратылған, пайғамбарлар некелескен күн. Сенбі – сейіл күн. Жексенбі – күні басталған жұмыс тез әрі сапалы бітеді.
V. Пікірлесу
«Қазіргі қоғамда діннің тәрбие құралы ретіндегі ролі»
Сұрақ – жауап
Қазақстанда дінді адам қалауы бойынша қабылдайды, ал басқа елдерде күшпен дінге кіргізу жағдайлары кездесе ме?
Дінді не үшін терроризммен байланыстырады?
Қазақтың ұрпақ тәрбиесінде қолданылатын дәстүрлері дінге кері келмей ме? Мысалы: ислам дінінде қыздарға хиджаб кию керек пе, егер керек болса қазақ қыздары егде тартқанда ғана кимешек киген болатын.
Дүниежүзілік діндердің барлығының тәрбиде ролі ерекше ме, әлде ислам діні ғана адамды имандылыққа, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелейді ме?
Қазіргі күнде әртүрлі діни ағымдар бар, соларға қандай адамдар тез кіріп кетеді.
Ұстазды құрметтеу, ұл мен қыздың тәрбиесі.
Мешітте неке қиюдың артықшылығы(Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадистерінде «Некелесіп тұрмыс құрыңдар, өсіп-өніңдер» – дейді және «Неке тойын бір күн тойлау – сүнет, екі күн тойлау – мәрттік, ал үш күннен өтіп кетсе – ысырапкершілік, даңғойлық», - дейді).
VII. Қорытынды: Мұқағали Мақатаев өлеңінен
Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!
Құбылаға бет алып қол қусырып,
Сәждеге бас қоятын қайда күнім?
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.
Мұсылман елдерінде азғындық жолдарға, атап айтқанда ұрлық-қарлық, зиянды заттарды пайдалану, тәртәп-тәрбиесіздік көрсетуге шек қойылған. Қайыршылық жоқ, адамдар бір-бірімен жақсы қарым – қатынас орнатқан. Мұның себебі не? Бұл ислам тәрбиесінің құдіреті, әрі бұл бүкіл әлем мойындап отырған құндылық. Материалдық байлық жаратумен қатар рухани тәрбиеге мән беру қажеттігінің айқын мысалы. Біздің киелі қазақ жерінде осы құндылықтардың бәрі салтанат құрған.
Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани және ел болып, тамырымызды тереңге жайуымыздың негізі, ата – бабамыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы ретінде құрметке лайық.