Файл: Блім 4 Азаны р трлі ызметтері бзылан кездегі медбикелік рдіс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 50
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім 4 Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. | |
Тақырып 4.1 Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі. | |
Тақырып 4.2 Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Оксигенотерапия. | |
Тақырып 4.3 Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. | |
Тақырып 4.4 Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік процесс. Асқазанды шаю. | |
Жалпы: 114 сағ | |
Тақырып 4.5 Ішек қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Стомаларды күту | |
Тақырып 4.6 Клизмалар: тазарту және сифонды. | |
| |
Жалпы: | |
6 семестр | |
Тақырып 4.7 Клизмалар : майлы, гипертониялық, дәрілік. | |
Тақырып 4.8 Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. | |
Тақырып 4.9 Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы. | |
Тақырып 4.10 Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. | |
Бөлім 4
Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
Тақырып 4.1 Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудын ғылыми әдісі.
Медбикелік үрдіс түсінігі. Медбике ісінің қазіргі заманға сай моделдері. Медбикелік үрдістің кезендері. Адамның негізгі қажеттілігі. «Медбикелік үрдістің» әр кезеніндегі медбикенің міңдеттері. Медбикелік құжаттарды жүргіу.
Тақырып 4.2 Тыныс алу қызметті бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
Тыныс алу функциясының бұзылуының көріністері: еңтігу, демікпе, жөтел (құрғақ, қақырықты бөлінуімен), кеуде торының ауыруы, қан түкіру, өкпелі қан кету. Тыныс алу функциясының бұзылуы кезінде пациенттке күтім көрсету ерекшеліктері. Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау. Дымқыл оттегімен немесе таза ауамен пациентті қамтамасыз ету. Қалта ингаляторы және жеке түкіргішпен қамтамасыз ету. Көп мөлшерде сілті сусын ішуді қамтамасыз ету. Оң дренаж үйрету. Қарапайым физиоемшараларын орындау. Тыныс алу мүшелерін аспапты зерттеу әдістері. Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері. Оксигенотерапия өткізуге арналған жабдықтар және орындау техникасы (оттегі баллоны, жастық, орталықтандырылған беру). Огсигенотерапия өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Жабдықтарды өндеу.
Тақырып 4.3 Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының көрінісі: еңтігу, демікпе, жүрек түсының ауруы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит, АҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалу.
Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау. Артериалды қысымды өлшеу, пульсты қадағалау. Тәулік диурезді өлшеу және су балансын анықтау. Тері мен сілемейлі қабықтарға күтім көрсету.
Тақырып 4.4
Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Асқазанды шаю.
Ас қорыту жүйесінің бұзылуының көрінісі: іштін ауыруы, тенезмалар, асқазан деспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттін бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі мүшелерін аспапты зерттеу әдістері.
Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Асқазан шаюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасы. Емшара кезінде пациенттін жағдайын бақылау. Жабдықтарды өндеу.
Тақырып 4.5 Ішек қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
Стомаларды күту.
Ішек функциясының бұзылуының көріністері: ішек диспепсиясы: іш өту, іш қату, метеоризм, нәжісті ұстамау; қарамайлы нәжіс «мелена». Ішек функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі мүшелерін зертханалық және аспапты тексеру әдістері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Газ шығырғыш түтікті орнатудын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Емшараны орындау техникасы. Стомалар орнатудын көрсеткіштері. Стомаларды күту ерекшеліктері. Пациентті және онын туыстарын стомаға өздік күтім көрсетуді үйрету. Зәржинағыш және памперсттерді қолдану. Нәжісті саусақ арқылы шығаруды. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.
Тақырып 4.6 Клизмалар: тазарту және сифонды
«Клизма» түсінігі. Клизма түрлері. Клизма қою мақсаттары. Тазарту және сифон клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Тазарту және сифон клизмаларын өткізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.
Тақырып 4.7 Клизмалар: майлы, гипертониялық, дәрілік.
Майлы, гипертониялық, дәрілік клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Майлы, гипертоникалы, дәрілі клизмаларын өткізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.
Тақырып 4.8 Зәр шығыру жүйесінің бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Қуықты катетерлеу түсінігі. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасы. Зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.
Тақырып 4.9 Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.
Қуықты катетеризациялау түсінігі. Емшараны өткізудің көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Емдік және диагностикалық мақсатпен әйел және ер адамдардын қуығына катетеризация жүргізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.
Тақырып 4.10 Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кезіндегі медбикелік үрдіс.
Эндокриндік мүшелері бұзылуының көріністері. Эндокрин мүшелері функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері: диабетикалық табан синдромы (подиатриялық күтім), емдік тамақтану, семіздік. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Салмақты және күндізгі диурезді санау әдістері. Инсуллинді еңгізу ерекшеліктері. Пациенттің жағдайын бақылауды. АҚ өлшеуді, пульсты қадағалауды қамтамасыз ету. Жеке гигиенаны сақтауды қамтамасыз ету.
Тақырыбы: Мейіргерлік үрдіс
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
-
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері -
Мейірбикелік көмекті жоспарлау -
Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мейірбикелер — бұл мейірбикелік, акушерлік, емдеу ісі белгіленген мамандыққа жіберілген, мамандықтар бойынша медициналық білімі бар қызметкерлер. Мейірбикелер әр-түрлі қызметтерді атқарады, факторларды түсінуді, денсаулыққа әсерлер, аурудың себептері, оларды емдеу және сауықтыру қабілеттері, сондай-ақ экологиялық, қатарлыларды талап етеді.
Халықтың денсаулығын тексеріп, нығайту жолында оларға қол жетімді ,тиімді медициналық көмек беруде , өз уақытының 80 пайызын науқаспен бірге өткізетін медбике қызметінің рөлі өте маңызды.
Науқас адамдарды күту және оның маңызы.
Науқастарды күту-емдеу, аурудың алдын алу, гигиеналық және санитарлық-эпидемиологичлық, ауыр науқастардың жағдайын жеңілдетуге, тездетіп жазылуына, асқынулардың алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы.
Жуындыру,тамақтандырутерісін, ауыз-қуысын күту керек, уақытымен төсегін іш киімдерін ауыстыру басқа гигиеналық шараларды іске асыру.
Дәрілерді тарату,оларды ішкізу, иньекция жасау, клизма жасаунауқастарды аспаппен т ексеруге дайындау, жағдайын бақылау.
Жалы күтуге кез келген науқасты күту жатады.
Науқастарды күту жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Арнайы күтуге: хирургиялық, терапиялық, урологиялық күту жатады.
Мейірбикелік үрдіс
Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.
Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз
мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.
Медбикелік үрдіс кезеңдері
-
Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау; -
Медбикелік диагноз (диагностика); -
Күтімді жоспарлау; -
Жоспарлауды жүзеге асыру; -
Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.
Науқас туралы ақпарат көзі
1. Емделушіден сұрастыру
2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру
3. Дәрігермен сұхбаттасу
4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу
5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.
6. Емделушінің ауру тарихымен танысу
Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.