Файл: Лекция таырыбы дебиеттік оу дістемесіні масаты жне міндеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 Лекция тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесінің мақсаты және міндеттері Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. Әдебиеттік оқу әдістемесінің мақсаты және міндеттері, маңызы, басқа ғылымдармен байланысы туралы біледі.

  1. Бастауыш әдебиеттік білімнің теориялық негіздері мен технологиясынан білімдерін іс жүзінде қолданады.

  2. Пән әдістемесін меңгеруге қызығушылық танытады және тәжірибесінде оны жүзеге асырады.

Лекция мазмұны: Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу әдістемесі пәні болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің әдебиеттік оқу әдістемесінен білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.

Пәннің мақсаты студенттерде кіші жастағы мектеп оқушыларына «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту барысында туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шешу үшін қажет болатын құзырлылықпен қаруландыру болып табылады.

Пәннің негізгі міндеттері: - кіші жастағы оқушыларға «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту барысын жоспарлау, оны жүзеге асыру, басқару және рефлексиядағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру; - диагностикалық және зерттеу әрекеттерін жобалау және жүзеге асыру технологиясын игеруге себепкер болу болып табылады.

Пәннің нысаны– бастауыш сыныптар мұғалімінің жоғары педагогикалық кәсіби білім беру құрамдасы ретіндегі әдістемелік әдебиеттік білім.

Пәні – кіші мектеп жасындағы оқушыларға «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың теориялық негіздері бойынша болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби- теориялық және технологиялық, пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.

Пәнді оқытып-үйрету әдістері – әр түрлі түпнұсқалардан, оның ішінде сабақтарға қатысу, БОӨЖ бен БӨЖ-ді орындау барысында ақпарат алу; ғылыми-педагогикалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу; бақылау мен педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу; озық педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау; әңгіме, сауалнама жүргізу; тестілеу және т.б.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығының іргетасы бастауыш мектепте қаланатынын, сонымен қатар оқушылардың оқу еңбегіне қажетті оқу іс-әрекетінің білігі мен дағдысын игеруі, оқуға үйрену, санау, теориялық ойлаудың қарапайым элементтерін, сөйлеу мәдениеті мен тәртібін, салауатты өмір салтын, жеке бас гигиенасын, отандық және әлемдік мәдениетті түсінуін қамтамасыз ететін білім мазмұны мектептің әдебиет пәнін меңгертуге база жасаудың негізі болып табылады.

Стандарт бойынша бастауыш білім мазмұнын айқындауда жаңа ұстанымдар басшылыққа алынып отыр. Алдымен жаңа стандарт әлеуметтік сұраныстан туындап отырғандықтан, ол қоғамның, мемлекеттің және ірбір отбасының талабын қанағаттандыру үшін, осы үштік жүйенің талаптарын біріктірген білім мазмұныны меңгерту мен жүзеге асыру шарттары оқушыларды тұлғалық және жүйелі-әрекеттік, пәндік нәтижелерге жетуді көздейді.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі негізінен оқу дағдысын қалыптастырумен қатар, оқушылардың өздігінен оқуға деген қызығушылығын арттырап, оның тұлғалық дамуындағы рөлін түсінуге, балалардың оқу аясын кеңейтуге бағытталады.Мұнда басты назар оқушылардың саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң, дұрыс оқуына аударылады.

Әдебиеттегі оқу пәнінің оқулығы бағдарламадағы білім мазмұнын білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен пәндік нәтижелер негізіндегі білім мазмұнына сәйкес құрастырылады. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлғасының, адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық құндылық қатынасының, оқу үдерісіне оң ынта-ықыласының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен біліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланып, олар тұлғалық


нәтижелер және пәндік нәтижелермен айқындалып, әрқайсысының атқаратын өзіндік функциясы дәлелденген.

Тұлғалық нәтиже таным мен оқу мотивациясын қалыптастыруы, оқушылардыңөзін-өзі дамыту қабілеті мен дайындығы, бастауыш мектепті бітірген түлектің ана тіліне деген құрметі, Отанына деген сүйіспеншілігі, әлеуметтік құзыреттіліктері, азаматтық ұстанымы, ұлттық рәміздер мен заңдарды құрметтеуі, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруі, шығармашылығы, жеке тұлғаның көзқарасын білдіруі және т.б.Бұлар тұлғалық сапаларды қалыптастырумен сипатталады.Әдебиеттік оқу пәнінде әрбір оқушының білім траекториясы мен жеке басының дамуына сәйкес жақын даму аймағын кеңейту қажет болады.

Тұлғалық нәтиже тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оның қалыптасуы мен дамуын, қызығушылығын, мотивтерін, қабілеттерін, тұлғалық өзін-өзі айқында комноненттерін қамтиды. Әдебиеттік оқу пәніндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыларды оқуға үйрету, білім беру үдерісіндегі әрбір оқушының жеке қабілетін ашу, оқуға деген қызығушылығын тудыру.Қызықты материалдарды молынан ұсынған сайын бала оларды тереңірек білуге талпынады.Оқулық мазмұны оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып,түсінбегенін түсінуге үйретіп, оларлың тұлғалық дамуын ескеріп, ақыр соңында оқырмандыққа баулиды.

Тұлғалық нәтижеге жетуде, тұлғалық бағдарланған оқу әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың ( өзінің әрекетін, болған оқиғаның, моральдық норма мен тәртіптегі адами сапаларды түсінуі) әлеуметтік және тұлғааралық қатынасқа деген бағдарының болуын қамтамасыз ететін талаптар қояды.

Тұлғалық нәтижеге жету үшін мұғалім оқу іс-әрекетінде мынадай екі әрекет түрін қолдануы қажет:


  • Білім алуда ойша әрекет ету, яғни оқушылардың оқу сі-әрекетінің мақсаты оның мотивінің арасында, басқаша айтқанда, оқудың нәтижесі мен оқуда тудыратын әрекетті және не үшін оның жүзеге асқандығын білуі.Оқушы «Оқу мен үшін неге керек?» деген сұрақ қойып, оған жауапты өзі табуы қажет.

  • Адамгершілік әрекеттерді меңгерген білім мазмұгыг бағалау, өзінің жеке және әлеуметтік құндылығын қамтамасыз ететін моральдық нормаларды таңдау әрекеті.

Әдебиеттік оқу пәні оқулығының мазмұнында тұлғалық нәтижеге жеткізетін шығармалар – қазақстандық азаматты өз Отанын, халқын мақтан етуге, и ұлттық салт- дәстүр мен әдет-ғұрыпты меңгертуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, туған еліне деген сүйіспеншілікке, басқалардың көңіл күйін түсінуге, эстетикалыұ, адамгершілік, жанашырдық сезімге тәрбиелеуге лайықты шығармалар ұсынылып отыр.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер қоғамдық, мемлекеттік,отбасылық талаптар, жауап беретін тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеуден, көпмәдени, көптілік, көпұлттылыү жағдайында мәдени диалогқа түсінуінен дәне оларға құрметпен қараудан, нәтижеге бағытталған білімнің оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің әмбебаптығынан, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды ізденімпаздықпен пайдалануынан, ғылыми ақпараттарды саралауы, жинақтауы, өңдеуі, білім мазмұнының шешуші белгілері болып табылатын шығармашылық пәндік олимпиадалар мен жобаларға қатысуынан, жеке білім траекториясының әртүрлілігін көрсететін оқушы портфолиосын дайындаудан көрінеді. Жүйелі- әрекеттік нәтиже бойынша әдебиеттік оқу пәні оқу әрекетінде оқушылардың мына төмендегілерді іске асыруын көздейді:

  • Ақпараттық қоғамда тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеу, толеранттылықты, сөйлеу мәдениетін, көпмәдени мен көптілді меңгерту;

  • Әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын меңгертуде күтілетін нәтижеге жету жолдарын, педагогикалық технологияларды жетік білуді, оқушылардың оқу-танымдық дамуын қамтамасыз ету;

  • Әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын меңгертуде нәтижеге бағытталған білім берудегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

  • Білім мазмұнының шешуші рөлі оны ұйымдастыру болғандықтан, оқыту үдерісін өзарар ынтымақтастыққа құрып, оқушылардың тұлғалық, әленуметтік және танымдық дамуына қол жеткізу;

  • Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, іс-+әрекет түрлерін тақырыптың мақсатына сәйкес саралау.


Жүйелі-әрекеттік нәтижелер 2-сыныпта мәтін мазмұныны түсіну басты да күрделі міндет екенін, мәтін сөйлеудің ең үлкен бірлігі болып табылаптынын жеткілікті мөлшерде меңгертуді көздейді.Мәтіннің мазмұны арқылы ашылатын оның идеясын әдебиеттік оқу пәніне ұсынылған шығармаларды оқыту барысында оларды оқушылар өздігінен түсінуіне мүмкіндік жасалады.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүйелі-әрекеттік нәтиже арқылы оқушыларды оқырмандық сауаттылыққа баулу ісі жүзеге асырылады.Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекеті олардың өзін-өзі жетілдіруін, ұжымдық, топтық жұмыстарда оқу әрекетіне ынтымақтастықпен қатысуын қамтамасыз етеді.

Пәндік нәтижелер – білім салалары бойынша оқытылатын әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығының базалық (міндетті)деңгейде болуы, жаңа білімді меңгерудегі тәжірибелерді игеруі, оны өзгерту арқылы өз тәжірибесінде қолдануы қазіргі ғылымның әлемдік бейнесін сипаттайтын ғылыми білімнің негізгі элементтерінің жүйесін пайдалана алу әрекеттерінен, функционалды сауаттылығынан көрініс табады.Білім мазмұнын меңгерудің бес балдық бағалау жүйесі негізінде оқушылардың жүйелі-әрекеттік және пәндік нәтижелерін бағалау ісі жүзеге асырылады.

Пәндік нәтижелерге жету үшін оқулықта халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінің шығармалары, балалар әдебиетінің түрлі жанрларын және әртүрлі тақырыптық түрлерін қамтитын білім мазмұны берілген.Оқушылардың оқулыққа ұсынылған шығармаларды қабылдауы мен көркем шығармаларды оқуы, әңгімелей білуі талдаудың қарапайым түрлерін меңгеруді қамтамасыз ететіндей болып, мұғалім көркем сөзбен танысудың тиімді жолдарын, әдістер мен технологияларын пайдалана отырып, сабақты тиімді түрде ұйымдастыруы қажет.

Пәннің басқа
ғылымдарменбайланысы.

Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін себептілікті, байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.

Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Мысалы, әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына, ал қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тілбілімінетығыз байланысты қаралады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын мәңгілік еш нәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай өзгеру мен дамуды тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.

Әдебиеттік оқу әдістемесі тіл ғылымының осындай дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді. Мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын, атап айтқанда, қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен фразеологиясы, орфографиясы мен орфоэпиясы, грамматикасы, сөздердің өзгеруі мен сөздердің сөйлемдегі тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері және қазақ тілінің жалпы заңдылықтарымен таныстыру-қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі болып табылады және оның ешқайсысы әдістемелік амал–тәсілдерсіз оқытылмайды. Сондықтан әдебиеттік оқу мектепке арналған бағдарлама бойынша белгілі бір пән ретінде танылса, әдебиеттік оқу әдістемесі оның оқыту әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша пәнаралық байланыс мынадай бағыттарда іске асырылады:

  • Оқушы көркем шығармалар арқылы өз Отанының және Әлем елдерінің салт- дәстүр, әдет-ғұрпымен таныса отырып,и олардың мәдениетін меңгереді.Технология