Файл: азастан Республикасыны 2007 жылы 27 шілдедегі 319 Заы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 118
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1) білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдары;
2) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі;
3) ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер.
8-7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бекітеді, сондай-ақ ол мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
8-8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне оны жою тәртібі түсіндіріледі.
8-9. Бақылау субъектісіне өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық актісінде көрсетілген аяқтау мерзімінен кешіктірмей қорытындыны табыс ету күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
8-10. Қорытынды бақылау субъектісіне (объектісіне) төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы:
1) пошта арқылы – тапсырысты хатпен;
2) электрондық тәсілмен – білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарында немесе ресми интернет-ресурсында көрсетілген бақылау субъектісінің (объектісінің) электрондық мекенжайына жөнелтілген күнімен жіберілуге тиіс. Жіберілген қорытынды жөнелту фактісін растайды және бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді деп есептеледі.
8-11. Бақылау субъектісі (объектісі) қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бір жылдан аспайтын мерзімдерді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты береді, осы шаралар өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен келісіледі.
8-12. Бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі (объектісі) құзыреттерінің шегіне қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бұзушылықтарды жою туралы есепті ұсынуға міндетті.
8-13. Бақылау субъектісінің (объектісінің) есебі негізінде өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бес жұмыс күні ішінде қайталама қорытынды шығарады.
Бұзушылықтар жойылмаған немесе белгіленген мерзімде есеп ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмады деп есептеледі, бұл бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.
9. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
10. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
12. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
13. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
14. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
15. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
16. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014
№ 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 8.01.2021 № 410-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беруі жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына, тексеру мақсатында қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге;
2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;
6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Мүдделі тұлға білім беру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне және әрекеттердің жасалуына (шешімдердің қабылдануына) негіз болған ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері
1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.
2. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:
1) тиімділік пен нәтижелілік;
2) басымдық;
3) айқындылық;
4) жауаптылық;
5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.
3. Білім беру жүйесі қаржыландыру көздері:
1) мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсетуден түскен кірістер;
4) қаржылық ұйымдардың кредиттері;
4-1) стипендиялық бағдарламаларды бюджеттік қаржыландыру;
5) қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының эндаумент-қорларының инвестициялық кірістерінің қаражаты болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюждеттердің қаражаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көздері болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2026 дейін қолданыста болады – ҚР 30.12.2022 № 177-VII Заңымен.
Мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері болып табылады.
Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V