Файл: Кксу орта мектебі мектепке дейінгі шаын орталыымен кмм бойынша 2019 2020 оу жылында оушыларды математика, физика, химия, биология пндерінен дптерларіні жргізілу барысын тексеруді орытындысы туралstrrepl strreplМасаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

« Көксу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ бойынша 2019 – 2020 оқу жылында оқушылардың математика , физика, химия, биология пәндерінен дәптерларінің жүргізілу барысын тексерудің қорытындысы туралы
А Н Ы Қ Т А М А

Мақсаты : Оқушылардың математика, физика, химия, биология пәндерінен дәптерлерінің эстетикалық талапқа сай болуы, сыртының толтырылуы. Жазуда бірыңгай каллиграфиялық талаптардың орындалуын бақылау. Дәптерлердің жүйелі, дұрыс тексерілуі, кері байланыстын жазылуы.

Мерзімі : 27 – 30 қаңтар 2020 жыл

Тексеру комиссиясы : А.Дусенбаева , Исраилова К., К. Исмаилова

Мазмұны :

2019 – 2020 оқу жылының қаңтар айына математика, физика, химия , биология пәндері бойынша дәптерлерінің жүргізулі барысы тексерілді. Тексеру қорытындысы төмендегідей :

Математика пәнінің мұғалімі А. Байгабатова

5 сынып

Барлық дәптерлер қапталған, толтырылған. Кері байланыс 21 қаңтардан бастап жазылмаған. Қалыптастырушы бағалау жұмыс дәптеріне жазылған.Кейбір оқушыларда үй жымысы жазылмаған.

6 сынып

3 баланың дәптерлері қапталмаған. Кері байланыста « жақсы» «жарайсын» - мен шектелген. Қалыптастырушы бағалау жазылған.

7 сынып

Кері байланыс 15 қаңтардаң бастап жазылмаған, яғни дәптер тексерілмеген. Қалыптастырушы бағалау ұақытылы жазылмаған.

Математика пәнінің мұғалімі Р.К. Корпешова

8 сынып

Кейбір оқушылардың дәптерлері таза емес. Кері байланыс «жақсы» «жарайсын» мен шектелген. 2 дәптерден басталған. Қалыптастырушы бағалау жазылып, тексерілген.

9 сынып

Тақырыптар түгел емес, үй жұмыстары жок 2 дәптерден басталған қалыптастырушы бағалау жазып тексерілген. Кері байланыс жазылған.

10 «А» сынып

Кері байланыс жазылған, қалыптастырушы бағалау алып тексерілген.

11 сынып

Дәптерлер қапталған, сырттары толтырылған. Барлық дәптерлерде 9 қаңтардан бастап тапсырмалар орындалмаған.


Биология пәнінің мұғалімі А. Меркулова

7 сынып 18.11.2019 – 16.01.2020 дейін тек тақырып жазылған, жұмыс орындалмаған қалыптастырушы бағалау жазылған, бірақ тексеріліп кері байланыс жазылмаған.

9 сынып тақырыптар жазылған алайда сол күнгі тапсырмалар орындалмаған. Кері байланыс жазылмаған. Қалыптастырушы бағалау бөлек дәптерге жазылған. Кері байланыс берілмеген.

Физика пәнінің мұғалімі Р.К. Корпешова

7 – 8 сынып. Оқушылардың дәптерлері толық, сырттары қапталған. Сыныптағы тапсырмалары тек конспектпен шектелген, есеп мүлде орындалмаған. Үй жұмысы жазылмаған, кері байланыс жок. Қалыптастырушы бағалауға бөлек дәптер арналған

9 сынып Оқушылардың дәптерлері толық, сырттары қапталған толтырылған. Кері байланыс жазылмаған.

Қалыптастырушы бағалауға бөлек дәптер арналған

10 сынып Дәптерлер қапталған, толтырылған. Орындалған тапсырмалар саны өте аз, есептер мүлдем кездеспейді. Ұй жұмысы орындалмаған.





Жеке және тоатық жұмыстардың жүргізілу жағдайын

тексеру туралы
А Н Ы Қ Т А М А
Мектеп 2019 – 2020 оқу жылына арналған оқу – тәрбие жоспарының мектепшілік бақылауорындау мақсатында 2020 жылдың 13 қаңтары мен 16 қаңтары аралығында жеке және топтық жұмыстардың жүргізілу жағдайы тексерілді. Тексеру барысында өрескел қателер анықталған жок. Дегемен, жеке және таптық жұмыс жүргізетін мұғалімдер журналды дер кезінде толтырмайтыны анықталды. «Баскетбол» жеке және топтық жұмыс жүргізетін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р. Шалимбеков жүрналға айларын жазбаған.

2020 жылдың қаңтар айында « Жас сарбаз » жеке және топтық жұмысқа қатыстым. Жеке топтық жұмыс жүргізетін АӘД пәнінің мұғалімі С. Меркебаев . сабақтын тақырыбы : Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдері. Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыра отырып , техника қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударды. Сабақтың барысында мұғалім жарықшақты қол гранатасын лақтыру тәсілдерін теориялық тұрғыдан түсіндіріп, практика жүзінде көрсетті. Оқушылар мұғалімнің іс – әрекетін қайталап , жарықшақты қол гранатасын лақтырды. Ең жақсы нәтиже көрсеткен 7 сынып оқушысы Мұрзақұл Баянбай. Ал , мұғалім қалған оқушыларға жарықшақты қол гранатасын лақтыру тәсілдерін есте сақтап, тағы да практика жүзінде жаттығу қажеттілігін айтып өтті. Мұғалім сабақта өз практика жүзінде жаттығу қажеттілігін айтып өтті. Мұғалім сабақта өз мақсатына жетті. Себебі, оқушылар жарықшақты қол гранатасын лақтыруды теория жүзінде меңгеріп қана қоймай, практика жүзінде жаттығулар жасау толық меңгерді.



2020 жылдың қаңтар айында «Логика әлемі» жеке және топтық жұмысқа қатыстым. Жеке және топтық жұмыс жүргізетін бастауыш сынып мұғалімі Л. Аманбаева . Сабақтың тақырыбы :

Ми гимнастикасы. Ширату . Мұғалім оқушыларды сабақтың максатында міндеттерімен таныстырды.оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында бірнеше сұрақтар қойды. Оқушылар қойылған сұрақтарға толыққанда жауап бере алмады. Сабақтың барысында оқушылар 3 логикалық тапсырма орындады. Бірақ, балалар 2 тапсырманы орындаған кезде толық жауабын таба алмады. Сонымен қатар, оқушылар көзге арналған тапсырмалар мен сергіту сәттерін жақсы көніл – күймен орындады. Сабақтың соңында мұғалім оқушылардың сабақ туралы ой – пикірлеріне сүйене отырып, жасады. Бірақ жеке және топтық сабақта мұғалім оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытатын көрнекі құралдарды толыққанды пайдалана алмады.

Жалпы мектеп бойынша 13 жеке және топтық жұмыстар бар. Бірақ , бүгінгі күнге дейін оқушылардың шығармашылық шығармашылық жағынан даму үдерісін айғақтайтын жұмыстар жасалғанжоқ. Жетекшілер тек қана сабақтын барысында оқушылармен жұмыс жасап, әр түрлі байқаулар мен өнер жарыстарына қатыспайды.

Сондықтан, болашақта жеке және топтық жұмыстардың жүргізілуі оқушы үшін өте қызықты өтүі ескерлүі қажет.
Ұ с ы н ы с :

  1. Мұғалімдер тарапынан жеке және топтық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылардың шығармашылықпен айналысуға жетелейтін көрнекіліктермен жұмыс жасауды жандандыру қажет


Кәсіби бағдар беру жұмысының барысын тексеру туралы

А н ы қ т а м а
Мектептің 2019 – 2020 оқу – тәрбие жоспарының мектепшілік бақылау бөлімін орындау мақсатында 2020 жылдың 12 ақпан мен 14 ақпаны аралығында кәсіби бағдар беру жұмысының барысы тексерілді. Тексеру барысында 11 сынып оқушылармен « Менің болашақ мамандығым» тақырыбында ашық әңгіме жүргізілді. Бүгінгі күні оқушылардың көбісіне медицина саласына байланысты мамандықтар тандап отырғанын айтты. Себебі бүгінгі қоғамға медициналық қызметкерлер өте қажет деп түсіндірді . Сонымен қатар, балалардың тіл кемістігімен жұмыс жасайтын – дефектология мамандығын бірқатар оқушылар таңдап отыр. Қоғамға өте қажетті – кондитер мамандығын оқып болашақта өз кәсібін ашып, тәтті тағамдардың жаңа түрлерін ашуға да ұмтылыстарын білдіріп отыр. Бірақ , ауылға өз пайдасын әкелетін мамандықтар : құрылысшы, агроном, мал дәрігері сияқты мамандықтарды ешкім таңдамай отыр. Яғни, оқушылар өз болашағын ауыл өмірімен байланыстырылмай отыр. Бүгінгі күні , 11 сынып оқушылары арасында « Кәсіби бағдар беру жұмысы» өз деңгейінде жүргізілмейді. Себебі мұғалімдер тарапынан « Ашық есік күндері» немесе « Менің ата – анамның жұмысында бір күн» іспеттес іс – шаралар өткізілмейді. Кәсіби бағдар беру жұмысы тек қана теория жүзінде жүргізіліп, практика жүзінде жүзеге аспайды.


Сонымен қатар , мектептің педагог – психологы Д. Кожманбетова « Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбында 11 сынып оқушылармен тренинг өткізді. Оқушыларға әр түрлі жаттығулар жасату арқылы оқушының қандай мамандыққа икемділігі жоғары екендігін анықтап қорытынды жасады. Жалпы оқушылар мамандық таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасына және көпшілік арасында кеңінен тараған мамандықтарға бет бұратыны анықталды.

Бүгінгі күні кәсіби бағдар беру жұмысы дәстүрлі форматта өткізіліп жатыр. Дегенмен. Оқушылар тарапынан жаңа мамандықтарға деген ешқандай қызығушылық байқалмайды.

Сол себепті, мұғалімдер тарапынан кәсіби бағдар беру жұмысы жаңа форматтта өткізілсе қоғамға пайдасын тигізетін мамандықтарға сұраныс көбейетіні сөзсіз.


Ұ с ы н ы с :

  1. Мұғалімдер тарапынан «Кәсіби бағдар беру жұмысы »

Жандандырылып, іс – шаралар жаңа форматта жоспарланып, өткізілсе.

« Көксу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ бойынша 2019 – 2020 оқу жылында дарынды оқушылармен жұмыс барысын тексерудің қорытындысы туралы

А Н Ы Қ Т А М А
Мақсаты : Дарынды оқушылармен жалпы жұмыс барысын тексеру.

Мерзімі : 25.02. – 28.02.2020 жыл

Тексеру комиссиясы : А.Дусенбаева , Г. Утепова, К.В. Исраилова

Мазмұны :

Бастауыш сынып мұғалімі Л. Аманбаева дарынды балалармен жұмыс папкасы жинақтаған. Жоспары жыл бойына дайіндалған. Балаға арналған жұмыстары бар. Бастауыш сынып мұғалімі К. Торгаеваның дарынды балалармен жұмыс папкасы бар, жоспары қуралған. Балаға арналған жұмыстары жинақталған.

Бастауыш сынып мұғалімі Г. Жумагулованың дарынды балаларға арналған папкасы бар, жоспары жасалған. Жұмыстары толықтыруды қажет етеді.

Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігіндегі пән мұғалімдерінің қабілеті жоғары дарынды оқушылармен жұмыс жинақтамаларын және олимпиада жинақтамалары тексерілді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.О. Оленбаева дарынды оқушылармен мұмыс жинақтамасы бар, жоспар жасалған, алайда жаңартуды толықтыруды қажет етеді, олимпиада жұмыс жинақтамасы да толық жинақталған. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі К. Исмаилованың дарынды оқушылармен жұмыс жоспары бар, бекітілмеген. Орыс тілі пәнінің мұғалімі М. Молдабекова дарынды оқушылармен жұмыс жинақтамалары мүлдем жок. Олимпиада жинақтамасы толық емес, жаңартуды, толықтыруды қажет етеді. Тарих пәнінің мұғалімі Н. Нышанованың дарынды оқушылармен олимпиада жұмыс жинақтары жок, жұмыс жинақтамасы толық емес .


Жаратылыстану бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігіндегі пән мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жұмыстары олимпиадағы резерв оқушылармен жұмыспен ғана шектелген. Биология пән мұғалімі А. Меркуловада 9 сынып оқушысы « Емдік шөптер» тақырыбында зерттеу жұмысын бастап, жұмыстарын жинақтай бастаған. Қалған пән мұғалімдерінің олимпиада құжаттары бір бумада жинақталған.
Ұ с ы н ы с :

  1. Дарынды оқушылармен жұмыс олимпиадаға резерв оқушылармен жұмыспен шектелмей, « Зерде », КГА зерттеу жұмыстары қолға алынсын.

  2. Зерттеу жұмыстары бар мұғалімдер жұмыстары жинақталып, аудандық байқауға қатыстырылсын.


Көксу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы

2019 – 2020 оқу жылы Жазатайым оқиғаны алдын алу туралы

А Н Ы Қ Т А М А
Жазатайым жағдайлардың алдын алу жолдары.
Жасөспірімдердің өз – өзіне қол жұмсаудың және жазатайым оқиғалардың алдын алу жоспар бойынша оқушылариен жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың қыркүйек, қазан айларында жұмыстар төмендегідей оқушылардың психологиялық стреске шалдыққан жазатайым оқиғаны тудыратын оқушыларды жеке тұлғаның мінез – құлқын зерттеу мақсатында 5 , 11 сынып оқушыларынан өздерінің бойындағы ашу, ыза анықтау мақсатында «Кактус» суретті тест алынды. Қараша айында мұғалімдермен « Суицид себептері мұғалімдермен лекция слайд шоу » жүргізілді. Желтоқсан айында «Мен өмірді сүйемін » 5 – 11 сынып аралығында жасөспірім арасында жазатайым оқиғалардың мінез – құлықтың алдын алу жұмыстары бойынша сынып сағаттар жүргізілді. Қаңтар айында « Басса – Даркмдің эмоциялық тесті алып, анықталды . » « Адам басты құндылық» тренинг жүргізілді. Ақпан айында « Өмір тамаша ! Босқа қауіпке жол берме ! » дөңгелек үстел жүргізілді.
Сынып жетекшілерден өмір техника қауіпсіздік дәптерлері тексерілді. Тексеру барысында өрескел қателік анықталған жок. Сынып жетекшілер де өмір техника қауіпсіздік дәптері бар, бірақ ата – ана мен оқушылардың қолы толық емес.

Сынып жетекшілерге ауызша ескерту берілді.
Ұ с ы н ы с :

  1. Сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың эмоционалды мінез – құлқын үнемі бақылап жүрулері қажет.


«Көксу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын ортығымен» КММ бойынша 2019 – 2020 оқу жылында дене шынықтыру , көркем еңбек, музыка пәндерінің жүргізілу барысын зерделеу қорытындысы туралы