ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 83
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
33-34-сабақтар. Жобаны қорғау Қорытындылау. Шағын жобаларды қорғау
2-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пəнінің базалық мазмұны
-
Компьютер. Компьютерлік құрылғылар: енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) мен шығару құрылғылары (монитор, принтер, динамиктер/құлаққаптар).
Программалық қамтамасыз ету: файл мен бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру жəне жою; контекстік мəзірді пайдалану.
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 40
Ақпаратты ұсыну мен өңдеу. Мəтіндер, пернетақта симуляторы мен мəтін редакторында сөйлемдерді теру.
Графика: суретті өңдеу; суретті қию; айналдыру; өлшемін өзгерту; сурет фрагментін көшіру əрі көрсету.
Мультимедиа: дыбысты жазу мен ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.
-
Интернет желісіндегі жұмыс. Берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мəліметтермен ауысу. -
Есептей білу. Алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің ауызша түрі.
Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мəтіндік диалогті ұйымдастыру.
-
Роботтехника. Ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны əзірлеуде дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
Сабақ барысындағы тапсырма түрлерінің берілуі:
-
Жеке жұмыс -
Жұптық жұмыс -
Топтық жұмыс -
Ұжымдық жұмыс
Оқытудың маңызды факторы – оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеріп түсінуі мен бағалай алуы. Біз сабақ беріп жүрген сыныптарда топтық жəне жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамыз. Мұндай тəсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.
Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім – оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» «оқушы – оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген
дəлелдерді əзірлеуде жəне қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, əртүрлі сипатта болуы керек. Топтық жəне жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Əрсабақтағыдұрысұйымдастырылғантоптықжəнежұптықжұмыстаоқушылар:
-
өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады; -
жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады; -
өз мүмкіндігін біледі; -
өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады; -
назарын басқа жаққа аудармайды, алаңдамайды; -
өз тəртібі мен өзгенің тəртібі туралы жəне оның салдары туралы айта алады; -
нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады; -
өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі жəне тыныштандырады; -
жаңа тапсырманы жауапкершілікпен орындайды; -
өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді.
Топтықжұмыспенжұптықжұмыстыңнəтижелері:
-
Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мəнін терең ашуға көмектеседі. -
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. -
Олардың əрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады. -
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік алады. -
Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді. -
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. -
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс істеуінде мүмкіндік беретінін, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитынын, оқушының өзіне сенімі əрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.
Үй жұмысы. Оқушыларға үй тапсырмасын беру мұғалім құзыретінде. Сабақ беру процесінде кейбір тақырыптар бойынша оқушы өздігінен оқып ізденуін қажет етеді. Үй тапсырмасы берілгенде, оқушы өз білімін пысықтайды.
Оқу мақсаттарының жүйесі
Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші жəне үшінші сандар бөлім мен бөлімшені, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында:
«2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі.
Оқыту мақсатының жүйесі əр сабаққа бөлім бойынша берілген.
2-сынып | |
| Компьютерлер |
Компьютердің құрылғылары | 2.1.1.1 енгізу-шығару құрылғыларын ажырату; |
Программалық қамтамасыз ету |
|
Қауіпсіздік | 2.13.1 цифрлық құрылғылар мен интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену; 2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жою; |
| Ақпаратты ұсыну мен өңдеу |
Мəтіндер |
|
Графика |
|
Мультимедиа |
|
| Интернет желісінде жұмыс істеу |
Ақпарат іздеу | 2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; |
Ақпарат алмасу | 2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мəліметтермен ауысу; |
| Есептей білу |
Алгоритмдер | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді іске асыру; |
2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру; | |
2.4.1.3 мəселені шешу үшін алгоритм құрастыру; | |
Программалау | 2.4.2.1 программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасау; |
2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; | |
2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыру; | |
| Роботтехника |
Жалпы роботтехника | 2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; |
2.5.1.2 роботқа арналған программаны əзірлеу кезінде дыбысты пайдалану; | |
2.5.1.3 құрылған роботты аудиторияға ұсыну; | |
Роботтың қозғалысы | 2.5.2.1 ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; |
Датчиктер мен қозғалтқыштар | 2.5.3.1 программаны бастау үшін, жанасу датчигін қолдану; |
«Цифрлық сауаттылық» пəні бойынша үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың ұзақмерзімді жоспары (оқу бағдарламасынан)
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) * | Сабақтың тақырыптары | Оқу мақсаттары | ||
1-тоқсан | ||||
I бөлім. Компьютерлер мен программалар (ортақ тақырып: «Өзім туралы») | Денсаулығымызды сақтаймыз | 2.1.3.1 цифрлық құрылғылар мен интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену; 2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; 2.1.1.1 енгізу-шығару құрылғыларын ажырата білу; | ||
Файлдар мен бумалар |
| |||
II бөлім. Шығармашылық жəне компьютер (ортақ тақырып: «Менің отбасым жəне достарым» | Тармақталу алгоритмі Программалар құруды жалғастырамыз | 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру; | ||
Алгоритмді орындау | 2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру; | |||
Жеке кейіпкер жасау | 2.4.2.1 программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасау;
| |||
2-тоқсан | ||||
III бөлім. Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптары: «Менің мектебім», «Менің туған жерім») | Пернетақтамен танысу | 2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; | ||
Пернетақтада жаттығу | 2.2.1.1 пернетақта симуляторында мəтін теру; | |||
Мəтін теруде пернетақтаны басқару | 2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыру; | |||
| 3-тоқсан | | ||
IV бөлім. Мультимедиа (ортақ тақырып: «Дені саудың жаны сау») | Дыбыс жазу жəне ойнат | 2.1.1.1 енгізу шығару құрылғыларын ажырату; 2.2.4.1 дыбысты жазу мен ойнату үшін программаларды пайдалану; | ||
Дыбыстық əсерлер | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу; | |||
Дыбысты өңдеу | 2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу; | |||
V бөлім. Роботтехника: датчиктер (ортақ тақырып: «Дəстүр жəне фольклор») | Роботтың қозғалысы | 2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру; | ||
Роботқа арналған программаны іске қосу | 2.5.3.1 программаны бастау үшін түрту сенсорын қолдану; | |||
Роботқа арналған дыбыс | 2.5.1.1 роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; | |||
2.5.1.2. роботқа арналған программаны əзірлеу кезінде дыбысты пайдалану; | ||||
| 4-тоқсан | | ||
VI бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қоршаған орта», «Саяхат») | Жоба идеясының мəтінін теру жəне редакциялау | 2.2.1.2 өз идеяларын мəтіндік редакторда жазу 2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мəліметтермен ауысу; | ||
Жоба жасау алгоритмімен танысу | 2.4.1.3 мəселені шешу үшін алгоритм құрастыру; | |||
«Билейтін робот» жасау |
2.5.2.1 ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру; |