Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Химия 8сынып Жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

[2]
b) Өзгерістер тізбегі берілген: КМnO4 → А → Р2O5

c) А затын анықтаңыз __________________________________________________

[1]

d) КMnO4 -тен А затын алудың реакция теңдеуін жазыңыз

______________________________________________________________________

[1]
e) А затының алдына қойылатын коэффициентті анықтаңыз

4Р + А → 2Р2O5

______________________________________________________________________

[1]

4. Зат мөлшері 2 моль оттек(қ.ж.) қандай көлем алады?



[1]

5. Озон – химиялық формуласы О3 болып келетін оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі. Түсі қою көк, өткір иісті газ,ал сұйық озон күлгін көк; балқу t – 192,7°С, қайнау t – 112°С. Суда ерігіштігі 0,394 г/л (0°С-та).

Төменде берілген сурет бойынша озонның қолданылу салаларын анықтаңыз.



[1]

6. Озон қабаты (озоносфера) бүкіл Жер шарын 10-50 км аралығында қоршап тұр, ал ең көп жинақталуы 20-25 км биіктікте болады. «Озон тесігі» деген атау алып, Антарктида үстіндегі кеңістікте озон мөлшерінің (50%) төмендеуіне байланысты ең бірінші озон қабатының жұқаруы 1985 жылы жүрт назарына ілікті. Содан бергі өлшеулер нәтижесі озон қабатының азаюын дәлелдеуде. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроағзалар тіршілігі үшін қатер болып табылады.
Озон қабатының бұзылуына себеп болатын жағдайларға екі мысал келтіріп жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]

Балл қою кестесі


Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды

1, 2

зертханада сутекті қандай заттардан алуға болатынын анықтайды;

1

қай суретте сутек газын жинау әдісі көрсетілгенін дұрыс анықтайды;

1

Өз таңдауын түсіндіреді;

1

сутек газын зертханада алу үшін қолданылатын реактивтерді анықтайды;

1

жиналған газдың сутек екенін дәлелдейді;

1

сутектің қолданылуына мысал келтіреді;

1

Оттекті алудың реакция теңдеуін және оттектің қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды

3,4

кестеге шындық болса «+» қояды;

1

жалған болса « -» белгісін қояды;

1

тізбектегі А затын анықтайды;

1

калий перманганатын айырып А затын алудың реакция теңдеуін

жазады;

1

А затының алдына қойылатын коэффициентті анықта

1

зат мөлшері белгілі газдың көлемін дұрыс есептейді;


1

Оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін сәйкестендіреді

5

берілген сурет бойынша озонның қолданылу салаларын анықтайды;


1

Озон қабатының маңызын түсіндіреді

6

озон қабатының бұзылуына себеп болатын жағдайларға екі мысал келтіріп жазады;


2

Барлығы

15



«Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау







Оқу мақсаты

8.2.1.1 Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру;

8.2.1.3 Топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру;

8.2.1.4 Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау;

8.2.1.6 Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру;

8.2.1.7 Химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау.

Бағалау критерийі

Білім алушы:




● Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін сипаттайды;

● Элементтер қасиеттерінің топтар мен периодтарда заңдылықпен өзгеретінін түсіндіреді;

● Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттайды;

● Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын атайды және олардың таңбасын жазады;

● Периодтық кестеде орналасуына байланысты химиялық элементтің қасиетін болжайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма

1. Элементтердің келесі қатары берілген. Берілген тұжырымдар мен химиялық элементтер арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.

Тұжырымдар

Химиялық элементтер

1) элементтің 6 электроны бар

A) Ag

2) элементтің 7 нейтроны бар

B) Al

3) элементтің 5 энергетикалық деңгейі бар

C) N

4) элементтің протон санының мәні 3-ке тең

D) Li

5) элементтің соңғы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар

E) C

1) ___ 2)___ 3)___ 4)____ 5)___



[2]

2. a) Берілген кесте бойынша дұрыс жауаптарды анықтаңыз.




Период бойынша (солдан оңға қарай)

Топ бойынша (жоғарыдан төмен қарай)

1) Энергетикалық деңгей саны

А) өзгермейді

B) 1 энергетикалық деңгейге артады

C) өзгермейді

D) 1 энергетикалық деңгейге артады

2) Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны

А) 1-ге артады

B) тұрақты

C) 1-ге артады

D) тұрақты



1) _______________

2) _______________

[2]

b) Берілген химиялық элементтердің қасиеттерінің периодты өзгеруіне байланысты тұжырымдардың бос орындарын қажетті сөздермен толықтырыңыз.


Период бойынша (солдан оңға қарай)






2. Атом радиусы ______________

1. Салыстырмалы атомдық масса _______________


Топ бойынша (жоғарыдан төмен қарай)




4. Оттекпен қосылысындағы валенттілігі ____________

3. Металдық қасиет ___________


[2]

3. Химиялық элементтің нейтрон санының мәні 12-ге тең. Бұл элемент ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементке сипаттама беріңіз.

1. Элементтің атомдық нөмірі __________________________________________

2. Периодтық жүйедегі орны ___________________________________________

3. Атом құрамы _____________________________________________________

4. Элементтен түзілген жай заттың қасиеті _______________________________

[4]

4. Берілген химиялық элементтерді табиғи ұялас топтарына топтастырыңыз және әр топты екі мысалмен толықтырыңыз.

Na, Cl, He, Li, Br, Ne, Rb, I, Kr


Табиғи топтар

Ұялас элементтер

Мысалдар

Сілтілік металдар







Галогендер







Инертті газдар







[3]

5. Кестеде бірінші топтың негізгі топша элементінің физикалық және химиялық қасиеттері берілген. Литий элементі үшін бос орындарды өз болжамыңызбен толықтырыңыз.



Химиялық элемент

Валенттілігі

Физикалық қасиеті

Сумен әрекеттесуі

Натрий

І

Ашық металдық жылтыры бар

Шабытты












[3]

Балл қою кестесі


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Ескерту

Білім алушы

Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін сипаттайды


1

Атом нөмірінің физикалық мәнін сипаттайды

Периодтың физикалық мәнін сипаттайды

1
1




Элементтер қасиеттерінің топтар мен периодтарда заңдылықпен өзгеретінін түсіндіреді

2 а)

Энергетикалық деңгей санының периодты өзгеруін анықтайды

1




Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон санының периодты өзгеруін анықтайды

1




2 b)

Химиялық элементтердің период бойынша өзгеретін қасиеттерін сипаттайды

1




Химиялық элементтердің топ бойынша өзгеретін қасиеттерін сипаттайды

1




Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттайды

3

Химиялық элементтің атомдық нөмірін анықтайды

1




Периодтық жүйедегі орнын сипаттайды

1




Атом құрамын анықтайды

1




Элемент түзетін жай зат қасиетін сипаттайды

1




Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын атайды және олардың таңбасын жазады

4

Сілтілік металдарды анықтайды, мысалдар келтіреді

1




Галогендерді анықтайды, мысалдар келтіреді

1




Инертті газдарды анықтайды, мысалдар келтіреді

1




Периодтық кестеде орналасуына байланысты химиялық элементтің қасиетін болжайды

5

Химиялық элементтің валенттілігін анықтайды

1




Химиялық элементтің физикалық қасиетін сипаттайды

1




Химиялық элементтің сумен әрекеттесуін сипаттайды

1




Барлығы

16