Файл: А Оушылара за білімі саласынан малмат беру з ытарын жете білуге, з беттерімен салыстыра білуге, мірде олдана білуге йрету ыты білімдерін толытыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тауке хан: Қарақалпақ би, жарғыға қосарың бар ма?
Қарақалпақ би: Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Әйелің жаман болса,
Бұл жалғанның тозаңы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!- деп Қаз дауысты Қазбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі жөнінде болсын.
Тауке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?
Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек?
Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?
Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?
Әйелі ерін силамаса, ері елін силамаса,
елі әдет- ғұрып сақтамаса ертеңгі күніміз не болмақ?
Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.
Тауке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер Жеті жарғымызды қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып «Жеті жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин.
жүргізуші: Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты: 1 бап - Мемлекттік мәселелеріне байланысты
2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты
3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты
4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты
5 бап- Діни мәселелеріне байланысты.
6 бап - Жұртшылық мәселелеріне байланысты
7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне байланысты
Осы Жеті жарғы заңдары XX ғасыр басына дейін өз күшін сақтады.
Кеңестік дәуірінде Қазақстанда қабылданған 1937ж. және 1978ж. Конституциялары болды. Қас қағым сәтте күрделі оқиғалар туындап жататын бүгінгідей жүйрік уақытта егемен еліміздің Ата Заңын жетілдірудің қажеттігі күн тәртібіне қойылды. Бұл ғарыштық жылдамдықпен зымыраған заманның талабы болатын. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз елдің екінші Конституциясы қабылданды. Бүгінгі қолданыстағы негізгі заңымыз кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан құралған. Ол бүгінгі заманның барлық маңызды мәселесіне толық жауап беріп келеді. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік, өйткені біздің колледжде 18 жасқа толмаған балалар 1,2 курстарда оқып жүр:
1 - бап. Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі.
2 - бап. Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді.
6 - бап. Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы.
7- бап. Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы.
9 - бап. Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы.
13 - бап. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
14-бап. Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостандығына құқылы.
15-бап. Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы.
16-бап. Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды.
17-бап. Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы.
19-бап. Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды.
27 - бап. Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді.
28 - бап. Баланың білім алу құқығын мойындайды.
32 - бап. Баланың экономикалық қанаумен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік өсуіне нұқсан келтіретін кез келген жұмысты істемеу құқығын мойындайды.
33 - бап. Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол бермейді.
31 - бап. Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын - сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды.
Баланың жеке басының құқықтары:
- Аты - жөні, тегіне құқылы.
- Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы.
- Ата - анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге.
- Адами қасиетін силауға.
- Туған - туыстармен араласуға.
- Өз құқығын қорғауға.
- Құқығын қорғау үшін құзырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы.
- Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы.
Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның,
оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары, ережелері бар. Мысалы:
Геология барлау колледжінің де Жарғысында колледж оқушыларының міндеттері
керсетілген:
1. Колледждің ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті.
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға.
3. Оқу болмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, колледж мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті.
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге.
5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуына.
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге.
7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға.
8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті.
Осы колледж оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де көрсетілген.
Тиым салынады:
1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды колледж аумағына әкелуге.
2. Колледж ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға.
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға.
4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады.
Бүгін біз Еліміздегі ең манызды заң күжаттарына және колледж ережелеріне көз жүгірттік. «Еркіндікте болу үшін, заңға бағыну керек деген көне нақыл сөз жүз мәрте әділетті» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі бар. Еліміздің көпшілігі заңға бағынып еркін жүргенде, сонымен қатар өмірде заң бұзушылық та орын алуда. Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған. Қазір үстел үстінде жатқан заттар арқылы: таразы, семсер, көзбайлауыш және мантиядан Фемиданың бейнесін жасау керек. Фемида-әдлеттілік сот символы. Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады. Фемида - мантия киген, келбетті де келісті әйел. Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы. Таразы мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әдлет пен әдлетсіздік таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен. Таразы Фемиданың сол қолында -өйткені денесінің сол жағы сезімтал қабылдағыш екен. Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екі жақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді. Көзбайлағыш -әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып Фемида әділетті шешім қабылдайды. Заң бұзушылықтың себебі қандай? заң бұзушылыққа не әкелуі мүмкін? (Жағымсыз қоршаған орта, наркотиктар, маскүнемдік, адамның әлеуметтік жағдайы, қызығушылық, заңды білмегендік). Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады. Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол; бірі ақ, бірі қара. Қара жол дегеніміз не? (маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық, жазалау, ыза болу, көралмаушылық, жұмыссыздық.) Ақ жолды неге теңеуге болады? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік, білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық, төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу.
Тәрбие сағаты
№ | ФИО | Группа | Дата | Подпись |
1 | Абдыкалыков Рахим Кудайбергенович | МЦ-221А | 08.12.22 | |
2 | Ағайын Байкелді | МЦ-221А | 08.12.22 | |
3 | Амерканов Ислам Серикович | МЦ-221А | 08.12.22 | |
4 | Аханов Асанали Мейрамгалиевич | МЦ-221А | 08.12.22 | |
5 | Бағыс Әли Қанафияұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
6 | Даулетов Оразбек Ақылбекович | МЦ-221А | 08.12.22 | |
7 | Есенгелді Абылайхан Жомартұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
8 | Ерғали Ғабид Валиханұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
9 | Жұматай Алмаз Марғұланұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
10 | Зариппула Руслан Рашитұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
11 | Касимов Махсад Даниярұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
12 | Кенжебаев Галымжан Мейрамович | МЦ-221А | 08.12.22 | |
13 | Корчан Даниил Анатольевич | МЦ-221А | 08.12.22 | |
14 | Кудайбергенов Асет Канатович | МЦ-221А | 08.12.22 | |
15 | Кусманов Тамирлан Русланович | МЦ-221А | 08.12.22 | |
16 | Марат Ерболат | МЦ-221А | 08.12.22 | |
17 | Нурлыбеков Оразхан Курмангалиевич | МЦ-221А | 08.12.22 | |
18 | Олжабай Олжас Куатұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
19 | Сембай Әділхан Берікұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
20 | Сулейменов Жанат Сембаевич | МЦ-221А | 08.12.22 | |
21 | Телек Хуниш | МЦ-221А | 08.12.22 | |
22 | Тлеубергенов Арлан Нурланович | МЦ-221А | 08.12.22 | |
23 | Тулеубеков Куат Толеутаевич | МЦ-221А | 08.12.22 | |
24 | Туяқбай Нуржас Нуржанович | МЦ-221А | 08.12.22 | |
25 | Шайқағали Ырысбек Болатұлы | МЦ-221А | 08.12.22 | |
Куратор группы Жунусова А.Б.