ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БАЯНДАМА
Тақырыбы:Тарих пәнін оқытуда жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайындағы жаңа тәсілдер
Баяндамашы: Абдульманов Б.М.
2022ж.
ЖОСПАР
І. Кіріспе
1.1 Жаңартылған бағдарлама - заман талабы
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жаңартылған білім берудің ерекшеліктері.
2.2 Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер.
ІІІ. Қорытынды
3.1 Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы нәтижелер
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
1.1 Жаңартылған бағдарлама - заман талабы
Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек. М.Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе». Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мән мәтін аясында өрістелуі тиіс.
Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Орта білім беру жүйесінеенгізілген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай тың Бағдарлама. Оның негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жаңартылған білім берудің ерекшеліктері.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Заман ағымына ілесе алатын, мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту –басты міндет болып табылады. Яғни Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы». Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен үйрену керек»,-деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе – ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог –білім тасушыдан - Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс. Сонымен Жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс: .
- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
- тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,
- рухани дамыған,
- толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Ұстаздарға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, сын тұрғысынан ойлауы дамыған, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, алған білімін өмірде қолдана алатын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге
танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауына мүмкіндік береді.
Білім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені, оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде.
2.2 Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат-мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жаңа технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру - ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.
Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным - әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Біздің міндетіміз - оқушыға оны бойында жасынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Қазіргі таңда оқушының қызығушылығын ояту үшін, заман талабына сай сабақ өткізудің жаңа технологияларына сүйенген жөн. Қазіргі оқушы барлық ғаламтор жүйесінде жұмыс жасау, теледидар, планшет, телефонмен, түрлі бағдарламаларды меңгерген, оларда жұмыс жасауды біледі. Бір ғана оқулықпен баланың қызығушылығын ояту мүмкін емес. Бала қазіргі кезде көру, есту мүшелері арқылы тез қабылдайды, оларға ұзақ, яғни, бірнеше беттен тұратын, тілі ауыр, хронологиялық даталарға толы тарихи мәліметті меңгерту қиынға соғады. Тарих пәнін оқыту кезінде тарихи оқиғаны оқушыға жеткізуде жоғарыда айтылған жаһандану технология жетістіктерін қолданған дұрыс. Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Жаңа технологиялардың түрлерін тарих сабағында пайдалану – оқушылардың еркін сөйлеуін, логикалық ойлауын, тіл байлығын жетілдіреді. Пікір – сайыс, сұхбат және т.б. әдіс-тәсілдер араласқан сабақ барысы оқушыларға әсерлі болып, ізденуге шабыт береді.
Тарих сабақтарының халқымыздың өткені, бүгіні, келешегі туралы оқушыда жүйелі білім беруде тәрбие–танымдық мүмкіншіліктері мол десек, Қазақстан тарихын оқып үйрену барысында оқушылардың өздік жұмысын мынадай түпнұсқалармен:
а) Оқулық;
ә) Тарихи көздер мен материалдар: деректер, құжаттар, фотоқұжаттар, статистика, көркем әдебиет және басқалар;
б) Анықтамалық, қоғамдық – саяси, ғылыми-көпшілік әдебиеттер;
в) Бұқаралық ақпарат құралдары және баспасөз материалдары;
г) Компьютермен, электронды оқулықпен және басқалармен ұштастыруға болады.
Тарихты оқып–үйренуде мұғалім басшылығымен оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді. Оқулық мәтінін түсінуге, оны оқуға, оқығанын есінде сақтап қайта әңгімелеп беруге, түрлі құжаттардың жай және күрделі жоспарын жасауға, тезис, конспект, реферат жазуға үйренеді, оқыған материалды саналы әрі берік меңгеруге тырысады. “Даталар сөйлейді” әдісі бойынша ақын-жыраулар туралы жазылған тарихи деректерді талдау жұмысы жасалады.
1. 1693-1787жж, 1675-1768жж, XVІІІ, т.б.
2. Жырау сөзіне «Топтастыру» стратегиясы бойынша ортақ жауап шығарылып, талдау жасалады.
3. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
4. «Бұл кімнің сөзі?» (берілген жырдың қай ханның сөзі екенін анықтау)
5.«Венн диаграммасы» арқылы оқушылар ақын-жыраулар арасындағы байланыстарды айқындай білуге дағдыланады.
6.«Тарих дөңгелегі» ойыны. Бұл ойын тарауды, тақырыпты қорытындылау үшін тиімді. (Тұлғалар, жылдарды сөйлету, термин сөздер,қанатты сөздер, )
8. Тұлғалар бөлігінде - тарихи тұлғаны табуға арналған сұрақ.
9. Жылдарды сөйлету бөлігінде - дата, уақыт, санға сәйкес сұрақ жасырылған.
Кері әсері парағы:
Білемін. Білгім келеді. Сұрағым.
Білім мен тәрбие беруде педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми – әдістемелік, жаңа тың ізденістерге ілесе отырып, жаңашылдыққа талпынып отыру шарт. Әр сабаққа шығармашылықпен, ізденіспен дайындалу керектігі жылдан жылға дәлелденіп келеді.
ІІІ. Қорытынды
3.1 Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы нәтижелер
Жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға, үлгерімі төмендердің өзін өзі көрсетуіне мүмкіндік туады;
-Жеке тұлға ретінде өзін дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби шеберлігін қалыптастыруға көмектеседі;
-Тіл байлығын, тарихи сөздік қорын дамытады;
- Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге, шығармашылыққа үйретеді;
-Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге, өзінің ізденісін көрсету мен бөлісуге тәрбиелейді.
Жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
Қорыта айтқанда, тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтайды, келешегінде болжай алады. Әбу Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу келешекті болжау қиын» - дейді. Оқытушының бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде. Оқытушы жаңа ақпараттық технологияларда жұмыс істеу қабілеті бар білікті педагог, мықты психолог. Ел болашығын өркендетер талабы таудай, қабілеті мол, өз бетімен жұмыс жасай алатын ізденімпаз оқушыларды тәрбиелеуде қажырлы еңбек пен күш қуатымызды аямайық.
ІV.