Файл: 1 нса Жер бетінде 4035мы жыл брын мір срген адам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 – нұсқа

1. Жер бетінде 40-35мың жыл бұрын өмір сүрген адам: А) "Епті адам" В) Питекантроп С) Синантроп D) "Тік жүретін адам "Е) "Саналы адам" 2. Ең ежелгі "епті адамның" мөлшермен өмір сүрген мерзімі. А) 1 млн жыл бұрын В) 500-200 мың жыл бұрын С) 1 млн. 750 мың жыл бұрын D) 40-35 жыл бұрын Е) 100-35 мың жыл бұрын 3. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі А) Көшпелілер В) Тайпалық С) Қауымдастық D ) Тобыр Е) Рулық 4. “Теле сөзінің мағынасы. А) Ұйғыр В) Қарлұқ С) Түрік D) Оғыз Е) Қимақ 5. Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет А) Қарахан В) Қарлұқ С) Оғыз D) Қыпшақ Е) Найман 6. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: А) б.з.б ІV ғасырдың басы В) б.з.б ІІІ ғасырдың аяғы С) б.з.б. V ғасырдың басы D) б.з.б. І ғасырдың ортасы E) б.з.б. VІ ғасырдың басы 7. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда, ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ: А) Батыс В) Жетісу С) Шығыс D) Слтүстік Е) Сібір 8. ХШ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең етек жая бастауына байланысты жарық көрген “Жүсіп-Зылиқа” атты поэманың авторы А) Әбу Бәкір В) Әбу Бируни С) Әли D) Ахмет Жүгенеки Е) Ахмет Яссауи 9. Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты: А) Қазақ жасақтарын әлсіретіп, құрту В) Бір мезгілде қазақтармен және Ресеймен соғысу С) Қазақтармен экономикалық, сауда байланыстарын орнату D) Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату Е) Жоңғар әскерінің басымдығын көрсету 10. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : А) И.Кириллов В) В.Татищев С) А.Тевкелев D) Зернов Е) В.Степанов 11. Қытайлар қазақ шекарасына осы ханның тұсында басып кірді А) Тәуке ханның В) Абылайдың С) Әбілхайыр D) Қайып Е) Әбілмәмбет 12. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері А) Ұлы және Кіші жүз В) Кіші және Орта жүз С) Орта және Ұлы жүз D) Барлық үш жүз Е) Тек Кіші жүз 13. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік берілді А) Хандық кеңеске В) Шекаралық сотқа С) Орынбор әкімшілігіне D) Старшындар тобына Е) Аға сұлтанға
14. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады А) Баймағамбет сұлтанның В) Жәңгір ханның С) Балқы бидің D) Табылды Шерғазыұлы сұлтанның Е) Нұртазғани сұлтанның 15. Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді А) сұлтандар сотын В) хандық сотты С) қазылар сотын D) халық сотын Е) имандар сотын 16. )Мәтінде XVIII ғ. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының дамуынан үзінді келтірілген. Қазақ-Ресей саудасының ерекшеліктері арасында қатесін табыңыз: “Қазақтардың Ресеймен сауда жасайтын негізгі орындары шекара шебінегі Орынбор,Троицк,Петропавл,Омбы,Семей және Өскемен ... болды. Қазақ-Ресей саудасының өзіндік ерекшеліктері бар еді,... айналымдағы ақша қазақтарда аз еді. Сауда бірлігі ісек қой саналды. ... Ресей саудагерлері аз уақыттың ішінде-ақ байып шыға келді. Мысалы,бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенепті бір жылқы мал өгізге айырбас жасады.Ал ол жылқы мен өгізді Ресейге алып барып,12-15 сомнан сатты» А) Сауда жасайтын негізгі орындар округтік приказдар болды. В) Мал бағуға бағуға рұқсат беру С) Сауда жасауға берілген салық төлеу приказдары Д) Құрал саймандарға баж салығын төлеу приказдары Е) Сауда саттық тек қалаларда ғана жүргізілсін деген приказ 17. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «1991 ж 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналдыү М.С.Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ.Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды.Жергілікті уақыт бойынша сағат 17-де 11 республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды.Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты...» А) КСРО –ның құрылуы В)ТМД-ның құрылуы С) ҚазАКСР-ның құрылуы Д) ТЖМК-ның құрылуы Е) Ұлттар Лигасыныңы құрылуы 18. ) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың 5 жылдығымен тұспа-тұс келді.Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев , академик С.Зиманов,желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келгендер сөз сөйледі. «1986 ж. Желтоқсанда екі күш-жас,қатайып үлгермеген демократиямен тоталитарлық жүйе қақтығысты» деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе қүйреді» А) Қазақстанның БҰҰ кіруі В) Қазақстанда Шанхай бірлестігіне енуі С) Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы Д) Қазақстанның Ассамблеясының құрылуы Е) «Мәдени-мұраның »жариялануы
19. ) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Хан 1368-1369 жж. Өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды. Ол 1374-1375жж.Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғаларын бағындырды.Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмады» А)Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы. В) Моғолстанның Қазақстанға әскери көмек беруі С) Әбілхайыр хандығынан Қазақстанның бөлініп шығуы Д) Шайбанилердің қазақ жеріне баса көктеп енуі Е) Қасымханның жедел саясаты 20. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның жағымсыз салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз. «Көрсеткішті жоғарлатып көрсету үшін орасан зор аумақ жыртылды.Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарға әкеліп соқты:топырақ эрозиясы күшейді.Егін үшін жыртылған миллиондаған жер шабындық жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты.Мыңдаған гектар жерлер елді мекен салуға тартып алынып, олардың инфроқұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы орны толмас шығынға ұщырады. Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды.»

А) Өнердің дамуы В) Малшаруашылығының төмендеуі С) Еңбек өнімдерінің артуы Д) Сауданың дамуы Е) Дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі.

2 – нұсқа

1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі

А) Қола дәуірі В) Темір дәуірі. С) Рулық тайпалық кезең. D) Андронов кезеңі Е) Тас дәуірі

2. Полеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір.

А) Алтай өңірі В) Алатау өңірі С) Жамбыл обылысы D) Алматы обылысы Е) Орталық Қазақстан жері

3. Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары

А) Шөп тамырлары В) Жануарлардың сіңірлері С) Жануарлар жүнін иіру арқылы

D) Жануарлар ішектері Е) Ағаш қабықтары

4. Түріктердің шаруашылығы

А) Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы В) Аңшылық С) Балық аулау

D) Егіншілік Е) Ешқандай шаруашылықпен айналыспады

5. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:

А) қытай немесе болгар бұрышы В) қызанақ С) пияз D) сәбіз E) орамжапырақ

6. Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері жақын орналасқан қала

А) Тараз В) Сығанақ С) Отырар D) Алмалық Е) Испиджап

7. Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты:


А) 520 ж. В) 620 ж. С) 633 ж. D) 533 ж. Е) 733 ж.

8. Ғұлама Әл Фараби туған қала:

А) Сығанақ В) Отырар С) Тараз D) Испиджаб Е) Құлан

9. 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер:

А) Қарақұм В) Ұлытау С) Ордабасы D) Сарыарқа Е) Түркістан

10. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:

А) Әбілпайыз В) Қайып С) Әбілмәмбет D) Барақ сұлтан Е) Нәдір шах

11. Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы

А) 1740ж В) 1745ж С) 1757ж D) 1761ж Е) 1763ж

12. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған

А) Саяси мәселелер В) Діни мәселелер С) Жер мәселесі D) Хандық биліктің жойылуы

Е) Әлеуметтік мәселе

13. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады

А) Әскери бекіністерге В) Хан сарайына С) Жазалаушы тобына D) Казак әскеріне

Е) Қарабай сұлтанның жасағына

14. Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары

А) И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы В) А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы

С) Қ.Өтемісұлы мен Б.Сарұлы D) Жоламан Тіленшіұлы мен Е.Көтібарұлы

Е) И.Тіленбайұлы мен Д.Тәжіұлы

15. Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды?

А) 1839 ж В) 1841 ж С) 1843 ж D) 1845 ж Е) 1847 ж

16. ) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаға Н.Ә.Назарбаевтың көзқарасы. «Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің экономикалық және саяси суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып,кеңес халқына үндеу тастады.Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп ,аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша...одақтық және автономиялы республикалар,өлке,облыс,қала,аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия,қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг,шеруге шығу,ереуіл жасауға тыйым салынды»

А) ТМД-ның құрылуын қолдамады В)ТЖМК-ны қолдамайтынын жариялады.

С) Шаңхай үйымына бірігуді қолдамады.

Д) БҰҰ на бірігуді қолдамады

Е) ТЖМК-ны қолдайтының жариялады 17. ) «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын анықтаңыз. «Қазақстан Респуб. Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс,тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді.Қытайға, Түркияға, Монғолияға,Ресейге,Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға,Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып,


Қазақстан тарихы, этнографиясы,елдері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды.

А) Қазақстанда Ғылым Академиясы енгізілді

В) Жоғарғы оқу орындардың көптеп ашылуы

С) Ғылыми экспедициялардың көптеп ашылуы Д) Тың деректер зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілді.

18. Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.»

А) Аталық рудың дамуы

В) Аналық рудың шығуы С)Рулық қауымның шығуы.

Д) жеке меншіктің шығуы

Е) тайпалық одақтың шығуы 19. )Мәтінде сипатталған тарихи үрдіске тән емес белгі. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.» А) Жеке меншіктің үстемдігі.

В) Кәсіпкерліктің арттуы

С) Еңбек өнімдерінің артуы

Д) Салықтың пайда болуы

Е) Сыртқы сауданың арттуы 20. Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі. «...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.»

А) Энеолитте

В) Палеолитте

С) Мезолитте

Д) Темір дәуірінде Е)Неолитте

3 – нұсқа

1. Адамдардың дән үккішті ойлап тапқан кезеңі

А) Полеолитте В) Мезолитте С) Қола дәуірінде D) Неолитте Е) Темір дәуірінде

2. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезең

А) Орта полеолит В) Кейінгі полеолит С) Неолит D) Ерте полеолит Е) Мезолит