Файл: за мерзімді жоспар блімі 1А атынастар жне пропорциялар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: Ұ.Қарамановатындағы №262 мектеп-гимназиясы

Күні:2.12.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Айтуғанова Ж.С

Сынып: 6Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.4

рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару;

Сабақ мақсаттары


рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығарады;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Мұғалім:

«Қатынас», «Пропорция» сөздерінің қандай мағынасы бар?

Қатынасқа (бөліктерге) берілетін есептердің қандай шешу әдістерін білесіздер?

Мәтін есептерді шешу алгоритмдері айтыңдар.


Жалпы сыныппен мәтін есептерді талдау

1. Тракторшы жыртуға тиістіжердің 76 % -ін жыртқанда, 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға болады?

Ж: 25 га.

2. Бірінші салт атты адамның жылдамдығының екінші салт атты адамның жылдамдығына қатынасы қатынасындай. Бірінші салт атты адамның жылдамдығы екінші салт атты адамның жылдамдығынан 1,5 км/сағ артық. Бірінші салт атты адамның жылдамдығын табыңдар.

Ж: 15 км/сағ


Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»


6 сынып оқулығы. 1-бөлім.


Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс.

Тапсырмалардың орындалуы еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, ашықтық сияқты құндылықтардың даруына ықпал етеді.
Оқушылар жеке карталар бойынша жұмыс істейді. Олар картада шығара алатын тапсырмалар деңгейін таңдайды,
Мысалы:мысалы көрсеткіштері төмен оқушылар А деңгейінің тапсырмаларын таңдап, келесі деңгейге көшеді. Қалған оқушылар В деңгейінен бастап, келесі деңгейге көшуге тырысады.
Тапсырмаларды орындау алдында оқушылар картадағы сұрақтарға назар аударып, жауаптарын енгізулері қажет болады.

Сұрақтар: Есептің шартында маған неге назар аудару керек?

Есептің шарты бойынша мен қандай математикалық модель (берілгеннің қысқаша жазылуы) құрастыра аламын?
Дайындықтар жүргізілгеннен кейін оқушылар дәптерлерінде есептерді шығарады. Егер оқушы таңдаған тапсырмасын орындай алмаса, алдыңғы деңгейдің тапсырмаларын орындауы қажет болады немесе мұғалімнен, қабілеті жоғары сыныптасынан көмек сұрайды.

Жауаптары:

А деңгейі:

1)а) ;b) 2 есе;c) 52 %.

2) 37,6; 9,4.

В деңгейі: 90 бет

С деңгейі: 640 км
Есептер шығарылғаннан кейін қойылатын рефлексиялық сұрақтар. Бұр сұрақтар мұғалімге келесі сабақта жоспарлауға немесе оқушылармен жжеке жұмысты ұйымдастыруға көмек береді.

  • Есепті шығара алдың ба?

  • Қандай қателер болды?

  • Қандай қиындықтарды сезінесің?

  • Осындай қателер бұрын болып па еді?

  • Осы қатені қайтадан неге жібердің?

  • Осы қате бойынша кімнен көмек сұрадың?

  • Олар көмектесе алды ма?

  • Осындай қателер жібермеу үшін келесі жолы не істейсің?

  • Осы тақырыпты сыныптастарыңа түсіндіріп бере аласың ба?

  • Неліктен олай ойлайсың?




Жұптық жұмыс

Негізгі деңгей

1. Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 2 есе артық, ал екі қорапта барлығы 48 дәптер бар. Бірінші қорапта қанша дәптер болған? Ж: 32 дәптер.

2. Аулада 16 үйрек және балапандар жүр. Егер үйрек саны балапандар санынан 3 есе кем болса, онда аулада қанша балапан бар? Ж: 12 балапан.

Орта деңгей

1. Үш санның қосындысының мәні 94-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 18-ге кем, ал үшінші сан екінші саннан 4-ке артық. Осы сандарды табыңдар.

Ж: 18; 36; 40.

Ілгерілеу деңгейі

Схема бойынша есептің шартын құрастыр және автомобильдің қозғалыс жылдамдығын табыңдар:

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Арақашықтығы 21 км болатын екі елді мекеннен бір мезетте бір-біріне қарама-қарсы екі велосипедші шықты. Бірінің жылдамдығы екіншісінен есе кем. Егер екі велосипедші 45 минуттан кейін кездескен болса, велосипедшілердің жылдамдықтарын табыңыз (жауабын км/сағ түрінде жазыңыз).

Дескриптор: Білімалушы

  • жылдамдықтың бірін екіншісі арқылы өрнектейді;

  • уақытты сағатпен өрнектейді;

  • теңдеу құрастырады;

  • жылдамдықтарды есептейді.

2-тапсырма

Автомобиль екі қаланың арасын 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Қайтар жолында жылдамдығын 10 км/сағ-қа кемітіп, барған уақытқа қарағанда 45 минутқа ұзақ жүрген болса, екі қаланың ара қашықтығын табыңыздар.

Дескриптор: Білімалушы

  • есептің математикалық моделін құрады;

  • қайтар жолдағы жылдамдықты табады;

  • жүрілген жолды есептеу формуласын қолданады;

  • теңдеу құрады;

  • белгісіз уақытты есептейді;

ара қашықтығын есептейді.

Оқушы жетістігін бағалау:

• «2» - міндетті деңгейдің тапсырмаларын орындамағанда;

«3» - І деңгей тапсырмасын толық орындағанда;

«4» - І-ІІ деңгей тапсырмасын толық орындағанда;

«5» - І-ІІ деңгей тапсырмасын толық орындағанда, ІІІ деңгей тапсырмасының 50%- дан артық.







http://www.cleverstudents.ru/numbers/operations_with_rational_numbers.html


Сабақтың соңы

Рефлексия:

Төменде көрсетілген өзіңнің көңіл-күйіңе сәйкес бағанды таңдаңыздар:





Үй жұмысын беру

№1. Катердің меншікті жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан 11 есе көп. Катер өзен ағысына қарсы 3,5 сағатта 84 км жүрді. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар?