Файл: Шыармашылы топ жоспары 20222023 оу жылы Дегейлік курс бітірген малімдерді мектепішілік жмыс жоспары Оушыларды заманауи зыреттіліктерін алыптастыруды ресурсы ретінде stem білім беруді мектеп кеістігіне интеграциялау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.04.2024
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Үшіншіден, бұл құралдардың кейбіреуін аудиторияда ғана емес, үйде де қолдану мүмкіндігі бар. Ал бұл өзге тілде сөйлейтін білім алушылардың қазақ тілін өз бетінше, саналы және тез үйренуі үшін өте маңызды;
Төртіншіден, техникалық жағынан пайдалану қиын емес [5, 78].
Орыс тілді білім алушылардың қазақ тілін үйрену сапасын арттыруда өзіндік жұмыстың маңызы зор. Себебі, нәтижеге өз бетімен еңбектеніп жететіндіктен, білім алушы материалды саналы түрде меңгереді. Еңбекте білім алушының берілген мәліметті ұмытпауына, оны ары қарай толықтырып, бекіте түсінуіне мүмкіндік жасайтын аудиториядан тыс өзіндік жұмыс түрі ұсынылады. Өзіндік жұмысты үйде орындауға мүмкіндік беретін құрал компьютер болғандықтан, аталмыш жұмыстың компьютердің көмегімен орындалатын түрлері көрсетіледі. Бұл өзіндік жұмыстың ерекшелігі: аудиторияда оқылған материалды олардың ұмытып қалмауына, керісінше, оны әрі қарай толықтыруға, нығайтуға септігін тигізеді. Өзіндік жұмыс бір лексикалық тақырып төңірегінде құрылады. Мұның пайдасын былайша түсіндіруге болады. Тақырып арқылы сөйлеуге үйрету, біріншіден, тіл үйренушілерге не туралы айту керек екенін аңғартса, екіншіден, қалай айту керек, қандай сөздерді білу керектігіне назар аудартады және соған қатысты өмірлік жағдайды меңгертуге жәрдем береді. Үшіншіден, білім алушының сөздік қорын байыта түседі. Төртіншіден, компьютердің көмегімен белгілі тақырыпқа байланысты суреттер арқылы есте сақтау қабілетінің арта түскенін байқатады.
Электронды оқулықтар арқылы монологтық айтылым, сұхбаттық айтылым, тыңдап түсіну, оқылым, жазылым сияқты айтылымның барлық түрін қамтитын жұмыстар жүргізіледі. Сонда білім алушылар өтілген материалдар негізінде белгілі бір лексикалық минимум көлемінде әңгіме жүргізе алуы және ол тақырып жайында толыққанды хабар жасай алуы қажет.
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағы нан меңгертуді көздейді.
Білім алушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру арқылы кез келген жетістіктерге жетуге болады. Егер тәжірибе ғылыми білімдермен толықтырылып отырса, үнемі ізденіске толы болса, оның жаңашылдық деңгейі жоғарылайды, ғылыми шығармашылық қалыптасады. Ізденімпаз оқытушы педагогикалық ақиқатқа жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, өзінің кәсіби шеберлігін жүзеге асыра алатын маман. Ондай маман қоғам талап етіп отырған дамушы жаңашыл тұлғаны қалыптастырады. Демек, білім алушының тілге деген құштарлығын оятумен қатар танымдық белсенділігін арттыруға болады. Сондықтан әрбір оқытушы ғылымитехникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды нәтижелі пайдаланып отырса, білім сапасын арттыруға өзіндік үлес қоса алады.
Әдебиеттер
-
Жолдасов Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. – Алматы: Білім, 2007. – №5. – Б. 62-64. -
Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – Алматы: Білім, 2004. – 134 б. -
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім // Қазақстан мектебі. – 2008. – №4. – 35-37 б. -
Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – Алматы: Білім, 2008. – №4. – Б. 78-80. -
Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – Алматы: Арыс, 2007. –128 б.
Начало формы
Конец формы
| ???? қаріп өлшемі ???? | |
STEM- білім беру бағдарламасының жаңа тренді
25.07.2020
STEM ағылшын тілінен аударғанда 4 сөздің қосындысы. Олар: ғылым, технология, инженерия және математика. Білім саласы бір орында тұрмайды. STEM Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд. Қазақстанға енді келіп жатыр. STEM қазіргі заман талабына сай инновациялық жобалардың зертханасы деп айтуға болады. Өйткені, STEM қазіргі шет елдерде қарқынды дамып келе жатыр. Сол елдерде дамыған сайын, бәсекеге қабілетті ұрпақ та дамып отыр. Қазақстанда да бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Сол арқылы, ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Кез – келген мұғалім кез - келген технологияны, әдіс - тәсілді пайдаланғанда бала үшін тиімдісін іздейді. Оқушы жаратылыстану, физика, география т. б сабақтардан білімін жетілдіру үшін теорияны оқиды. Біреу жақсы түсінсе, біреу өз шамасына қарай түсінеді. Бірақ, осы білімді қалай? қайда? қолданамын деп ойлайды. Бізден сұрайды? біз ертең үлкен болғанда, маман болғанда қолданасың деп айтамыз. Оқушы оны түсінбейді, сол арқылы ол теорияға қызықпайды, теория қиын секілді көрінеді. Оқушы алған білімін, теорияны, формуланы, ережені есінде қанша уақыт сақтай алады. STEM ерекшелігі - бұл пәнаралық байланыс принцпі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы зат жасап шығарады.
Яғни, сол затты жасап шығарғанда мысалы; ол кішкентай бір конструктор, кішкентай бір гидровликалық кран болсын соны жасағанда химия, физика, математика, геометрияны да қолданып есептей алған білімдерін біріктіре отырып жасайды. Сол арқылы оқушы ойлайды, мен білімді қолданып жатырмын деп. Міне осылай, STEM техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді? Ал, STEM әрбір оқушыға алған білімінің нәтижесін көрсетеді. Оқушыларға арналған инновациялық құрал - саймандар, 3D принтрлар бар. Солардың бәрін қолданып, жоба шығарады. STEM орталық болып басталған, қазіргі таңда бірнеше жобалар STEM зертханасы, STEM кітапханасы, ойыншық конструкциялар Қазақстанда жасалуда жоба жетекшісі Залқарбек Мұраталиұлы. Нақтылай келгенде, STEM мен функционалдық сауаттылықтың айырмашылықтары мен ұқсастықтары:
Функционалдық сауаттылық STEM
Мақсаты - сабақта алған білімін өмірде қолдана алу. Бірақ бір бағыт бойынша жүреді. Мыс: математика пәні бойынша математикалық сауаттылық, сауат ашу пәні бойынша оқу сауаттылығы дамиды. Мақсаты - сабақта алған білімін өмірде қолдана алу. Бірақ алған білімін басқа пәндермен байланыстырып, бірнеше бағыт бойынша жүреді. Олар: ғылым, технология, инженерия және математиканың бірлескен түрі.
STEM - ді бөлек пәндерден таңдау курсы ретінде жүргізуге болады. Қазіргі таңда технология сабағында ұлдар мен қыздар жұмыс жасайды. Бірақ ол жеткіліксіз. STEM арқылы оқушы не үйренеді:
Мотивация алады.
Теорияға деген қызығушылығы артады, оның маңызын түсінеді.
Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Жоба жасай алады.
Идея ойлап табады алады.
Жан - жақты болады.
Дарынды оқушы анықталады.
Бәсекеге қабілетті болады.
Сын тұрғысынан ойлай алады.
Жаңа жоба жасай алу арқылы, Қазақстанға өз пайдасын тигізетін азамат болады.
Ұсыныс: Көркем еңбек сабағын жан - жақты түсіндіріп, сабақта алған білімін өмірде қолдана алу үшін 7 сыныптарда «Тігін бұйымдарының сызбасын құрастыру және модельдеу» бойынша тақырып өтеміз. Сол сабақта, SAPR грация - 330 бағдарламасы арқылы жүзеге асыру бала үшін тиімді деп ойлаймын. Жалпы бұл бағдарламада дизайн, құрастыру және модельдеу, үлгілерді орналастыру, қажетті материал шығынын есептеу, бір киім үлгісін бірнеше үлгіде, әр түрлі өлшемдерге өзгерту қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты: SAPR грация - 330 бағдарламасы қолдану арқылы оқушыларды компьютерлік жобалау, модельдеу және дизайн қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Даму міндеттері
- Өлшем бойынша бұйым сызбасын құрастыру және модельдеуге үйрету.
- Модельдеу арқылы есте сақтау, ойлау және, шығармашылық қиялын дамыту.
- АКТ тиімді қолдана білу мүмкіндігі артады.
- Технологиялық сауаттылықты қалыптастыру.
- Стратегиялық ойлауды дамыту.
Күтілетін нәтижелер
- SAPR грация бағдарламасында өлшем бойынша бұйым сызбасын дайындайды.
- Бұйым сызбасына өзгеріс енгізіп, модельдейді.
- Бұйым үлгілерін көлемді пішінде шығара біліді.
- Бұйым бөлшектерін өңдейді.
Көркем еңбек пәнінде тігін бұйымдарының сызбасын құрастыруда SAPR грация бағдарламасында оқытуды қолдану оң нәтиже береді. Әсіресе тігін бұйымдардың сызбасын жобалау, құрастыру, модельдеу бағытында заманауи технологияларды қолдану, уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты сапалы орындауға мүмкіншілік береді. Мысалы оқушылар бұрын тігін бұйымының сызбасын құрастыруда көп уақыт жоғалтса, қазіргі кезде «Сапр Грация» 330 бағдарламасы негізінде алгоритм бойынша қажетті өлшемдерді нақтылай отырып, сызба құрастыруды және модельдеуді үйренеді. Бұл оқушыға болашақта алған білімін өмірде қолдануына үлкен мүмкіншілік береді.
Қазіргі заманауи мұғалім оқушыларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Әрине, STEM - білім беру бағдарламасынын жүзеге асыру қаржылай мәселелерге алып келеді. Бірақ, білімге салынған инвистиция, ең тиімді инвестиция. Бұл бағдарлама әрбір баланың өсіп, өнуіне өз септігін тигізеді.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ STEM-БАҒЫТЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ.
«Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді.» Н.Ә. Назарбаев.
Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр.
STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – оқу орны, мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұл Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде оқу орындарда, мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды.
Елімізде білім беру робототехникасына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, жалпы білім беретін мектептерінің және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылар арасында жыл сайын Робототехникадан Республикалық олимпиада өтеді. Республикалық жарыстардың жеңімпаздарының Робототехникадан Дүниежүзілік олимпиадаға (WRO) қатысуға мүмкіндіктері бар.
STEM-білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық жасасудың тәжірибесі де бар. Мысалы, 2014 жылдан бері 20 млн. стерлинг фунты жалпы бюджетімен Ұлыбритани мен Қазақстанның «Ньютон – әл-Фараби» атты бесжылдық бағдарламасы жүзеге асырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты – ғылыми және инновациялық әлеуетті нығайту, мамандар алмасу және бірлескен зерттеу орталықтарын құруда екі елдің өзара іс-әрекеттесуі.[1].
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан–жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. [4]