Файл: Шыармашылы топ жоспары 20222023 оу жылы Дегейлік курс бітірген малімдерді мектепішілік жмыс жоспары Оушыларды заманауи зыреттіліктерін алыптастыруды ресурсы ретінде stem білім беруді мектеп кеістігіне интеграциялау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.  Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, колледжін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын арнайы пәндер сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

  • электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;

  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

  • серверге  жеке шығару;

  • ақпараттық каталогтар (Yahoo,  InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).


Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту.

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен студентке сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

  • Студенттің еркін ойлауына мүмкіндік береді;

  • Ақыл - ойын дамытады;

  • Шығармашылық белсендігін арттырады;

  • Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

  • Тіл байлығын жетілдіреді;

  • Жан - жақты ізденушілігін арттырады. 

АКТ - ның негізгі мақсаты – студентті қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен студенттердің құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану студенттің білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында колледж студенттерінің оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында студенттердің өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Осылайша, біздің еліміз дамыған елдермен бірдей бағытта ілгерілеп келеді. STEM-білім беру оқуды және мансапты қосатын көпір болып табылады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек.



Оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру оқытушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетінің артуына септігін тигізеді. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қаламай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізге міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. "Білімді ел - Образованная страна" №20 (57), 2016ж.

  2. М.Жұмабаев.Жалпы  педагогика. 2009ж. 

  3. Педагогикалық еңбектер .2008ж.



STEAM технологиясы бағытына баулу арқылы оқушыларды тұлғалық тәрбиелеу





Бисекенов Медет Есейович

қосымша білім беру эксперт-педагогы, Теректі ауданы Балалар шығармашылық үйі STEM білім берудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап беріп, оқытудың заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану керектігін баса айтты. Сол себепті, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін STEM – білім беру мен оқуды бірдей бағытта ілгерілетуіміз қажет.

STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика).

 

STEM технологиясы – мазмұны, құрылымы

Қазіргі заман ол қарқынды дамып жатқан, күрделі технологиялық және инновациялық қоғам. Бұл ортада ғылыми, саяси өзгерістер мен қатар әлеуметтік қатынастыр да шиеленісіп, күрделі социумдық қатынастар бір-бірімен өзара байланысып, әлсіз топтар дамыған ортаның қарқынына шыдамай жұтылып кетіп жатса, дамыған бәсекеге қабілеттілер топтың алдына шығып өз деңгейі мен қабілеттілігі арқасында өзіндік орындары нық тауып алуда. Бұл деңгейге қалай жетуге болады сонда? Сөз жоқ білім мен ғылымның әлеуетін арттыру, оның тиімділігі мен жетістігін қолдану, одан әрі дамыту, көлемін ұлғайту деп жауап беруге әбден болады.

Сондықтан мәселені бірден білім саласынан соның ішінде мектептерден бастасақ. Мәселен бұрын оқушылар белгілі сабақта мысалы оқу, жазу, жаттығуларды мұғалімнің тапсырмасын орындап тастап қана отырса, қазір бұл аздық етеді. Қазіргі таңда мәселен, тапсырманы орындап тастау мен қатар оны талдау, осы бағытта өзіндік жұмыс жүргізу, осы бойынша өз тұжырымын құрастыру, зерттеу, бақылау содан соң нәтижені алу мен көпшілік назарына қорғау арқылы ұсыну сияқты процестерді орындау жастады. Сонымен қатар қазіргі білім саласына сандық және ақпараттық, бағдарламалық көптеген оқу құралдары мен техникалық құрылығылар, жабдықтар келуде. Мысалы робот техникасы, модульдік зерттеу құрылғылары, зерттеу құралдары жинағы сияқты көптеген модульдер қазір қолданылуда. Осы арқылы оқушылар бағдарламалау, 3Д үлгілеу, түрлі техникалық қондырғылар арқылы жобалау, зерттеу құралдары жинақтары арқылы түрлі зерттеулер жүргізу, роботтар техникасы жинағы арқылы робот және оның құрамдас қондырғларын құрастыру сияқты түрлі заманауи бағыттағы зерттеу, жобалау, үлгілеу, бағдарламалау сияқты күрделі әрі кешенді жұмыстар жүргізумен айналысуда.  Осы аталған технологиялық жарақтану мен жұмыстануды қазіргі таңда кешенді білім беру технологиясы жүйесі біріктіреді. Ол технология – STEM технологиясы. STEM технологиясы ол ағылшын тілінен аударғана С-ғылым, Т-технология, Е-инженерия, М-математика деген іргелі ғылым салаларының басын бір арнаға тоғыстырып тамаша нәтиже мен өнім алуға негізделген замамануи оқыту технологиясының бірі әрі бірегейі. Мақсат – оқушының белгілі бір пән немесе пәндер топтамасы бойынша теориялық білімі болып қана қоймауын, оны ары қарай дамыта түсіп іс-әрекет жүзінде іске асыруға мүмкіндік беру. Қазіргі заманда білу ғана жеткіліксіз, білгенді іске асыру және одан жоғары нәтиже мен өнім алу бұл осы технологияның көксеген басты талабы. Осы технология бойынша оқушылар тек біліп және жасап қана қоймай, ойлануы, санасын дамытуы, еске сақтауы мен шығармашылық деңгейлерінің сапасын арттыруы басты назарда ұсталады. Өйткенін осы құндылықтар арқылы оқушыда тұлғалық іс-әрекеттік жан-жақты құзіреттілік қалыптасады, дамиды.

STEM технологиясы ол білім беру мен оқытудағы әдістердің біріктірілген жүйесі. Осы арқылы түрлі ғылыми ойлар мен тұжырымдар практикалық тұрғыда сынақтан, тексеруден өтіп, шынайы өмір саласында зерттеледі. Осы негізде мектеп, қоғам және әлем атты кеңістіктік байланыс жүйесі іске асып осы технология аясында сыннан өткен түрлі жобалар мен әдістер, іс-әрекеттердің жүйелері іске асып халық игілігіне жаратылады.

STEM атауын алғаш рет 1990 жылы АҚШ бактериолог ғалымы Р.Колвелл ұсынған болатын, алайда осы ұғым атауы тек 2000 жылдардан кейін ғана кеңінен қолданыла бастады. Осы арқылы түрі зерттеу жүргізіліп, талдаулар жасалып, түрлі бағытта қолданып көрулер нәтижесінде STEM-нің STEAM және STREAM деп аталатын түрлері қалыптасты. Ал STEM-нің өзі кейінірек маңыздылығы зор екендігі айқындалды. Ал қазіргі таңда ол әлемдік трендтердің біріне айналды. Бұған себеп ғылым мен бірге техникалық дамудың жоғары деңгейде орын алуы болып отыр. Осы техникалық дамудың жоғары қарқыны нәтижесінде қазір мамандықтардың жаңа түрлері өмірге келуде, Сол себепті STEM мамандықтарына деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары және бұл көрсеткіш ұдайы өсіп келеді. Атап айтар болсақ, Еуропа елдері бойынша  2000 жылдар мен 2018 жылдар аралығында STEM саласымен жұмысқа орналасқан мамандар саны 20 пайызға өскен. Сонымен бірге сарапшылардың пікірі бойынша Еуроодақ елдерінде STEM саласының мамандарына 2025 жылға қарай сұраныс 8 пайызға ал басқа саланың мамандарын бар болғаны 3-4 пайызға ғана өседі деп болжам жасалынып отыр.

Әсіресе Финляндия мемлекеті бұл бағыт бойынша көш бастап тұр, бұл мемлекетте 2015 жылы Еуорпалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше ретінде кіретін 16 елдің арасында STEM бағыты бойынша мамандық таңдаған студенттер едәуір көп екендігі байқалды: мысалы халықтың 20-39 жас аралығы бойынша 100 мың адамына шаққандағы көрсеткіші 109 түлек. Яғни өте жоғары. Аталған көрсеткіш Канада мен Швейцария деңгейінен екі есе артық көрсеткіш болып шықты. Осы Финляндия мемлекетінде аталған бағыт бойынша даму мен зерттеу институты осыдан он үш жыл бұрын құрылған болатын. Мысалы, ЛУМА ұлттық білім беру орталығы мектеп, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, өнеркәсіп пен бизнестің іс-әрекеттерін өзара үйелстіруші қызметін атқарады. Сонымен бірге осы орталық оқушыларға арналған түрлі іс-шараларды, ғылым және білім бағытындағы түрлі шараларды дайындайды. Мұғалімдерге арналған біліктілік курстары мен конференциялар, семинарлар даярлайды. Осы орталық мұнымен қоса STEM технологиясы бағытындағы түрлі әдістемелік материалдар құрастырып әзірлейтін ресурстық орталық қызметін атқарады.

АҚШ – дүние жүзіндегі экономикасы аса ірі державалы мемлекет, аталып отырған бұл мемлекет те қазіргі таңда STEM технологиясына зор көңіл бөліп, маңыздылығын мойындап отыр, АҚШ-та осы салаға жыл сайын үлкен инвестициялар салынуда. Осының нәтижесі елдің маңызды деген мамандықтарын бітіруші түлектердің көпшілігі осы STEM технологиясымен байланысты мамандықтарға бет бұрған. Осы технологияның аса маңыздылығын АҚШ-та 2013 жылы STEM-ді дамыту туралы қабылданған стратегиялық документ те айқындап береді. Осы жоспардың аясында 2025 жылға қарай STEM технологиясы бойынша жүз мың мұғалімді даярлау басты мақсат етіп алыныпты. Сонымен бірге елде жыл сайын STEM технологиясы бойынша білім алушылардың үлесін 50 пайызға дейін арттыру көзделген. Ал университтер мен колледждерде STEM мамандықтары бойынша білім алатын түлектер санын 1 миллион адамға жеткізуді жоспарлайды екен.

Бұдан басқа әлемнің өзге мемлекеттерінде де мысалы Малайзия мемлекетінде 2013-2025 жылдарға арналған білім беру ісін дамыту жоспарында нақ осы STEM білім беру технологиясын дамыту жоспары кірістірілген.

Австралия мемлекеті де көштен қалмады, 2015 жылы қабылданған STEM білім беруді дамытудың 2016-2026 жылдарға арналған Ұлттық стратегиялық жоспарында STEM-нің мүмкіндіктері мен жетістіктерін кеңінен насихаттау, осы технологияға оқушыларды тарту мен қызықтыру, баулу, қабілеттерін арттыру, мектептерде STEM білім беруді кеңінен енгізу және дамыту, осы бағытта жоғары оқу орындарымен, өндіріс орындарымен және бизнес орталықтарымен тығыз байланыс орнату, мықты серіктестік қатынастар ұйымдастыру, мықты деректер қорын құруды қолға алу.

STEM-ге зор бет бұрыс Еуропа елдерінде де кеңінен көрініс табуда. Мәселен бұл құрлықта 10-нан астам елде STEM-ді дамытудың ұлттық стратегиялық бағдарламасы қабылданып қазіргі таңда өз нәтижесін беруде.

Елімізде де STEM білім беруді дамыту біртіндеп қолға алынып келеді. Алғаш 2017 жылдан бастап бастап енгізілген бұл технологияның қазіргі таңда өзектілігі жоғары, басқасы басқа, бірақ осы дәл біздің еліміз үшін аса қажет.

STEM оқыту технологиясы бірнеше ғылым саласын қамтып және олардың басын біріктіре отырып, кешенді түрде білім беретін оқыту технологиясы. Оқушыларды бәсекеге қабілетті жан-жақты дайындауда тиімділіг аса зор. Бірнеше ғылымдар деген сөзімізге тоқталып, таңдалған оқыту технологиясы туралы ашып айтамыз.

STEM- оқыту технологиясы алдымен ғылым деген бағытты біріктіреді. Ғылым бұл адамзаттың ақыл ойын кешенді түрде белгілі бір мақсатқа жұмылдырып, нақты нәтижеге, мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын осы жолда оның нақты бағдарламасы болатын, уақыты жоспарланған және қажетті ресурстармен қамтылуы аса қажетті күрделі әрі кешенді сала немесе бағыт.  Ғылым негізі идеядан басталады, нақты ой тұжырымдалады. Ал идея дегеніміз ол ой мен қиялдың нақты жоспарланған, тұжырымды нәтижесі. Ойлану мен қиялданудың бірігуі ол аса құнды идеялық шешімге әкеледі. Ол адам санасында жаңғырып, жаңартылуы да мүмкін. Ол ойлау мен қиялдаудың жоғары деңгейінде бір-бірін өзара толықтырып бірнеше нұсқалы идеялардың қалыптасуына әкеледі. Бұл өте күрделі бихевиористік құбылыс. Осындай идеялардың пайда болуын біз шығармашылық иедялар деп те атаймыз. Өйткені адамның психологиялық сана-сезімінің даму ерекшеліктеріне сай адамда қабілет деген ерекше қасиет бар. Міне осы қасиеттер адамдарды шығармашыл идеялар адамы немесе нақты орындаушы адам деген топтарға бөлуімізге жетелейді. Шығармашылық идеялардың дамуының түпкі өнімі ол шығармашылық жобалар. Шығармашылық жобалар ол түрлі бағыттар бойынша қалыптасқан идеялар негізінде эстетикалық немесе жарытылыс-техникалық, не болмаса гуманитарлық бағытта құрастырылған іс-әрекеттер нәтижесі немесе өнімі. Осныңы негізінде Ғылымның тармақтары дамиды. Ал оның негізінде ғылым дамиды. Ғылым дегеніміз ол танымдық бағыт. Осы арқылы тұлғаның қоршаған орта және ондағы барлық құбылыстар мен әрекеттер, заңдылықтар мен процестер туралық ақпаратпен қанығып қана қоймай оны бақылауы, зерттеуі мен тәжірибе жасауы арқылы дүниетанымдық кешенді көзқарасы қалыптасады. Бір сөзбен айтқанда адам дүниені, затты, әлемді таниды. Міне осы ғылым болып есептеледі. Мұның мағынасы әлі де зерттелу үстінде. Ғылым ол кез-келген қоғамдағы дамудың негізі бола алады. Ғылымды дамыту арқылы түрлі аса құнды идеялар мен жобалар дамып, кез-келген дүние немесе зат және барлық әлемнің мағынасын, құрылысын, іс-әрекетін, заңдылығын, ерекшелігін тануға, білуге, құнды ақпаратты алуға, түсінуге, игеруге, зерделеуге, бақылауға, анықтауға, зерттеуге және нақты қорытынды мен тұжырымдама жасауға қол жеткіземіз. Міне осыдан соң барып сол зерттеп білген әлемді ары қарай игеретін құралдар, технологиялар немесе іс-әрекеттер жиыны қалыптасады. Оны келесі бағыт – технология бағыты қарастырады.

Келесі бағыт – Т- технология бағыты. Бұл бағыт түрлі техникалар мен технология, инновация әлемінің тоғысқан жері. Технология арқылы үлгілеуге, жобалауға содан соң есебін шығарып болып, құрастыруға, дайындама жасауға, тәжірибе үлгісін даярлауға, оны сынақтан өткізуге, ең соңында дайын болған өнімді алуға нақты мақсатқа жетуге мүмкіндік аламыз. СТЕМ саласында бұл сала екінші тармақта және аса өзекті салалардың бірі болып табылады.

Келесі – Е-инженерия бағыты – бұл бағыт жобалау мен үлгілеу және құрастыру сонымен бірге ойлау мен жаңа идеялардың басын біріктіретін техникалық сала. Осы арқылы жаңа техникалық жобалардың идеясы қағазға түсіріліп, оның барлық өлшемі қалыптасады, есептері дайындалады. Нәтижесінде технология саласымен бірлестікте жобалық өнімді құрастыруға кіріседі. Дайындауға тікелей қатысады.

Содан кейінгі бағыт – М-матемтика бағыты. Математика бұл барлық өлшемдер мен есептеулер, жоба мен шешімдердің аралығында болатын барлық іс-әрекетте жасалатын жобалар мен мен өнімнің есебін, өлшемін, мөлшерін, құнын және қашықтық өлшемін барлығын есептеу үшін аса қажетті сала.

Бұған сонымен қатар А-арт-яғни өнер саласын да қосуға болады. Өнер бұл шығармашылық идеялар мен эстетика, талғам, дизайн, сәндік-өнер және әсемдік, үйлесімділік, әдемілік, ыңғайлы және қолайлы, қол жетімділік салалары бойынша жетілдіру саласын қарастыра отырып, сонымен бірге жаңа шығармашылық өнімдер мен идеялардың пайда болуына тікелей байланысты сала. Осыныңы негізінде жаңа жобалар мен өнімдер, түрлі заңдылықтар мен шешімдер, формалар қалыптасады, пайда болады. Сондықтан STEM-нің STEAM деп аталатын тобы ұғымдардың бірігуі мен бірлесуі нәтижесінде аса тиімді жұмыстар атқарады.

STEM технологиясы арқылы техникалық-шығармашылық зерттеу-жобалау эксперименттерін жүзеге асыру

 

Мектепте, үйірмелерде STEM оқыту технологиясы қалай жүзеге асады? Бұл сұраққа былай деп жауап береміз. Біз жоғарыда айтқан болатынбыз қабілетсіз тұлға болмайтындығын. Ол тұлғаның қандай да бір салаға, бағытқа икемі және қабілеті, қызығушылығы болады. Міне осыған байланысты бақылау мен зерттеу жүргізе отырып оқушылардың осындай қабілет-қарымдарын банықтап аламыз. Содан соң оқушыларға сабақ жүргізгенде сол қызығушылықтарды ашатындай тақырыптар аламыз. Осы тақырыптарды ары қарай түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы тартымды әрі өзекті етіп дайындау мұғалімнің шеберлігін, жан-жақты дайындығын, ізденгіштігі мен жүйрік қиялын талап етеді. Оқушыларды сабаққа қатысты белгілі тақырып аясында ұйымдастыра отырып, оларды шартты түрде негізгі 4 топқа бөлеміз. Бұл топтар яғни сәйкесінше жас ғалымдар, жас инженерлер, жас технологтар мен жас математиктер сондай-ақ жас дизайнерлер болып бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, біздің сабақтағы мақсатымыз белгілі бір жаңа экологиялық автокөлік жобасын құрастыру болатын болса, осы топтар әр қайсысы өзіне тән, өз салаларына сәйкес  болатын авто көлікті құрастыру бөлімдерін алады. Мысалы жас ғалымдар мен мен жас дизайнерлер тобы бірігіп жаңа автокөліктің сұлбасын, бейнесін және құрылымын, болашақ мақсатын дайындаса, жас инженерлер мен жас математиктер тобы бірлесіп болашақ көліктің жобалық өлшемдері мен есебін, физикалық сипатын, экологиялық салдарын, техникалық ерекшеліктері мен сипаттамасын құрастырады. Соңында барлық өлшемдер мен жобалар мәліметі жас техниктер тобына беріліп олар сол бойынша қолдарындағы материалдары бойынша макеттік, сызбалық, модельдік үлгілерді құрастырып шығарады. Мектеп жағдайында сонымен қатар жаратылыстану, техникалық бағыта бойынша түрлі зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мәселен астрономиялық бағытта жұлдызды аспанға бақылаулар жасауға, жұлдыздар мен аспан денелерінің орнын, қозғалысын және орын ауыстыруын, аспан денелері моделін құрастыруға болады. Бұл өте қызықты әрі еңбектенуді қажет ететін зерттеу әрекеті. Нәтижесінде оқушылар тобы қызығушылықтары артып, ынтасы өседі, аталған тақырып бойынша жанын сала жұмыстанады және бастысы білімі мен дүниетанымы кеңейеді, практикалық жұмысты ұйымдастыру мен орындау қабілеті артады. Бұл мұғалім жұмысының да сапалы болуына мүмкіндік жасайды. Осы арқылы мұғалім де жұмыстана біліп, үйренеді. Жаратылыстану-техникалық бағыт бойынша мысалы көптеген жобалық, зерттеу тақырыптарын алуға, ұйымдастыруға, орындауға және дайындауға болады.

STEM және ақыл-ой, іс-әрекет сауаттылығы

Жоғарыда аталған жұмыстарды жүйелі жасау негізінде тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекеттік қабілеті үйлесім табады. Бұл болашақ тұлғаның жан-жақты болып, дүниетанымы кеңеюіне, білім артып, еңбек өнімділігі артуына өз септігін тигізеді. Өйткені біз болашақ инеженерлерді, ғалымдарды, бағдарламашылар мен сарапшы мамандардың тобын қалыптастырамыз. Осы STEM курсын физика сабақтарында дамыту арқылы оқушы сабақта берілетін ақпараттық білімді өте жақсы қабылдайды, соның нәтижесінде ой-өрісі өсіп, дүниені тануы өседі.

STEM оқыту әдістемесін жалпы бүгінде элективті курс ретінде қарастыруда. Болашақта ол дамып негізгі пән ретінде берілуі де мүмкін. Ол тек 2017 жылы ғана қабылданды, осының өзінде бүгін оның даму көкжиегі кең болатыны айқындалып келеді. STEM сабақ беру әдісін өзге пән немесе ғылым салаларымен біріктіре отырып оқыту үлкен нәтижеге жеткізеді. STEM оқыту әдісі негізінде бала келесілерді меңгереді:

Мотивациялық әсер алады.

Теорияға қызығушылығы арта түседі, оның маңызын түсінеді.

Сабаққа қызығушылығы арта түседі.

Жобалық жұмыстар дайындай алады.

Жаңа өнертабыстар құра алады.

Жан-жақтылыққа қол жеткізеді.

Қабілетті және дарынды оқушы анықталады

Бәсекеге қабілеттіліг артады.

Сыни тұрғыдан ойлауды жүзеге асыра алады

Ендігі кезекте өзім қол жеткізген жетістіктер және тәжірибемізден бөлісе кетемін.


Жаратылыстану-техника бағытында өтетін ғылыми техникалық зерттеу-жобалау ісі бойынша мектебімізде өзім жетекшілік ететін Технополис үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл үйірме 2016 жылы құрылып, ғылыми жұмыстарға оқушыларды баулу мақсатында пән бойынша зерттеу, эксперименттік жобалар дайындау және іске асыру бағытында жұмыстанып келеді. Кейін мектебімізде 2019 жылдан бастап STEM оқыту технологиясы енгізілгеннен бастап үйірмеде осы бағытта эксперименттер мен зерттеу жұмыстары кеңінен қолданыла бастады. Физика сабағында оқушыларға зерттеу мен жоба жұмысын жандандырып, осы бағытта зерттеу жұмысын өркендету мақсатында қосымша элективті курс бойынша 7 сыныптарда өткен «Су тартқыш гидравликалық техникалардың сызбасын құрастыру және модельдеу» және «Экологиялық таза көлік» бойынша тақырыптарға тоқталып өтемін. Осы сабақтарда STEM технологиясы бойынша жобалау эксперимент жұмыстарын жүзеге асырдық. Бұл жобалар құрастыру оқушылар үшін тиімді болды деп есептеймін. Жалпы бұл бағдарламада ғылыми ізденіс, идея, инженерлік шешім, жоба дизайны, оны құрастыру және модельдеу, үлгілерді орналастыру, қажетті материал шығынын есептеу, математикалық тұрғыдан есептеулері бар бірнеше күрделі процесс жүреді.

Бұл сабақтағы мақсат: STEM бағдарламасы техникасын қолдану арқылы оқушыларды ең алдымен тақырып аясында құнды ақпарат алу, идея құрастыру, алған ақпарат пен идея негізінде өзіндік жоба дайындауына ықпал ету. Оның математикалық өлшемдері мен есептерін сәйкестендіру, техникалық сипаттамасын дайындау соңында түпкі өнім нәтижесін алу. Осы жолда оқушыға басты талап - цифрлық техникалармен, компьютермен жұмыстанып, құрастыру және үлгілеу, жаңа ой мен зерттеу нәтижесін біріктіре отырып жаңа өнімдер алуға қол жеткізу.

Сабақтағы тұлғалық даму міндеттері:
- Алынған ақпарат негізінде жобаның идеясын даярлау, оған өлшем беру, осы бағытта таңдап алынған жобаның сұлбасын дайындау және қажетті есептерін жүргізіп, құрастырылым жұмысын аяқтау. Дайын болған жоба өнімін таныстыру.
-  Жобалау шығармашылық туралы ақпараттық танымын арттыру, интеллектуалдық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін мен белсенділігі деңгейін көтеру.
- Жобалау барысында түрлі ақпараттық құралдар және көздермен жұмыстану.
- Техникалық бағытта түрлі жобалар үлгілерін дайындау және үлгілеу
- Авторлық және өнертапқыштық бағыттағы жұмыстануды жолға қою

Жоба бойынша күтілетін нәтиже
- Алынған ақпарат негізінде жобаның идеясын даярлап, оған өлшем береді, осы бағытта таңдап алынған жобаның сұлбасын дайындап және қажетті есептерін жүргізіп, құрастырылым жұмысын аяқтайды. Дайын болған жоба өнімін таныстырады.
-  Жобалау шығармашылық туралы ақпараттық танымын арттырумен қатар, интеллектуалдық қабілетін дамытып, сөйлеу шеберлігін мен белсенділігі деңгейін көтереді.
- Жобалау барысында түрлі ақпараттық құралдар және көздермен жұмыстанады.
- Техникалық бағытта түрлі жобалар үлгілерін дайындап және үлгілейді
- Авторлық және өнертапқыштық бағыттағы жұмыстану жүйелі жолға қойылады.

 

 

 

1-сурет. «МИГ-1» магниттік импульстік генераторы

 

Физика пәні бағытында бұдан бөлек ғылыми жобалар дайындадық. Жобаны дайындау барысында таңдалған тақырып пен дайындалатын макеттік және модель техникалық тұрғыдан авторлық жоба болуына мән берілді. Бұл бағытта кеңінен тоқтала кетсек. Алдымен физика пәні бойынша зерттелетін тақырып аясын таңдау аса маңызды. Таңдалған тақырып бұрын аз зерттелген немесе мүлде назар аударылмаған, тіпті болмағанда техникалық тұрғыдан осы бағытта нақты өнімдер аз не жоқтың қасы болғаны аса қажет. Өйткені тың тақырып пен тың жоба қашанда құнды әрі өзекті болмақ. Ол алдағы зерттеу жұмысын жалғастырып, бұл бағытта басқа да жаңалықтар немесе идеялар ашуларына мүмкіндік береді. Келесі бағыт бұл бұрын зерттелген бірақ жеткілікті мән берілмеген немесе қажетсіз бағыт деп саналған ия болмаса техникалық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігінен тоқтап қалған бағыттар болуы мүмкін. Мен оқушылармен бірге тақырып таңдар кезде осы бағыттарда жете зейін қоюларын талап етемін. Физика - сөзі грек тілінен аударғанда табиғат деген мағына береді. Міне, табиғат... Және өте дұрыс. Яғни физика ол табиғат туралы ғылым. Демек біз STEAM технологиясын физикалық эксперименттер және зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде физика табиғат туралы ғылым екенін естен шығармауымыз керек. Кеңінен тоқтала кетсек, мәселен, Жоғары температураға төзімді материалдарды жобалау және өндіру атты ғылыми жобалар дайындауда біз шәкірттерміммен бірлесіп алдымен қажетті заттың табиғатын зерттедік. Оның құрылымын, атомдық-молекулалық қасиеттері туралы ақпараттар іздестірдік. Содан соң алынған ақпарат негізінде біз экологиялық қауіпсіздік бағытында ақпараттану бағытында зертханалық жұмыстар жүргіздік. Зертханалық жұмыстану барысында біз әрт түрлі материалдардан сынама алып, оларды күйдіру, өртеу және ыстық суда қайнату сияқты бір сөзбен айтқанда жоғары температурамен әсер ету арқылы, сынаманың өзгерісі, жай күйі және қоршаған ортаға әсері туралы зерттеу мәліметтерін алдық. Сол мәліметтер негізінде құрылыс материалының құрамын жасақтадық. Ол барынша органикалық және молекулалық құрылымы тығыз орналасқан заттардан құрылды. Салмағы жеңіл, температураға өзгерісіне төзімді болатын құрылыс материалының кірпіш негізінде формасы дайындалып осы негізде арнйы эксперимент жүргізілді. Бірнеше кірпіш атап айтқанда асбестті-құмды, құм-асбест-полипеностирольді және битум-полипропилен-құм қоспалы кірпіш үлгілерін дайындадық. Бұл бойынша не нәрсеге қол жеткіздік? Біз жоғары аталған STEAM технологиясын физикалық зерттеу жұмысымызда кеңінен қолдана отырып ғылыми жоба құрастыруға, құнды ақпаратқа және бастысы бағалы өнімге қол жеткіздік.

Келесі бағыт – ғарыштық техникалар бағыты. Еліміздің алдына қойған стратегиялық маңызды салаларының бірі – отындық ғарыш саласын дамыту. Қазақстан әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы – Байқоңыр ғарыш айлағының иесі, аталмыш жұлдызды айлақ бізге мақтаныш сезімін ұялатса екінші жағынан осындай құнды стратегиялық нысанды иелену бізден жауапкершілік пен осы салада сапалы жұмыстануды талап етеді. Әлем бойынша ұшырылатын ғарыштық зымырандардың жартысынан көбі осы Байқоңырдан ұшырылады екен. Әзірге айлақ Ресей Федерациясына 49 жылға жалға берілген, дегенмен ол бізден кетті немесе жауапкершілік жойылды деген сөз емес. Ол жердің экологиялық ахуалы, зымырандық отындардың қоршаған ортаға зияндылық деңгейі, жергілікті тұрғындардың денсаулығы, табиғаттың жай күйі деген сияқты әлеуметтік-экологиялық мәселелердің әрқайсысы кешенді зерттеуді қажет етеді және тез шешімін табуы аса қажет маңызды бағыттар.

Біздің еншімізге тиері ғылыми бағыттағы ғарыштық технологияларды дамыту. Осы бағытта STEAM технологиясын пайдаланып біз бірнеше жобалар құрастырдық. Соның бірі ғарыштық оранжереялар. Оранжерея дегеніміз жалпы өсімдіктер өсірілетін шағын көлемдегі арнайы жабық орын. Онда суару, жарықтандыру, желдеткіш жүйесі болады. Бұл бірақ жерге қатысты. Ал ғарыштық оранжерея дегеніміз қалай жүзеге асырылады. Бұл тақырып сонау адамзат баласы ғарыш кеңістігіне алғаш ұшқан 1961 жылдан кейін-ақ көтерілген тақырып болатын. Бірақ ол кезде басты тақырып Айды игеруге қатысты болды да басқа идеялар екінші орынға қалдырылған болатын. Бұл мәселеге 1980 жылдардың ортасынан бастап оралған ғарыш мамандары бүгінде бұл бағыт аса маңызды сала екендігін мойындап отыр. Сол жалпы адамзаттық зерттеу жұмысына үлес қосу мақсатында мен өз жобамды қолға алған болатынмын. Менің дайындаған ғарыштық жылыжайым «Астрон» деп аталады.

 

 

2-сурет. «Астрон-5» ғарыштық жылыжайы

 

Мақсатымыз – ғарышта ұзақ болатын ғарышкерлер мен мамандарды болашақта баламалы азық-түлік қосымшасымен және оттегі көзімен қамтамасыз ету. Ұсынып отырған оранжерея – түрлі өсімдік пен дәруменді көкөністер-жидектер өсіруге арналған автономды қондырғы болып табылады. Алдымен жобаның өзектілігін жобаға қатысушы оқушыларға түсіндіріп, бірге талқыластық. Нәтижесінде бұл жобаны жүзеге асырудың бағыттары мен жолдарын белгіледік.

 

 

3-сурет. «СкайЛаб» ғарыштық лабораториясы

Жоба бойынша ғарыштық оранжерея құрамында өсімдіктер капсуласы, сұйық түрдегі дәрумендер қоспасы бар ерітінді қондырғысы, жылыту, суару жүйесі, ауаны регенарациялау қондырғысы, өзіндік қысым мен температура реттегіштері, арнайы фито шамдары мен жарықтандыру шамдары, өзіндік күн батареялары мен аккумулятор батареясы, басқару приборлары бар және аудио-видеоқондырғылары бар тұтас бір шағын кешен болуы керек. Және ол кешен жинақы, барынша жеңіл, берік, жеңіл, отқа, суыққа төзімді материалдардан жасалған, көп орын алмайтын болуы басты назарда ұсталды. Қажетті зерттеулер мен тәжірибелерден соң жобаны құрастыру жұмыстары жүргізілді. Жобаны іске асыруға тура 11 ай 21 күн уақыт жұмсалды. Нәтижесінде шәкірттеріммен бірге түпкілікті өнімге қол жеткізілді. 2019 жылдың сәуір айында Байқоңыр қаласында өткен Ғылым әлемін ашамыз атты халықаралық ғарыштық зерттеулер байқауында шәкірттерім Алтынбек Қайырғалиев пен Даниал Сағын осы Астрон атты ғарыштық оранжерея жобасын сәтті қорғап жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Бұл байқауға сондай-ақ Ресей Федерациясы, Латвия, Қырғыз және біздің Қазақстан республикаларынан 300-ге жуық озық ойлы оқушылар мен мықты жобалар қатысқан болатын.

2020 жылдың мамыр айында халықаралық Ғылым әлемін ашамыз ғарыштық зерттеу бағытындағы ғылыми жобалар байқауында осы ғарыштық технологиялар бағытында СкайЛаб атты ғарыштық лаборатория жобасын ұсындық. Бұл жоба ғарыш кеңістігінде Жер маңы орбитасында адам және тіршілік ағзасына радиациялық белдеулердің тигізер әсерін зерттеу және озон қабатының жайын бақылауға арналған қондырғылар жүйесінен тұратын жоба моделін таныстырдық. Нәтижесінде шәкірттерім Дәулет Сұлтанғалиев пен Даниал Сағын жүлделі 3-орынды қанжығаларына байлады.

 

 

4-сурет. «Спектр» ғарыштық лабораториясы

 

Биылғы яғни 2021 жылы да біз зерттеу жұмыстарымызды одан әрі жандандырып, ғарыштық зерттеу бойынша облыстық деңгейде жеңімпаз атандық. Физика эксперименттерін оқытуда STEM технологиясын кеңінен қолдану нәтижесінде біз Спектр атты ғарыштық лабораториясы кешені үлгісін құрастырып шығардық. Оның мақсаты – ғарышта ұзақ болу кезінде адам ағзасына ғарыштық ортаның тигізер әсерін зерттеу және ғарыш кеңістігінде түрлі микроағзалар мен бактерияларға химиялық-биологиялық зерттеулер жүргізу. Бұдан басқа Күн желінің әсері туралы бақылау жүргізу, Жерді қашықтан зондтау, тұщы су қорына мониторинг жүргізу, ғарыштық қоқыс қалдықтары туралы зерттеулер жүргізу. Нәтижесінде оқушыларым Әсия Байешова мен Даниал Сағын осы жылдың мамыр айында өтетін халықаралық байқауға жолдама жеңіп алды. Қазіргі таңда оқушылар сол байқауға әзірлік үстінде.

Келесі зерттеу бағыттарымыздың бірі – баламалы қуат көздерін зерттеу, іздестіру және жүзеге асыру. Бұл аса қажетті әрі маңызды бағыттардың бірі.

 

 

5-сурет. «СКАТ – баламалы қуат көзін өндіру жобасы»

 

Аталмыш сала бойынша біз жаратылыстану-техникалық бағыт сабақтарында және сабақтан тыс үйірме жұмыстарында топтық және жекелей түрде зерттеулер мен жобалау жұмыстарымен айналысудамыз. Мәселен, баршамызға белгілі мұнай мен газ және басқа да минералды пайдалы қазба байлықтарымыз ерте ме кеш пе, әйтеуір таусылатыны белгілі. Сондықтан оларды сарқылатын пайдалы қазбалар деп атаймыз. Олардың қоры қазірдің өзінде сарқылуға жақын. Ал олар таусылған кезде адамзат қалай өмір сүрмек? Сол себепті алдымызға осы мақсатты батыл қоя отырып сарқылмайтын қуат көздерін зерттеу мен жобалау жұмысын дайындадық. Соның бірі – химиялық жолмен электр энергиясын өндіру. Бұл жерде физика мен химия саласының байланысын көреміз. Яғни физика ғылымы эксперименттер жүргізу нәтижесінде химия ғылымы саласының жетістігін өз өнімі саласында қолданады. Бұл жерде кәдімгі электролиз әдісі арқылы ештеңеге тәуелсіз электр қуатын өндіре алдық. Өндірілген энергия көлемі кернеуі U - 12 вольт және ток күші I -  5 А көрсетті. Бұл тек шағын көлемдегі қондырғыда алынған өнім. Болашақта алынатын электр энергиясы көлемін шәкірттерімізбен бірге ұлғайтуды қолға алудамыз. Бұл ретте де қол жеткен жетістігіміз жоғары деңгейде.

2019 жылы Талдықорған қаласында өткен Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам атты республикалық ғылыми жобалар байқауында шәкірттерім Әсия Байешова және Аида Қайыржанова есімді оқушылар СКАТ-12 атты химиялық аккумулятор жобасын сәтті қорғап жүлделі 3-орынды иеленді.

Ал 2020 жыл қыркүйек айында өткен Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам атты байқауда оқушым Әсия Байешова мен Фатима Қуантайқызы Иннова-М атты баламалы энергия өндіру қондырғысы жобасын сәтті қорғап жүлделі 3-орын алды.

 

6-сурет. «Иннова» баламалы қуат көзін өндіру қондырғысы жобасы

 

Бұдан басқа сутегі энергиясын өндіру және күн мен жел қондырғыларының жаңартылған, дамытылған үлгілері сияқты бірнеше перспективалық жобалар әлі де зерттеу жұмысында.

Зерттеуімізде қолға алған тағы бір бағыттарымыз олар – робот техникасы және қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған физикалық жобалар. Әсіресе бұл бағытта әскери және экологиялық көлік, қоқысты жинау, сұрыптау, бөлу, пресстеу, кесу және езу сияқты күрделі процесстерді жаайтын роботтық қондырғылар дайындалуда.

Бұл тек осы бағытпен жұмыстану дегенді білдірмейді алдымызда әлі талай қызықты жоспарлар бар, мәселен нанотехнология, молекулярлы физика, атомдық бөлшектер мен реактивті қозғалтқыштар бағытында түрлі жоспарлар. Осы арқылы физика пәніне деген оқушылардың қызығушылықтары артады, бұл бағытта инженериялық идеялар мен жобалар құрастырылып, жаңа өнімдер дүниеге келеді. Келешекте елімізге қажетті өндіріс мамандарының қалыптасуына алғышарттар жасалады, дамиды. Осы арқылы оқушы тұлғасы жан-жақты қажетті білім және ақпараттармен қамтамасыз етіліп, оны алдағы өмірде қолдануына мүмкіндік алады.  Осы арқылы физика теориялық қана емес қолданбалы ғылым саласында да жетістігі мен маңызы арта түсіп, жаңа ғасырда да оның ролі өзекті болмақ.

 

 

7-сурет. STEM технологиясы туралы аймақтық директорлар семинарында өткізген шеберлік сыныбым

 

 

 

8-сурет. STEM технологиясы аясында электр энергиясын алудың электролиздік әдісіне тәжірибе жасау сәті

 

 

 

9-сурет. «М-180 Периметр» атты зенитті-зымыранды қондырғы үлгісі жобасы.

 

 

 

10-сурет. «Жасыл әлем» шағын жылыжай көшетханасы

 

 

 

11-сурет. Шәкірттерім «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауының 2-орын жүлдегерлері 2018-2019 оқу жылы

 

 

 

12-сурет. Шәкіртім «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауының 3-орын жүлдегері 2019-2020 оқу жылы

 

 

 

13-сурет. Шәкірттерім «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық байқауының 3-орын жүлдегерлері 2018-2019 оқу жылы

 

 

 

14-сурет. Шәкірттерім «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық байқауының 3-орын жүлдегерлері 2020-2021 оқу жылы

 

STEM технологиясының құндылығы мен маңыздылығы да осында. Ол түрлі ғылым салаларының интеграциялануына яғни бірлікте дамуына жағдай жасайды. Жоғарыда өз тәжірибемізден келтіріп кеткен мысалдар мен мәліметтер осы айтылғандарымның дәлелі болмақ. Сол себепті аталмыш технология мектептер жүйесінде қолдану және осы физика саласында қолдану дер кезінде қолға алынған әрі аса құптарлық шара нәтижесі деп есептеймін. Бүгінгі күннің қажеттілігіне сай ғылым мен өркениетті дамытуға мақсат қойған аталмыш саланың ұстазы осы бағыт бойынша адалдық пен намысты мақсат тұтып оқушы тұлғасын дамытуда елге тиген үлес деген көзқараспен қарау керек. Қай білім технологиясын, әдістемесін білім саласына енгізсек те ол әрине қаржыны талап ететіні анық. Дегенмен де бұл соған тұрарлық, өйткені ол өзін-өзі ақтайтын технология. Сондықтан білімге салынған инвестиция, ең тиімді инвестиция. Бұл технология баланың жан-жақты білім алуына және интеллектуалдық жетілуіне, болашақта қоғамның әр саласында өнімді еңбек атқаруына септігін тигізеді.

ҚОРЫТЫНДЫ: STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған мәселелерді көрсетіп, талдап өткен мақсаттар жүзеге асқан кезде біз қатарынан оқ бойы озық тұратын, кеңінен әрі терең, саналы ойлана алатын, өзге елдермен бәсекеге түсе алатын әрі бәсекеге қабілетті, елін сүйетін, оның болашағына қызметі ете алатын, адал ұрпақ қалыптастыра аламыз. Олай болса СТЕАМ технологиясын физиканы оқытуда кеңінен қолдану арқылы оқушылардың пәндік, интеллектуалдық және шығармашылық құзіреттіліктерін арттыруға сонымен қатар пәндік білім сапасын жоғары сатыға көтеруге, қолданбалы ғылымды мектеп табалдырығында сапалы дамытуға мүмкіндік аламыз. Оқыту үдерісінде оқушылардың пәнді сапалы меңгеріп, сыни ойлау қабілеттерін арттыруда, технология саласында өзіндік авторлық жобалары мен туындыларын жүзеге асыруда аталмыш технологияның маңызы өте зор.

Заман уақыт сайын өзгеріп дамып келеді. Сол замана көшінен біздің еліміз де қалмау керек. STEAM – ғылымын қолдана отырып жас ұрпақты заманауи білім әдісіне үйрету және болашақта игерер мамандықтар арасын қосатын көпір десек те болады. Оның тұжырымдамасы бойынша білім алушы бүгінгі жас ұрпақ технологиялық тұрғадан алғанда дамыған әлемге дайындалады. Болашақтың мамандарына бәсекеге қабілеттілік, соның ішінде жан-жақты дайындық және жаратылыстану-техникалық сала ғылымдары, инженерия, замануи техникалар мен технологиялар, физика, математика, информатиканың әр түрлі бағыттарының үздік әрі сыннан өткен іріктелген бағыттары қажет. Ғылым және зерттеу саласы бағытын дамыту мақсатында ұсынылып отырған аталмыш оқыту әдісі осы салада негізінен нақты әрі терең нәтижелер алуға мүмкіндіктер беріп, мұғалімнің өз ой санасын өзгертуіне осы арқылы өзін өзгертуіне, заманауи оқыту әдісін игеру арқылы жас ұрпақты ғылым мен инновацияның жетістіктерін игеруге тәрбиелеуге, осы салада тамаша жетістіктерге жетуге әкеледі. Сол себепті әлемдік өркениет жетістігінен қалмай, еліміздің білім саласында замануи оқыту техникалары мен әдістемелерін игеру арқылы болашақ ұрпақты осы бағытта дайындау қазіргі заман ұстаздарының басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Баяндамамды Ж.Аймауытовтың Ұстаздың жұмыстанатын ісі – үздіксіз қимылда болатын, үнемі қозғалатын, өсіу болатын, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды  деген сөзімен аяқтап, ұстаздарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өзара ынтымақтаса отырып, бірігу арқылы еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қажымай, талмай, жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасауға шақырамын және жасап жатқан еңбектеріңіздің жемісін жақсы нәтижелермен көріңіздер деп аяқтағым келеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1        Білімді ел - Образованная страна" №20 (57), 2016ж.

2        Мағжан Жұмабаев. Жалпы педагогика”. 2009ж.

3        http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy «рухани жаңғыру» Елбасының халыққа жолдауы

4          Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. — — № 2. — 34-б.

5         Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар — талапшаң мұғалім еншісі // Бастауыш мектеп. — 2011. — № 4. — 25-б.

6         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан., 2012. — № 41–42 (27114). — 28 қаңт.

7         Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі. — 1999. — 23 шілде. — 2–5-б.

8         Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. — 2001. — № 3.

9         Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы / www.edu.gov.kz/ru/zakonodatelstvo

10     Об особенностях преподавания основ наук в общеобразовательных организациях (в том числе, реализующих инклюзивное образование) Республики Казахстан в 2014-2015 учебном году.

11    Инструктивно-методическое письмо. – Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2014. – 181 с.
http://www.edu.gov.kz/sites/default/files/mon_rk_imp_2014 2015_gg._rus_.doc

12     Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия (социальные проблемы инноватики). – М.: Политиздат, – 271 с.

13     Медведев В.П. Инновации как средство обеспечения конкурентоспособности организации. – М.: Магистр, – 159 с.

14     Исследовательские университеты США: механизм интеграции науки и образования / под ред. проф. В.Б. Супяна. – М.: Магистр, 2009. – 399 с.

15     Кервенова М.М., Абенова К.М. Білім беру жүйесі Білім беру Технологиясы Қарағанды университетiнiң хабаршысы

16     Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012ж

17     ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы 2016ж

18     Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012

19     ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011

20     ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2020

https://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/janartyilgan-bagdarlama--blm-berudeg-jana-mazmun-103589/

 

21    https://www.zharar.com/kz/zhospar/36627-stem-bilim-beru-bagdarlamasynyn-zhana-trendi.html

22    https://bilimdinews.kz/?p=104586

23    https://egemen.kz/article/260885-stem-–-bilim-berudegi-tynh-baghyt-dganha-trend

24    https://almaty-akshamy.kz/stem-bilim-beru-zha-a-tehnologiyalar-men-zha-asha-ojlau-ba-dary/

25    https://bilimainasy.kz/stem-мектеп-оқушыларын-оқытудың-жаңа/

26    Г.Ахметова, А.Мурзалинова. «Преимущества и перспективы STEM-образования» \\ «Білімді ел – Образованная страна» №41 (102) 7 ноября 2017 г

27    https://nao.kz/files/blogs/1554284508481.pdf

28    https://bilimdinews.kz/?p=105369

29    https://tilalemi.kz/article/1386

30    http://edunews.kz/1529-zharatylystanu-pndern-zerthanaly-sabataryn-stem-tehnologiyasy-aryly-oytu.html

31    Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысы


«PIRLS» халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау.

Алматы облысы, Балқаш ауданы, «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

Сейдахметова А.Т

Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағына жауапты да жігерлі, білім өрімі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері өз қолдауын тауып, оқу үрдісінде кеңінен қолдануда. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн болар. Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру жағдайларды объективті түрде бақылау, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне шығармашылық бағытта жұмыс істейтін бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыратын міндеті тұр. PIRLS-зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшылар ойына келісе отырып, « Оқырман сауаттылығын »-бұл адамның өмірде толыққанды қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті. Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында басты принцип қалыптастырады. PIRLS-зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады. Білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі. Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі.Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау. Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды, себебі оқытудың алғашқы төрт жылы нақты барлық білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі. Мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек. Бастауыш мектептен бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі ол-оқушылардың ақпараттық біліктілігі қалыптасады. Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын, әдіс-тәсілдерін тауып қолданып табу талап етіледі. Бастауыш мектеп мұғаліміне кіші сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу яғни ақпарат дерекнамасын білу, қызықтырған сұрақтарға жауап іздей алу, таңдалып алынған мәліметтерді сауатты көркемдеу мен ұсыну маңызды.Бастауыш сынып оқушыларының төртінші сынып соңында орта және жоғарғы буында білім алудағы табысты үрдіс үшін оқу-ақпараттық білімін қалыптастыруда біріккен мақсатты бағытталған аса маңызды жұмыс қажет. PIRLS зерттеуіндегіоқу сауаттылығыоқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау