Файл: Мектеп атауы ылыми жоба таырыбы мысытар туралы не білдім ылыми жоба авторы сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МЕКТЕП АТАУЫ



ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:

«МЫСЫҚТАР ТУРАЛЫ НЕ БІЛДІМ?»

ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ:

СЫНЫП:

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:

2022 ЖЫЛ

МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА

КІРІСПЕ

I .Бөлім. Мысық қасиетті жануар.................................................................4

1.1 Үй жануарлары ................................................................ 9

1.2. Мысықтар сиқырлы жануар ма?.................................................................11

1.3. Ғылым мен медицинада мысықты пайдалану...........................................12

II Бөлім. Мысықтың адам ортасындағы орны...............................................13

2.1. Таңғажайып оқиғалар..................................................................................18

2.2. Мысықтың сиқыры мен емдiк қасиетi.......................................................13

2.3. Өз үйіңдегі қазына......................................................................................19

Қорытынды........................................................................................................21

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................22

Кіріспе

Бұл жоба хайуанаттар әлемін,соның ішінде тылым күш иесі мысық жануарының бойындағы емдік қасиетін зерттеуге арналған.Осы зерттеу арқылы оқушыларға жануарлардың пайдасынан басқа емдік қасиеттері болатындығы жайында ақпарат беру, оқушыларға айналамыздағы жануарларың ерекше қасиеттерін ескеріп,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Зерттеу гипотезасы:сипалап жақсы көрсек, тамағын дұрыстап, жақсы сөздер айтсақ, сонда ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады.

Жұмыстың мақсаты: мысық жануарының пайда болуы,оның емдік қасиетінің анықталуы және өмірде пайдалана білуге үйрету,осы жануарды аялап, қамқорлыққа алу болып табылады.

Зерттеу міндеттері :

  • Жануардың шығу тарихын анықтау

  • Мысық жануарының пайда болуын оқып білу

  • Мысық жануарының емдік қасиетін анықтау

  • Мысық жануарының медицинадағы анықтаулары

Зерттеу әдіс-тәсілері:

1.Теоиялық материалды жинақтау

2.Тақырып бойынша материалды іріктеу

3.Мысықтың емдік қасиетіне презентация дайындау

4.Ақпарат көздері арқылы мәлімет беру

Теориялық маңыздылығы: мысық –иесінің ауырған мүшесін дөп басып білетін энергетикалық ақпараттық құрал

Құндылығы: мысықтың кез келген ауруға таптырмайтын емдік қасиеті .

Жұмыстың құрылымы: Жоба кіріспеден, екі бөлімнен,қорытындыдан тұрады.

Аннотация
Зерттеу жұмысында орындаушы Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысық терапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсете білген.

Аннотация
Ученик, в ходе научно – исследовательской работы, вкладывая свои способности и поиски, доступно написал о лечебных свойствах кошки в отношении своего хозяина. В ходе работы остановился: на питании и уходе домашних кошек, на отзыв животных хозяину на казахском языке.

Особенное внимание уделил на фелинотерапию – кошачью терапию. В работе видно, что ученик опирался на работы и исследования мировых ученых о том, что разные породы кошек излечивают разные болезни в организме человека.

Новости, происходящие в области медицины сумел обоснованно доказать.

The summary
The pupil, in a course scientifically – research work, putting the abilities and searches, has well written about medical properties of a cat concerning the owner. During work has stopped: on a food and leaving of house cats, on a response of animals to the owner in the Kazakh language.

Especial attention has given on felinoterapija - the cat's therapy. In work it is visible that the pupil leaned against works and researches of world scientists that different cat breeds cure different illnesses in a human body.

The news occurring in the field of medicine has managed to prove soundly.

I Бөлім. Мысық қасиетті жануар.
1.1.Үй жануары

Жалпы мысық жануары қандай жануар екен? Зерттеушілердің болжамы бойынша жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысық тәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады.



Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады.Ал енді, жалпы мысықтәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2,5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысық тәрізділер бағалы терісі үшін ауланады.

1.2.Мысықтар сиқырлы жануар ма?

Халқымыз мысықты сиқырлы жануар деп қадірлеп,қастерлеп жатады. Сіздер соған сенесіздер ме? Осы сұрақ мені де толғандырып, осы ғылыми жобаны жазуға түрткі болды. Сондай-ақ адамзат баласы бағзы заманнан-ақ мысықты сиқырлы жануар деп ойлаған. Ежелгі мысырлықтар мысықты фәни мен бақиды жалғастырушы деп есептеді. Сол кездегі сиқыршылар «мысықтың көзі басқа әлемнің көрінісі, өзге дүниеге апаратын жол», - деп сенді. Әлемнің әр еліндегі халықтар мысыққа байланысты сан алуан салт-дәстүрлерді өмірге енгізіп, бұжытпай орындайтын болды: орыс халқы жаңа үйге, пәтерге қоныстанар алдында сол баспанасына әуелі мысықты кіргізеді. Мұндағы наным-сенім: мысық үйді тылсым күштерден тазартады. Көп халық «қара мысық алдыңды кесіп өтсе, жолың болмайды», - дейді. Қазіргі қазақтар да оған иланады.

Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын силайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс-тәжірибеде пайдаланғаны. Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан-жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой-пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық – ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді».[15]


Мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысым реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20-25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай-ақ, мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау - әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия!

Ғылыми зерттеулерге қарағанда мысық жүйкені тыныштандырады, қан қысымын қалыпты жағдайда ұстайды, бас және буын ауруларын болдырмайды, жүректің жұмысын реттейді, жарақаттың тез жазылуына септігі тиеді, іштегі қабынуды емдейді. Оны сипалағанда, сөйлескенде жүні адамға қуат береді, белсенді нүктелердің жұмысын жақсартады да ауырсынуды болдырмайды.

1.3. Ғылым мен медицинада мысықты пайдалану

Мысықтардың да адам ауыратын сырқаттарға шалдығатыны анықталып отыр. Соның бірі мысықтардың СПИД-пен ауыратыны. Бұл бағытта зерттеу жүргізген топтың жетекшісі биолог Эрик Пейшл былай дейді: «Мысықтар мен адамдар бір-біріне генетикалық жағынан өте ұқсас. Homo gapiens u Felis арасындағы ұқсастық тоқсан пайызға дейін жетеді». Яғни, адам да, мысық та СПИД-пен ауырады, жер бетіндегі мысықтардың 4,5 пайызы осы ғасыр дертін жұқтырғандар. Тек, таңқаларлығы, мысықтар СПИД-тен өлмейді. Және де мысықтардың СПИД-ке қарсы иммунитеті бар. Ең бастысы, мысықтардың СПИД-і адамдарға жұқпайды. Ғалымдар гендік инженерия арқылы иммундық жетіспеушілік вирусына қарсы ген ендірілген мысықтар әлемді бұл қатерлі дерттен құтқара алады дейді. Осы орайда айта кететін мәселе, маймылдарда да ғасыр дертіне қарсы қорғаныс гені – TRIMCур-дың бар екендігі анықталды. Мамандар оны жасыл ақуыз генімен белгілеп, мысықтардың жұмыртқа жасушасына енгізген. Модификациядан өткен вирус әлгі жұмыртқа жасушасына ауру жұқтырғанда бұл жасушаны көбейтіп, 22 мысыққа ендіріп, тәжірибе жасайды. Сонда бұлардың бесеуі артынша буаз болады. Он бір шарананың онында жасыл ақуыз бен TRIMCур гені анықталады. [127]


Сөйтіп, осы тәжірибе барысында бір шарана іште өлсе, бірі туылған соң өледі. Қалған дүниеге келген мәулендердің (мысық баласының атауы, М.С.) жасушаларынан жасыл ақуыз бен TRIMCур гені табылады. Бұл трасгенді мәулендерге ғалымдар ультракүлгін сәулесін түсіріп көреді, сол кезде олар жасыл түсті болып көрінеді де, зерттеушілер «енді трансгенді мысықтар арқылы СПИД-ке қарсы қорғаныш қабілеті бар кез келген гендердің әсерін тексеріп білуге болады» деген қорытынды жасайды. Ғалымдардың айтуынша, осы зерттеу бойынша келешекте ғасыр дертіне қарсы дәрінің ойлап табылуы әбден мүмкін.

Ғылым мен медицинада мысықты пайдаланудағы жаңа бағыт-батыс дәрігерлерінің оларды есірткі мен ішімдіктен адамдарды емдеуде тәжірибе құралына айналдыруы, ағылшындардың мысықтардың қандай ауруды емдей алатынына зерттеу жүргізіп, оны түр-түсі мен терісіне қарай ажыратуды анықтағаны. Ағылшын зерттеушілерінің ой-пікірі бойынша, ақ түсті мысық бүкіл ауруларды жаза алады. Сол себепті Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты дәрі-дәрмек ретінде сатуға көшіп отыр. Ал, енді Берлиндегі геронтология институтының ғалымдары мысық иелеріне мынандай зерттеу жүргізген: үйінде мысық асырайтын 3 мың адамды бес жыл бақылауға алады, өмір бойы мысық асыраған адам үйінде мысық ұстамайтын адамға қарағанда 10,3 жыл артық өмір сүретіні анықталады. Және де осы бақылауда мысық асырайтын адамдардың қан қысымының көрсеткіштері де жақсы болып шығады...


II Бөлім. Мысықтың адам ортасындағы орны

2.1 Таңғажайып оқиғалар.
Мысық ит тәрізді өз иесіне адал серік бола алмайды. Өйткені мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшін жаратылған. Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшін асырады. Алайда, шын мәнінде, мысықтың жер бетіндегі негізгі қызметі тышқан аулау да емес. Оның негізгі миссиясы – өзі тұратын үйді аластау, ондағы тыныштық пен үйлесімділікті сақтау. Кейде мысық өзінің сиқырлы қызметін қажет ететін үйді өзі іздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесі мысықты қумай, оны паналатып, «сиқырын» іске асыруға мүмкіндік беру керек екен.

«Қара мысық алдынды кесіп жүгіріп өтсе, жолың болмайды» деген ырым бар. Алайда, бұл қара мысықтың кесірі тиеді деген сөз емес. Қайта керісінше, мысық жолды кесіп кету арқылы сізге белгілі бір қауіп-қатер төнгенін сездіреді, сөйтіп, теріс нәрседен арашалап қалғысы келеді. Сондықтан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түсті мысықтың өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабілеті әлде қайда мықты, әрі ол теріс энергияның түгін қалдырмай жұтып алатын көрінеді. Кейбір экстрасенстердің үйлерінде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле-жаладан корғап, үйді аластап береді.