Файл: Мектеп атауы ылыми жоба таырыбы мысытар туралы не білдім ылыми жоба авторы сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.04.2024
Просмотров: 27
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Хайуанаттардың адамның досы ғана емес, сырқаттанып қалғанда жанынан табылатын «емшісі» екені сан ғасырдан бері белгілі. ХХ ғасырдың аяғында ғалымдар олардың осындай қасиеті бар екенін ғылыми түрде дәлелдеген. Жануарлар адам ағзасы мен жүйкесіне жағымды әсер беретін электрмагнитті сәуле шаша алады. Бал арасын баптаушы мен қысы-жазы төрт түліктің бабын күйттеген қарапайым шопанның өмірін бақылаған ғалымдар олардың өзгелерден әлдеқайда тың әрі ауруға бой бермейтінін байқаған.
Қорыта келгенде,бүгінгі таңда көптеген елде төртаяқтылар мен құстардың көмегімен ем жасайтын (анималотерапевт) емдеу орталықтары мен клиникалар да бар. Ал Англияның дәріханаларында емдік ақ мысық та сатылады .
Таңертеңгі сағат алтыларда қарға біздің сая бақтың алдына келіп қонады да, ерсілі-қарсылы жүріп, мысықты күтеді. Сол сәтте, жирен мысық та далаға шығып, екеуі біздің аулада серуендейді немесе көрші қораға кетеді. Бұлардың алғаш ұшырасқан жері – жөке ағашының маңында жүргенін талай адам көріпті; мұнда мысық өзінің өрмелегіштік өнерін көрсетеді. Бұл кезде қарға үнсіз отырып, оның акробатикалық жаттығуларын тамашалайды. Бұдан соң мысық бұтақтардың үстінде отырады, ал қарға үздіксіз қарқылдай бастайды. Сырттан қарағанда, бұл мысықтың гимнастикасын талқылағанға немесе оған көрген-білгендерін айтқанға ұқсайтын еді; мұндайда мысық үнсіз отырып, мұқият тыңдайтын. Екеуі өстіп көп отырады да, қайтадан серуенге шығады. Бұл оқиға жұрттың аузынан түспейтін болды. Кей адамдар мысық пен қарғаны көру үшін әдейілеп келіп жүрді. Екеуі кісіден қорықпайтын-ды, жақындап барсаң да тұра қашу дегенді білмейтін. Біраздан соң қарға ұшып кететін де, ертеңіне таңертең қайта келетін. Алайда бұл оқиға қайғылы аяқталды. Қарға кенеттен жоғалып кетті. Ол дуал іргесінде өліп жатқан жерінен табылды. Көрші ауланың балалары үрлеме мылтық атуға жаттығып жүргенде қарға біздің қораға келіп қону үшін көршілердің жерін айналады, тым төмен ұшып келе жатқанда байғұсқа оқ тиіп кетеді...Жирен мысық біршама уақытқа дейін ертемен далаға шығып, досын күтіп жүрді. Оның қаншама қайғы шеккенінен ешбір хабарымыз болмады. [6,145].Алайда,біз хайуандардың сезім дүниесін тым аз білеміз ғой..
2.2. Мысықтың сиқыры мен емдiк қасиетi
Адамзат мысықты бағзы заманнан берi сиқырлы жануар деп есептеген. Ежелгi мысырлықтар мысық жануарын қатты қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниенi жалғастырушы деп қадiр тұтқан. Расында да, мысықтың көзiне бiр рет үңiлген адам ондағы терең тұңғиық¬ты байқай алады. Бағзы заманның сиқыршылары мысықтың көзiн басқа әлемнiң көрiнiсi, өзге дүниеге апарар жол деп сенген.
Мұндай наным сенiмдер тектен текке шықпаған. Мысық адам көзiне көрiнбес тылсым дүниенi көре алады. Тiптi онымен байланыс орнатады. Кейбiр халықтардың ескi аңыздарында мысық үйдегi тылсым күштермен, үй иесiмен сөйлеседi деп жазылған. Мысық үйдегi терiс энергиясы көп жердi әдейi таңдап алып жатады. Бұл да мысықтың сиқырлығымен байланысты. Мысықтар бiз өмiр сүретiн әлем мен жұлдызды әлемнiң шекарасын жалғастырушы ғана емес, олар адамды өзге әлемнен енетiн тылсым күштерден қорғай алады.
Мысық ит тәрiздi өз иесiне адал серiк бола алмайды. Өйткенi мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшiн жаратылған. Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшiн асырады. Алайда, шын мәнiнде, мысықтың Жер бетiндегi негiзгi қызметi тышқан аулау да емес. Оның негiзгi миссиясы – өзi тұратын үйдi аластау, ондағы тыныштық пен үйлесiмдiлiктi сақтау. Кейде мысық өзiнiң сиқырлы қызметiн қажет ететiн үйдi өзi iздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесi мысықты қумай, оны паналатып, “сиқырын” iске асыруға мүмкiндiк беру керек екен.
“Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп қатер төнгенiн сездiртедi, сөйтiп, терiс нәрседен арашалап қалғысы келедi. Сондық¬тан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түстi мысықтың өзге түстi мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабiлетi әлдеқайда мықты, әрi ол терiс энергияның түгiн қалдырмай жұтып алатын көрiнедi. Кейбiр экстрасенстердiң үйлерiнде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле жаладан қорғап, үйдi аластап бередi.
Ал ендi мысықтың емдiк қасиетi өз алдына. Бiр жерiңiз ауыра қалса, мысықтың дәл сол жерге барып жатуы бекер емес. Мысықтың емдiк қасиетiн бұрынғы емшiлер де жақсы бiлген. Қазiр де медицинада “анималтерапия” атты сала бар. Мысық иесiнiң ауыратын жерiн әртүрлi жолмен емдейдi. Бiр мысықтар дененiң сол бөлгiн ақырын тырналап массаж жасаса, бiреулерi жай ғана сол жерге жатып ақ әсер ете алатын көрiнедi.
Қысқасы, мысық – иесiнiң ауырған мүшесiн дөп басып бiлетiн энергетикалық ақпараттық құрал. Себебi адамның ауыратын дене бөлiгiнiң энергетикасы өзгередi, осы өзгерiстi мысық қатты сезедi екен. Осылайша, мысықтың биоөрiсi жүрек жұмысын қалыпқа келтiредi, қан тамыр мен бас ауруын жазады. Әрi анималтерапевтердiң айтуынша, мысықтың пыр пыр еткен даусының өзi адамды емдей алады. Оның мияулаған даусы 20-50 герцке дейiн жететiн дыбыс толқындары. Осы шамадағы дыбыс диапазоны адам жарақатының тезiрек жазылуына, сынған сүйектiң тез бiтiп кетуiне септiгiн тигiзедi. Мысықтың осы мияулағаны ағзаның иммундық жүйесiн күшейтіп, тiптi өмiрдi ұзартады екен.
Мысықтың мамық терiсiн бiрнеше минут сипаған адамның инфаркт, инсульт алу қаупi азаяды. Себебi жануарды сипаған кезде саусақ терiсi арқылы миға белгi берiледi. Ит немесе мысықты сипалау – әлсiз тоқ арқылы электростатикалық әсер ету деген сөз. Осының өзi физиотерапия емей не?
Батыс дәрiгерлерi мысықты есiрткi мен iшiмдiктен емдеу үшiн медицинада қолдана бастаған. Ал ағылшындар мысықтар қандай ауруды емдей алатынын оның түр түсi мен терiсiне қарап ажыратады. Мәселен, ағылшындарға сенсек, ақ түстi мысық бүкiл ауруларды жаза алады екен. Сондықтан Ұлыбританиядағы кейбiр дәрiханаларда ақ мысықты дәрi дәрмек тәрiздi сатады.
Қазақ халқы мысықты жақтыра бермейді. “Оның тілеуі жаман” деп қарайтындар да бар. Бірақ “мысықтың қарғысы жаман болады” дегенді де бала күнімізді жиі еститінбіз. Қазақ Мысықтан гөрі ит пен жылқыға жақындау, әрі оларды жеті қазынаға жатқызады.
Дәрігерлер стресс күйін ағзаны мүжіп-құртатын ең жаман күш деп бағалайды. Оның алдын алмаса немесе тоқтатпаса күре тамырлық қысымды жоғарылатып, ішек-асқазан құрылысын таптап өтіп, иммуналды жүйені жеп тауысып, мезгілсіз қартаюға соқтырады. Ал, мұндай тығырыққа үйінде мысығы бар адамдар ұшырамайды екен. Жалпы, сүйікті асыранды мысығы бар үйдегі тұрғындарда буын шораяқ, радикулит, остеохандроз секілді аурулар кем ұшырасады. Өйткені, мысық қылшығынан шығатын әр түрлі ток қабынуға қарсы емдік шара жүргізеді. Үй мысығынан тарайтын табиғи аура асқазан жарасы мен ұйқысыздықтың емдеп жазуға қабілетті. Оның адам денесінің қандай да бір бөлігіне келіп жатуы сол жерді кәдімгі укол салған немесе алтын ине шаншыған дәрежеде емдейді екен.
Мұрттыларға қатысты тағы қызықты дерекке тоқталайық, ем-дом үшін асырауға ақ мысық жарамды ма, әлде қара мысық па, мүмкін сары мысық дұрысырақ шығар деген сауалдар да туындауда. Ағылшын дәрігерлері салалы ұзын жүнді мысық – жүйке ауруларын емдейді, тықыр жүнді қасқабас мысық – бауыр, асқазан ауруларын емдеуге қабілетті, сиам мысығы денедегі суықты шығаруда таптырмас «дәрі», қара мысық жағымсыз энергияларды қуалаушы, жирен түстілер жақсы энергияларды шақырушы-мыс,-деген халық арасындағы алып-қашпа әңгімеге барлық мысықтың емшілік тұрғыдағы қабілет-қарымы бірдей деген зерттеулері арқылы нүкте қойды.
Фелинотерапияны қолданудың жөні осы екен деп кез-келген мысықтан шипа күтуге болмайды, мұндай шараны қожайынның сүйікті де, күтімді мысығы ғана атқара алады екен.
2.3. Өз үйіңдегі қазына
Жеті қазынаның бірі саналатын төрт аяқтының бірі – ит. Ол ұмытшақтық, жүрек ауруы, соның ішінде ишемия, стенокардия, инфаркт, аритмия, қант диабеті, құяң, асқазан, бүйрек, тұмау, қолқа ісік ауруы кезінде жаныңнан табылатын нағыз емші. Ньюфаундленд, сенбернар, дог, қара терьер сияқты атына заты сай төрт аяқтылар баспа, созылмалы гастрит, отит, тонзиллит, геморрой, гепатит, эндемикалық без, остеохондроз, жүрек, бауыр ауыратындарға кәдімгідей күш береді.
Ем болуы үшін не істеу керек? Мысалы, жүрегі сырқат адамдар бір ай бойы күн сайын өзінің сүйікті итінің жүрек тұсына қолын қойып, жарты сағаттай ұстап отыруы тиіс. Ғалымдар ірі иттің жүрек бұлшық етінің соғысы ешқандай кардиостимулятордан кем еместігін айтады. Бір ескеретін жайт – мұның бәрін итіңіздің «келісімімен» жасау керек. Оның көңіл күйі келіспей отырса, сізге ем емес, қауіп әкелуі де мүмкін.
Жарақат алып немесе күйіп қалған кезде ит - алғашқы жәрдем беруші. Оның сілекейінің өзі лизоцим антибиотигі, оның залалсыздандыру және жарақаттың тез жазылуына септігі бар.
Миыңыз бен жүрегіңіз сыздап маза бермесе, төрт аяқты досыңызды жаныңызға алып, бес минуттай сипап отырыңыз. Сонда ешқандай ношпаның қажеті болмайды. Радикулит немесе остеохондроз кезінде олардан асқан жылытқыш таба алмайсыз. Иттің жүнін кенеп қапқа салып, сақтап қойсаңыз, ол құяң, буын ауырғанда, дем жетпегенде өте пайдалы. Ол үшін әлгі қапты үтіктеп, жылы күйінде ауырған жерге басу керек.
Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы көретіндер өз қатарластарынан он жылдай ұзақ өмір сүреді екен. Ғалымдар мысықтың көптеген ауруды жеңілдетуге сеп болатынын, тіпті жазылып кетуіне әсері барын айтады. Мысалы, ағылшын ғалымдары үйде мысық ұстау арқылы миокард инфарктінің қайталап соғуын алты пайызға дейін төмендетуге болатынын айтқан. Науқас қожайынының жанынан тәулік бойы кетпей, ас-суға қараудан да бас тартып, тіпті оның ауруын өзіне қабылдап, шейіт болып кеткен мысықтар да болған.
Мысықты тізеңізге қойып немесе құшақтап, сипап отыру арқылы бойыңыздың біраз сергіп қалғанын байқайсыз. Желкеңіз құрысса, оны 3-5 минутқа мойын орағыш ретінде ұстай тұрыңыз.
Түн ұйқыңыз бұзылса, мысықты жастыққа жатқызып, маңдайыңызды түйістіріп жата қойсаңыз, қалай ұйықтап кеткеніңізді де байқамай қаласыз. Мысықтың тырнақ ізі де ем, кәдімгі инемен емдеудің бір түрі.
Жалпы, мысық деген мақұлықтың жүрек қысылғанда, іш құрылысы ауырғанда, буын сырқырағанда, қатты шаршағанда, тұмауратқанда, басқа да көп жағдайда пайдасы көп. Ол ауырған жеріңізді өзі тауып, жақындай түседі.
Ұрғашы мысық іш құрылысы мен жүйкені «емдесе», еркек мысық остеохондроз, радикулит және артроздың «маманы». Парсы, ангор, бирмандық, рэгдол, сібірлік атауға ие мысықтар – жүйке ауруының «білгірлері». Сиам, ориенталь, сфинкс бауыр, бүйрек, асқазанды «емдейді». Жүрегінде кілтипаны барларға британдық, экзотикалық қысқа талшықты мысықтарды серік еткен жақсы.
Италиядағы Верона университетінің ғалымдары жас кезінен мысықты үйлерінде өсірген адамдарға қарағанда егде жасқа келгенде мысық ұстауға бейімделгендердің үй жануарына аллергиясы көбірек пайда болады екен.
Ұзақ уақыт бойы мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту – иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді.[68]
Мысықтың мияулаған даусы – 20-дан 50 герцке дейінгі белгілі дыбыс толқындары. Оның осы мияуы организмнің қорғаныш күшін арттырады, жараның жазылуын тездетеді. Мұндай жиіліктегі дыбыс толқындарының әсері нәтижесінде сүйек тығыздығы артып, қол-аяқтың морт сынуы азаятын көрінеді екен.
Қорытынды
Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Жоғарыда жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған. Сондай-ақ, ондай адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ адамнан гөрі күштірек болады екен. Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Осыған сай халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді. Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг жаттығулар жасауға қабілетті хайуанат «емдеуші терапевтке» айналады.Жануарлар адам ағзасы мен жүйкесіне жағымды әсер беретін электрмагнитті сәуле шаша алады. Бал арасын баптаушы мен қысы-жазы төрт түліктің бабын күйттеген қарапайым шопанның өмірін бақылаған ғалымдар олардың өзгелерден әлдеқайда тың әрі ауруға бой бермейтінін байқаған.
Бүгінгі таңда көптеген елде төртаяқтылар мен құстардың көмегімен ем жасайтын (анималотерапевт) емдеу орталықтары мен клиникалар да бар. Адамзат баласына берік та сенімді достығы мен қызметін білдіретін үй жануарларына тағы да бір рет құрмет білдіруді ескертеміз.
Фелинологтардың айтуынша мысықтар өте ақылды жануарлар. Сондықтан да ол жануар өзіне құрметтпен қарауды талап етеді, ол бұйрықты ұнатпайды, оның орнына сыйпалап мақтағанды жақсы көреді.
Әрине мысықтар туралы көп айтуға болады. мысықтарға өз мекен - жайлары мен қожайындары табуына, оларға айнымас адал серік болуыларына тілектеспін.