ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сатып алу-сату шартының анықтамасы
Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы), мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді .
Сатып алу-сату шартының сипаттамасы:
Шарт консенсуалды (өйткені, тараптар оның елеулі жағдайлары бойынша келісімге келгеннен бастап жасалған болып саналады), ақылы (тауарды берген жаққа ақы төленеді), екі жақты міндеттейтін (құқықтар мен міндеттер екі жақта да пайда болады).
Сатып алу-сату шартының тараптары:
1 ТАРАП: сатушы – ол тауарды сатумен айналысатын кезкелген жеке (әрекетке қабілетті) немесе заңды тұлға
2 ТАРАП: сатып алушы – ол тауарды ақша төлеп өз меншігіне алатын кез келген жеке (әрекетке қабілетті) немесе заңды тұлға
Мемлекет – шарттың тарапы ретінде, оның кейбір түрлеріне қатыса алмайды, мысалы: бөлшектеп сату шартына ол қатыса алмайды.
Сатып алу – сату шартының заты (нысанасы)
Ол сатушы сатып алушыға беретін немесе беруге міндеттенетін мүлік немесе мүліктік құқықтар болады.
Ол “тауар” деп аталады.
Ол ҚР заңдары бойынша сатуға рұқсат етілген кез келген мүлік болады, соның ішінде жылжыйтын және жылжымайтын, тұтылатын және тұтылмайтын, жеке және тектік белгілерімен анықталған.
Сатушының құқықтары мен міндеттері:
Сатушы сатып алушыға тауарды беруге, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауармен қоса оның керек-жарақтарын және де құжаттарын беруге міндетті, яғни сатып алушыға меншік құқығын (шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығын) беруге міндетті.
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Тауарды қабылдауға және шартта белгіленген мөлшерде ақша сомасын төлеуге міндетті
Сатып алушы тауарды уақытында, барлық керек-жарақтарымен және құжаттарымен беруді талап етуге құқылы
Нысанасы бойынша
Тауар жеткізілімі
Рента
Валютаны сату
Келісі-шарт жасасу
Энергия- мен жабдықтау
Авто- көлікті
сату
Мемлекет мүддесі
Үшін жеткізу
Жылжы- майтын мүлікті
сату
Құнды
қағаз- дарды сату
Кәсіп- орынды сату
Тұрғын
үйді
сату
Жердлі
сату
Ғұмырлық
Тұрақты
Өмір бойы асырауда
ұстау
Сату тәсілі
бойынша
Көптеп сату
Бөлшектеп сату
Айырбас
Аукционда сату
Биржада сату
Өз-өзіне
қызмет көрсету
Несиеге сату
Автоматтар арқылы сату
Үлгілер бойынша сату