Файл: Саясаттану пні 2 курс, білім беру бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Саясаттану пәні

2 курс, білім беру бағдарламасы

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті,

Күлдібаев Е.Қ.

1 – дәріс. Тақырыбы:Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Мақсаты: Саясат ұғымының анықтамасын, алғы шарты мен әдіс-тәсілдері, қызметтері жайлы анықтама беру. Негізгі категорияларына тоқталу.

Дәріс мазмұны:

1. Саясаттану саясат, билік, саяси жүйе, процестер туралы ғылым.

2. Саясаттанудың пәні мен объектісі. Саясаттанудың құрылымы.

3. Саясаттанудың әдіс-тәсілдері мен функциялары.
Түйін сөздер: саясат, қоғам, билік, әдіс, қызмет, процес.
Дәрістің қысқаша мазмұны: «Саясаттану» ұғымының анықтамасы. Саясаттану сөзі гректің «саясат» және «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттану сонымен қатар, басқа ғылымдардан өзінің әдістерімен, амалдарымен, талдауларымен ерекшеленетін, тұтас ғылым. Саясаттану ғылымының құрылымы саяси білім туралы қалыптасқан жүйе. Оның құрамына мына төмендегі мәселелер кіреді: саяси ілімдер тарихы, саяси философия, саяси әлеуметтену, саяси антропология және т.б.

Саясаттану объектісі – саясат, қоғамның саяси өмірі.

Саясаттану пәні – саяси биліктің өзгеруі мен қызмет етуінің, қалыптасуының заңдылықтары.

Саясаттанудың әдіс –тәсілдері ( саясат туралы білім алу әдістері):

әлеуметтанулық – саясаттың қоғамға тәуелділігін анықтауды қарастырады.

мәдениеттанулық – саяси процестердің саяси мәдениетке байланысын анықтауға бағыт береді

нормативті құндылық – саяси құрылыстың идеалын жасауға және оның практикалық жүзеге асыру жолдарын дайындауға бағыттайды

функционалды – саяси құбылыстардың арасындағы байланыстарды анықтайды.

бихевиористік (мінез –құлық) – саясатты жеке тұлғалар мен топтардың алуан түрлі мінез құлқын нақты зерттеу арқылы қарастырады

жүйелеу – саясатты тұтас, күрделі ұйымдастырылған, өзін– өзі реттейтін механизм ретінде қарастырады

институтционалды – саяси қызметтерді жүзеге асыратын институттардың көмегімен саясатты қарастырады (мемлекет, партия, саяси қозғалыстар және т.б.)


антропологиялық – саясатты әлеуметтік факторлармен емес, адам табиғаты биологиялық организм ретінде қарастырылады

салыстырмалы – жалпы сипаты мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында ұқсас саяси құбылыстарды салыстыра отырып қарастырады

тарихи – саяси құбылыстарды уақыт дамуына сәйкес қарастырады

Саясаттанудың қызметтері:

әдістемелік – саяси ғылымның қорытындылары негізінен анағұрлым жеке саяси теорияларға қызмет етеді

теориялық танымдық – қоғамдағы саясаттың орны мен ролі туралы білімді қалыптастырады

дүниетанымдық – белгілі бір саяси шындықтың көрінуіне бағыттайды

реттеушілік – саяси білімнің саяси қызметке тікелей әсерін меңгеруді қарастырады

болжамдық – болжау арқылы саяси құбылыстардың дамуының тенденцияларын ашады

аксеологиялық – саяси процестерге ең жоғарғы баға береді

Саясаттанудың негізгі заңдылықтары:

• пайда болу, қалыптасу және саяси қызығушылықтардың, көзқарастардың, тұжырымдамалар мен теориялардың даму заңдылықтарын

• саяси биліктің мазмұны мен сипатының өзгеруі мен қалыптасуының заңдылықтарын

• саяси процестердің дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын

Саясаттанудың негізгі кетегориялары: саясат, саяси билік, саяси ұйым, саяси жүйе, саяси режим, саяси құндылықтар, саяси мәдениет, саяси қызмет, саяси әлеуметтені және т.б.
Қорытынды сұрақтары:

  1. Қазіргі қоғамдағы саяси ғылымның мәні неде

  2. Басқа қоғамдық ғылымдардан саясаттану ғылымының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қалай сипатталады?


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1.Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.
2. Heywood A. Politics. – N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.
3. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014
4. Әлемдік саясаттану антологиясы. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009.Т.1-9
5.
Казахстанский путь – 2050. -3 т./ Под ред. Султанова Б.К. – Алматы: КИСИ, 2014.