Файл: А. Т. Таутанова, А. Т. Брлібаева Мсіндеу дістемелік нсау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 91
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А.Т. Таутанова, А.Т. Бүрлібаева
МҮСІНДЕУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас)педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкiтап баспасы
2018
Таутанова А.Т.,БүрлібаеваА.Т.
Мүсіндеу. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған/А.Т. Таутанова, А.Т. Бүрлібаева. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 75 бет.
© ТаутановаА.Т., Бүрлібаева А.Т., 2018 © «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018
Т
ТҮСІНІКТЕМЕ
«Мүсіндеу» оқу-әдістемелік кешен төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған.
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа
методологиялық негізін анықтайды;
2.1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);
3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – педагогтерге «Мүсіндеу» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар беру.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында «Мүсіндеу» оқу қызметі бойынша мынадай мақсат пен міндеттер анықталған:
Заттық мүсіндеу.
Дағдыларды қалыптастыру:
-
балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көгөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде қолдарын және саусақтарын дұрыс қозғалта отырып, мүсіндеу; -
қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен
жануарлардың пішінін мүсіндеуге үйрету;
-
көшеде, үйде және балабақшада көрген заттарын бейнелей отырып, елестету арқылы мүсіндеу.
Олар бақылау жасаған заттардың бейнесін жеткізе білуге, заттарды түрлі қалыпта мүсіндеуге, бейненің жеке шешімін өздігінен табуға үйрету. Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуге және кескішті қолдануға үйрету.
Сәндік мүсіндеу.
Балаларды халықтық ойыншықтармен таныстыру, ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісі бойынша бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну.
Сюжеттік мүсіндеу.
Балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануға және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру. Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету.
Кескішті қолданып, тұтас бөліктен мүсін жасауды жетілдіру.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Біртекті заттардан сюжеттер жасау, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру.
Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеуге, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен мейлінше көркемдеп жеткізуге үйрету.
Біркелкі заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әрқилы бейнелерді жасау білімдерін бекіту. ОӘК-нің құрамына:
-
әдістемелік нұсқау -
балаларға арналған № 1,2 жұмыс дәптерлері кіреді.
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар және 36 ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарлары берілген.
ҰОҚ құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:
-
бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастырып, ҰОҚ-не ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған оқу қызметінің тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет); -
екінші кезең – негізгі кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған мәселе түсіндіріліп, балалардың бәрі оқу қызметіне белсенді араласады; -
үшінші кезең– рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп, реттеледі; сөздік және графикалық-таңбалық тәсілде рефлексивтік талдау жасалады (әліппе-дәптерде), бұл баланың сыни, сараптамалық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Педагогке көмек ретінде балалармен ұймдастырылған оқу қызметін жүргізуге арналған №1,2 жұмыс дәптерлері әзірленді. Бұл жұмыс ресурсын пайдалану баланың алған білімдерін жүйелеуге, оқу қызметінің тақырыбы бойынша дағдыларын бекітуге көмектеседі.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша дайындалған осы ОӘК балалардың жан-жақты дамуына көмегін тигізіп, туындаған сұрақтардың шешімін табады деп сенеміз. Жұмыстарыңызға жетістік тілейміз.
Сіздерге құрмет көрсете отырып, серіктестік қарым- қатынаста боламыз деген сенімдеміз. Авторлар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары
№ | Тақырыбы | Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты мен міндеттері | Сағат саны | Мерзімі |
1. | Жеміс бағында | Мақсаты: балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету. Міндеттері: білімдік: пішінді мүсіндеудің таныс әдістерін пайдалана отырып,жемістерді мүсіндеу; дамытушылық: бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту; тәрбиелік:балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу. | 1 | 03.09 |
2. | Себет | Мақсаты:себеттің қажеттілігі туралы түсінік беру, ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, есу тәсілі арқылы затты құрастырып мүсіндеуге үйрету. Міндеттері: білімдік:ермексаз кесектерін үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып себетті мүсіндей алу білімдерін 1бекіту; дамытушылық:ұсақ қол моторикасын дамыту; тәрбиелік: жұмыс барысында тазалыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, жақсы нәтижеге жете білуге тәрбиелеу. | 1 | 10.09 |
3. | Көгөністер | Мақсаты:балаларға көгөністің пайдасын түсіндіру және пішінге келтіре отырып мүсіндей алуға үйрету. Міндеттері: білімдік:геометриялық фигураларды қияр, қызылша, сәбіз,т.б. көгөністер пішініне келтіру арқылы мүсіндеу; дамытушылық: қолдың ұсақ моторикасын,ойлау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру. | 1 | 17.09 |
4. | Саңырауқұлақтар | Мақсаты:балаларға саңырауқұлақ туралы түсінік беру, ермексаздан саңырауқұлақ пішінін мүсіндеуге үйрету. Міндеттері: білімдік:саңырауқұлақ түрлерімен таныстыру, түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу,саңырауқұлақ алқабын жасау; дамытушылық:балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту; тәрбиелік:еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | 1 | 24.09 |
5. | Күзгі жапырақтар (бедерлі мүсіндеу) | Мақсаты: бедерлі мүсіндеу тәсілімен таныстыру; жалпақтау, кесу, шымшу әдістерін тиянақтау, түрлі құралдарды дұрыс қолдана білуге машықтандыруды жалғастыру. Міндеттері: | 1 | 01.10 |
| | білімдік:маусымдық өзгерістер туралы білімін кеңейту; дамытушылық:балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту; тәрбиелік:еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | | |
6. | Жаңғақ кемірген тиін | Мақсаты:тиіннің тіршілік ортасы туралы түсінік беру, әдемі мүсін жасауға үйрету. Міндеттері: білімдік:алған білім дағдыларын пайдалана отырып, тиіннің мүсінін жасау, дене бөліктерін біріктіріп қосу, табиғи материалдарды таңдай білу қабілеттерін қалыптастыру; дамытушылық:баланың ойын, тілін, шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын дамыту; тәрбиелік:жан-жануарларға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу. | 1 | 08.10 |
7. | Үйрек | Мақсаты: балаларды кесек ермексаздан үйрек бейнесін мүсіндеуге үйрету. Міндеттері: білімдік:балалардың «үлкен–кіші», «көп–аз» ұғымы, дөңгелек және сопақша пішін туралы түсініктерін бекіту; дамытушылық: көркемдік талғамдарын, қиялдарын, ойлау қабілеттерін, саусақ икемділіктерін дамыту; тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. | 1 | 15.10 |
8. | Қоян бауырсақты кездестірді | Мақсаты:ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін мүсіндей білуге және кеңістікте орналастыра білуге үйрету. Міндеттері: білімдік:балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасау іскерліктерін жетілдіру; бамытушылық: балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту; тәрбиелік: әсемдікті сезіне білуге, сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | 1 | 22.10 |
9. | Биші Әйгерім | Мақсаты: ойыншықтардың әр түрін мүсіндеуге,ұжымда жеке жұмыстарды қосып мүсіндеуге үйрету. Міндеттері: білімдік:ермексаздан әртүрлі пішіндер жасату арқылы баланың қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру; дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін, көркемдік талғамдарын арттыру, саусақ қимылдарын дамыту; тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. | 1 | 29.10 |
10 | Ит –жеті қазынаның бірі | Мақсаты: балалардың адам мен жануар бейнесін мүсіндей алу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттері: | 1 | 12.11 |