Файл: А. Т. Таутанова, А. Т. Брлібаева Мсіндеу дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 95

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қолданады:мүсіндеу әдіс-тәсілдерді. Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, «Гүлдер топтамасы» тақырыбындағы бүктеме, алғашқы дала гүлдерінен кеппешөп, үнтаспа, жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, сулық.

Сөздік жұмыс: көктем гүлдері.

Көптілділік: гүл – цветок –flowers, табиғат – природа–

nature, көктем – весна–spring, түймедақ – ромашка –chamomile, бақбақ – одуванчик– dandelion.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог үнтаспа арқылы музыка қосады. Балалар тізерлеп отырады.

Көктемгі күн Жер-ананы қыздырып, табиғаттағы бар тіршілік иелері оянып, гүлдер Жер-анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтелерін көтеріп, күнге қарай қол созады.

  • Балалар, сендер көктемнің алғашқы гүлдері болып, Жер-анадан нәр алып күлтелеріңді аштыңдар.

  • Қандай сезімде болдыңдар?

  • Көктем гүлдерін атаңдаршы?

  • Гүлдердің адамдарға тигізетін пайдасы бар ма?Гүлдер жерге көрік, әсемдік, әдемілік береді. Адамдарға қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Сондай-ақ «Бақбақ», «Түймедақ» гүлдерінен дәрі жасайды. 2.Негізгі кезең.

  • Балалар, бүгінгі оқу қызметінде түймедақ гүлін мүсіндейміз.

Педагог балалардан жұмыс дәптерлеріне көңіл бөлулерін сұрайды.

–Түймедақ күлтелерінің түсі қандай екен?

Сөздік жұмыс: көктем гүлдері.

Көптілділік: гүл – цветок –flowers, табиғат – природа– nature, көктем – весна–spring, түймедақ – ромашка –chamomile, бақбақ – одуванчик– dandelion. Гүлді жасау кезеңдерімен таныстыру:

  1. Сары түсті ермексазды алақанға салып домалақтаймыз, алақанмен басып сәл жалпақтаймыз.

  2. Күлте жасау үшін біз 7 бірдей домалақ жасап алуымыз керек.

  3. Саусақтарымыздың көмегімен сопақша пішінге келтіріп, оны жалпақтап, екі ұшын сұқ саусақ, ортаңғы саусақ көмегімен доғалдап, күлтелерін жасаймыз.

Сергіту сәті.

Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!

(«Өзін-өзі тану» пәні бойынша.)

  1. Дайын үлгіге гүлдің ортасын қоямыз, күлтелерін айналасына орналастырамыз, сабағын, жапырағын шымшу арқылы біріктіреміз.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

3.Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балалардың жұмысын тексереді. Балалармен дайын жұмыстарға талдау жасайды.Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, гүлдер туралы тақпақ, жұмбақ айтуларын сұрайды.


34ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы:Жәндіктер. Қанқыз.

Мақсаты: қанқыз және оның өзіне тән белгілерімен таныстыра отырып, әдемі мүсіндеуге үйрету.

Міндеттері: білімдік:балалардың қол қимылдарын жетілдіру, шығармашылықпен

жұмыс істеуге үйрету; дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту; тәрбиелік: жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту, балаларды

ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: жасайды:қанқызды табиғи материалдарды пайдалана отырып

мүсіндейді; түсінеді:қанқыз жәндікке жататындығын; қолданады:мүсіндеу әдіс-тәсілдерін. Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар:

№2 жұмыс дәптері, ТОҚ, компьютер, жәндіктер туралы суреттер, табиғи материалдар, жаңғақтың қабығы, ермексаз, тақтайша, сулық.

Сөздік жұмыс:қанқыз.

Көптілділік: жәндіктер – насекомые–insects, қаңқыз – божья коровка– bogia cow.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.

Бала, бала,баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

(Е.Өтетілеуұлы)

  • Балалар, біз жәндіктер, олардың тыныс-тіршілігі, түрлері туралы білу үшін тақтаға назар аударайық. Жәндіктерге көбелек, қоңыз, шегіртке, құмырсқа, ара, қанқыз жатады. Қанқыздың бізге тигізетін зияны жоқ, оны қолға ұстасақ өрмелеп жүреді, қанаттарын жайып ұшады.

  • Қанқыз қайда мекендейді?

  • Қанқыздың дене бөліктерін атаңдар? 2.Негізгі кезең.

–Бүгінгі оқу қызметінде қанқызды мүсіндейміз.

  • Қанқыздың түсі қандай?

  • Иә, түсі қызыл, аяғы, басы, мұртшасы қара, үстінде ұсақ-ұсақ қара нүктелері бар.

Қанқыз мүсінінің жасалу жолы:

  1. Қызыл ермексазды жаңғақ қабығының үстіне біркелкі етіп жағамыз.

  2. Аяқтары мен мұртшасын жасау үшін қара ермексазды бірдей қалыпта сопақшалап жасаймыз да оны жаңғақтың қабығына жабыстырамыз.

3.Қара ермексаздан бірнеше ұсақ дөңгелектер жасап, қызыл жаңғақ қабығының үстіне қоямыз.

Сөздік жұмыс:қанқыз.

Көптілділік:жәндіктер – насекомые –insects, қаңқыз – божья коровка – bogia cow. Сергіту жаттығуы.

Қолымызды көтереміз, тербетеміз, бұл – ормандағы ағаштар,

Қолымызды бүгеміз,

Саусақтарымызды сілкілейміз – желжапырақтарды тербейді, Қолымызды жаймен бұлғаймыз – жазбен кездесеміз.

Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог кейбір балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



3.Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.

Балалармен жұмысты талдайды.

Ата-аналарға көрме ұйымдастыру.Балаларды таза ауаға шығарып, серуен кезінде қанқыздың тіршілігін бақылауұсынылады.

35 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы:Айнұр балапандарға жем шашты.

Мақсаты: балаларға кесек ермексаздан балапан бейнесін мүсіндеуді үйрету.

Міндеттері:

білімдік:еңбек үрдісі арқылы бала қиялын жетілдіру; дамытушылық: қол-қимыл әрекеттерінің қозғалғыштығын,

үйлесімділігін дамыту; тәрбиелік: ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

жасайды:балапан бейнесін мүсіндеуді; түсінеді:ермексаздан түрлі геометриялық пішіндерді жасауды; қолданады:мүсіндеу әдіс-тәсілдерін. Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, слайд, суреттер, үнтаспа, түрлі түсті ермексаз, тақтайша. Сөздік жұмыс: балапан.

Көптілділік: балапан – цыпленок– chick, балапандар – цыплята –chicken, дән – зерно–grain.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.

Армысың шапағатты Күн-Ана!

Армысың, қайырымды Аспан-Ана!

Армысың, мейірімді Жер-Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Үнтаспадан құстардың даусы естіледі.Педагог балалармен құстар жайлы әңгіме жүргізеді. Слайд арқылы құстардың суретін көрсетіп, олардың атауларын, түрлерін сұрайды. 2.Негізгі кезең.

  • Балалар, құстардың жанынан не көріп тұрсыңдар?

  • Осы кішкентай балапандарды біз мүсіндейік.

Педагог балаларға құстардың денесін, басын, мойнының ұзындығын, аяғы мен қанатын орналастыру жолын түсіндіреді.

Жұмысты көрсете отырып, бірге жасатады:

  1. Сары түсті кіші ермексаз кесегін алып, балапанның денесін мүсіндейміз.

  2. Шымшып созу арқылы балапанның мойнын, тұмсығын мүсіндеп келтіреміз.

Сөздік жұмыс: балапан.

Көптілділік: балапан – цыпленок– chick, балапандар – цыплята –chicken, дән – зерно–grain. Сегіту сәті.

Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді, Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

  1. Басы мен денесін біріктіреміз.Қолды сулап алып, құстың денесін саусақпен тегістейміз.

  2. Таяқшамен тұмсығын, қанатын, табанын сызамыз.

  3. Жемсауыттағы дәнді ұсақ бөлшектерден домалақтап жасаймыз.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


3.Рефлексия.

Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалардың аяқтаған жұмыстарын талдайды. Ата-аналарға көрме ұйымдастыру.

«Анасын тап» дидактикалық ойыны.Үй құстары мен олардың балапандарын әр жерге шашыратып қояды.Балалар әр құстың жанына өз балапандарын жинауға көмектеседі.

36 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы:Жайлауда.

Мақсаты:сурет бойынша әңгімелей отырып жайлау, киіз үй туралы түсінік беру. Міндеттері:

білімдік:ұлттық ою-өрнекті мүсіндей білуге үйрету; дамытушылық: балалардың қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ұлттық өнерді бағалай

білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: жасайды:киіз үйді мүсіндейді, оны оюмен әшекейлейді; түсінеді:киіз үй, ою түрлері туралы; қолданады:қазақтың ою-өрнек атауларын, мүсіндеу әдіс-тәсілдерін. Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, жайлаудың суреті, киіз үй, жайлаудағы малдар, түрлі түсті ермексаз, тақтайша.

Сөздік жұмыс:киіз үй, ұлттық ою-өрнек. Көптілділік:жайлау – жайлау, киіз үй – юрта, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз. Біздің топта ұл-қыздар, Татту-тәтті ойнаймыз!

Педагог сурет бойынша әңгіме өткізеді.

  • Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Ауылда жазда малшылар қайда болады?

  • Малшылар тұратын үй қалай аталады?

  • Таудың етегінде нелер өсіп тұр?

  • Жайлауда тағы нелер өседі?

  • Өте дұрыс, жайлауда қарағайлар,жабайы ағаштар, гүлдің сан түрлері өседі. Жайлаудың шөбі биік, қалың болады.

  • Суреттен тағы не көріп тұрсыңдар?

  • Тау етегінен гүрілдеп су ағып жатыр. Балалар, осы жайлаудағы киіз үйді мүсіндеп көрейік.

2.Негізгі кезең.

  • Жайлаудағы киіз үйдің сыртындағы оюларға назар аудар. Ол – қандай ою түрі?

  • Бұл оюды қалай атаймыз? (Слайд арқылы оюдың түрі көрсетіледі.)

  • Оюдың әр түрі болады екен. Қошқармүйіз, түйе табан, қарлығаш оюы.

  • Ал, балалар, біз өзіміз білетін қошқармүйіз оюымен киіз үйді әшекейлейміз.

Сөздік жұмыс:киіз үй, ұлттық ою-өрнек. Көптілділік:жайлау – жайлау, киіз үй – юрта, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals.

Балалар жұмысқа кіріскенде «Көңіл толқыны» күйі ойналады.


  1. Киіз үй жасау үшін алдымен ермексазды алақанымызбен жұмсартамыз.

  2. Алақанға салып, домалақтап төбесін сопақтау етіп шығарамыз.

  3. Енді киіз үйдің сыртына қызыл түсті ермексазбен ою жапсырайық. – Қандай ою жапсырамыз?

  4. Қызыл түсті ермексазды алақан арасында жұмсартып, тақтайшаға салып, жалпақтаймыз. Пышақпен кесу тәсілі арқылы қошқармүйіз оюын ойып аламыз.

  5. Дайын болған оюды киіз үйдің сыртына жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз, Өсіп, өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып, ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

– Жайлау бейнеленген бұрышқа дайын киіз үйді орналастырайық.

3.Рефлексия.

Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен дайын жұмысты талдайды. «Киіз үй» ойынымен оқу қызметін аяқтау.


Пайдаланылған әдебиеттер




  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016 ж.

  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана,2016 ж.

  3. Жұмабекова Ф.Н.«Өнер көзі – халықта». –

Шығармашылықсаласы. Астана, 2011 ж.

  1. Жұмабекова Ф.Н. Қағазбенжұмыс жасау.– Алматы. Шартарап,

2000. 5. Жұмабекова Ф.Н. Балабақшадағы көркемдік тәрбие.– Алматы. Шартарап, 2000.

  1. Аманжолов. С.А. Бейнелеу өнерінің әдістемесі. Астана, 2010.

  2. Әлмұхамбетов Б., Балкенов Ж. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. – А.1996.

  3. Мұқашев М., Сейтімов А., Хамзин Н. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Фолиант. Астана. 2008.

  4. И.А.Лыкова. Изобразительная деятельность в детском саду (все возрастные группы). Планирование, конспекты, методические рекомендации. ООО «Карапуз-дидактика», Москва. 2009.

МАЗМҰНЫ

Түсініктеме ....................................................................................................3

Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары 6

Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары 21

Пайдаланылған әдебиеттер 93


Оқулықбасылым Учебное издание

Таутанова Айжан Темиргалиевна Анар Турсынбековн Бурлибаеваа



МҮСІНДЕУ

Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы(5-6 жас) педагогтеріне арналған

Әдіскер Б.С. Тажинова

Редакторы Л.С. Ахметова

Сапасы жөнінде мына мекемеге хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы,

«Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 050012, Алматы қаласы,

Жамбыл көшесi, 111-үй, тел. (727) 250 29 58,

факс: (727) 292 81 10.

e-mail: alkitap@intelsoft.kz

Сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай. Сертификация қарастырылмаған.

Сақтау мерзімі шектелмеген.

ЛЕПКА

Методическое руководство

для педагогов старшей группы (5-6 лет) по Типовой программе

дошкольного воспитания и обучения

Методист Б.С. Тажинова

Редактор Л.С. Ахметова

С претензиями по качеству обращаться:

Республика Казахстан,

ТОО «Алматыкiтап баспасы»

050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111, тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10. е-mail: alkitap@intelsoft.kz

Соответствует всем стандартам качества и безопасности.

Сертификация не предусмотрена. Срок годности не ограничен.