Файл: 9сынып 2тосан Пні аза тілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



9-сынып

2-тоқсан

Пәні: қазақ тілі

1-нұсқа


1-тапсырма

Бүгінгі Астана – асыл  тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.

«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі  астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді.  

Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми, саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз.

1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы жарияланды.
Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып  жүрген мемлекетіміздің  елордасы - Астана  қаласы. Қаламызға серуендеп тамашалауға келген әрбірінің  көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едім.

Моторлы қайықпен серуен барысында Есілдің жағасына кезек қарай отырып, көз қарықтырған қала сәулетіне тамсанумен, шексіз әсерлі сезімдерге, шабытты толғаныстар мен тебіреністерге ие боласың.

Қала кешендерінің әрбірі бір тарих. Жеке-жеке тоқтала берсек, сөз  жетпес. Күллі дүние есігін ашып қарап шыққандай әсер берген Астана төріндегі әрбір кешен – шығыстық, еуропалық құрылыс компазицияларынан үйлесім таба, өзіне қараушыны табындыра да, сағындыра  да алған келбетке ие болған.

Астана қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толуымен қатар әсем қала өзінің көрікті бейнесімен қызығушылық әсерін мол туғызды деп сенемін.

  1. Астана сөзі қандай мағына береді?

  2. 1925 жылғы Қазақстанның астанасы қай қала?

  3. Бұрынғы Ақмола қаласы Астана болып қай жылы жарияланды?

  4. Астананың ең керемет нысандары?


2-тапсырма Құрмалас сөйлемнің негізгі белгілерін ата? Мысал келтір.

  • ...

  • ...

  • ...

  • ...

3-тапсырма

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.

 

Түрлері

Құрамы

Белгісі

Мысалдары

Салалас құрмалас сөйлем










Сабақтас құрмалас сөйлем













9-сынып

2-тоқсан

Пәні: қазақ тілі

2-нұсқа

1-тапсырма

Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бері күшті мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы елге айналу үшін талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде әлеуметтік және экономикалық маңызы бар түрлі жобаларды қолға алып әлемдік деңгейдегі іс шаралардың өтуіне өз үлесімізді қостық. Осындай көп мағыналы істердің жалғасы ретінде Қазақстан алдыңғы жылдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды.

Орасан зор оқиғаға 100-ден астам ел, 10 халықаралық ұйым мен алдыңғы қатарлы компаниялар қатысады. Көрмеде бүгінгі күнгі энергияның көздері мен зиянсыз технологиялар мәселелеріндегі жаңа шешімдер ұсынылады. «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі энергия көздерін дамытуға, энергия үнемділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді колдануды ынталандыру.

Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас қазынасы болып табылады, оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет деп есептеймін. Бұл жаһандық шараның міндеті – болашақ ұрпақтың өмірі үшін қажетті энергия көздері мен біздің жеріміздегі бүкіл жандыны сақтап қалуда жауапты болу. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдік аренада біздің еліміздің танылуы мен туристік тартымдылығын арттыруға, біздің халқымыздың қонақжайлылығын көрсетуге бағытталған. Көрме өткізу еліміздің экономикалық дамуына да үлес косады. EXPO-2017 Қазақстан үшін орасан зор рөл атқарады, себебі ол мемлекеттегі әртүрлі салаларды қозғап қана қоймай, олардың мәселелерін шешуге ықпал етеді.


  1. ЕХРО-2017 көрмесінің тақырыбы қандай еді?

  2. ЕХРО көрмесінің қанша жылдық тарихы бар?

  3. ЕХРО-2017 көрмесінің негізгі міндеті қандай еді?

  4. Елімізде өткізілген ЕХРО-2017 көрмесіне қанша мемлекет, қанша халықаралақ ұйымдар қатысты?

2-тапсырма Екі сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлем құрастыр.

1. Жаңбыр жауды.Үйден шыға алмадым.

2.Машина бұзылды.Әкем жұмысқа жаяу барады.

3.Менің кітап алуым керек.Бүгін кітапханаға барамын.

4.Мен ұйықтап қалдым.Сабаққа кешіктім.
3-тапсырма
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса

  1. Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді.

  2. Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет.

  3. Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі –жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.

  4. Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.




9-сынып

2-тоқсан

Пәні: қазақ тілі

3-нұсқа


Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.

Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.

Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.

XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады.

Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.

Қазақстанның студенттік құрамасының сегіз қысқы Универсиадаға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыт аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына 43 награда салды.

  1. Студенттік универсиада тарихы қай жылдан басталады?

  2. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі қай жылы, қай қалада өтті?

  3. 2017 жылғы Универсиада Қай қалада өтті және қанша елден қанша студент қатысты.

  4. 2017 жылғы Универсиада логотипі ретінде не таңдалды?


2-тапсырма

Сөйлемдердің бірінші сыңарына сәйкес келетін сөйлемдерді екінші қатардан тауып, мағынасына қарай құрастырыңдар

Студенттер дәрісті жақсы тыңдады,

әрі денсаулығы да мықты емес.

Қадырдың киімі жұқа

я көзінде жаңа бір үрей тұрды.

Мектеп бітіруімізге бірталай уақыт бар,

себебі бүгінгі тақырып өте қызықты болды.

Я алқымда булығып ашу тұрды,

бірде толқып, жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды.

Баяу ескен жел бірде басылады,

сонда да әрқайсымыздың неге икем екеніміз байқалып қалған-ды.

3-тапсырма Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса

  1. Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады.

  2. Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.

  3. Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.

  4. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.