Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 9сынып НрСлтан, 2022 Мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 82

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
9-сынып

Нұр-Сұлтан, 2022
Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

3. Күтілетін нәтижелер 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 4

6. Модерация және балл қою .......................................................................................................5
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар............................................. 9-14

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................16-20

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар............................................. 21-30

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар............................................ 31-35




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
  1. Күтілетін нәтижелер


    1. тыңдалым және айтылым:

білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу- кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сӛйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі ӛмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым- қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады
және диалогті қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; ӛз пікірін қорғайды және дәлелдейді; ӛз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сӛйлеушінің кӛзқарасын бағалайды; сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын болжайды; ӛз сӛздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды;

    1. оқылым:

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей- тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және ӛзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккӛздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың ӛзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды;

    1. жазылым:

білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін кӛрсете отырып, ӛзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық- композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша күрделі және
жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

  1.   1   2   3   4   5   6

Ойлау дағдыларының деңгейі


Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Сұрақтар түрі

Тыңдалым мен айтылым

Білу және түсіну

  • әртүрлі тақырыптар мен жанрлардағы (ән мәтіні, жарнама, хабарландыру)

мәтіндерде кӛтерілген мәселені ӛз сӛзімен

Ауызша толық жауапты




Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

түсінідіреді;

  • тірек сӛздерге сүйеніп, мәтінде кӛтерілген мәселеге болжамды кӛзқарасын білдіреді;

  • тірек сӛздер мен жетекші сұрақтарға сүйеніп мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сӛздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сӛздерді қолданады;

  • ӛз пікірін білдіру үшін диалогке дайындықсыз қатысады;

  • тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;

  • кӛтерілген мәселе бойынша ӛз ойын білдіреді;

қажет ететін сұрақтар

Оқылым және әдеби тіл нормалар ы

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

  • түрлі жанрдағы мәтіндердің құрылымы мен ресімделуін негізге ала отырып, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

  • ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстырады;

  • мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, анықтайды;

  • лексиканың ауызекі сӛйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы ажыратады;

  • мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады;

  • оқылым стратегияларын қолданады;

Жазбаша қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым және әдеби тіл нормалар ы

Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

  • ресімделуі мен құрылымын сақтап, жанрлық ерекшеліктеріне сай мәтіндер құрастырады;

  • құрылымын толық сақтай отырып, сипаттау немесе суреттеу эссесін жазады;

  • сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады;

  • жұрнақ арқылы жасалған туынды сӛздерді және күрделі сӛздерді жазба жұмысы барысында қолданады;

  • орфографиялық нормаларды сақтайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар





  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі кӛмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген кӛрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сӛйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен

таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты ӛздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында кӛмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сӛздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне кӛз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне кӛмектесулеріне, кӛшіріп алуларына және сӛйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты ӛшіргішпен ӛшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға кӛмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, ӛзгертіп айтуға немесе кӛрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім